"Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21280 болып тіркелді

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17328 болып тіркеліп, 2018 жылғы 10 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Апелляциялық кеңес туралы ереженің:

      6-тармағының 2 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы, өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы, ғылым, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және денсаулық сақтау саласындағы және тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев