"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 26.08.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығымен бекітілген |
Апелляциялық кеңес туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 26.08.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Апелляциялық кеңес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы (бұдан әрі - Министрлік), өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөнiндегi алқалы орган болып табылады
3. Апелляциялық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) Мадрид келісімі - 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
2) Мадрид келісіміне хаттама - 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;
3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
5) тараптар - Апелляциялық кеңесте қарсылықтарды қарауға қатысушы жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер.
2-тарау. Апелляциялық кеңестің негізгі құқықтары
5. Апелляциялық кеңес өз құзыретінің шегінде:
1) тараптардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
2) дауларды қарау үшін мемлекеттік органдардың және сараптама ұйымдарының тиісті салалардағы мамандарын тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс кездесулерін ұйымдастыруға;
3) Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Апелляциялық кеңес отырыстарына тартуға;
4) алқа отырыстарында тараптардың өкілдерін тыңдап, оларға сұрақтар қоюға құқылы.
3-тарау. Апелляциялық кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Апелляциялық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің (не оның орнын алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы, өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы, ғылым, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау саласындағы және тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 23.09.2020 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.7. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдер;
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
8. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
1) осы Ереженің 7-тармағының негізінде Апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
9. Апелляциялық кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
10. Апелляциялық кеңестің төрағасы:
1) оның қызметін басқарады;
2) Апелляциялық кеңес отырысының кестесін, сондай-ақ Апелляциялық кеңес отырыстары өткізілетін орны мен уақытын белгілейді;
3) Апелляциялық кеңес отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.
11. Апелляциялық кеңес отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін бес жұмыс күннен кешіктірілмей Апелляциялық кеңес алқасының әрбір мүшесіне хабарланады.
12. Апелляциялық кеңестің жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Апелляциялық кеңестің, тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану, аттестациялық және апелляциялық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқармасына жүктеледі.
13. Апелляциялық кеңестің функциялары:
1) Министрлікке келіп түсетін қарсылықтарды қабылдауды жүргізу, Апелляциялық кеңесте қарауға қарсылық материалдарын қалыптастыру:
сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге;
сараптама ұйымының өнеркәсіптік меншік объектісіне патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруге арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылықтар беріледі;
2) Апелляциялық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, тараптарға хабарлау, Апелляциялық кеңестің шешімдерін жасау;
3) қарсылық берілген сараптама ұйымының шешімдерін қайта қарау;
4) өтініш берушінің қарсылықтарын қарау нәтижесі бойынша осы Ереженің 14-тармағында қарастырылған шешімнің бірін шығару болып табылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 26.08.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Апелляциялық кеңес мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негiзiн өз бастамасы бойынша өзгертпейді.
15. Апелляциялық кеңестің жұмыс органы:
1) Апелляциялық кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;
2) қарсылық материалдарын жинау мен талдауды қамтамасыз етеді және бақылайды.
16. Апелляциялық кеңестің хатшысы Апелляциялық кеңестің мүшесі болып табылмайды және Апелляциялық кеңестің алқа отырыстарының кестесі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыс өткізілгеннен кейін хаттаманың жобасын және шешім жобаларын ресімдеуді жүзеге асырады.
17. Апелляциялық кеңес отырыстарды төраға бекiткен отырыстардың кестесiне сәйкес өткiзедi.
18. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің 15.04.2019 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Апелляциялық кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы егер оған отырысқа қатысушы Апелляциялық кеңестiң алқа мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
20. Қарсылықты қарау кезінде Апелляциялық кеңестің барлық мүшелері тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен қабылданады.
Төрағалық етуші қарсылықты қарауға қатысушы тұлғаларға қабылданған шешімнің қарарлық бөлiгiн жариялайды.
21. Қабылданған шешім қарсылықты қарауға қатысушы тұлғаларға ол шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі. Апелляциялық кеңестің шешімі жазбаша түрде рәсімделеді және кіріспе сипаттама, дәлелді және қарар бөліктерінен тұрады. Шешімге Апелляциялық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 26.08.2022 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлiмдеушiнiң өтiнiшхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешiм апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресiмделедi.
23. Қабылданған шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
24. Апелляциялық кеңес, егер:
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабар берiлген, қарсылықты өзi болмағанда қарау туралы мәлiмдемеген тұлға апелляциялық кеңестiң отырысына екiншi рет шақырғанда келмесе;
2) қарсылық берген тұлғаның өзiнiң қарсылығын керi қайтарып алу туралы өтiнiшхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
25. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешiм апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсiрiледi.