Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16950 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 10 мамырдағы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
27 сәуірдегі № 283 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 213-бабының 4-тармағына, сәйкес әзірленген және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) оператор көрсететін қызметтерді жоспарланған сатып алу туралы ақпарат–жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, оператор өтеулі негізде ұсынатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың бір жылдық бағдарламасы–жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемдерін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол бес жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемдерін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба-электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну тәртібі

      3. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын сатып алу жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға, .xlsx форматында электрондық түрде www.reestr.nadloc.kz сайтында "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Тізілім" МАЖ) орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға .xlsx форматында электрондық түрде "Тізілім" МАЖ-де орналастыру жолымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша .xlsx форматында электрондық түрде "Тізілім" МАЖ-де орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасын ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы, уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрде Кодекстің 6-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы операторды тартқан кезде, бірінші басшының не оны алмастырушы адамның қолы қойылған, сондай-ақ оның өтеулі көрсететін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратты ұсынады.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
  арналған нысан

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: 1-ЖСБ.

      Мерзімділігі: жыл сайын.

      Ұсынылатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар.

      Қайда беріледі: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы ақпаратты пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Берілу мерзімі: жыл сайын бірінші ақпаннан кешіктірмей немесе пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер

ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, мың теңге

Сатып алу тәсілі

Жеткізу орны

Сатып алуды өткізу қызмет көрсетуді бастау мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




Тауарлар











Жұмыстар











Көрсетілетін қызметтер








      Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылардың

      атауы_______________

      Мекенжайы ______________________________

      Телефон_______________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_______________________________________

      Орындаушы _______________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      ___________________

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      ӨСЖ – өнімнің статистикалық жіктеуіші;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

      Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық
бағдарламаларының нысанына
қосымша

(1-ЖСБ, жыл сайын) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын жасау тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысанын (1-қосымша) алдағы жылға жоспарланған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратпен толтыру жолымен жүзеге асырылады, ол әрбір тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша келесі тәртіппен жолма-жол, жеке тәртіпте толтырылады:

      1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда сатып алу затының коды көрсетіледі;

      3) 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. 2000 жылға арналған жұмыс бағдарламасының әдіснамалық жұмыстарының 5.1-тармағына (Кеңес мақұлдаған Тәүелсіз Мемлекеттер Достастығы статистикалық қызметтерінің басшылары 1998 жылғы 11-16 қазан 16-отырыста және өзгертіліп 1999 жылғы 14-17 мамырдың 17-ші отырыста) сәйкес өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) сыныптауыштарға жіктеуішін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Статистикалық комитеті әзірледі және www.cisstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсына орналастырылған;

      4) 4-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі);

      5) 5-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6) 6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністе тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      7) 7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмай тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы мың теңгемен көрсетіледі (жүздік үлестермен бөлшек сан);

      8) 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алу тәсілі көрсетіледі;

      9) 9-бағанда тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу орны көрсетіледі;

      10) 10-бағанда сатып алуды өткізу көрсетілетін қызметтерін көрсетудің басталу мерзімі көрсетіледі;

      11) 11-бағанда қызметті көрсету мерзімі көрсетіледі.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: 1-ОСБ.

      Мерзімділігі: жыл сайын.

      Ұсынылатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар.

      Қайда беріледі: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы ақпаратты пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Берілу мерзімі: жоспарланған бес жылдың кезеңнің бірінші жылының бірінші ақпаннан кешіктірмей келісімшарт жасалған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер

ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, мың теңге

Сатып алу тәсілі

Сатып алуды өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9




Тауарлар









Жұмыстар









Көрсетілетін қызметтер






      Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылардың

      атауы_______________

      Мекенжайы ______________________________

      Телефон_______________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_______________________________________

      Орындаушы _______________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      ___________________

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

      Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
сатып алудың орта
мерзімді (бес қаржы жылына)
бағдарламаларының нысанына
қосымша

(1-ОСБ, жыл сайын) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда сатып алу затының коды көрсетіледі;

      3) 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. 2000 жылға арналған жұмыс бағдарламасының әдіснамалық жұмыстарының 5.1-тармағына (Кеңес мақұлдаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының статистикалық қызметтерінің басшылары 1998 жылғы 11-16 қазан 16-отырыста және өзгертіліп 1999 жылғы 14-17 мамырдың 17-ші отырыста) сәйкес өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) сыныптауыштарға жіктеуіші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Статистикалық комитеті әзірледі және www.cisstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсына орналастырылған;

      4) 4-бағанда тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері және сатып алынатын сипаттамалары) көрсетіледі;

      5) 5-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі;

      6) 6-бағанда заттай көріністе тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі;

      7) 7-бағанда қосылған құн салығы есебінсіз тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы құндық көріністе мың теңгемен көрсетіледі (жүздік үлестері бар бөлшек сан);

      8) 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу тәсілі көрсетіледі;

      9) 9-бағанда тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу мерзімі көрсетіледі.

  Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: 1-ЖС.

      Мерзімділігі: жыл сайын.

      Ұсынылатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар.

      Қайда беріледі: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы ақпаратты пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Берілу мерзімі: оператордың өтемдік қызметтерін тартқан жағдайда.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

Өнімнің статистикалық жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтің коды

Сатып алуды өткізу орны

Сатып алуды өткізу мерзімі

Сатып алу көлемі

1

2

3

4

5

6







      Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылардың

      атауы_______________

      Мекенжайы ______________________________

      Телефон_______________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_______________________________________

      Орындаушы _______________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      ___________________

      Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Оператордың өтемдік
қызметтерді жоспарланған
сатып алу нысанға
қосымша

(1-ЖС, жыл сайын) оператордың өтемдік қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Оператордың өтемдік қызметтерді жоспарланған сатып алуды жасау (3-қосымша) ақпаратпен жолма-жол, әрбір келісімшарт бойынша жеке мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған актінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда сатып алу затының коды көрсетіледі;

      3) 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. (Кеңес мақұлдаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының статистикалық қызметтерінің басшылары 1998 жылғы 11-16 қазан 16-отырыста және өзгертіліп 1999 жылғы 14-17 мамырдың 17-ші отырыста) 2000 жылға арналған жұмыс бағдарламасының әдіснамалық жұмыстарының 5.1-тармағына сәйкес өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) сыныптауыштарға жіктеуішін Тәүелсіз Мемлекеттер Достастығының Статистикалық комитеті әзірледі және www.cisstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсына орналастырылған;

      4) 4-бағанда сатып алуды өткізу орны көрсетіледі;

      5) 5-бағанда сатып алуды өткізу мерзімі көрсетіледі;

      6) 6-бағанда сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі.