"Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйры

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 26 мамырдағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20750 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 17330 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларында:

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Топологияны пайдалануға құқықты беру туралы шарт (лицензиялық,кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге шарт) немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құқықты беруді немесе пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін өтініш беруші Заңның 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлем жасайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Н. Пан