Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16950 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 10 мамырдағы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
27 сәуірдегі № 283 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 213-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) оператор көрсететін қызметтерді жоспарланған сатып алу туралы ақпарат–жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, оператор өтеулі негізде ұсынатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың бір жылдық бағдарламасы–жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемдерін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол бес жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемдерін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба-электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну тәртібі

      3. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын сатып алу жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға, .xlsx форматында электрондық түрде www.reestr.nadloc.kz сайтында "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Тізілім" МАЖ) орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға .xlsx форматында электрондық түрде "Тізілім" МАЖ-де орналастыру жолымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша .xlsx форматында электрондық түрде "Тізілім" МАЖ-де орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасын ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы, уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрде Кодекстің 6-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы операторды тартқан кезде, бірінші басшының не оны алмастырушы адамның қолы қойылған, сондай-ақ оның өтеулі көрсететін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратты ұсынады.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер

ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, теңге

Сатып алу тәсілі

Жеткізу орны

Сатып алуды өткізу қызмет көрсетуді бастау мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




Тауарлар











Жұмыстар











Көрсетілетін қызметтер








      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ӨСЖ – өнімнің статистикалық жіктеуіші;

      ТЖКҚ – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламасы

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер

ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, теңге

Сатып алу тәсілі

Сатып алуды өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9




Тауарлар









Жұмыстар









Көрсетілетін қызметтер






      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ӨСЖ – өнімнің статистикалық жіктеуіші;

      ТЖКҚ – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

Өнімнің статистикалық жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтің коды

Сатып алуды өткізу орны

Сатып алуды өткізу мерзімі

Сатып алу көлемі

1

2

3

4

5

6