Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 маусымда № 17137 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 409 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 17.11.2022 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері
      және сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 149 бұйрығына қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйе (бұдан әрі – ресми сайт) – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) бір немесе бірнеше бағыт бойынша қызметі туралы қажетті өзекті ақпаратты пайдаланушыларға ұсынатын, ақпараттық процестерді іске асыруға арналған, Агенттіктің ресми интернет-ресурсы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру тәртібі

      3. Агенттіктің ресми сайтында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мансап" бөлімінің "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының бос басшылық лауазымдарына орналасуға арналған конкурстар" кіші бөлімінде Агенттік төрағасының және Агенттіктің аумақтық бөлімшелері басшыларының құзыретіне кіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар орналастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Агенттіктің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары және оларға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді Агенттіктің кадр қызметтері бос лауазымдар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бос басшылық лауазымдарға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19210 болып тіркелген) бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
  қызметтің бос басшылық
  лауазымдары туралы
мәліметтерді және оларға
орналасуға кандидаттарға
қойылатын талаптарды
ведомстволық ақпараттық-
анықтамалық жүйеде
орналастыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) орталық аппараты

№ р/н

Оның санатын көрсетумен, бос орындар

Бос орын саны

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесінің атауы





      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық бөлімшелері

№ р/н

Оның санатын көрсетумен, бос орындар

Бос орын саны

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Аумақтық органның құрылымдық бөлімшесінің атауы