Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 маусымда № 17122 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 1-тармағына, 179-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________Ж. Қасымбек

      2018 жылғы "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "____"_______

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 196 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабының 1-тармағына, 179-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар сонымен қатар Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған рұқсаттар, лицензиялар және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қарым-қатынастарға қолданылады.

      2. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖКҚ) сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.

      3. Осы Қағидалар:

      1) ТЖКҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;

      2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті жеткізуші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасасуға үміттенетін заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) біртекті ТЖКҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкіндік беретін ұқсас құрауыштардан тұратын ТЖКҚ;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      4) жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы – осы Қағидаларға сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

      5) жеткізуші – өзімен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      6) жүйе әкімшісі – жүйенің иегері немесе иесі;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін ұсынатын куәландырушы орталық;

      8) Қазақстанда шығарылған тауар – Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғандығын растайтын, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар;

      9) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

      10) қаржы жылы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген уақыт кезеңі;

      11) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі кешенді жұмыс – зерттеу жұмыстарын орындауды және (немесе) толық аяқталған құрылысты және (немесе) жобалық және зерттеу жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты (қажеттілік болса) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және (немесе) осы жұмыстарға ілеспе тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету;

      12) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алуды жүргізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

      13) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты және бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттықты) өткізу шарттарын қамтитын конкурстық өтінімді дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама;

      14) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық пішімде толық көрсететін құжат;

      15) мердігер – көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға;

      16) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖКҚ-ны сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған код;

      17) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖКҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы;

      18) ТЖКҚ сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ТЖКҚ-ны өз қаражат есебінен сатып алу;

      19) ТЖКҚ-ны сатып алу туралы шарттың елеулі талаптары - шарттың нысанасы, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орны және төлем тәртібі туралы талаптар;

      20) толық аяқталған құрылыс – құрылыс, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу;

      21) толық аяқталған ұңғыма құрылысы – ұңғымаларды жобалау және (немесе) салу және (немесе) бұрғылау және (немесе) сынақтан өткізу (сынама алу) және (немесе) зерттеу және (немесе) жою және (немесе) консервациялау кезеңдерін және (немесе) қалдықтарды кәдеге жаратуды қамтитын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және (немесе) аталған жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ілеспе тауарларды жеткізу және қызметтерді көрсету;

      22) тізілім әкімшісі – қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган;

      23) шартты баға – қазақстандық тауар өндірушісі немесе қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушісі болып табылатын әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің баға ұсынысын шартты түрде жиырма пайызға азайтуды ескере отырып есептеген және ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру үшін ғана қолданылатын, 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін (келісімшарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қайсысы бұрын басталатынына қарай) жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қолданылатын баға;

      24) электрондық сатып алу жүйесі (бұдан әрі - жүйе) – көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін, көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) пайдаланатын электрондық ақпараттық жүйе.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа да ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      5. Бағалау рәсімін жеңілдету және ТЖКҚ-ны сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта бағаларды бағалау және салыстыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы - теңге болып табылады.

      6. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде мердігерлер тарапынан сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) тауар биржаларында;

      5) Кодекстің 131-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу.

      Осы Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ сатып алу тапсырыс берушінің тізілімді (жүйені) міндетті пайдаланумен жүзеге асырылады.

      Кодекстің 131-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, ТЖКҚ тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес бекітілетін тауар биржаларының тізбесі және тауар биржалары арқылы өткізілетін тауар партияларының ең аз мөлшері бойынша жүзеге асырылады.

      7. Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖКҚ сатып алу, оның ішінде мердігерлер тарапынан сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) тауар биржаларында;

      5) Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу.

      Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алу тапсырыс берушінің тізілімді (жүйені) міндетті түрде пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.

      Кодекстің 179-бабы 1-тармағының алтыншы бөліміне сәйкес тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) Биржалық тауарлардың тізбесі (бұдан әрі – биржалық тауарлар тізбесі) бойынша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алудың жылдық көлемдері биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төменгі мөлшерінен аспаса, жер қойнауын пайдаланушы тауарларды сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдайды.

      Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ-ны сатып алу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ТЖКҚ тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 31.12.2019 № 443 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ сатып алу мынадай қағидаттарды сақтай отырып, жүзеге асырылады:

      1) ТЖКҚ сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

      2) әлеуетті жеткізушілердің арасындағы адал бәсекелестік;

      3) қазақстандық ТЖКҚ өндірушілерді қолдау.

      4) тең құқықтық, әділдік, әлеуетті жеткізушілерге қатысты кемсітушіліктің және бәсекелестікті негізсіз шектеудің жоқтығы.

      9. ТЖКҚ сатып алу рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) ТЖКҚ сатып алуды жоспарлау;

      2) әлеуетті жеткізушіні таңдау;

      3) ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасасу.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тізілімді және жүйені пайдалану әлеуетті жеткізушілер үшін тегін.

      Тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер тізілімде (жүйеде) орналастыратын ақпарат құпия болып табылмайды.

      Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді, конкурстық өтінімдерді қарау және өзі бастамашы болып табылмаған ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысын шығару хаттамаларын қарай алмайды.

      Әлеуетті жеткізуші қатысу үшін конкурстық өтінімді ұсынбаған ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) конкурстық өтінімдерін, конкурстық өтінімдерді қарау және қорытынды шығару хаттамаларын қарай алмайды.

      Тізілім әкімшісі ұсынылған ақпаратты өзгерту құқығынсыз көмірсутектер, уран өндіру саласындағы уәкілетті органға конкурстық құжаттаманы және ТЖКҚ сатып алуға қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Тізілім әкімшісі ұсынылған ақпаратты өзгерту құқығынсыз қатты пайдалы қазбалар және көмірсутектер, уран өндіру саласындағы уәкілетті органдарға конкурстық құжаттаманы және ТЖКҚ сатып алуға қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Тізілім (жүйе) әкімшісіне тізілім (жүйе) белгіленген мерзімге дейін ашық конкурстың немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілері ұсынған баға ұсыныстарын ашқанға дейін оларды тізілім (жүйе) арқылы қарауға жол берілмейді.

      Тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушілердің тапсырыс беруші өткізетін ТЖКҚ сатып алуға қатысу үшін ұсынған құжаттарын жоюға және (немесе) өзгертуге жол берілмейді.

      11. Тізілім (жүйе) арқылы көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖКҚ сатып алуға қатысу үшін тіркеу куәліктерінің тіркеліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығында алынған электрондық цифрлық қолтаңба қойылады, заңды және (немесе) жеке тұлға тізілімге (жүйеге) сатып алуға тапсырыс беруші және (немесе) әлеуетті жеткізуші ретінде тіркеледі, сондай-ақ тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғалар тіркеледі.

      Бұл талап бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындысы бойынша таңдалған әлеуетті жеткізушіге қолданылмайды.

      Тапсырыс беруші өз шешімімен тапсырыс беруші атынан осы Қағидаларда көзделген ақпаратты тізілімде (жүйеде) қалыптастыру мен орналастыру бойынша іс-қимылдарды жасайтын уәкілетті тұлғаны белгілейді.

      12. Өздерін банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген әлеуетті жеткізушілер, консорциумның қатысушылары ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатыспайды.

      13. ТЖКҚ сатып алудың жылдық бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушының бюджеттері, ТЖКҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушының бюджеттері және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының қызметінің негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын жер қойнауын пайдаланушылардың басқа құжаттары негізінде әзірленеді.

      Мердігерлердің ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламалары жер қойнауын пайдаланушымен жасалған мердігерлік шартының негізінде әзірленеді.

      ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларында көмірсутектерді барлау немесе өндіру, уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде және жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер арасында жасалған шартты орындау үшін сатып алынатын барлық ТЖКҚ көрсетіледі.

      ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламалары тізілімде (жүйеде) орналастырылады.

      14. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ сатып алу рәсімі ТЖКҚ сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ сатып алу рәсімі осы Қағидалардың 123-тармағында көзделген жағдайларда ТЖКҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қажеттілік болса, ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге болады.

3-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алу тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Ашық конкурс тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖКҚ-ны сатып алу кезінде тапсырыс берушіге конкурстық құжаттамада мұндай ТЖКҚ-ны лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастыруына және жүргізуіне жол беріледі.

      Ашық конкурс тәсілімен біртекті ТЖКҚ бірнеше түрін сатып алу ТЖКҚ олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға және оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орны бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші ашық конкурсты өткізген кезде өзінің қалауы бойынша лоттарды тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және (немесе) қызметтерді көрсетудің бір орнына ие біртекті ТЖКҚ саны (көлемі) бойынша қосымша бөле алады.

      Тапсырыс беруші біртекті ТЖКҚ-ны жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарт шеңберінде сатып алған жағдайда, ТЖКҚ-ны жеткізу (орындау, көрсету) жері бірыңғай болу шартымен осындай ТЖКҚ сатып алынатын ТЖКҚ көлемдерінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша үлестірілуін көрсете отырып, бір лотпен сатып алынады.

      ТЖКҚ жеткізу (орындау, көрсету) орны ретінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көрсетілген өз шекаралары шегіндегі кен орны немесе мекенжай (жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері) немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көрсетілген (көмірсутектерді барлау кезеңінде) оның шегіндегі келісімшарттық аумақ болып табылады.

      Жабдықтың, көлік құралының белгілі бір үлгісінің қосалқы бөліктерін (толымдаушы бұйымдарын) бір лотпен сатып алуға жол беріледі.

      Толық аяқталған құрылыс немесе толық аяқталған ұңғыма құрылысы және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі кешенді жұмыстар бір лотпен сатып алынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ашық конкурс жеті кезеңмен өткізіледі:

      1) конкурстық комиссияны қалыптастыру;

      2) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту;

      3) ашық конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыру;

      4) конкурстық өтінімдерді жинау;

      5) тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ашу, конкурстық өтінімдердің ашық конкурс талаптарына сай келуі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау;

      6) қорытынды шығару хаттамасын жасай отырып, ашық конкурстың жеңімпазын айқындау;

      7) ашық конкурстың жеңімпазымен шарт (-тар) жасасу.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ ашық конкурстың жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      17-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ашық конкурс өткізілген кезде осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған мезетке дейін ашық конкурсты өткізбейді, конкурстық құжаттаманы ретке келтіреді (қажет болса) және оны қайтадан өткізеді.

      Ашық конкурс өткізілмей қалса, жаңа ашық конкурс өткізілмей қалған мезеттен бастап бір айдың ішінде жарияланады.

      Тапсырыс беруші конкурсты өткізбеу жөнінде қабылдаған шешімі туралы оны өткізбеудің себебін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тілізім (жүйе) арқылы хабардар етеді.

      Жер қойнауын пайдаланушының және оның мердігерінің бекітілген ТЖКҚ сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді бағдарламаларында көзделген ТЖКҚ сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) ашық конкурсты өткізуден бас тартуы туралы хабарлама жасау арқылы ашық конкурсты өткізуден бас тартады.

      Ашық конкурсты өткізуден бас тартылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылы ішінде ТЖКҚ сатып алу бойынша жаңа ашық конкурсты өткізуге жол берілмейді.

2-параграф. Конкурстық комиссияны қалыптастыру

      18. Тапсырыс беруші жеке ашық конкурсқа да, сондай-ақ тұрақты негізде де, бірақ бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге конкурстық комиссия құрады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамында кемінде үш адам болуы тиіс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешім қабылдауы кезінде дауыс бермейді.

      20. Конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және қатысқан конкурстық комиссия мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары мен конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      21. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, ол қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы немесе, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, конкурстық комиссияның кез келген мүшесі айрықша пікірге ие болады, ол жазбаша түрде жазылады және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      22. Конкурстық комиссияның төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді.

      23. Конкурстық комиссияның хатшысы ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурс рәсімдерінің өткізілуін ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына және ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасына қол қояды, ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді.

3-параграф. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту

      24. Конкурстық құжаттама ТЖКҚ сатып алудың талаптары мен шарттары туралы әлеуетті жеткізушілерді хабардар етуге арналған. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші әзірлейді және бекітеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      25-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Конкурстық құжаттамада мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) ашық конкурс тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың нысанасы (ашық конкурс нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары мен нөмірлері);

      2) осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің мазмұны;

      3) тапсырыс берушінің атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін), нақты мекенжайы;

      4) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды көрсете отырып, сатып алынатын ТЖКҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖКҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі.

      5) қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) қоспағанда, конкурстық баға ұсынысын қалыптастыру тәртібі;

      6) төлем шарттары;

      7) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      8) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орындары;

      9) ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн мөлшерінде әрбір лот бойынша тауарларды жеткізудің мерзімі, ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап жұмыстарды орындаудың немесе қызметтерді көрсетудің мерзімі;

      10) конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу мен аяқталу уақыты;

      11) конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты;

      12) редакциялауға болатын пішімде әрбір лот бойынша шарт жобасы;

      13) Кодекстің 131-бабының 1 тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген өлшемшартқа сәйкес келетін шартты жеңілдік ұсыну туралы тапсырыс берушінің міндеті және әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасын есептеу үшін осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі;

      14) конкурстық өтінімнің мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай ақ әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерінің ең аз қолданылу мерзімі;

      15) конкурстық өтінімді және (немесе) ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің көлемі (егер конкурстық құжаттамада конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және (немесе) ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету көзделсе);

      16) әрбір лот бойынша ҚҚС-ты есепке алмағанда ашық конкурстың нысанасы болып табылатын ТЖКҚ сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер;

      17) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурсты өткізуден бас тартуының мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;

      18) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын ТЖКҚ (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз талаптар.

      Тауарлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қамтымайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша сатып алынатын тауарлардағы жергілікті қамту бойынша әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген ең аз талаптарды (0-ден 100-ге дейін) қоюға жол беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Конкурстық құжаттамада мынадай талаптарды белгілеуге жол беріледі:

      1) сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығында және (немесе) тапсырыс беруші белгілеген салада жұмыс тәжірибесі растайтын құжаттарды ұсыну туралы.

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесіне талап жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тапсырыс берушімен белгіленеді.

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардың ұсыныс хатының немесе оң пікірлерінің электрондық көшірмелерімен, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) қабылдануын-тапсырылуын растайтын тиісті актілердің электрондық көшірмелері қоса беріліп расталады. Бұл ретте соңғы 5 (бес) жылдан асатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында тәжірибенің бар болуы жөнінде талап белгіленбейді.

      Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылады.

      Тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың АЕК мөлшерінен асып түсетін сомаға жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемінің орындалуын растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің бүкіл мерзімі үшін кемінде бір шарт бойынша ұсынылады;

      2) бұрын шығарылған тауарға өндіруші зауыт беретін тауардың сапасын растайтын құжаттарды ұсыну туралы;

      3) егер осы зауыт осы тауарды бұрын шығармаған болса, өндіруші зауыттың тауардың техникалық сипаттамасын ұсынуы туралы;

      4) әлеуетті жеткізушінің кәсіби біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың, куәліктердің және басқа құжаттардың бар болуы;

      5) сатып алынатын тауарлардың өндірушісі тапсырыс берушіге және әлеуетті жеткізушіге мыналарды қамтитын хатты ұсыну туралы:

      әлеуетті жеткізушіге конкурстық құжаттамада белгіленген көлем мен сапада тауар жеткізу бойынша ашық конкурс талаптарының орындалуы туралы растама;

      жеткізуге ұсынылатын тауардың техникалық ерекшеліктерінің сипаттамасы;

      тапсырыс берушіге тауарды уақтылы жеткізу үшін жеткілікті мерзім ішінде тауардың әлеуетті жеткізушіге жеткізілуінің растамасы;

      6) өндіруші берген, әлеуетті жеткізуші ұсынатын шығын материалдарының өндіруші бұрын жеткізген жабдықпен немесе көлік құралымен салыстырмалылығы туралы, сондай-ақ аталған шығын материалдары қолданылған жағдайда, жеткізілген жабдық немесе көлік құралы кепілдіктен алынбайтындығы туралы растаманы қамтитын хатты ұсыну туралы;

      7) әлеуетті жеткізушілердің әлеуетті жеткізушіде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) бар болуын растайтын құжаттарды ұсынуы туралы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      27-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Конкурстық құжаттамада:

      1) әлеуетті жеткізушілерге осы Қағидаларда көзделмеген кез келген талаптарды белгілеуге;

      2) әлеуетті жеткізуші қызметкерлерінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы туралы талапты белгілеуге;

      3) сатып алударды жүзеге асырудың төмендегі жағдайларын қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті жеткізушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтеуге жол берілмейді:

      негізгі (орнатылған) жабдықты жете жинақтау, жаңғырту, жете жарақтандыру, одан әрі техникалық сүйемелдеу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу, оның ішінде жоспарлы жөндеу (қажет болса) үшін ТЖКҚ;

      тауарды лизингке ұсыну жөніндегі қызметтердің жеткізушісін анықтау және лизинг затын жан-жақты сипаттау қажеттілігі туындау үшін;

      мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қамтитын жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес тауарлар.

      28. Тапсырыс беруші бекіткен конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші тізілімде (жүйеде) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      Аудармалар арасында қайшылықтар болса, мемлекеттік тілдегі құжаттар артықшылыққа ие болады.

      29. Ашық конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жеткізушілер әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті жүктейді (көшіріп алады).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      30-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Ашық конкурстың лотына әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті жүктемеген (көшіріп алмаған) әлеуетті жеткізушілердің қатысуына жол берілмейді.

      Әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманың және техникалық ерекшеліктің көшірмесін ұсыну (тізілімнен (жүйеден) алу) фактісі тізілімде (жүйеде) автоматты түрде тіркеледі.

      31. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманы ұсынуға жол берілмейді.

      32. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүгінеді. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, негізделген және дәлелді түсіндіруді тізілімде (жүйеде) орналастырады

      Тізілімде (жүйеде) осы Қағидалардың осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулардың жоқтығы әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттама талаптарымен келісетіндігін білдіреді.

      Әлеуетті жеткізушінің ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді беруі конкурстық құжаттама талаптарымен келісуді білдіреді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      33-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурстық құжаттамаға осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген тәртіппен немесе конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде енгізіледі. Өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы қайтадан бекітуі тиіс және тапсырыс беруші конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімін әлеуетті жеткізушілер бұл өзгерістерді конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін ұзартулардың саны шектелмейді.

      Тапсырыс беруші енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескерілген конкурстық құжаттаманың көшірмесін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен кешіктірмей барлық әлеуетті жеткізушілерге оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы ұсынады.

      Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат тізілімде (жүйеде) орналастыруға тиіс.

      34. Осы тармаққа сәйкес тапсырыс берушінің ашық конкурстың нысанасы болып табылатын осы ТЖКҚ сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуымен байланысты, ашық конкурстың нысанасы болып табылатын ТЖКҚ кейбір лоттарын алып тастау конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу болып саналмайды.

4-параграф. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыру

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      35-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік он жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      36-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылатын ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) ашық конкурстың нысанасы (егер ашық конкурстың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары және нөмірлері);

      2) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      3) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, өлшем бірлігі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық ерекшеліктің электрондық көшірмесі;

      4) ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету мерзімдері, әрбір лот бойынша тауарларды жеткізудің, қызметтерді көрсетудің, жұмыстарды орындаудың орны;

      5) конкурстық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      6) тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты;

      7) ҚҚС есепке алмағанда, әрбір лот бойынша ТЖКҚ сатып алуға бөлінген сома;

      8) ашық конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап әрбір лот бойынша ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасудың талап етілетін мерзімі;

      9) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы (қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар;

      Тауарлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қамтымайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша сатып алынатын тауарлардағы жергілікті қамту бойынша әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген ең аз талаптарды (0-ден 100-ге дейін) қоюға жол беріледі;

      10) әрбір лот бойынша, оның шеңберінде ТЖКҚ сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (-тар) нөмірі;

      11) сатып алынатын ТЖКҚ бағасынан басқа, әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысына, ҚҚС есептемегенде, конкурстық құжаттамада көзделген өзге шығыстарды қосудың қажеттілігі туралы талап;

      12) конкурстық өтінімнің қолданыс мерзімі;

      13) сатып алу коды.

5-параграф. Конкурстық өтінімдерді жинау

      37. Конкурстық өтінім ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес тауарларды жеткізуді немесе жұмысты орындауды немесе қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      38-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда, әлеуетті жеткізуші тізілімде (жүйеде) осы ақпаратты жаңартады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      39-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне электрондық цифрлық қолтаңба қойылады және тізілімде (жүйеде) орналастырылады.

      Әлеуетті жеткізушілер конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аударманы қоса берумен, конкурстық өтінімді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

      Құжаттардың конкурстық құжаттама тілдеріндегі түпнұсқалары болмаған жағдайда әлеуетті жеткізушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариус куәландырған, осындай құжаттардың конкурстық құжаттама тілдеріндегі аудармаларының электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Аудармалар арасында қайшылықтар болған жағдайда мемлекеттік тілде ұсынылған құжаттар артықшылыққа ие болады.

      Бұрын шығарылған тауарға өндіруші зауытпен берілген нотариус куәландырған құжаттардың электрондық көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынуға жол беріледі.

      Аудармалар арасында қайшылық болған жағдайда, мемлекеттік тілде ұсынылған құжаттар артықшылыққа ие болады.

      Әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжат әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептелінеді және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылданбауы тиіс.

      Құжаттардың электрондық көшірмелері әлеуетті жеткізушіде түпнұсқалардың немесе осындай құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелерінің бар болуы шартымен қағаз нұсқада ұсынылады.

      Конкурстық құжаттамада және осы Қағидалардың 41-тармағында көзделмеген, әлеуетті жеткізушілер осы Қағидалардың осы тармағын бұза отырып ұсынған қосымша құжаттар конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылмайды.

      40. Ашық конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың аяқталу мерзімі аяқталған соң ұсынылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) орналастырылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      41-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінде мыналардың:

      1) лицензиялардың электрондық көшірмелері (ашық конкурстың шарттарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет көзделген жағдайда);

      2) банктің немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол және мөр қойылған анықтаманың электрондық көшірмесі болады (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін беріледі;

      3) салық берешегінің жоқтығы туралы немесе конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің болуы туралы тиісті салық органы анықтамасының электрондық көшірмесі;

      4) әлеуетті жеткізушінің – Қазақстан Республикасы бейрезидентінің қызметі осы жеткізушінің банкрот деп танылуына байланысты тоқтатылмағандығы туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;

      5) ТЖКҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған техникалық ерекшеліктің, сондай-ақ ТЖКҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері болады.

      Тауар сатып алынған жағдайда техникалық ерекшелікте жеткізуге ұсынылатын тауардың шыққан елі, өндіруші зауыты, модельдің атауы және техникалық ерекшеліктері көрсетіледі.

      Әлеуетті жеткізушіге жеткізу мерзімін конкурстық құжаттамада белгіленген күнтізбелік алпыс күннен кем мерзімді көрсетуге жол беріледі;

      6)әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын ТЖКҚ жергілікті қамту бойынша міндеттемелер болады.

      Тауарлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қамтымайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша сатып алынатын тауарлардағы жергілікті қамту бойынша әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген ең аз талаптарды (0-ден 100-ге дейін) қоюға жол беріледі;

      7) көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы келісімі (әлеуетті жеткізушінің мердігерлік шартын орындауға қажетті ТЖКҚ сатып алған жағдайда);

      8) әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардың ұсыныс хаттары немесе оң пікірлері және жұмыс тәжірибесінің әр жылы үшін жиынтық көлемі кемінде бір шарт бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асқан сомаға орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің қабылдануын-тапсырылуын растайтын актілердің электрондық көшірмелері (конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі туралы талап көзделген болса);

      9) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес, сатып алынатын тауарлардың өндірушісі тапсырыс берушіге және әлеуетті жеткізушіге берген хаттың электрондық көшірмесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап бар болған жағдайда);

      10) тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарнаның енгізілуін растайтын төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап бар болған жағдайда);

      11) әлеуетті жеткізушіде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) бар болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап бар болған жағдайда) болады.

      12) ашық конкурстың әлеуетті жеткізушісінің конкурстық баға ұсынысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес, ҚҚС есепке алмағанда әрбір лот бойынша бөлек, электрондық құжат нысанында тізілімде (жүйеде) ұсынылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 41-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      42-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Егер әлеуетті жеткізуші заңды тұлғалардың уақытшы бірлестігі (консорциум) болып табылған жағдайда, оның уәкілетті қатысушысы осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады, заңды тұлғалардың уақытшы бірлестігінің (консорциумның) қалған қатысушылары осы Қағидалардың 41-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мыналарды:

      1) консорциумның әрбір қатысушысының бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, бірлестікке (консорциумға) кіретін заңды тұлғалардың уәкілетті өкілдері қол қойған және осы заңды тұлғалардың фирмалық мөрлерімен бекітілген бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың сканерленген көшірмесін;

      2) егер әлеуетті жеткізушінің осындай қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатқан жағдайда, онда консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысының (қатысушыларының) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына тиісті лицензияларының электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Ашық конкурсқа әлеуетті қатысушының конкурстық баға ұсынысы тізілімде (жүйеде) конкурстық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес әрбір лот бойынша бөлек, ҚҚС қоспай, электрондық құжат түрінде ұсынылады.

      43. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету банк кепілдігі түрінде енгізілген жағдайда, банк кепілдігінің түпнұсқасы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін жабық конвертте ұсынылады.

      Жабық конверттің бет жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

      әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

      конкурстық құжаттамада көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиіс тапсырыс берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгендігін растайтын, қатысу үшін банк кепілдігі ұсынылатын ашық конкурстың (лоттың) атауын көрсетеді.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгендігін растайтын банк кепілдігін қамтитын, белгіленген мерзім өткен соң ұсынылған конверт ашылмайды және әлеуетті жеткізушіге қайтарылады.

      44. Егер әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, онда осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген құжаттар немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті жеткізуші туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      45-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Әлеуетті жеткізушілер шартты бағаны есептеу үшін осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттардан басқа мыналарды ұсынады:

      1) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын тауарлардың қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын, ұқсас тауарға бұрын берілген "CT-KZ" нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың электрондық көшірмесін;

      2) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың нысанасы болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны туралы мәліметтерді.

      46. Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді конкурстық құжаттамада көрсетілген оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін тізілімде (жүйеде) ұсынады.

      Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді ұсыну фактісі тізілімде (жүйеде) автоматты түрде тіркеледі.

      47. Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей мыналарға:

      1) конкурстық өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін қайтарып алуға жол беріледі.

      48. Әлеуетті жеткізуші:

      1) бір лотқа бірден артық конкурстық өтінімді;

      2) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбейді.

      Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған соң конкурстық өтінімді қайтарып алуға жол берілмейді.

      49. Әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың бірнеше лотына қатысқан жағдайда, осы Қағидалардың 41-тармағының 1), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген құжаттар және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурстың әрбір лоты үшін жеке ұсынылады.

      50. Әлеуетті жеткізуші өзінің ашық конкурс тәсілімен ТЖКҚ сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларына қарамастан, осы шығындарды өтеу бойынша міндеттемелерге жауап бермейді.

6-параграф. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету

      51. Тапсырыс берушіге ТЖКҚ сатып алу үшін конкурстық құжаттамада көзделген сомадан бір пайыздан артық конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшерін белгілеуге жол берілмейді.

      52. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен енгізіледі:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнасы;

      2) Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банктерінің банк кепілдігі.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәсілін таңдау құқығын әлеуетті жеткізуші жүзеге асырады.

      53. Жеткізуші үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаны толық не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін әрекет жасамайды.

      54. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізуші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайлар туындағанға дейін пайдаланбайды.

      55. Осы Қағидалардың осы параграфында көзделген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы ережелері мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына қолданылмайды.

      56 Тапсырыс беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) ашық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде шартты ұсынбаса немесе ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың ережелері ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасына және (немесе) жеңімпаздың және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне сәйкес келмесе;

      2) ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ашық конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өтпесе немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      3) ашық конкурстың жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасып, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда, ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса, қайтармайды.

      57. Осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған жағдайда, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тапсырыс берушінің кірісіне есептеледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      58-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіге ол енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алса;

      2) тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына қол қойса.

      Осы тармақшаның шарттары ТЖКҚ сатып алуға қатысуға рұқсат алмаған әлеуетті жеткізушілерге қолданылады;

      3) тапсырыс беруші ашық конкурстың қорытындыларын шығару хаттамасына қол қойса.

      Осы тармақша ашық конкурс жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші деп айқындалған ашық конкурстың әлеуетті жеткізушісіне қолданылмайды;

      4) ТЖКҚ сатып алу туралы шарт күшіне енген және ашық конкурс жеңімпазы ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделсе.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету жеңімпазға және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушіге қайтарылады;

      5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өтсе;

      6) тапсырыс берушінің ТЖКҚ сатып алудан бас тартуына байланысты ашық конкурстың нысанасы болып табылатын осы ТЖКҚ кейбір лоттары алынып тасталса.

      Осы тармақтың шарты тапсырыс беруші алып тастаған лотқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге таралады;

      7) тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстан бас тартса немесе оны жойса.

7-параграф. Тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашық конкурстың талаптарына сай келуі мәніне қарауы және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау

      59. Конкурстық өтінімді ұсыну фактісі мынадай мәліметтерді көрсете отырып, тізілімде (жүйеде) автоматты режимде тіркеледі:

      1) ашық конкурстың нысанасы (егер ашық конкурс нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда лоттардың атаулары мен нөмірлері);

      2) әлеуетті жеткізушінің атауы мен орналасқан орнының мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан орны (жеке тұлғалар үшін);

      3) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді ұсынған күні және уақыты;

      4) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді қайтарып алған күні мен уақыты.

      Конкурстық өтінімдер тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігінде орналасады және конкурстық өтінімдер ашылғанға дейін тізілім (жүйе) әкімшісі, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган, тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер оларды қарай алмайды.

      Конкурстық баға ұсыныстары тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігінде орналастырылады және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы тізілімде (жүйеде) орналастырылғанға дейін тізілім (жүйе) әкімшісі, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган, тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер оларды қарай алмайды.

      60. Конкурстық құжаттамада көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылатын әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) орналастырылмайды.

      61. Әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде тізілімде (жүйеде) ашылады.

      62. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзағырақ мерзім көзделмесе, әлеуетті жеткізушілерді әрбір лот бойынша конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      63. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сай келетін және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін өтінім ретінде қарайды, егер онда конкурстық өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге келетін грамматикалық қателер бар болса;

      64. Конкурстық өтінімдерді қараған кезде:

      1) конкурстық өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін конкурстық комиссияның тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінен олардың мазмұнын өзгертпестен, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсіндірмелерді сұратуға жол беріледі. Әлеуетті жеткізуші сұрау салу орналастырылған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде оған тізілімде (жүйеде) жауап береді;

      2) тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне қандай да бір өзгерістер енгізеді;

      3) тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін ешқандай сұрау салуларды, ұсыныстарды немесе рұқсаттарды жібермейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      65-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Конкурстық комиссия мынадай негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті жеткізушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермейді:

      1) әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәсілін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір немесе бірнеше банкінің кепілдігі нысанында таңдаған жағдайда осы Қағидалардың 41-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;

      2) конкурстық өтінім файлды ашудағы қатемен ұсынылса;

      3) конкурстық өтінім осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген талаптарды бұзумен ресімделген құжаттарды қамтыса;

      4) тиісті салық органының анықтамасында берешектің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір және одан артық теңге мөлшерінде берешектің бар болуы мәліметтер болса;

      5) банк немесе банк филиалының қолы және мөрі бар анықтаманың электрондық көшірмесінде әлеуетті жеткізушінің міндеттеме түрлерінің біреуінен болса да мерзімі өткен берешек болса;

      6) Қағидалардың 12-тармағында көзделген ашық конкурсқа қатысумен байланысты шектеулер болса.

      Комиссия банкроттық рәсімдердің өткізілуіне бақылау жүргізетін уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

      7) әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;

      8) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын ТЖКҚ жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер конкурстық құжаттамада көрсетілген жергілікті қамту жөніндегі талап етілетін көрсеткіштерден кем болса.

      9) күмәнді ақпаратты ұсыну фактісі анықталса.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына күмәнді ақпаратты ұсыну фактісін растайтын, әлеуетті жеткізуші ұсынған ақпарат авторының ресми хаттарының электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Конкурстық өтінімдерді осы Қағидалардың осы тармағында көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.

      Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамау үшін негіз болып табылған себептерді түсіндіре және құжаттарды көрсете отырып, осы тармақта көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдамауға негіздер көрсетіледі.

      Тапсырыс беруші мен мыналар:

      1) осы конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілер, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумдардың) қатысушылары;

      2) қатысушысы, акционері немесе басшысы конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерін (консорциумдарды) басқарумен, құрумен, жарғылық капиталына қатысумен байланысты заңды тұлғалар арасында бұрын жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау фактісін растайтын сот шешімі күшіне енген мезеттен бастап жиырма төрт айдың ішінде конкурстық өтінімді қабылдамауға жол беріледі.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына осындай сот шешімдерінің электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      66-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау кезінде әлеуетті жеткізушінің қазақстандық ТЖКҚ өндірушісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау үшін әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес ұсынған мәліметтерді ескереді.

      Әлеуетті жеткізуші оның қазақстандық ТЖКҚ өндірушісінің мәртебесіне сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысына Кодекстің 131-бабының 1-тармағына, 179-бабының 1-тармағына және 278-бабының 29-тармағына сәйкес бағаны шартты төмендетуді қолданбайды.

      67. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін тапсырыс берушінің конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін ұзартуына байланысты құжаттардың қолдану мерзімінің өтуі себебі бойынша қабылдамауға жол берілмейді.

      68. Егер анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ егер анағұрлым жақсы технологиялық шешімдер және (немесе) ең жақсы материалдардан жасалған жұмыстарды орындау ұсынылса, әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуі конкурстық өтінімді қабылдамауға негіз болып табылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      69-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын тізілімде (жүйеде) қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілеттік берген тұлғасы оны тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырады және ол мыналарды қамтиды:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орнын;

      2) отырыстың өткізілетін күнін, уақыты мен орнын;

      3) конкурстық комиссия құрамын;

      4) ашық конкурстың нысанасын (егер ашық конкурстың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауларын);

      5) әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ сипаттамасы, өлшем бірліктер мен шоттың мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігі, саны (көлемі);

      конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруге сұрау салуды ұсынған әлеуетті жеткізушілердің атауы мен орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын және орналасқан орнын (жеке тұлғалар үшін) және әрбір лот бойынша тапсырыс берушінің түсіндірмелерін;

      6) конкурстық өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсетумен, конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      7) өзінің конкурстық өтінімін шақыртып алған әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      8) жеке әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің ашылған конкурстық өтінімдерінің мазмұны туралы ақпаратты;

      9) қабылдамауға негіз болған себептерді көрсетумен, конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      10) конкурстық өтінімдері ашық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      11) конкурстық комиссияның шешімімен (бар болса) келіспеген жағдайда конкурстық комиссия мүшесінің (мүшелерінің) айрықша пікірін;

      12) сатып алу кодын және тізілімнің (жүйенің) интернет-ресурсының мекенжайын;

      13) ТЖКҚ сатып алу жүзеге асырылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) нөмірін (нөмірлерін).

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасының қағаз нұсқасына төраға және (немесе) төрағаның орынбасары, хатшы және конкурстық өтінімдерді қарау рәсіміне қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері қол қояды.

      70. Ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру нәтижелері немесе қабылданбауы туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғасының конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын тізілімде (жүйеде) орналастыру болып табылады.

      71. Ашық конкурстың барлық лоттары бойынша әлеуетті жеткізушілердің ұсынылған немесе бас тартылмаған конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) жоқ болған жағдайда, ашық конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешім қабылданады және осы Қағидалардың 81 және 82 тармақтарына сәйкес тәртіппен ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы ресімделеді.

8-параграф. Ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасын жасаумен ашық конкурстың жеңімпазын айқындау

      72. Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына қол қойылғаннан және тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылғаннан кейін, тізілімде (жүйеде) автоматты түрде конкурстық өтінімдері ашық конкурсқа қатысуға жіберілген ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын ашу, сондай-ақ конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстырып тексеру жүзеге асырылады.

      73. Ашық конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысының бағасы ашық конкурстың (лоттың) нысанасы болып табылатын ТЖКҚ сатып алуға бөлінген сомадан асқан жағдайда, ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) қабылданбайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      74-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Конкурстық баға ұсынысы ашық конкурстың шарттарына сәйкес келмейді деп қабылданбай қоймаған ашық конкурстың жалғыз әлеуетті жеткізушісі болған жағдайда, ондай әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      75-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Осы Қағидалардың 73-тармағында келтірілген шарт бойынша бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) бағаланады және салыстырылады және Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасының негізінде ашық конкурстың жеңімпазы (лоттар бойынша) айқындалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      76-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Ашық конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағасы тең болған жағдайда, артықшылық қазақстандық тауарларды өндірушіге, қазақстандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушіге беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      77-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖКҚ-дағы жергілікті қамту бойынша ең үлкен пайызын ұсынған ашық әлеуетті жеткізуші мынадай жағдайларда ашық конкурстың жеңімпазы болып танылады:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса;

      2) қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      78-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Конкурстық баға ұсынысы ашық конкурстың басқа әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарынан тізілімге (жүйеге) бұрын түскен ашық конкурстың әлеуетті жеткізушісі мынадай жағдайларда:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖКҚ-дағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;

      2) конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖКҚ–дағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;

      3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолдану мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде өткізілетін, ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарларға ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, жеңімпаз болып танылады.

      79. Конкурстық комиссия ашық конкурсты мына жағдайларда өтпеген деп таниды:

      1) ұсынылған конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты;

      2) әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары ашық конкурстың талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбаған жағдайда..

      80. Ашық конкурс өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жаңа ашық конкурсты өткізу туралы;

      2) бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алу туралы.

      81. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша шешім конкурстық баға ұсыныстары ашылған күнінен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы түрінде қалыптастырылады және орналастырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      82-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. Ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы мыналарды қамтиды:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауын мен орналасқан орнын;

      2) ашық конкурстың қорытындысын шығару күнін, уақытын;

      3) конкурстық комиссия құрамын;

      4) өнімнің (тауарлардың және қызметтердің) модельдік статистикалық сыныптауышқа сәйкес ашық конкурстың нысанасын (егер ашық конкурстың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауларын);

      5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес, конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) ашылған ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің атауы мен орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және орналасқан орнын (жеке тұлғалар үшін);

      6) өлшем және есеп бірліктерінің мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігін, сипатын, әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ санын (көлемін);

      7) конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын көрсетумен, конкурстық баға ұсыныстары осы Қағидалардың 73-тармағында келтірілген себеппен қабылданбаған ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      8) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде төмендетудің өлшемшартын қолдануды ескере отырып, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын (лоттар бойынша);

      9) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес, ашық конкурс жеңімпазының атауын және орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және орналасқан жерін (жеке тұлғалар үшін), конкурстық баға ұсынысының бағасын (лоттар бойынша) және (немесе) ашық конкурстың нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса, себепті (лоттар бойынша);

      10) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес, конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің атауын және орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және орналасқан жерін (жеке тұлғалар үшін), конкурстық баға ұсынысының бағасын (лоттар бойынша);

      11) ашық конкурс жеңімпазының және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болатын екінші әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерін, әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін;

      12) сатып алудың кодын және тізілімнің (жүйенің) интернет-ресурсының мекенжайын;

      13) сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) нөмірін (нөмірлерін).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      83-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей, тізілімде (жүйеде) автоматты түрде хабарлама жасалады, ол конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына конкурстық құжаттама құрамында ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін, ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (егер шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда) қоса беріп, жеңімпаздың қол қойылған ТЖКҚ сатып алу туралы шартты ұсынуына арналған мерзіммен жеңімпаздың электрондық мекенжайына жіберіледі.

3-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      84-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      84. Өткен ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысы бойынша бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алу тәртібі мына жағдайларда өткізіледі:

      1) ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық):

      әлеуетті жеткізушілер конкурстық өтінімдерді ұсынбағандықтан;

      әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылданбағандықтан, өтпеді деп танылса;

      2) ашық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде шартты ұсынбаса немесе ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың ережелері ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасына және (немесе) жеңімпаздың және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне сәйкес келмесе;

      3) ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өтпесе немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      4) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасып, ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      85-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. ТЖКҚ-ны бір көзден алу тәсілімен сатыпа алу мына тізбе бойынша жүзеге асырылады:

      1) жол сапарларында кідірмей қалпына келтіруді талап ететін, механизмдер, агрегаттар, шығын материалдарында сынықтар пайда болған және олар істен шыққан кезде;

      2) өндіру кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алу;

      3) төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою, аварияларды жою үшін ТЖКҚ сатып алу;

      3-1) "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген "CT-KZ" түріндегі тауардың шығарылуы туралы сертификатпен немесе индустриялық сертификатпен расталған қазақстандық тауарлар;

      4) істен шығуы барлық өндірістік циклдің тоқтауына әкелетін жабдықтардың, механизмдердің, агрегаттардың, шығын материалдарының істен шығуы жағдайларында ТЖКҚ сатып алу;

      5) сатып алынатын ТЖКҚ-ға қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын ТЖКҚ сатып алу;

      6) бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі мұнайдың авариялық төгілу салдарын жоюды қамтамасыз ету жөніндегі ТЖКҚ сатып алу;

      7) өндірістік қуаттары қалдықтарды олардың түзілу көзінен барынша аз тасымалдауды қамтамасыз ететін, шаруашылық қызмет процесінде әлеуетті жеткізушіде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) жою және (немесе) орналастыру және (немесе) тасымалдау және (немесе) кәдеге жарату жұмыстарын сатып алу;

      8) моноқалаларда тіркелген жалғыз қала қалыптастырушы кәсіпорын ретінде тапсырыс берушінің кәсіпорны болып табылатын қазақстандық ТЖКҚ өндірушілерінен ТЖКҚ сатып алу.

      Тауарды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны моноқала болып табылады.

      9) далалық геологиялық-геофизикалық зерттеулерге және (немесе) осындай зерттеулердің, толық аяқталған ұңғымалар құрылысының, толық аяқталған ұңғымалар құрылысы кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жиынтығына кіретін жеке жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер деректерін өңдеу мен түсіндіруге жататын көмірсутектерді барлау жөніндегі күрделі жобалар үшін жұмыстарды және (немесе) қызметтерді сатып алу;

      10) тапсырыс беруші оффтейк-шарты жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірмей осы оффтейк-шарт туралы мәліметтерді тізілімге енгізсе, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде жасалған оффтейк-шарттардың шеңберінде шығарылған тауарларды сатып алу.

      Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 25.03.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      86-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. Осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алынған жағдайда, ТЖКҚ сатып алудың шарттары өтпеген ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      87. Егер сатып алу осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 1), 3) тармақшаларына сәйкес осы Қағидаларды бұза отырып өткізілген болса, осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алу қолданылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      88-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      88. Бір көзден алу тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖКҚ сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушіге қорытынды шығару хаттамасында мұндай ТЖКҚ міндетті түрде лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай ТЖКҚ сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жол беріледі.

      Бір көзден алу тәсілімен біртекті ТЖКҚ бірнеше түрін сатып алу ТЖКҚ-ны олардың біртекті түрлері және оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орындары бойынша лоттарға бөлу арқылы жүзеге асырылады.

      Біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттың шеңберінде бір көзден алу тәсілімен сатып алуды тапсырыс беруші оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орындары бойынша бөлумен келісімшарттар бойынша сатып алынатын ТЖКҚ көлемдерінің үлестірілуін міндетті түрде көрсете отырып жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      89-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      89. Бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасын тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілеттік берген тұлғасы қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және мына мәліметтерді көрсете отырып, шарт жасасу күнінен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылады:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      2) ТЖКҚ осы Қағидалардың 85-тармағына сәйкес сатып алынған жағдайда, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесінің электрондық көшірмесін қоса беріп, бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың негіздемесі (бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, әрбір лот бойынша);

      3) өнімнің модельдік статистикалық сыныптауышына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алудың нысанасы (егер бір көзден алу тәсілімен сатып алудың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары және нөмірлері);

      4) әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ сипаттамасы, өлшем және есеп бірліктерінің мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігі, саны (көлемі);

      5) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, немесе қызметтерді орындау мерзімдері мен орны;

      6) әлеуетті жеткізушінің атауы;

      7) әрбір лот бойынша, ҚҚС есепке алмағанда, теңгемен көрсетілген, ұсынылатын ТЖКҚ-ға әлеуетті жеткізушінің ұсынған бағасы;

      8) әрбір лот бойынша, ҚҚС есепке алмағанда, теңгемен көрсетілген, тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге бөлінген сома;

      9) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін), әлеуетті жеткізушінің ұсынылатын ТЖКҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелері;

      10) сатып алу коды және тізілімнің (жүйенің) интернет ресурсының мекенжайы;

      11) ТЖКҚ сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) нөмірі (нөмірлері).

      Тізілімде (жүйеде) қалыптастырылған бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасының қағаз данасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.

4-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен сатып алу тәртібі

      90. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алу рәсімдері конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну және жеңімпазды айқындау рәсімдерін қоспағанда, ашық конкурстың рәсімдеріне сай келеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      91-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      91. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ-ны сатып алуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер тізілімде (жүйеде) лотқа конкурстық баға ұсыныстарын береді және оларға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі – егер конкурстық құжаттамада одан қысқа мерзім көзделмесе, тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы орналастырылған сәттен бастап қырық сегіз сағат. Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі осы тармақтың соңғы абзацында баяндалған талаптарды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9-00-ден 20-00-ге дейінгі кезеңде кем дегенде бес сағатқа белгіленеді.

      Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен конкурстық өтінімдерді қарау хаттамалары сауда-саттықты өткізуге қажетті уақытты ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және (немесе) мереке күндеріне түспейтін және олармен бөлінбейтін жұмыс күндері тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылады.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 31.12.2019 № 443 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Әлеуетті жеткізуші ұсынатын конкурстық баға ұсыныстарының саны шексіз, әлеуетті жеткізуші өз баға ұсынысын төмендету жағына қарай көп мәрте өзгерте алады.

      93. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілері шартты бағаны ескере отырып конкурстық баға ұсыныстарын және атауы көрсетілмеген қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің санын көре алады.

      94. Сауда-саттық жабылғанға дейін үш минуттың ішінде әлеуетті жеткізушілердің біреуі ең төменгі жаңа конкурстық баға ұсынысын енгізсе, сауда-саттықтың жабылу уақыты автоматты түрде он бес минутқа, бірақ үш реттен артық емес ұзартылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      95-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      95. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстырып тексеру тізілімде (жүйеде) жүзеге асырылады, және Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту жөніндегі өлшемшартты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төменгі бағасы негізінде жеңімпаз анықталады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      96-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      96. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың жеңімпазын анықтау кезінде, ТЖКҚ сатып алуға қатысқан әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, артықшылық қазақстандық тауар өндірушісіне, қазақстандық ТЖКҚ өндірушісіне беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      97-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      97. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы болып табылатын, сатып алынатын ТЖКҚ жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің ең үлкен пайызын ұсынған әлеуетті жеткізуші мынадай жағдайларда:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса;

      2) Қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып табылмайтын әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      98-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      98. Конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші мынадай жағдайларда:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып әлеуетті жеткізушілер ұсынған бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖКҚ-дағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;

      2) конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып табылмайтын әлеуетті жеткізушілер ұсынған бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы болып табылатын сатып алынатын ТЖКҚ-дағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;

      3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолдану мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде өткізілетін, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарларға ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      99-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      99. Конкурстық комиссия бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) мына жағдайларда өтпеген деп таниды:

      1) ұсынылған конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты;

      2) әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбаған жағдайда.

      100. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағаны төмендетуге бағытталған жаңа ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу туралы;

      2) бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алу туралы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      101-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      101. Конкурстық баға ұсыныстарын ашу күнінен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстарын бағалаудың және салыстырудың қорытындысы бойынша шешім тапсырыс берушінің ақпаратты тізілімде (жүйеде) қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындысын шығару хаттамасы түрінде тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қалыптастырылады және жарияланады, онда мыналар көрсетіледі:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      2) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысын шығару күні мен уақыты;

      3) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы (егер бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары);

      4) конкурстық комиссия құрамы;

      5) әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ сипаттамасы, өлшем бірліктер мен шоттың мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігі, саны (көлемі);

      6) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілерінің атауы мен нақты орналасқан орны (заңды тұлғалар үшін) немесе әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін);

      7) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары (лоттар бойынша);

      8) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының атауы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғалар үшін) және конкурстық баға ұсынысының бағасы (лоттар бойынша), немесе нәтижесінде жеңімпаз айқындалмаса, себепті көрсету (лоттар бойынша);

      9) конкурстық баға ұсынысы бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің атауы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғалар үшін), конкурстық баға ұсынысының бағасы (лоттар бойынша);

      10) ТЖКҚ жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер;

      11) сатып алу коды және тізілімнің (жүйенің) интернет-ресурсының мекенжайы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      102-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      102. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей, тізілімде (жүйеде) автоматты түрде хабарлама жасалады, ол конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына жеңімпаз конкурстық құжаттама құрамында ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін, ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (егер шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда) қоса беріп, қол қойылған ТЖКҚ сатып алу туралы шартты ұсынуына арналған мерзіммен жеңімпаздың электрондық мекенжайына жіберіледі.

5-тарау. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету

      104. ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеңімпазы оның өзімен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындайтындығының кепілдігі ретінде, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда енгізеді.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      105. Тапсырыс берушіге шарт сомасынан үш пайыздан артық болатын ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін белгілеуге жол берілмейді.

      106. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен енгізіледі:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілді ақшалай жарнасы;

      2) Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банктерінің банктік кепілдігі.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәсілін таңдауды ТЖКҚ жеткізушісі жүзеге асырады.

      107. Жеткізуші шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаның барлығын не бір бөлігін талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарды жасамайды.

      108. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жеткізуші енгізген кепілді ақшалай жарнаны пайдаланбайды.

      109. Осы Қағидалардың осы параграфында көзделген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы ережелері мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына қолданылмайды.

      110. Егер жеткізуші өзімен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

      111. ТЖКҚ жеткізушісі онымен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету сомасынан шартта көзделген тұрақсыздық айыбының сомасын ұстап қалады.

      ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің қалған сомасы шартта көзделген ТЖКҚ қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарылады.

      112. Тапсырыс беруші жеткізушіге ол енгізген ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, онымен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде қайтарады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 5-1-тараумен толықтыру көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт

      113. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт конкурстық құжаттамадағы ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасына және жеңімпаздың конкурстық өтініміне сәйкес жасалады.

      114. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт ашық конкурстың немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы ҚҚС төлеушісі болып табылмаған немесе жеткізілетін тауарға, орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҚС салынбаған жағдайларды қоспағанда, ашық конкурстың немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы ұсынған, оған ҚҚС есептелген бағаны қамтуға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      115-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      115. Ашық конкурстың немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қол қояды және оны жеңімпаз конкурстық өтінім құрамында ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және нотариус куәландырған көшірмелерін, ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда) қоса беріп, оны конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына ұсынады.

      Әлеуетті жеткізуші ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өту үшін конкурстық құжаттамада және осы Қағидалардың 41-тармағында көзделмеген қосымша құжаттарды ұсынбайды.

      Тапсырыс беруші ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазына шартты жасасудан (орындаудан) бас тартуды қамтитын, осындай бас тартуға негіз болған себептерді түсіндіре отырып, хабарлама жібереді, егер ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізуші:

      хабарламада белгіленген мерзімде ТЖКҚ сатып алу туралы шартты ұсынбаса немесе ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың ережелері ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасының және (немесе) жеңімпаздың конкурстық өтінімінің талаптарына сәйкес келмесе;

      ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін, ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өтпеген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін ұсынса немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасасып, конкурстық құжаттамада ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету конкурстық құжаттамада көзделген болса) енгізу туралы белгіленген талаптарды орындамаса.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      116-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Шартты жасасудан (орындаудан) бас тартуды қамттитын тапсырыс берушінің хабарламасы ТЖКҚ сатып алу туралы шартты осы Қағидалардың 83, 102 және 115 тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық баға ұсынысы жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушімен жасасу үшін негіз болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      117-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      117. Ашық конкурс немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алу туралы шарт қорытынды шығару хаттамасында көрсетілген, бірақ қорытынды туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімде жасалады.

      Егер ТЖКҚ сатып алу бірнеше лот бойынша өткізілсе, ТЖКҚ сатып алу туралы шарттардың жобаларын тапсырыс беруші әрбір лотқа жеке жасайды.

      Әлеуетті жеткізуші бірнеше лот бойынша жеңімпаз болып танылған жағдайда, лоттарды жекелеген техникалық ерекшеліктерге лоттар бойынша міндетті түрде бөле отырып, бірыңғай шарт жасауға жол беріледі (әрбір лотқа бөлек шартқа қосымшалар).

      118. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, ол ұсынып отырған нысан бойынша ТЖКҚ сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      119-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      119. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт:

      1) жұмыстарды орындауға арналған шартты орындаған кезде осы Қағидаларды сақтау бойынша мердігердің міндеттемесін;

      2) жұмыстарды орындауға арналған шартты орындаған кезде осы Қағидаларды сақтамағаны үшін мердігердің жауапкершілігін;

      3) ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасына сәйкес ТЖКҚ жергілікті қамту бойынша жеткізушінің міндеттемесін;

      4) ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасына сәйкес ТЖКҚ жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жеткізушінің жауапкершілігін;

      5) жеткізілген тауар (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшін тауарларды, көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру (объектіні пайдалануға қабылдау) актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей төлем жүргізу туралы талапты;

      6) тапсырыс берушінің тауарларды (көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды) қабылдау-тапсыру актілеріне қол қоюы туралы талапты немесе ТЖКҚ қабылданбаса, шарт талаптарының бұзушылықтарын тапсырыс беруші актілерді алған мезеттен бастап он жұмыс күні ішінде жою туралы талап қою;

      7) конкурстық құжаттамада көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді қамтиды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      120-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      120. Тапсырыс беруші қазақстандық тауар өндірушімен сатып алу туралы шартты жасасқан жағдайда, шарттың ережелерінде жеткізушінің Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын, сатып алынатын тауардың тиісті номенклатурасына сәйкес келетін "CT-KZ" нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нотариус куәландырған көшірмесін ұсынуы туралы талапты енгізуге жол беріледі, бұл ретте сертификатта жасалған шарттың шеңберінде жеткізілетін тауар көлемінен кем болмайтын тауар көлемін қамтиды.

      Тапсырыс беруші қазақстандық жұмыстардың немесе қызметтердің өндірушісімен ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасаған жағдайда, осы шарттың ережелерінде Кодекстің 130-бабына және 180-бабына сәйкес жеткізушінің сатып алынатын ТЖКҚ және олардағы жергілікті қамту үлесі туралы есепті ұсынуы туралы талап көрсетіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      121-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      121. Әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып айқындалған күннен тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде ұлттық валюта (теңге) девальвацияға (ревальвацияға) ұшыраған жағдайда, тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарты жобасына ТЖКҚ бағасының және сәйкесінше тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт сомасының өзгеруі бөлігіндегі өзгерістер тараптардың өзара келісімі бойынша енгізіледі.

      Егер әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып айқындалған күннен тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы он пайыздан артық өзгерсе, тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты ағымдағы бағамы бойынша төлеуге жататын соманы мөлшерлей отырып қайта есептейді.

      Бұл ретте жеткізуші растайтын құжаттарды қоса берумен, өндіріс шығыстарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шығыстарының артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасының бағасын арттыру немесе азайту қажеттілігінің негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      122-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      122. ТЖКҚ сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізу жеткізушіні таңдау үшін негіз болған, сапасы мен басқа талаптарының тұрақтылығы жағдайында тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады:

      1) осы тауарды сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен сатып алынатын тауар көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      2) сатып алынатын жұмыстар, қызметтер көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      3) тауарларды, жұмыстарды сатып алу туралы шарт жасалған күннен кейін ұлттық валюта (теңге) девальвацияға (ревальвацияға) ұшыраған жағдайда тараптардың келісімі бойынша тауарларды немесе жұмыстарды сатып алу туралы шарттың бағасын өзгерту бөлігінде.

      Егер тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт бойынша төлем жүргізілген сәтте теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы он пайызға артық өзгерсе, тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төлем күніне белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты ағымдағы бағамы бойынша төлеуге жататын соманы мөлшерлей отырып қайта есептейді.

      Бұл ретте жеткізуші растайтын құжаттарды қоса берумен, өндіріс шығыстарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шығыстарының артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасының бағасын арттыру немесе азайту қажеттілігінің негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады;

      4) елеулі болып табылмайтын талаптар бөлігінде;

      5) тауар (тауарлар) уақтылы жеткізілмеген, жұмыс (жұмыстар) уақтылы орындалмаған, қызмет (қызметтер) уақтылы көрсетілмеген жағдайда, қолданыстағы валюталық реттеу туралы заңнаманың талаптарына негізделген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ТЖКҚ жеткізушісімен жасасқан шарттың қолданылу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      6) сатып алынатын тауардың өндірісіне қажетті қазақстандық өндіруші шығарған тауарды жеткізу мерзімін арттыруға бөлігінде;

      7) тауарды өндіру үшін қажетті шикізат және (немесе) толымдаушы бұйымдар бағасының айтарлықтай өзгеруінен туындаған тауар бағасының, сондай-ақ тауар бағасының белгіленуіне әсер ететін тарифтердің азаюы немесе артуы салдарынан, қазақстандық өндірушімен жасалған тауарды жеткізуге арналған шарт сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде;

      8) табиғи монополия субъектілерімен немсе мемлекеттік монополия субъектілерімен олардың қызметінің негізгі нысанасы бойынша;

      9) лизингтік төлемдер, сыйақы жарнасы мөлшерінің өзгеруіне, шарт сомасының индекстелуіне байланысты қаржылық лизинг шартының сомасын өзгерту бөлігінде.

      123. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт мынадай жағдайларды қоспағанда, бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге жасалады:

      1) жұмыстарды жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылындағы (жылдарындағы) мерзіммен сатып алу;

      2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы олардың келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) жеткізілуін негіздейтін активтерді және басқа тауарларды сатып алу;

      3) орындаудың ұзақтығына байланысты орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі жұмыс бағдарламасында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) негізделген ТЖКҚ сатып алу;

      4) ТЖКҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасында көзделген ТЖКҚ сатып алу.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 123-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      124. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен жеткізуші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда орындалды деп есептеледі.

      125. Заңды тұлғалар қайта құрылған кезінде қаржылық міндеттемелерді және (немесе) құқықтар мен міндеттердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен берілуін қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды талап ету құқығы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың шарт бойынша міндеттемелерді орындау (басқаға беру) құқығы берілмейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жер қойнауын
пайдаланушылардың
және олардың мердігерлерінің
көмірсутектерді барлау немесе
өндіру және уран өндіру
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу қағидаларына
1-қосымша

      Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ тізбесі

      Кодекстің 131-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларының және Кодекстің 179-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларының нормаларын қолданбай мыналар сатып алынады:

      1) еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалар немесе кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша көрсететін қызмет;

      2) мүшелік жарналарды (салымдарды) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына;

      3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялардың пакеттері (қатысу үлестері);

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізумен байланысты, оның ішінде банктің үзінді көшірмелерін алумен байланысты қаржы қызметтері;

      5) коммуналдық қызметтердің қызметі;

      6) іссапар шығындарын өтеу;

      7) өкілдік шығындармен байланысты ТЖКҚ;

      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелердің қызметі;

      9) соттардағы, төреліктердегі және аралық соттардағы дауларды шешумен байланысты алымдарды, басқа шығыстарды төлеу;

      10) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет;

      11) мүлікті сенімгерлікпен басқару қызметі:

      12) жылжымайтын мүлікті жалға алу қызметі;

      13) табиғи монополия субъектілерінен реттелмелі ТЖКҚ;

      14) мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша ТЖКҚ;

      15) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен, сондай-ақ жоғары қауіппен, машиналар мен механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызмет;

      16) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктермен құрылған және сатып алынатын ТЖКҚ шығаратын ұйымдардан ТЖКҚ;

      17) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдары, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

      18) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдары, ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі қызмет, сондай-ақ интернет-ресурстарда, дыбыстандырылған кітаптарда шығарылған, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде, рельефтік-нүктелік шрифтімен басылған кітаптарда орналастырылған ақпаратты ұсыну жөніндегі қызмет;

      19) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлерінің, олардың балаларының, жер қойнауын пайдаланушының есебінде тұрған зейнеткерлердің демалысын, емделуін ұйымдастырумен байланысты қызмет (демалу, емделу орындарына дейін тасымалдауды және алып жүруді қоса);

      20) рейтингтік агенттіктердің қызметі, қаржы қызметі;

      21) мамандырылған кітапханалардың қызметі;

      22) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлік (активтер);

      23) ТЖКҚ-ны сатып алудың үндестірілген электрондық жүйесін пайдалану қызметі;

      24) азық-түлік және (немесе) тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі;

      25) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындау кезінде тартылған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындау, немесе Қазақстан Республикасының азаматтарын аса қажетті мамандықтар тізбесі бойынша оқыту үшін білім беру мекемелерінің қызметі;

      26) дәрілік заттар;

      27) нотариалдық қызметтер және жеке адвокаттардың қызметтері;

      28) телефон және ұялы байланыс, интернетке қосылу қызметі;

      29) геология және игеру саласында арнайы білімі бар тәуелсіз сарапшылардың және Кодекстің 140-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясы тартатын жобалық құжаттарды тәуелсіз сараптау операторының қызметі;

      30) Кодекстің 141-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының көмірсутектер қорлары жөніндегі орталық комиссиясы тартатын, геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімі бар тәуелсіз сарапшылардың қызметі;

      31) авторлық қадағалау қызметі;

      32) жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына белгіленген бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ТЖКҚ;

      33) хат алысу және қағаз құжаттаманы ресімдеу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен керек-жарақтарды қамтитын кеңсе тауарлары;

      34) тапсырыс берушінің шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы тауарлар (бөлмелерді тазалықта ұстау, кір жуу, тамақ дайындау және бөлмелерді шағын жөндеу);

      35) бөтен жер учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы (сервитут).

      36) теңгерімдеуші нарықтағы электр энергиясы;

      37) Кодекстің 6-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдланушы операторды тартқан жағдайда, оның ақылы қызметтерін сатып алу;

      38) осы Қағидаларға сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) атынан ТЖКҚ сатып алуды жүзеге асыру бойынша жеке немесе заңды тұлғаның қызметі;

      39) банктер немесе ұйымдар болып табылмайтын, Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен қарыз алу;

      40) жылдық бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік АЕК аспайтын мердігерлердің жұмысы немесе көрсетілетін қызметі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жер қойнауын
пайдаланушылардың
және олардың мердігерлерінің
көмірсутектерді барлау немесе
өндіру және уран өндіру
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу қағидаларына
2-қосымша

Қызметкерлердің саны туралы мәліметтер


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі

Дипломы, куәлігі және білім туралы басқа да құжат бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Еңбек шартының №

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

8









      Әлеуетті жеткізушінің қолы.

      Ұсыну күні мен уақыты.

      Мөр қою орны (бар болған жағдайда).