Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетіл

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16950 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 10 мамырдағы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
27 сәуірдегі № 283 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 213-бабының 4-тармағына, сәйкес әзірленген және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) оператор көрсететін қызметтерді жоспарланған сатып алу туралы ақпарат–жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, оператор өтеулі негізде ұсынатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың бір жылдық бағдарламасы–жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемдерін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол бес жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемдерін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба-электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну тәртібі

      3. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын сатып алу жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға, .xlsx форматында электрондық түрде www.reestr.nadloc.kz сайтында "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Тізілім" МАЖ) орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға .xlsx форматында электрондық түрде "Тізілім" МАЖ-де орналастыру жолымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша .xlsx форматында электрондық түрде "Тізілім" МАЖ-де орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасын ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы, уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрде Кодекстің 6-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы операторды тартқан кезде, бірінші басшының не оны алмастырушы адамның қолы қойылған, сондай-ақ оның өтеулі көрсететін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратты ұсынады.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2021 № 647 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: 1-ЖСБ.

      Кезеңділігі: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________ жағдай бойынша.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.

      Нысан қайда ұсынылады: "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне.

      Ұсыну мерзімі: 1 (бірінші) ақпаннан кешіктірмей немесе пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ТЖҚ БНА бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынатын ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігі
(ТЖҚ БНА)

Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған көлемі

ҚҚС-сыз сатып алудың жоспарланған сомасы, теңге

Сатып алу тәсілі

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Сатып алуды өткізу мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




Тауарлар











Жұмыстар











Көрсетілетін қызметтер








      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы

      ____________________________________________________________________

      Мекен жайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ТЖҚ БНА - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

      Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Тауарлар, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық бағдарламалары
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламасы (индексі 1-ЖСБ, кезеңділігі жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламасы" әкімшілік деректер нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламасын жасау арқылы алдағы жылға жоспарланған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат жинау болып табылады.

      3. Толтырылған Нысанды пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жыл сайын, пайдалы қатты қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күннен бастап 1 (бірінші) ақпаннан не күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей ұсынады.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      5. Нысан жолма-жол, әрбір тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша жеке мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда сатып алынатын заттың коды көрсетіледі;

      3-бағанда тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды 15 символ деңгейінде көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

      5-бағанда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі заттай түрде көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда құндық мәнде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы теңгемен (жүздік үлесі бар бөлшек сан) көрсетіледі;

      8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу тәсілі көрсетіледі;

      9-бағанда жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;

      10-бағанда сатып алуды өткізу мерзімі көрсетіледі;

      11-бағанда тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2021 № 647 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: 1-ОСБ.

      Кезеңділігі: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________ жағдай бойынша.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.

      Нысан қайда ұсынылады: "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне.

      Ұсыну мерзімі: жоспарланған бес жылдық кезеңнің бірінші жылының 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей немесе пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ТЖҚ БНА бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынатын ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігі
(ТЖҚ БНА)

Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған көлемі

ҚҚС-сыз сатып алудың жоспарланған сомасы, теңге

Сатып алу тәсілі

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Сатып алуды өткізу мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




Тауарлар











Жұмыстар











Көрсетілетін қызметтер








      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы

      ____________________________________________________________________

      Мекен жайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ТЖҚ БНА - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

      Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың орта мерзімді (бес
қаржы жылына арналған)
бағдарламасының нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламасы (индексі 1-ОСБ, кезеңділігі жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламасы" әкімшілік деректер нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламасын жасау арқылы алдағы бес жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат жинау болып табылады.

      3. Толтырылған Нысанды пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын, жоспарланған бес жылдық кезеңнің бірінші жылының 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей не пайдалы қатты қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынады.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      5. Нысан жолма-жол, әрбір тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша жеке мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда сатып алынатын заттың коды көрсетіледі;

      3-бағанда тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды 15 символ деңгейінде көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

      5-бағанда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі заттай түрде көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда құндық мәнде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы теңгемен (жүздік үлесі бар бөлшек сан) көрсетіледі;

      8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу тәсілі көрсетіледі;

      9-бағанда жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;

      10-бағанда сатып алуды өткізу мерзімі көрсетіледі;

      11-бағанда тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk Оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2021 № 647 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: 1-СЖ.

      Кезеңділігі: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________ жағдай бойынша.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.

      Нысан қайда ұсынылады: "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне.

      Ұсыну мерзімі: оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтері тартылған жағдайда.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі

Оператордың атауы

Сатып алынатын заттың коды

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы бойынша көрсетілетін қызметтердің коды

Сатып алу көлемі, теңге

Сатып алуды өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6







      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы

      ____________________________________________________________________

      Мекен жайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ТЖҚ БНА - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

      Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Оператордың өтеулі қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат (индексі 1-СЖ, кезеңділігі жылдық) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Оператордың өтеулі қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті оператордың өтеулі қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат жинау болып табылады.

      3. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жыл сайын, оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтері тартылған жағдайда ұсынады.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      5. Нысан жолма-жол, әрбір келісімшарт бойынша мынадай тәртіппен жеке толтырылады:

      1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған актінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда оператордың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда сатып алынатын заттың коды көрсетіледі;

      4-бағанда тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды 15 символ деңгейінде көрсетіледі;

      5-бағанда сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі;

      6-бағанда сатып алуды өткізу мерзімі көрсетіледі.