БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2018 жылғы 29 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы 22 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрі
__________________ Е. Сағадиев
2018 жылғы 20 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 17 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________________ С. Жасұзақов
2018 жылғы 28 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________________ Қ. Әбдірахманов
2018 жылғы 16 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
__________________ К. Мәсімов
2018 жылғы 25 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 12 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________Қ. Қасымов
2018 жылғы 24 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 15 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12450 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Рұқсат алу үшін өтiнiш берушi немесе тиісті өкілеттікті жазбаша растауы бар оның өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға өтiнiш;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
3) түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасы;
4) импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі(түпкі пайдаланушының сертификатының).
Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
5) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады немесе құжаттардың көшірмелері тігіледі және олардың соңғы беттері өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжат "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1536 болып тіркелген) бұйрықтарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес консулдық заңдастыру немесе апостиль қою туралы талаптары сақтала отырып ұсынылады.".
4. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. "Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13512 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19сәуірде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек осы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана мәлімделген мақсаттарда пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінің бар болуы | Алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген қолданылуы, өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны көрсетілген түпкі пайдаланушы сертификаты* | Ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы 12 маусымдағы шартқа сәйкес ядролық мемлекеттерге экспорттаудын басқа, 0 – санатқа жатқызылған өнімдер үшін |
".
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 27 бұйрығына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 27 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 27 бұйрығына 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.