БҰЙЫРАМЫН:
1. "Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17328 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Осы бұйрықпен бекітілген Апелляциялық кеңес туралы ереженің:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы, өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы, ғылым, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау саласындағы және тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Министрлікке келіп түсетін қарсылықтарды қабылдауды жүргізу, Апелляциялық кеңесте қарауға қарсылық материалдарын қалыптастыру:
сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге;
сараптама ұйымының өнеркәсіптік меншік объектісіне патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруге арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылықтар беріледі;";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қабылданған шешім қарсылықты қарауға қатысушы тұлғаларға ол шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі. Апелляциялық кеңестің шешімі жазбаша түрде рәсімделеді және кіріспе сипаттама, дәлелді және қарар бөліктерінен тұрады. Шешімге Апелляциялық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
А. Мадалиев |