Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12664 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 407 бұйрығымен бекітілген

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 15.06.2017 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 2-2-тармақшасына сәйкес әзірленген және үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) сыйлықақыға үміткер – уәкілетті органға сыйлықаны алу үшін өтінім берген үкіметтік емес ұйым;

      2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;

      3) уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – Заңның 1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультациялық кеңесшi орган.

2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру тәртібі

      3. Уәкілетті орган Заңның 7-бабына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен үкіметтік емес ұйымдар үшін жыл сайын сыййлықақылар беруді жүзегі асырады.

      4. Сыйлықаны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ұсынуды үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      5. Заңның 6-3-бабының 3-тармағына сәйкес сыйлықақыны алуға сол бір ғана үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық номинация бойынша ұсыныла алмайды.

      6. Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

      7. Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жыл сайын 1 шілдеден кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау аяқталған күнді қамтиды.

      8. Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну туралы өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін ұсынады.

      Өтінімдер қағаз және электрондық тасығыштарда (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында PDF-форматта) жолданады.

      9. Үкіметтік емес ұйымдардың тағайындау конкурсына және мемлекеттік органдардың қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну:

      1) өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған, үкіметтік емес ұйым қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайтын үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкідегі, сондай-ақ А4 форматындағы екі парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшірмелері);

      2) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін;

      3) үкіметтік емес ұйымның қызметі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттаманы (А4 форматындағы екі парақтан көп емес);

      4) өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес) қамтиды;

      5) марапат сертификаттар, дипломдар, алғыс (егер бар болса) көшірмелері;

      6) үкіметтік емес ұйымның банк деректемелері.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап жібереді.

      11. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында сыйлықақы үміткерлерінің тізбесін орналастырады және "Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12623 нөмірімен тіркелген) сәйкес құрылған жұмыс органына қарастырады.

      12. Жұмыс органы мынадай өлшемшарттар бойынша сыйлықақы алуға өтінімдерді қарастыруы тиіс:

      1) саланы, өңірді, республиканы дамытуға қосқан әлеуметтік үлесі;

      2) ұйымның тәжірибесі;

      3) қоғамдық тұрғыда танылуы;

      4) инновациялары;

      5) қызметтің тиімділігі.

      13. Жұмыс органы өтінімдерді қарау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, сыйлықақылар берудің тиісті бағыттары жөніндегі сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартады.

      14. Жұмыс органы ұсынымдар әзірлеу үшін сыйлықақы үміткерлері бойынша жұмыс орғанының еркін нысандағы ұсынысын Үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынады.

      15. Үйлестіру кеңесі жұмыс органынан сыйлықақыға үміткерлер бойынша ұсыныстар түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзiмде уәкiлеттi органға ұсынымдар жолдайды.

      16. Уәкілетті орган ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімде комиссияның ұсыныстары мен Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарына сәйкес сыйлықақыны беру туралы шешім қабылдайды. Сыйлықақыны беру туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей жарияланады.

      17. Уәкілетті орган жеңімпаздарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломды табыстайды және сыйлықақыны үкіметтік емес ұйымның сиапттамасында көрсетілген банк шотына тиісті жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей аударады.

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (сыйлықақыны алуға үкіметтік емес ұйымды ұсынған

      _______________________________________________________________________________,

      үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік орган атауы

      ________________________________________________________________________________

      (сыйлықақыны алуғаа ұсынлған құрылтай құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымның

      толық атауы)

      ____________________________________________________________________ номинациясы

                                    (номинация атауын көрсету)

      бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін ______ жылы ұсынады

      Үкіметтік емес ұйымның мәні мен мақсаттары

      ________________________________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес)

      ________________________________________________________________________________

      Жұмыс тәжірибесі _______________________________________________________________,

                              (ұйымның қызметін сипаттау)

      ________________________________________________________________________________

      Оның ішінде ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________ номинациясына сәйкес саладағы

      _______________ __________________ ______________________________

      лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      МО

      Таныстым _____________ 20 __ жылғы_________

      _______________ ________________ _________________________

      лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Үкіметтік емес ұйымның қызметі, республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі
әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттама

      ______________________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

Ұйымның орналасқан мекенжайы және байланыс деректері


Ұйымның штат саны


"Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі" тақырыбында қысқаша эссе


Ұйымдастыру тәжірибесі


Мемлекеттік тану (Қазақстан Республикасының әлеуметтік және қоғамдық өміріне баға жетпес үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктері)


Қызметіндегі инновациялар (болған жағдайда)


Қызметтің тиімділігі


      _______________ __________ ________________________________________

      лауазымы (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ
ДИПЛОМ

___________________________________________________________________________
(үкіметтік емес ұйымның атауы)
___________________________________________________________________________
_______________________________________________________ номинациясы бойынша
 
 
Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық
қоғам министрі ______________ ____________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
МО

Астана, 20__жыл