Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16901 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 29 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      __________________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 22 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бiлiм және ғылым министрі

      __________________ Е. Сағадиев

      2018 жылғы 20 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы 28 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      __________________ Қ. Әбдірахманов

      2018 жылғы 16 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      __________________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 25 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 12 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________Қ. Қасымов

      2018 жылғы 24 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _________Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 15 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
12 қаңтардағы № 27 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11006 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне уәкілетті адам қол қояды және импорттаушының (түпкі пайдаланушының) мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылады.".

      2. "Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11870 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердеөңдеуге рұқсат беру қағидаларында:

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс.".

      3. "Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12450 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Рұқсат алу үшін өтiнiш берушi немесе тиісті өкілеттікті жазбаша растауы бар оның өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға өтiнiш;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      3) түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасы;

      4) импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі(түпкі пайдаланушының сертификатының).

      Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      5) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады немесе құжаттардың көшірмелері тігіледі және олардың соңғы беттері өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылады.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжат "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1536 болып тіркелген) бұйрықтарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес консулдық заңдастыру немесе апостиль қою туралы талаптары сақтала отырып ұсынылады.".

      4. "Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

      қайта ресiмделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеуге лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mid.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызметкөрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесікөрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2)лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеуге лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mid.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      лицензияныберу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызметкөрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi –жекелеген тауарлар түрлерінің импорты және (немесе) экспортына арналған лицензия не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініштің электрондық көшірмесі;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін )электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның немесеегер мұндай қызмет түрі оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялау енгізілген тауарайналымымен байланысты болса лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның бар екендігі туралы мәліметтің электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mid.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Порталға өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      лицензияны беру кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде- 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызметкөрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi –экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорты және (немесе) импортына арналған лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;

      2)лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметтіалушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленгені туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mid.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның 1-тармағының бесінші абзацы мындай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасынан импортталатын өнiмнiң тек түпкi пайдаланушы елдiң мұқтажы және қазақстандық тараптың келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшiн ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдiң мiндеттемелерiн қамтитын алушы елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген түпкi пайдаланушы сертификаты (экспорттық бақылауға жататын өнiмдi экспорттаған кезде).";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалылығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз;

      мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      өнiмдi қайта өңдеуге арналған сыртқы сауда шартының (келiсiмшартының) көшiрмесi;

      тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi(егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi);

      ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс;

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

      құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін осы құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      2) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      өнiмдi қайта өңдеуге арналған сыртқы сауда шартының (келiсiмшартының) көшiрмесi;

      тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi (егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi).

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.";

      10 тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні;

      құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорацияға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) порталға жүгінген кезде - 30 (отыз) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған болмауы фактісі құжаттардың толық белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасы;

      импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушының сертификатының).

      Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметтіалушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс;

      құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      2) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      түпкі пайдаланушы тарапынан өнімдердің мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасының электрондық көшірмесі;

      импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасының электрондық көшірмесі.

      Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс.

      Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын немесе өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14;

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі;

      шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды;

      шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

      "16. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.";

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшамен толықтырылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні;

      құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз;

      мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;

      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;

      ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда)куәландырылған болуы тиіс;

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

      құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін осы құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық расталған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      2) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесiнің электрондық көшірмесі;

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының электрондық көшірмесі;

      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының электрондық көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда)расталған болуы тиіс.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.";

      10-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) 20 (жиырма) жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні;

      құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) порталға жүгінген кезде -20 (жиырма) жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда, 10 (он) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесi - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалылығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      тауардың фотосуретi (бар болған жағдайда).

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

      құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      2) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      тауардың фотосуреттерiнің электрондық көшірмелері (бар болған жағдайда).

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Экспорттық бақылау жүйесіне тартылған мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді. Экспорттық бақылау жүйесіне тартылған мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті алушының сауалы негізінде он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жауап жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.";

      10-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.".

      5. "Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13512 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек осы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана мәлімделген мақсаттарда пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінің бар болуы

Алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген қолданылуы, өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны көрсетілген түпкі пайдаланушы сертификаты*

Ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы 12 маусымдағы шартқа сәйкес ядролық мемлекеттерге экспорттаудын басқа, 0 – санатқа жатқызылған өнімдер үшін

      ".

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
12 қаңтардағы № 27 бұйрығына
1-қосымша
  "Экспорттық бақылауға
жататын өнімді экспорттауға
және импорттауға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініш

1. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны

2. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны)

3. Сатып алушы, оның мекенжайы

4.Әзірлеуші, оның мекенжайы

5. Сатып алушының елі

6. Тағайындалған ел

7. Мемлекеттік кірістер органы

8. Қолданылу мерзімі

9. Төлем валютасы

10.Өнімнің атауы

11. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

12. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

13.Саны

14. Өлшем бірлігі ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша (негізгі немесе қосалқы)

15. Лицензия сұрау үшін негіз

16. Төлем валютасындағы жалпы құны

17. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы

18. Қоса беріліп отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады

19. Өтініш берушіден тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)___________ _________________________________________________________________________
лауазымы ________________________________________________________________
қолы (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) _______________________________
мөр орны (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) ___________________________
күні _________

20. Лицензияның ерекше шарттары

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
12 қаңтардағы № 27 бұйрығына
2-қосымша
  "Экспорттық бақылауға
жататын өнімді экспорттауға
және импорттауға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға лицензия алу үшін өтiнiш

1. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны

2. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны)

3. Сатып алушы, оның мекенжайы

4.Тұтынушы, оның мекенжайы

5. Сатушының елі

6. Шыққан елі

7. Мемлекеттік кірістер органы

8. Қолданылу мерзімі

9. Төлем валютасы

10.Өнімнің атауы

11. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

12. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

13.Саны

14. Өлшем бірлігі ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша
(негізгі немесе қосымша)

15. Лицензия сұрау үшін негіз

16. Төлем валютасындағы жалпы құны

17. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы

18. Қоса беріліп отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады

19. Өтініш берушіден тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)___________
_________________________________________________________________________
лауазымы ________________________________________________________________
қолы (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) _______________________________
мөр орны (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) ___________________________
күні_________________

20. Лицензияның ерекше шарттары

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
12 қаңтардағы № 27 бұйрығына
3-қосымша
  "Экспорттық бақылауға
жататын өнімді кері
экспорттауға рұқсат беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе
ұйымының атауы)
  ____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының" коммерциялық емес

      акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы:

      ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға

      байланысты _________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Ұсынылмаған құжаттардың атауы:

      1)__________________________________________________________;

      2)__________________________________________________________;

      3)…

      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

      ___________________________________________ ________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефон __________

      Алдым: ______________________ ____________________________________

      Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. "___" ___________