"Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйры

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 маусымда № 23094 болып тіркелді

      "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17330 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 15 маусымдағы
№ 505 бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1344 бұйрығымен бекітілген

Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстау және Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібін реттейтін, сондай-ақ "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" және "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюллетень – интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;

      2) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi – топология) – интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;

      3) құқық иеленушi – автор, оның мұрагерi, сондай-ақ "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      4) лицензиялық шарт – ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;

      5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiк ету құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      6) топологияға айрықша құқық – құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;

      7) уәкiлеттi орган – өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      9) "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Топологияны пайдалануға айрықша құқығын беруді тіркеу тәртібі

      3. "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы/айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы өтінішті осы қағиданың 3-қосымшасына (бұдан әрі - тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу стандарты) сәйкес жолдайды.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу стандартыда көрсетілген.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.

      6. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭҮТШ арқылы алады.

      Тиісті құжаттарды тексеру және ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу стандартының 9-тармағына сәйкес бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілген мерзімдерде осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жауапты орындаушы көрсетілген мерзімдерде қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.

      Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

      8. Тіркелген жағдайда қызмет беруші бюллетеньде, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде топологияны пайдалануға айрықша құқықты беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Топологияны пайдалану құқықығын беруді тіркеу тәртібі

      10. Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі.

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы/ құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг)/құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы өтінішті осы қағиданың 11-қосымшасына (бұдан әрі - тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу стандарты) сәйкес жолдайды.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу стандартыда көрсетілген.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.

      13. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден ЭҮТШ арқылы алады.

      Тиісті құжаттарды тексеру және ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу стандартының 9-тармағына сәйкес бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілген мерзімде осы қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жауапты орындаушы көрсетілген мерзімдерде қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.

      Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

      15. Тіркелген жағдайда қызмет беруші бюллетеньде топологияны пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемқызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      18. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) /заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      _______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      √ Шарт ____ парақта __ данада;

      √ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.

      √ көшірмесі_______парақта______данада;

      √ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      √ Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                ЭЦҚ (Т.А.Ә. (бар болса)

      Ескертпе:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы): ___________________________________

      _____________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. бар болса) /немесе заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      √ Шарт ____ парақта __ данада;

      √ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.

      √ көшірмесі_______парақта______данада;

      √ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      √ Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)

      Ескертпе:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Топологияға айрықша құқықты беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov. kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz ресми сайттарында орналастырылған топологияларды қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары: "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК-ның www. kaz pate nt. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) осы қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өзгеге беру/ішінара беру шарты бойынша топологияға айрықша құқықты беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаның электрондық нысандағы өтініштері;
2) топологияға айрықша құқықты беру туралы шарттың электрондық көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www. adilet. gov. kz және көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері

      Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57 А ғимараты, тұрғын емес үй-жай 8

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі: 020940003199

      Бенефициар Коды: 16

      Төлем мақсатының коды: 859

      Банктің атауы Жеке сәйкестендіру коды банктік сәйкестендіру коды, "Нұрбанк" акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX

      "Қазақстанның Халық Банкі" акционерлік қоғамы KZ386010111000288323 HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX

      "Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA

      Нұр-Сұлтан қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Құқық иеленуші:

      Құқықтық мирасқор:

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ топологияға құқықтарды беру шарты (ішінара) бойынша айрықша құқықты беру Қазақстан Республикасының топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

Өтінішті одан әрі қараудан ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ____________ байланысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес өтінішті қараудан бас тартылғаны туралы хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсетуден ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ____________ байланысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес басқаға беру шартын тіркеуден (ішінара) бас тартылды.

      (ЭЦҚ)

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      2. Лицензиар (қосалқы лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      3. Лицензиат (қосалқы лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі: ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ______________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      √ Шарт ____ парақта __ данада;

      √ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.

      √ көшірмесі_______парақта______данада;

      √ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      √ Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)

      Ескертпе:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      _______________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      √ Шарт ____ парақта __ данада;

      √ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.

      √ көшірмесі_______парақта______данада;

      √ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      √ Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеуді сұраймын.

      1 Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      _______________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:

      ________________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      3. Лицензиар (қосалқы лицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      4. Лицензиат (қосалқы лицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)/ заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      √ Шарт ____ парақта __ данада;

      √ Өкілдің немесе басқа да өкілдік берілген өкілдердің өкілеттігін растайтын сенімхат _ данада _ парақта.

      √ көшірмесі_______парақта______данада;

      √ Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      √ Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                ЭЦҚ (Т.А.Ә. бар болса)

      Ескертпе:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Топологияны пайдалану құқығын беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov. kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz ресми сайттарында орналастырылған топологияларды қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары: "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК-ның www. kaz pate nt. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) осы қағиданың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың электрондық түрдегі талаптарын қамтитын өзге шарт бойынша топологияны пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініштері;
2) топологияны пайдалану құқығын беру туралы шарттың электрондық көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.


Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www. adilet. gov. kz және көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде топологияны пайдалануға лицензиялық шарт бойынша айрықша (суб) лицензия беру (бермеу) туралы шарты № _ тіркелгенін хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының_ бабының _ тармағына сәйкес топологияны пайдалануға айрықша (емес) лицензия беру туралы кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензиялық шартын № _ Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
14-қосымша

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

Өтінішті одан әрі қараудан ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны____________ байланысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес өтінішті қараудан бас тартылғанын хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Топологияларға айрықша құқық
беруді, оларды пайдалануға
құқықты табыстауды
Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімінде тіркеу қағидаларына
15-қосымша

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Құқық иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар),

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат),

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсетуден ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес лицензиялық шартты (ішінара) басқаға беру шартын/ (суб), кешенді кәсіпкерлік (суб) лицензия шартын, кепіл шартын тіркеуден бас тартылғанын хабарлайды.

      (ЭЦҚ)