"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мемлекеттік қызмет істері | |
және сыбайлас жемқорлыққа | |
қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | А. Шпекбаев |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 149 бұйрығына қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйе (бұдан әрі – ресми сайт) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бір немесе бірнеше бағыт бойынша қызметі туралы қажетті өзекті ақпаратты пайдаланушыларға ұсынатын, ақпараттық процестерді іске асыруға арналған, Агенттіктің ресми интернет-ресурсы.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру тәртібі
3. Агенттіктің ресми сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағы мансап бөлімінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының бос басшылық лауазымдарына орналасуға арналған конкурстар" кіші бөлімінде Агенттік төрағасының, Ұлттық бюро басшысының және Ұлттық бюроның аумақтық бөлімшелері басшыларының құзыретіне кіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар орналастырылады.
4. Агенттіктің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары және оларға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді кадр қызметтері бос лауазымдар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
5. Бос басшылық лауазымдарға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14318 болып тіркелген) бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) орталық аппараты | |||
№ | Оның санатын көрсетумен, бос орындар | Бос орын саны | Кандидаттарға қойылатын талаптар |
Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесінің атауы | |||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық бөлімшелері | |||
№ | Оның санатын көрсетумен, бос орындар | Бос орын саны | Кандидаттарға қойылатын талаптар |
Аумақтық органның құрылымдық бөлімшесінің атауы | |||