Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17199 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 28 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 259 бұйрығымен
бекітілген

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Респубикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 26-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу, жұмыссыздарды тіркеу, халықты жұмыспен қамту орталықтарының еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) ассистент – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын қызметкері;

      3) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      4) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      5) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      6) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      7) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      8) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер – өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

      9) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы

      11) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      12) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi.

2-тарау. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

      3. Жұмысы және (немесе) жалақысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген кезде:

      1) тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      3) Мемлекеттік корпорация арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

      4. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші жұмыспен қамту орталығына:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);

      3) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын құжат және "Еңбек нарығы" ААЖ-да деректерді енгізгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.

      Он алты жасқа толмаған адам да өзінің заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішін ұсынады.

      5. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіге жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары және жұмыспен қамту орталығы көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат ұсынады.

      6. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде ол туралы дербес ақпарат алу үшін "Еңбек нарығы" ААЖ-да мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің дербес деректерін "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы жұмыспен қамтудың жеке картасына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 576 "Жұмысқа орналастырудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес енгізеді.

      7. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушілердің жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізілген дербес деректері негізінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына негіздей отырып, жұмыс ізденушілерді санатқа бөледі.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері енгізген деректер негізінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да ізденушінің тиісті санаты автоматты түрде айқындалады.

      8. Ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу кезінде жұмыспен қамту орталығының қызметкері "Еңбек биржасы" интернет-ресурсын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.

      9. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында орналастыру үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерін жинау мен өңдеуге ізденушінің келісімін алады.

      Ізденуші "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында дербес деректерін (резюмесін) орналастыруға келіскен кезде, жұмыспен қамту орталығының маманы "Еңбек нарығы" ААЖ-да тиісті белгі қояды және "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында жұмыс ізденуші үшін автоматты түрде "жеке кабинет" ашылады.

      10. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің жұмыспен қамтудың жеке картасын толтырып және жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына негіздей отырып, ізденушілерді санатқа бөлгеннен кейін "Еңбек нарығы" ААЖ-да оны жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды.

      11. Ауылдық елді мекенде жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда ізденуші ауылдық округтің әкімдігіне ассистентке жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жүгінеді. Ассистент ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде алдын ала тіркеуді жүргізеді.

      12. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші ассистентке осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      13. Ассистент "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында орналастыру үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерін жинау және өңдеуге ізденушінің келісімін алғаннан кейін ізденушінің келісімі бойынша "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмысқа орналастырудың жеке картасына дербес деректерді енгізеді.

      "Еңбек нарығы" ААЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда ассистент жұмыспен қамтудың жеке картасын электрондық не қағаз түрінде толтырады.

      14. Ассистент осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негіздей отырып, ізденушілерді санатқа бөледі.

      15. Ассистент "Еңбек биржасы" интернет-ресурсын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.

      16. Ассистент жұмыс іздеп жүрген адамға алдын ала тіркеу жүргізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жұмыспен қамту орталығына:

      1) ізденушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) ізденушінің жұмыспен қамтудың жеке картасын;

      3) жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негіздей отырып, ізденушіні санатқа бөлу туралы ақпаратты;

      4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында орналастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді жібереді.

      17. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ассистенттен құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушінің дербес деректерін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді, ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды және жұмыс ізденушіге ассистент немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы тіркеу күні туралы хабарлайды.

      18. Жұмыс ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін қайта жүгінген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыс ізденушінің бұрын ұсынған дербес деректері мен мәліметтерінің дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады және (немесе) және жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді енгізеді.

1- параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тіркеу тәртібі

      19. Ізденуші электронды цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

      20. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші "электрондық үкімет" веб-порталында өтінішті электрондық құжат нысанда толтырады.

      21. Ізденуші электронды өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметін мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      22. Ізденуші жұмыс іздеуші ретінде тіркелу тәртібі және статусы туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкімет" веб-порталының "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

2-параграф. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

      23. Мемлекеттік корпорацияға еңбек делдалдығына жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеуді халықты жұмыспен қамту орталығының Мемлекеттік корпорацияда халықты қабылдауды жүзеге асыратын қызметкері жүргізеді және жұмыс іздеп жүрген адамды осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес тіркеуді жүргізеді.

      24. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тарауының 3-параграфына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.

3-тарау. Жұмыссыздарды тіркеу тәртібі

      25. Жұмыспен қамту орталығы осы Қағидаларының 24-тармағында көрсетілген кезең аяқталған соң жұмыс іздеп жүрген адам үшін лайықты жұмыс таңдап бермеген жағдайда екі жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды электрондық түрде жолдайды.

      Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры немесе ол уәкілеттік берген адам "Еңбек нарығы" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім жобасын бекітеді.

      26. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган алынған ақпараттың "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қояды.

      27. Жұмыссыз адам ретінде:

      1) он алты жасқа толмаған;

      2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетін жұмысы бар;

      3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

      4) жұмысы мен жалақысының (кірісінің) болмауы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да дәйексіз мәліметтер ұсынған адамдар тіркелмейді.

      28. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адамды:

      1) жұмыссыз адам ретінде тіркеу күні немесе тіркеуден бас тарту туралы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылдық жерлердің тұрғындарын кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ассистент арқылы;

      2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы хабардар етеді.

      29. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар Заңға және осы Қағидаларға сәйкес келу тәртібін, шарттарын және мерзімдерін немесе жұмыспен қамту орталығының хабарламаларын сақтайды.

      30. Жұмыссыз ретінде тіркелген адам жүгінген кезде жұмыспен қамту орталығы өтеусіз негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамту орталығының директоры немесе оны алмастыратын адам қол қойған жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама береді.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды есептен шығарады және "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы жұмысқа орналастырудың жеке картасында белгі қояды. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам "Еңбек нарығы" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жұмыссызды есептен шығару туралы шешімге қол қояды.

      Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссызды есептен шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы оған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылды елді мекендердің тұрғындарына кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі немесе ассистент арқылы хабарлайды.

4-тарау. Еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын әзірлеу

      31. жұмыс берушілерге лайықты маман таңдауға, ал жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзге де жүгінген адамдарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу үшін еңбек делдалдығы жүзеге асырылады.

      Еңбек делдалдығын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығының қызметкері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды.

      32. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары толтырылғаннан кейін жұмыссыз және жоспарды әзірлеген жұмыспен қамту орталығының қызметкері қол қояды. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының данасы жұмыссызға беріледі.

      33. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз жұмысқа орналастырудың жеке жоспарында белгіленген іс-шараларды орындайды және мерзімдерді сақтайды.

      34. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз мыналарды:

      1) тұрғылықты жерін ауыстыруды;

      2) тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

      3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;

      4) ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

      5) мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;

      6) зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен одан арғы жұмыс тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы, бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыссыздың жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізеді.

      35. Жұмыспен қамту орталығы адамды жұмыссыз ретінде тіркегеннен кейін осы Қағидалардың 4-тарауы 3-параграфына сәйкес оған лайықты жұмыс таңадауда жәрдем көрсетеді немесе оны жұмысқа орналастырудың жеке жоспарына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жібереді.

2-параграф. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына ұсынған бос орындарды тіркеу тәртібі

      36. Заңның 28-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" интернет-ресурсы арқылы бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты еңбек жағдайлары мен ақы төлеу шарттарын көрсетіп, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      37. Жұмыс беруші бос орындардың бар екені туралы мәліметтерді жазбаша түрде жіберген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері бос орынды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркейді.

      "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркеу кезінде жұмыспен қамту орталығының қызметкері бос орын туралы мынадай ақпаратты енгізеді: кәсіп (лауазым), еңбек жағдайлары, жұмысқа орналастыру өңірі, ізденушінің біліктілігіне қойылатын талаптар, бос орынды жұмыспен қамту орталығында тіркеу күні, талап етілетін білім деңгейі, кәсіптік деңгей, кәсіпті нақтылау, ізденушіден талап етілетін жұмыс өтілі, жалақы деңгейі, лауазымдық міндеттер, тағылымдаманың болуы және бос орын туралы басқа да қосымша мәліметтер.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері "Еңбек нарығы" ААЖ-да қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер еркін қол жеткізу үшін "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында орналастырылады.

      38. Бос орындардың бар екені туралы мәліметтерді "Еңбек биржасы" интернет-ресурсы арқылы жолдаған кезде жұмыс берушілер осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген бос орын туралы ақпаратты "жеке кабинеті" арқылы орналастырады.

      Жұмыс беруші "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер автоматты түрде "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.

3-параграф. Бос орындарға кандидаттар таңдау және оларды жұмыс берушілерге жіберу

      39. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе "Еңбек биржасы" интернет-ресурсы арқылы жіберген бос орындарды тіркегеннен кейін жұмыспен қамту орталығы бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес бос орындарға кандидаттар таңдауды жүргізеді.

      Жұмыспен қамту орталығы бос орындарға кандидаттарды "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар және "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында өз бетінше тіркелген адамдар арасынан таңдауды жүргізеді.

      Жұмыспен қамту орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркелген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және басқа да жүгінген адамдар үшін бос орындарды таңдауды қамтамасыз етеді.

      40. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері кандидаттың кәсібін (лауазымын), кәсіптік даярлық және біліктілік деңгейін, жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын, жалақы деңгейін, жұмыс уақытының режимін ескере отырып, сондай-ақ жұмыс беруші бос орындарды тіркеу кезінде кандидаттар үшін белгілеген басқа да талаптар мен шарттарға сәйкес бос орындарға кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

      41. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лайықты жұмыстың бар екені туралы жұмыс іздеп жүрген адамға және (немесе) жұмыссызға және (немесе) өзге де жүгінген адамдарға:

      1) ол жұмыспен қамту орталығына өзі келген кезде;

      2) "жеке кабинет"-тен "Еңбек биржасы" интернет-ресурсы арқылы;

      3) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлайды.

      Егер жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз немесе өзге де жүгінген адам ауылдық жерде тұрса, жұмыспен қамту орталығының қызметкері лайықты жұмыстың бар екені туралы оларға ассистент арқылы хабарлайды.

      42. Жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз немесе өзге де жүгінген адам жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыстың бар екені туралы ұсынысты алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына жеке өзі барады немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабарлайды.

      Ауылдық жерде тұратын жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз немесе өзге де жүгінген адам да үш жұмыс күні ішінде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе ассистентке ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабарлай алады.

      Жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл немесе ауылдық округ әкiмiне уақтылы хабарламау ұсынылған лайықты жұмыстан бас тарту болып саналады.

      43. Кандидаттар мәлімделген бос орындарға жұмысқа орналасуға келіскен кезде және жұмыс жағдайы кандидаттарға сәйкес келген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері бір жұмыс күні ішінде іріктелген кандидаттардың деректерін (резюмелерін) жұмыс берушіге:

      1) "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы жібереді. Кандидаттардың деректері (резюмелері) жұмыс берушінің "Еңбек биржасы" интернет-ресурсындағы "жеке кабинетінде" көрінеді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушіге өзіне жіберілген кандидаттардың деректері (резюмелері) туралы хабарлайды.

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері қажет болған жағдайда жұмыс берушіге кандидаттардың деректерін (резюмелерін) қарауды және шешімін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлауды ескертеді.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу өткізу күні мен орнын жұмыс берушімен келіседі.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы кандидаттарға жұмыс берушімен әңгімелесу өтетін уақыт және орын туралы хабарлайды.

      44. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз жұмыспен қамту орталығы әңгімелесуді өткізу уақыты мен орны туралы хабарлаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге тиіс.

      45. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастыру үшін жолдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығын жазбаша немесе "Еңбек биржасы" интернет-ресурсындағы "жеке кабинеті" арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруының бес жұмыс күні ішінде болмауы ұсынылған кандидатты жұмысқа орналастырудан бас тарту болып саналады.

      46. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастырғанын растаған жағдайда тиісті бос орын "Еңбек биржасы" интернет-ресурсынан және "Еңбек нарығы" ААЖ-дан жойылады.

      47. Жұмыспен қамту орталығы "Еңбек биржасы" интернет-ресурсы арқылы ізденушілер үшін резюмесін өз бетінше орналастыру және бос орындарды іздеу және жұмыс берушілер үшін өз бетінше персонал іздеу мүмкіндігі берілетін, сондай-ақ "Еңбек биржасы" интернет-ресурсын пайдалану мәселелері бойынша халыққа консультация жүзеге асырылатын өзі-өзіне қызмет көрсету аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
халықты жұмыспен қамту
орталықтары көрсететін еңбек
делдалдығын жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

      20___жылғы "____"______________

      Төменге қол қоя отырып, осымен "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында

      (www.enbek.kz) орналастыру үшін менің дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), жынысы, жасы, әлеуметтік статусы, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қалалық

      және мобильді телефондарының контакт нөмірлері, тұратын өңірі, электрондық почтасы және

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес басқа да деректер) жинауға және өңдеуге келісімімді

      растаймын. Келісім толық көлемде, қандай да бір ескертулер мен қарсылықсыз осы өтінішке

      қол қою арқылы ұсынылады.

      _________________________________________                  __________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық                                    (қолы)

      Сәйкестендіру жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша жүргізілді,

      бұл келісімге менің қатысуыммен қол қойылды.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
халықты жұмыспен қамту
орталықтары көрсететін еңбек
делдалдығын жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес

      20___ жылғы "___" ____________ бастап

      ________________________________________________________________________________

      халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыссыз ретінде тіркелгені

      жөнінде берілді. берілген күні: 20___ жылғы "___" __________ анықтаманың қолданылу

      мерзімі 20___ жылғы "___" __________ қоса алғанға дейін. Халықты жұмыспен қамту

      орталығының директоры

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      қолы

      М.О.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
халықты жұмыспен қамту
орталықтары көрсететін еңбек
делдалдығын жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның халықты жұмыспен

      қамту орталығының атауы

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

      1. ЖҰМЫССЫЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      Жұмыссыз ______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық

      Жұмыссыз ретінде

      тіркеу күні ______________________________________________________________________

      Мақсаты ________________________________________________________________________

      Білімі __________________________________________________________________________

      Мамандығы (кәсібі) ______________________________________________________________

      2. ІС-ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Аяқталу күні

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу
1) кәсіп таңдау және жұмыс орны бойынша консультация беру, кәсіптік бағдарлау тестісінен өту;
2) еңбек нарығының ахуалы, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу немесе оқудан өту мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.
Еңбек делдалдығы жөніндегі іс-шаралар
1) жұмыспен қамту орталығының дерекқорда бос жұмыс орындарының (бос орындардың) болуы туралы ақпараттандыруы;
2) жұмыс ізденушінің Электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) арқылы жұмыс іздестіруі;
3) жұмыс ізденушінің жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру бойынша интернет-алаңдар арқылы жұмыс іздестіруі;
4) жұмыс берушілермен әңгімелесуге бару.


Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1) кәсіптік оқытуға қатысу (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру);
2) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс;
3) жастар практикасынан өту;
4) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу;
5) қоғамдық жұмыстарға қатысу.
Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету
1) жұмыссыздарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер
2) атаулы әлеуметтік көмек көрсету
Жұмыс іздестіру дағдыларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
1) белсенді жұмыс іздестіру, жұмыс берушімен әңгімелесуден өту және т.б. негіздеріне оқыту курстарына бару


      3. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ ГРАФИГІ

1.

[Күні]

[Іс-әрекет]

2.

[Күні]

[Іс-әрекет]

[Күні]

[Іс-әрекет]

      Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары 20 ..... жылғы "…"……… дейін қолданылады

      Халықты жұмыспен қамту

      орталығының маманы

___________________________________
(жұмыссыз адамның тегі, аты, әкесінің
аты, (бар болса))
____________________________________
(қолы)
 
Мобильді телефон:
Электрондық почта (бар болса)
20..… жылғы "…."……………

__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса))
 
____________________________________
(қолы)
Контакті үшін телефон:
Электрондық почта:
 
20..… жылғы "…."……………