"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2015 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12664 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);
2) "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15350 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 шілдеде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі |
Д. Кәлетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген |
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 10.08.2018 № 12 бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;
2) сыйлықақыға үміткер – уәкілетті органға сыйлықақыны алу үшін өтінім берген үкіметтік емес ұйым;
3) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;
4) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – Сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;
5) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі қызметке басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру тәртібі
3. Уәкілетті орган бюджет қаражаты есебiнен жыл сайын Сыйлықақылар беруді жүзегі асырады.
4. Сыйлықақы алуға өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар береді.
5. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.
6. Үкіметтік емес ұйым Cыйлықақыны алғаннан кейін үш жыл ішінде оның сыйлықақы алу үшін қайта ұсынылуына жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым Сыйлықақыны алуға бір бағыттан артық бағыт бойынша ұсыныла алмайды.
7. Бір бағыт бойынша Сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда Сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.
8. Сыйлықақы алуға конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыруды Уәкілеттті орган жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей интернет-ресурсқа орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін және сыйлықақылар беру бағыттарын қамтиды.
9. Сыйлықақы алуға өтінімдер үкіметтік емес ұйымдармен Уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін:
1) пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматында СD-дискілерде немесе USB-флеш-жинақтағыштарында);
2) ueu_syilygy@qogam.gov.kz электрондық почтасы арқылы (PDF форматында) және веб-портал арқылы электрондық түрде жолданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);
4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);
5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерге конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.
12. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында сыйлықақыға үміткерлердің тізбесін орналастырады.
13. Сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдері 2 (екі) кезеңде қаралады.
14. 1 (бірінші) кезеңде Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін жұмыс тобының құрамын қалыптастырады және бекітеді.
Жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, Сыйлықақылар берудің тиісті бағыттары жөніндегі сарапшылардан тұрады.
15. Сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін жан-жақты зерделеу және бағалау мақсатында жұмыс тобы шеңберінде Заңның 5-бабының 1) тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес 15 секция құрылады.
16. Әр секциядағы жұмыс тобы мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды құрайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Жұмыс тобының құрамы Уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
18. Уәкілетті орган жұмыс тобының құрамы бекітілген күннен бастап жұмыс тобы мүшелеріне электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін және бағалау парақтарды жолдайды.
19. Жұмыс тобының мүшелері Уәкілетті органнан өтінімдерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімдерді зерделейді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырып, өтінімдерді төмендегі өлшемшарттар бойынша 0 бастап 5 балға дейін бағалайды:
1) республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі;
2) ұсынып отырған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі;
3) қызметтегі инновация.
Балдар әрбір өлшемшарт бойынша жинақталады және жалпы балл қойылады.
20. Жұмыс тобының мүшелері ұсынымда көрсетілген қажетті мәліметтерді нақтылау және (немесе) анықтау мақсатында сыйлықақыға үміткерге ұсынымдар берген үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрату жібереді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Уәкілетті орган электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы жолданған жұмыс тобы мүшелерінің бағалау парақтарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалау парақтарын тексереді және әр секция бойынша жеке бағалаудың жалпы қорытындысын шығарады.
Бағалаудың жалпы қорытындысын шығарған кезде уәкілетті орган мынадай көрсеткіштер бойынша сыйлықақыға ұсынылатын ізденушілердің өтінімдерінің жалпы орта балын айқындайды:
0-ден 7,5-ке дейін – төмен;
7,5-тен 12-ге дейін – орташа;
12-ден 15-ке дейін – жоғары.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. 2 (екінші) кезеңде Уәкілетті орган бағалау парақтарын тексеру және бағалаудың жалпы қорытындысын шығару рәсімдері аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сыйлықақы беруге сыйлықақыға үміткерлерді бекіту туралы шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамын қалыптастырады және бекітеді.
Комиссияның құрамы және ережесі Уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
23. Уәкілетті орган Комиссия құрамын бекіткен күннен бастап, әр бағыт бойынша жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындысын Комиссияның қарауына жолдайды.
24. Комиссияның құрамына уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Сыйлықақылар берудің тиісті бағыттары жөніндегі сарапшылары кіреді.
25. Комиссияның құрамына сыйлықақыға үміткерлер және жұмыс тобының мүшелері кіре алмайды.
26. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарына төрағалық етеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
27. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы және 15 (он бес) адамнан аспауы керек. Комиссия мүшелері Комиссияның қызметіне ауысу құқығынсыз қатысады.
28. Сыйлықақы беруге сыйлықақыға үміткерлерді бекіту туралы Комиссияның шешімі Комиссияның отырысында жұмыс тобы мүшелері бағалаудың жалпы қорытындысы негізінде әр бағыт бойынша жеке көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Егер конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, конкурстық комиссияның отырысы заңды деп саналады.
Өтінімдерді қарау кезінде Комиссия сыйлықақыны жалпы орта балының көрсеткіші жоғары болған сыйлықақыға ұсынылған ізденушіге береді. Жалпы орта балы жоғары өтінімдер болмаған жағдайда, Комиссия сыйлықақыны беру үшін жалпы орта балы орташа өтінімдерді қарайды. Жалпы орта балының көрсеткіші төмен өтінімдер сыйлықақы беруге жатпайды.
Жалпы орта балының көрсеткіштері жоғары және жалпы орта балының көрсеткіштері орташа кандидаттар болмаған жағдайда, тиісті бағыттар бойынша сыйлықақы берілмейді және қаражат өтініш берушілердің неғұрлым көп саны бар басқа бағыттар бойынша қайта бөлінеді.
Сыйлықақыға ұсынылатын ізденушілерден бір бағыт бойынша 2 (екі) және одан кем өтінім келіп түскен және жалпы орта балдың жоғары көрсеткішін және жалпы орта балдың орта көрсеткішін алған жағдайда, беру немесе бермеу жөніндегі шешімді Конкурстық комиссия қабылдайды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған Төраға мен қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
30. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлықақылар беруді жүзеге асырады.
31. Сыйлықақы берілген Сыйлықақыға ұсынылған ізденушілердің тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жарияланады.
Сыйлықақы берілген Сыйлықақыға ұсынылған ізденушілер тізбе жарияланғаннан кейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын уәкілетті органға Сыйлықақыны аудару үшін банктік шоттың бар екендігі туралы анықтаманы (түпнұсқа) береді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде банктік шоттың бар екендігі туралы анықтамада көрсетілген үкіметтік емес ұйымның банк шотына тиісті жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде Сыйлықақыны аударады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы өтінішпен ____________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
"_________________________________________________________ " бағыты бойынша
("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес
ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес бағытты көрсету) үкіметтік емес
ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді.
Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
__________________________________________________________________________
Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 2-қосымша |
Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Атауы | Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады) |
1. | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы | |
2. | Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні | |
3. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
4. | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы | |
5. | Нақты мекенжайы | |
6. | Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес) | |
7. | Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес) | |
8. | Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы |
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
_________________________________________________________________________
Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама
_________________________________________________
(үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету)
1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік
міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. "_______________________________________________________" бағыты бойынша
(ұсынып отырған бағыттың толық атауын көрсету)
жұмыс тәжірибесі.
р/с |
Әлеуметтік жобаның атауы | Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері | Әлеуметтік жобаның нәтижелері |
* Ағымдағы жобаларды қоса отырып, үкіметтік емес ұйымдар беретін
ұсынып отырған бағыттың тақырыбына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда іске
асырылған әлеуметтік жобалар көрсетіледі (ұйымның мамандары жеке негізде
өздігінен өткізген немесе басқа ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен
көрсетілетін қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды).
3. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің
ұйымыңыздың тарапынан қандай қызмет инновациялары қолданылды, сипаттап
беріңіз.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
________________________________________________________________________
Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау парағы
Жұмыс тобы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________ Толтыру күні__________ |
Іріктеу өлшемшарттары |
_________ | |
(Қолы) |
№ | Үкіметтік емес ұйымның атауы | Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі | Ұсынып отырған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі | Қызметтегі инновация | Балл сомасы | Түсіндірме |
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 6 | 8 |
1. | ||||||
2. | ||||||
… |
____________ | |
(Қолы) | |
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫ ЛАУРЕАТЫ ДИПЛОМ
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.02.2021 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.