Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17066 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10900 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 65 (28793) жарияланған);

      2) "Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14258 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
______________Ө. Шөкеев
2018 жылғы 29 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 30 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 14 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_______________ С. Жасұзақов
2018 жылғы 23 мамыр

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
________________ К. Мәсімов
2018 жылғы 25 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 11 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
2018 жылғы 18 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 151 бұйрығымен
бекітілген

Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану
ҚАҒИДАЛАРЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 154-бабының 13-тармағына сәйкес сақтық аймағында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға да қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс);

      2) жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші – жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) құру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартын жасаған жеке, заңды тұлға немесе бірлестік (консорциум), құрылып жатқан кеменің инвесторы, иесі;

      3) мердігер – теңіз объектілерін құру және оларды қолдану процесі кезінде техникалық алып жүру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы, бірлескен инфрақұрылым объектілерін жедел басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания) және/немесе жүзбелі жабдыққа тапсырыс беруші тартқан жеке немесе заңды тұлға;

      4) өтініш беруші - теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсатын алу үшін көмірсутектері саласындағы уәкілетті органға өтініш беретін тұлға;

      5) теңіз объектілері - теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу кезінде қолданылатын жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар, қондырғылар, құбырлар және өзге объектілер;

      6) теңіз объектілерін пайдалану - теңіз объектілерін мақсаты бойынша пайдалану үшін техникалық шаралар жиынтығы.

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібі

1-параграф. Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу

      Ескерту. 1-параграф жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат (бұдан әрі –рұқсат) алу үшін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысанын жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі он үш жұмыс күнін құрайды.

      4. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.

      5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісін көрсетілген географиялық координаттар ауданында құру және орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келісетін, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға сұрау салуды дайындайды.

      6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде өтініштің Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде мынадай негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;

      4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

      5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

      7. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      8. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

2-параграф. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізумен байланысты теңіз объектілерін жобалау

      9. Жер қойнауын пайдаланушылардың (жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша операторлардың, сенімгерлік басқарушылардың, бірлескен инфрақұрылым объектілерін жедел басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялардың) (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) бастамасы мен шығыстары бойынша теңіз объектілерін жобалау жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Белгісіз тұлғалар тобы, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар қолдану үшін арналған жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғыларын) жобалау азаматтық-құқықтық келісім негізінде жүзеге асырылады.

      11. Құруға және пайдалануға жататын теңіз объектісін орналастыру орнын таңдау теңіз объектісін қауіпсіз салуды және пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында теңіз түбі учаскесіне толық геотехникалық зерделеу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      12. Теңіз объектісін құруға арналған учаскені зерделеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) мыналарды жүзеге асырады:

      1) құбыржолдардың, кәбілдің және басқа да объектілердің бар-жоғын зерттеу;

      2) жоспарланып отырған қауіпсіздік дәрежесіне сәйкес теңіз объектісін жобалау үшін қажетті теңіз түбінің жағдайы туралы инженерлік-геологиялық деректер;

      3) теңіз объектісін орналастыру орнын таңдауды қамтамасыз ету белгіленген, әсіресе порттарға кіреберістердегі белгіленген навигациялық жолдардан, сондай-ақ дәстүрлі балық аулау орындарынан, өсiмiн молайту, жайып семірту және балықтардың өріс аударуы үшін аса бағалы учаскелерінен және балық шаруашылығы үшін аса бағалы маңызы бар басқа су жануарларынан тыс жерде жүргізу.

      13. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерін қоспағанда, теңіз объектілерін құру жұмыс жобалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісіледі және бекітіледі.

      14. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерді қоспағанда, теңіз объектілерін құруды немесе қайта құруды жобалау алдында, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инженерлік ізденулер (инженер-гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) жүргізіледі.

      15. Инженерлік ізденулер нәтижелері жұмыс жобаларында қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін және жұмыстарды жобалауды, қауіпсіз және сапалы жүргізуді ұйымдастыру үшін қолданылады және мәліметтерді өндеу және жинақтау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне жолданады.

      16. Жобалау құжаттамасының құрамына мыналар кіреді:

      1) қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жобалау алдындағы (базалық) бағалау;

      2) теңіз объектісін құруға жоспарланған қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау сатыларын ескере отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес ықтимал дағдарысты (авариялық) жағдайларды талдау, олардың алдын алу және жұмыс істейтін персонал мен теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуге байланысты теңіз объектілеріндегі авариялық жағдайда (ықтимал) әсер ету аймағында тұратын тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралар;

      4) келеңсіз салдардың алдын алу жөніндегі шараларды (табиғи экологиялық жүйелер мен биоресурстарды қоса алғандағы табиғат ресурстарының жойылуы, тозуы, зақымдануы және таусылуы) қоса алғанда, табиғатты қорғау шараларының кешені бойынша ұсыныстар, ұңғыманы бақылауға алу, су қоймаларының биоресурстарына жасалған зардаптарының орнын толтыру;

      5) өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік санитария және жұмыс істеуші персоналдың еңбегін қорғау, сондай-ақ теңіздегі авариялар мен олардың салдарын жоюға мамандандырылған өзге де ұйымдарды тарту мәселелері;

      6) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес теңіз объектісін құруға арналған учаскені зерттеу нәтижелері.

      17. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші теңіз объектісін құруды және пайдалануды жүзеге асырғанға дейін халықты хабардар етуді және қоғамдық пікірді есепке алуды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.

3-параграф. Теңіз объектілерін құру және орналастыру

      18. Теңiзде және iшкi су айдындарында көмiрсутектерге арналған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезінде теңіз объектiлерін құру, орналастыру және пайдалану базалық жобалау құжатына, әзірлеуді талдауға немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатына сәйкес қоршаған ортаны қорғау және сақтау жағдайында жол берiледi.

      19. Теңіз объектілерін құруды аяқтаған соң, осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа, жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) оларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңіз объектілерін пайдалануға қабылдауды қамтамасыз етеді.

      20. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерді пайдалануға қабылдау, сондай-ақ оларды монтаждау және іске қосу бойынша одан кейінгі жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік және теңізде сауда мақсатында жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 35-тармағын ескере отырып, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыстың аяқталғанынан кейін теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу үшін жүзбелі жабдықтың (жүзбелі бұрғылау қондырғыны) бастапқы қабылдауын жүзеге асырады.

      Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы белгіленген учаскі шегінде (келісімшарттық аумағы) монтаждау жұмыстарының аяқталысымен жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға енгізу жүзбелі қондырғының (жүзбелі бұрғылау қондырғысы меншік иесінің) немесе оның өкілетті тұлғасы және өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімше өкілінің қатысуымен жер қойнауын пайдаланушымен құрылған комиссиямен жүзеге асырылады.

      21. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеу, кеменің жүзуіне немесе балық аулауға және әдетте теңіздегі белгілі бір аумақта жүзеге асырылатын басқа да заңды іс-әрекеттерге кедергі келтірмеу үшін теңіз объектілеріне олардың теңіздегі және ішкі су айдындарында орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдарды (навигациялық жабдық құралдарды) қамтамасыз етеді.

      22. Теңіз объектілерінің айналасында қауіпсіздік аймақтары белгіленіп, әрбір сырт шегі нүктесінен бес жүз метрден аспайтын арақашықтықта созылып жатады.

      Теңізде жүзушілерге хабарландыру шығару үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теніз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне нүкте координаттары жолданады

      23. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай сақтау қоймаларын немесе резервуарларын салуға және пайдалануға, мұнайды уақытша (күнтізбелік жиырма күннен аспайтын) сақтауды қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңіз объектілерінен тікелей тасымалдау кезінде теңіз объектілерінде мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.

4-параграф. Теңіз объектілерін пайдалану

      24. Теңіз объектілерін және жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалану тиісті объектіні (объектілерді) осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәртіппен қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.

      25. Теңіз объектісі пайдалануға берілгеннен кейін оны қолдану тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларына қауіп төндірмейтін техникалар мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      26. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету, жару және өзге де жұмыстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілеген аймақтар мен белдеулерді пайдалану режимін сақтай отырып жүзеге асырылады.

      27. Теңіз объектілерін пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізудің ішкі тәртібін, сондай-ақ нақты жағдайларды есепке ала отырып, төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі қызметкерлердің жедел іс-қимылдарын, өрт сөндіру ескерілген авариялардың алдын-алу жоспары, сондай-ақ теңіз объектілерінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда жұмыс істейтін персонал мен теңіз құрылысының қолданылу аймағында тұратын тұрғындарды көшіру жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      28. Теңіз объектілерін пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған кезде өртке қарсы қорғанысты, авариялық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамасының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.

      29. Теңіз объектілерін пайдалану үдерісінде дағдарысты (авариялық) жағдайлар туындаған жағдайда көшіру жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамасының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.

      30. Теңіз объектілерін пайдалануды бастау алдында жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) қоршаған табиғи ортаның жағдайына (экологиялық мониторинг) ішкі (өндірістік) бақылау тәртібін табиғат қорғаныс заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді.

      31. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші:

      1) көтеру және бекіту;

      2) түсіру және бастапқы қорыту;

      3) жүзу үстінде құрастыру;

      4) сүйрету;

      5) іске қосу және тік көтеру;

      6) суға батыру;

      7) тіректерді орнату;

      8) соңғы монтаждаудан кейін тұтас құрылыстың құрылымдық беріктігі мен тұтастығы сияқты жұмыстарды жүргізу кезінде теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру үшін пайдаланылатын құрылыстардың құрылымдық беріктігінің әлсіреуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.

      32. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутегі шикізатын барлау және (немесе) өндіру жүргізу кезінде пайдаланылатын барлық теңіз объектілерінің құрылымдық параметрлері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүйелі түрде тексерілуге және техникалық қызмет көрсетілуге жатады.

      33. Қазақстан Республикасының әскери кемелерінен басқа, бөгде кемелерге теңіз құрылысының қауіпсіздік аймақтары шегіне кіруге шек қойылады. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуді қолдайтын теңіз және әуе кемелері қауіпсіздік үшін үнемі бортта болып жауап беретін теңіз объектісінің персоналын қауіпсіздік аймағына өзінің кіру және осыған теңіз объектісін пайдаланатын ұйым басшысынан тиісті рұқсат алу ниеті туралы хабардар етеді.

      34. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) дәл координаталарды көрсете отырып, теңіз объектісінің орналасу орнын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теніз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне және таяудағы порттың басшылығына хабарлайды.

      35. Мұнай мен газды барлау және өндіруге арналған теңіз кемелері, сонымен қатар жүзбелі бұрғылау қондырғылары Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау ұйымының біреуі куәландырылудан және техникалық бақылаудан өткізген кезде теңізде жүзу қауіпсіздік талаптарына сәйкес салынады және пайдаланылады.

      36. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші жұмыстарды орындауға арналған жабдық пен техникалық құралдардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз етуші құралдардың, олардың бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды тексеру үшін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалар мен бақылау және қадағалау органдарының өкілдеріне теңіз объектілеріне кедергісіз кіруін және тексеруді қажетті түсіндірулермен қамтамасыз етеді.

      37. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдыққа (жүзбелі бұрғылау қондырғыға) тапсырыс беруші "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне террористік көріністерге ден қою функциясын іске асыруға көмек көрсетеді.

      38. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде теңіз объектілерін пайдалануды аяқтаған соң осындай объектілер, егерде олар шаруашылық немесе басқа мақсаттарға әрі қарай қолданыла алмайтын болса, адамдарға және қоршаған ортаның қауіпсіздіктеріне қауіп төндірмейтін етіп бөлшектеу және кеме қатынасы мен балық шаруашылығына кедергі болмау қажет.

      Бөлшектелген теңіз объектілері балық ресурстары мен басқа да су жануарларына зиян тигізбеуі керек.

      39. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жүзбелі қондырғы мен объектілерден басқа, теңіз объектілерін консервациялау және (немесе) жою көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      40. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) тапсырыс беруші теңізде жүзушілерге хабарландыру шығару үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне теңіз объектілері жай-күйінің өзгеруі жөнінде мәліметті жолдауды қамтамасыз етеді.

  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Теңіз объектілерін құру және орналастыруға РҰҚСАТ

      Нөмірі: Берілген жері:

      Берілген күні:

      _____________________________________________________________ берілді

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық

      атауы, мекенжайы, БСН)

      ____________________________________________________________________

      (теңіз объектілері аумағының географиялық координаттары)

      ____________________________________________________________________

      (теңіз объектісінің атауы (маркасы)

      ____________________________________________________________________

      (теңіз объектілерін құру мерзімі)

      ____________________________________________________________________

      (теңіз объектілерін орналастыру шарттары)

      Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:

      Басшы (уәкiлеттi адам): тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Электрондық-цифрлық қолтаңба

  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Теңіз объектілерін құру және орналастыруға рұқсат алуға ӨТІНІШ

      (қайда) _____________________________________________________________

      (уәкiлеттi органның толық атауы)

      (кімнен) ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

      ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН,

      байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

      ____________________________________________________________________

      (теңіз объектінің атауы (маркасы)

      ____________________________________________________________________

      (теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде және ішкі су

      айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу

      қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)

      ____________________________________________________________________

      (жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және

      орналастыру жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін

      Ұйымның басшысы немесе сенімгер адам

      (лауазымы) ______________ _________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Электрондық-цифрлық қолтаңба

  20__ж. "___" ____________
 
  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

Теңіз объектілерін құру және орналастыруға рұқсат алуға мәлімет нысаны

      1.Теңіз объектісінің атауы (маркасы) ____________________

      2.Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың нөмірі және күні

      ___________________

      3.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте

      бекітілген, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін

      жобалық құжаттың атауы мен бекіту күні

      ___________________________________

      4.Теңіз объектісін құру мақсаты, мәні мен негізі_______________________

      5. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз объектісінің

      географиялық координаттарының негіздемесі:

      1) ендігі __________________________________________________________;

      2) ұзақтығы ______________________________________________________.

      6. Теңіз объектісін құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде

      пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат:

      1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны_________________________;

      2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _______________________.

      7. Теңіз объектісін құруды бастау және аяқтау күні ___________________

      _________________________________________________________________.

      8. Теңіз объектісін пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары

      (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат ______.

      9. Теңiз құрылысын құру және орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар:

      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе

      тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа

      да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда,

      қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту жөнінде

      _____________________________;

      2) теңіз объектісінде авариялық жағдайларды болдырмау және жою

      жөнінде______________________;

      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін

      қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар және басқа да су

      жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс

      аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде

      __________________.

      10. Теңіз объектісін болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық

      және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін

      сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе)

      пайдаланудың болжанатын көлемі ________________________________.

  Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
4-қосымша

"Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мемлекеттік www. egov. kz, www. eli cens e. kz Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

13 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты – "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталға:
1) теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш;
2) теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысаны.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне және Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
www. energo. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
порталда орналастырылған.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. energo. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

 
  Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/рұқсат беруден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарап, _________________________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].

[Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]