Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10587 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      Министрінің міндеттерін атқарушы

      __________________ А. Рау

      2015 жылғы 4 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      __________________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 2 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен
бекітілген

Биржалық тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.08.2021 № 498-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.09.2021 № 526-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.03.2023 № 104-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.


Топ

Тауар

Тауарлардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды*

Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады

Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары

1

2

3

4

5

6

7

1

Энергия тасығыштар

Көмір

Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері**

2701


Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы. Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.

Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір**

2702


Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы.

Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.

2

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0


Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген бидайдың нақты санының 5% - ы.
Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі.
Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда).

Қант

Қант

1701

60 тонна


Арпа

Арпа

1003 10 000 0, 1003 90 000 0


Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген арпаның нақты мөлшерінің 5%.
Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі.
Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда).



Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

1201

60 тонна




Балғын немесе тоңазытылған картоп


0701

60 тонна




Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы


5203 00 000 0

600 тонна


3

Минералды өнімдер

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер


2523

60 тонна


4

Мұнай өнімдері

битум

мұнай битумы

2713 20 000 0


Ағымдағы өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған битумның жалпы жылдық көлемінің 10%-ы.
Өзіне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумды өндіруші, битумның меншік иесі.


автомобиль бензині***

автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем

2710 12 413 0




автомобиль бензині***

автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем

2710 12 450 0




автомобиль бензині***

автомобиль бензині октандық саны 98 немесе одан да көп

2710 12 490 0




реактивті қозғалтқыштарға арналған отын***

реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

2710 19 210 0




дизель отыны***

жазғы дизель отыны

2710 19 421 0




дизель отыны***

қысқы дизель отыны

2710 19 422 0




дизель отыны***

арктикалық дизель отыны

2710 19 423 0




дизель отыны***

маусымаралық дизель отыны

2710 19 424 0




дизель отыны***

өзге дизель отыны

2710 19 425 0



      Ескертпе:

      * – ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      ** – көрсетілген міндет көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылады;

      *** – тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.