РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10900 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 65 (28793) жарияланған);
2) "Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14258 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген |
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 154-бабының 13-тармағына сәйкес сақтық аймағында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға да қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс);
2) жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші – жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) құру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартын жасаған жеке, заңды тұлға немесе бірлестік (консорциум), құрылып жатқан кеменің инвесторы, иесі;
3) мердігер – теңіз объектілерін құру және оларды қолдану процесі кезінде техникалық алып жүру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы, бірлескен инфрақұрылым объектілерін жедел басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания) және/немесе жүзбелі жабдыққа тапсырыс беруші тартқан жеке немесе заңды тұлға;
4) өтініш беруші - теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсатын алу үшін көмірсутектері саласындағы уәкілетті органға өтініш беретін тұлға;
5) теңіз объектілері - теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу кезінде қолданылатын жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар, қондырғылар, құбырлар және өзге объектілер;
6) теңіз объектілерін пайдалану - теңіз объектілерін мақсаты бойынша пайдалану үшін техникалық шаралар жиынтығы.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібі
1-параграф. Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу
Ескерту. 1-параграф жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат (бұдан әрі –рұқсат) алу үшін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысанын жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі он үш жұмыс күнін құрайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісін көрсетілген географиялық координаттар ауданында құру және орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келісетін, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға сұрау салуды дайындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде өтініштің Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді не мынадай негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беруден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағида 7-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.
Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-1. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізумен байланысты теңіз объектілерін жобалау
9. Жер қойнауын пайдаланушылардың (жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша операторлардың, сенімгерлік басқарушылардың, бірлескен инфрақұрылым объектілерін жедел басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялардың) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) бастамасы мен шығыстары бойынша теңіз объектілерін жобалау жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
10. Белгісіз тұлғалар тобы, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар қолдану үшін арналған жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғыларын) жобалау азаматтық-құқықтық келісім негізінде жүзеге асырылады.
11. Құруға және пайдалануға жататын теңіз объектісін орналастыру орнын таңдау теңіз объектісін қауіпсіз салуды және пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында теңіз түбі учаскесіне толық геотехникалық зерделеу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
12. Теңіз объектісін құруға арналған учаскені зерделеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) мыналарды:
1) құбырлардың, кабельдің және басқа да объектілердің бар немесе жоғын зерттеуді;
2) жоспарланып отырған қауіпсіздік дәрежесіне сәйкес теңіз объектісін жобалау үшін қажетті теңіз түбінің жағдайы туралы инженерлік-геологиялық деректерді жүзеге асырады;
3) теңіз объектісін орналастыру орнын таңдауды қамтамасыз ету белгіленген, әсіресе порттарға кіреберістердегі белгіленген навигациялық жолдардан, сондай-ақ кәсіпшілік, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғау орындарынан, өсiмiн молайту, жайып семірту және балықтардың өріс аударуы үшін аса бағалы учаскелерінен және балық шаруашылығы үшін аса бағалы маңызы бар басқа су жануарларынан тыс жерде жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерін қоспағанда, теңіз объектілерін құру жұмыс жобалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісіледі және бекітіледі.
14. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерді қоспағанда, теңіз объектілерін құруды немесе қайта құруды жобалау алдында, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инженерлік ізденулер (инженер-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) жүргізіледі.
15. Инженерлік ізденулер нәтижелері жұмыс жобаларында қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін және жұмыстарды жобалауды, қауіпсіз және сапалы жүргізуді ұйымдастыру үшін қолданылады және мәліметтерді өндеу және жинақтау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне жолданады.
16. Жобалау құжаттамасының құрамына мыналар кіреді:
1) қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жобалау алдындағы (базалық) бағалау;
2) теңіз объектісін құруға жоспарланған қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау сатыларын ескере отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес ықтимал дағдарысты (авариялық) жағдайларды талдау, олардың алдын алу және жұмыс істейтін персонал мен теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуге байланысты теңіз объектілеріндегі авариялық жағдайда (ықтимал) әсер ету аймағында тұратын тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралар;
4) келеңсіз салдардың алдын алу жөніндегі шараларды (табиғи экологиялық жүйелер мен биоресурстарды қоса алғандағы табиғат ресурстарының жойылуы, тозуы, зақымдануы және таусылуы) қоса алғанда, табиғатты қорғау шараларының кешені бойынша ұсыныстар, ұңғыманы бақылауға алу, су қоймаларының биоресурстарына жасалған зардаптарының орнын толтыру;
5) өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік санитария және жұмыс істеуші персоналдың еңбегін қорғау, сондай-ақ теңіздегі авариялар мен олардың салдарын жоюға мамандандырылған өзге де ұйымдарды тарту мәселелері;
6) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес теңіз объектісін құруға арналған учаскені зерттеу нәтижелері.
17. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші теңіз объектісін құруды және пайдалануды жүзеге асырғанға дейін халықты хабардар етуді және қоғамдық пікірді есепке алуды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
3-параграф. Теңіз объектілерін құру және орналастыру
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
18-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Теңiзде және iшкi су айдындарында көмiрсутектерге арналған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезінде теңіз объектiлерін құру, орналастыру және пайдалану базалық жобалау құжатына, әзірлеуді талдауға немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатына сәйкес қоршаған ортаны қорғау және сақтау жағдайында жол берiледi.
19. Теңіз объектілерін құруды аяқтаған соң, осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа, жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) оларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңіз объектілерін пайдалануға қабылдауды қамтамасыз етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!20-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерді пайдалануға қабылдау, сондай-ақ оларды монтаждау және іске қосу бойынша одан кейінгі жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік және теңізде сауда мақсатында жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 35-тармағын ескере отырып, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыстың аяқталғанынан кейін теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу үшін жүзбелі жабдықтың (жүзбелі бұрғылау қондырғыны) бастапқы қабылдауын жүзеге асырады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы белгіленген учаскі шегінде (келісімшарттық аумағы) монтаждау жұмыстарының аяқталысымен жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға енгізу жүзбелі қондырғының (жүзбелі бұрғылау қондырғысы меншік иесінің) немесе оның өкілетті тұлғасы және өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімше өкілінің қатысуымен жер қойнауын пайдаланушымен құрылған комиссиямен жүзеге асырылады.
21. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеу, кеме қатынасына, кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғауға және әдетте теңіздегі белгілі бір аумақта жүзеге асырылатын басқа да заңды іс-әрекеттерге кедергі келтірмеу үшін теңіз объектілеріне олардың теңіздегі және ішкі су айдындарында орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдарды (навигациялық жабдық құралдарды) қамтамасыз етеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Теңіз объектілерінің айналасында қауіпсіздік аймақтары белгіленіп, осындай теңіз объектілерінің сыртқы шетінің әрбір нүктесінен өлшенетін бес жүз метрден аспайтын арақашықтықта созылып жатады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
23-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай сақтау қоймаларын немесе резервуарларын салуға және пайдалануға, мұнайды уақытша (күнтізбелік жиырма күннен аспайтын) сақтауды қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңіз объектілерінен тікелей тасымалдау кезінде теңіз объектілерінде мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
4-параграф. Теңіз объектілерін пайдалану
24. Теңіз объектілерін және жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалану тиісті объектіні (объектілерді) осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәртіппен қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.
25. Теңіз объектісі пайдалануға берілгеннен кейін оны қолдану тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға, сондай-ақ су биологиялық ресурстарына қауіп төндірмейтін техника мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету, жару және өзге де жұмыстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілеген аймақтар мен белдеулерді пайдалану режимін сақтай отырып жүзеге асырылады.
27. Теңіз объектілерін пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізудің ішкі тәртібін, сондай-ақ нақты жағдайларды есепке ала отырып, төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі қызметкерлердің жедел іс-қимылдарын, өрт сөндіру ескерілген авариялардың алдын-алу жоспары, сондай-ақ теңіз объектілерінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда жұмыс істейтін персонал мен теңіз құрылысының қолданылу аймағында тұратын тұрғындарды көшіру жоспарын әзірлейді және бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!28-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
28. Теңіз объектілерін пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған кезде өртке қарсы қорғанысты, авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамасының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!29-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. Теңіз объектілерін пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда көшіру жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамасының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!30-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Теңіз объектілерін пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) қоршаған табиғи ортаның жағдайына (экологиялық мониторинг) ішкі (өндірістік) бақылау тәртібін табиғат қорғаныс заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді.
31. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші:
1) көтеру және бекіту;
2) түсіру және бастапқы қорыту;
3) жүзу үстінде құрастыру;
4) сүйрету;
5) іске қосу және тік көтеру;
6) суға батыру;
7) тіректерді орнату;
8) соңғы монтаждаудан кейін тұтас құрылыстың құрылымдық беріктігі мен тұтастығы сияқты жұмыстарды жүргізу кезінде теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру үшін пайдаланылатын құрылыстардың құрылымдық беріктігінің әлсіреуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!32-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутегі шикізатын барлау және (немесе) өндіру жүргізу кезінде пайдаланылатын барлық теңіз объектілерінің құрылымдық параметрлері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүйелі түрде тексерілуге және техникалық қызмет көрсетілуге жатады.
33. Қазақстан Республикасының әскери кемелерінен басқа, бөгде кемелерге теңіз құрылысының қауіпсіздік аймақтары шегіне кіруге шек қойылады. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуді қолдайтын теңіз және әуе кемелері қауіпсіздік үшін үнемі бортта болып жауап беретін теңіз объектісінің персоналын қауіпсіздік аймағына өзінің кіру және осыған теңіз объектісін пайдаланатын ұйым басшысынан тиісті рұқсат алу ниеті туралы хабардар етеді.
34. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) дәл координаталарды көрсете отырып, теңіз объектісінің орналасу орнын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теніз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне және таяудағы порттың басшылығына хабарлайды.
35. Мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, сонымен қатар жүзбелі бұрғылау қондырғылары Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау ұйымының біреуі куәландырылудан және техникалық бақылаудан өткізген кезде теңізде жүзу қауіпсіздік талаптарына сәйкес салынады және пайдаланылады.
36. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші жұмыстарды орындауға арналған жабдық пен техникалық құралдардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз етуші құралдардың, олардың бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды тексеру үшін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалар мен бақылау және қадағалау органдарының өкілдеріне теңіз объектілеріне кедергісіз кіруін және тексеруді қажетті түсіндірулермен қамтамасыз етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!37-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
37. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдыққа (жүзбелі бұрғылау қондырғыға) тапсырыс беруші "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне террористік көріністерге ден қою функциясын іске асыруға көмек көрсетеді.
38. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізілген кезде теңіз объектілерін пайдалану аяқталған соң, осындай объектілерді, егерде олар шаруашылық немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға болмайтын болса, оларды адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтіндей және кеме қатынасына немесе кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану мен қорғауға кедергі келтірмейтіндей етіп демонтаждау қажет.
Демонтаждалған теңіз объектілері сондай-ақ су биологиялық ресурстарына зиян келтірмеуі керек.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.07.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа, теңіз объектілерін консервациялау және (немесе) жою көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
40. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) тапсырыс беруші теңізде жүзушілерге хабарландыру шығару үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне теңіз объектілері жай-күйінің өзгеруі жөнінде мәліметті жолдауды қамтамасыз етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Теңіз объектілерін құру және орналастыруға РҰҚСАТ
Нөмірі: Берілген жері:
Берілген күні:
_____________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық
атауы, мекенжайы, БСН)
____________________________________________________________________
(теңіз объектілері аумағының географиялық координаттары)
____________________________________________________________________
(теңіз объектісінің атауы (маркасы)
____________________________________________________________________
(теңіз объектілерін құру мерзімі)
____________________________________________________________________
(теңіз объектілерін орналастыру шарттары)
Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:
Басшы (уәкiлеттi адам): тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Электрондық-цифрлық қолтаңба
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Теңіз объектілерін құру және орналастыруға рұқсат алуға ӨТІНІШ
(қайда) _____________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
(кімнен) ____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН,
байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
____________________________________________________________________
(теңіз объектінің атауы (маркасы)
____________________________________________________________________
(теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде және ішкі су
айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу
қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)
____________________________________________________________________
(жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және
орналастыру жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)
Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін
Ұйымның басшысы немесе сенімгер адам
(лауазымы) ______________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Электрондық-цифрлық қолтаңба
20__ж. "___" ____________ | |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына 3-қосымша |
Теңіз объектілерін құру және орналастыруға рұқсат алуға мәлімет нысаны
1.Теңіз объектісінің атауы (маркасы) ____________________
2.Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың нөмірі және күні
___________________
3.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте
бекітілген, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін
жобалық құжаттың атауы мен бекіту күні
___________________________________
4.Теңіз объектісін құру мақсаты, мәні мен негізі_______________________
5. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз объектісінің
географиялық координаттарының негіздемесі:
1) ендігі __________________________________________________________;
2) ұзақтығы ______________________________________________________.
6. Теңіз объектісін құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде
пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат:
1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны_________________________;
2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _______________________.
7. Теңіз объектісін құруды бастау және аяқтау күні ___________________
_________________________________________________________________.
8. Теңіз объектісін пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары
(радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат ______.
9. Теңiз құрылысын құру және орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар:
1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе
тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа
да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда,
қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту жөнінде
_____________________________;
2) теңіз объектісінде авариялық жағдайларды болдырмау және жою
жөнінде______________________;
3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар және басқа да су
жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс
аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде
__________________.
10. Теңіз объектісін болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық
және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін
сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе)
пайдаланудың болжанатын көлемі ________________________________.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына 4-қосымша |
"Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Мемлекеттік www. egov. kz, www. eli cens e. kz Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі |
13 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Порталға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
5-қосымша алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
6-қосымша алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.06.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Хабарлама
Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________ берілді
(өтініш берушінің толық атауы)
Осы хабарламамен __________________________________________МО
(уәкілетті органның толық атауы)
Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап,
көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган "Теңіз объектілерін құру және
орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша
алдын ала шешімге __________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
ұстанымын __________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)
білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган басшысы ______________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ), лауазымы)
Хабарлама жолданған күні және уақыты: 20__ жылғы "___" ________ "__" сағат "__" мин |