Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16894 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына, 10-бабының 2-тармағына және 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру нұсқаулығын осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің бағалау қағидаларын осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіне:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіннің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, мекемелерінің және прокуратураның білім беру ұйымдарының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 60 бұйрығына
1- қосымша

Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша прокуратура органдарының қызметі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын жоғары қадағалауды;

      2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Азаматтық - процестік кодексінде (бұдан әрі - АПК) және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде (бұдан әрі - ӘҚБтК) белгіленген тәртіппен азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік етуді;

      3) азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалауды;

      4) азаматтық, қылмыстық істер (қылмыстық айыппұлдарды өндіру және мүлікті тәркілеуді қоспағанда) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды.

      3. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудегі қадағалау жүргізудің мақсаты болып:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;

      2) заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

      4. Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында прокурор:

      1) заңдылықтың жай-күйін талдайды;

      2) Үкіметтің, басқа мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ басқа ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалайды;

      3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметіне заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізеді;

      4) азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотта мемлекеттің мүдделеріне өкілдік етеді, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.

      5. Заңдылықтың жағдайына талдау және Үкіметтің, басқа мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ басқа ұйымдардың актілері мен шешімдеріне бағалау Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметіне заңдылықтың сақталуына тексерістерді жүргізу

      6. Заңдылықтың сақталуын тексеруді прокурор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген жағдайларда өзінің құзыреті шегінде тағайындайды және жүргізеді.

      7. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасынын Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) тапсырмалары бойынша тексерістерді прокурор Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының шегінде меншік нысандарына қарамастан кез-келген ұйымдарға тағайындайды және жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурорының тапсырмалары бойынша тағайындалған тексерістерге осы Нұсқаулықтың 8 және 9-тармақтарының ережелері таралмайды.

      8. Мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметіндегі тексерістерді прокурор құқықтармен, бостандықтарды және заңды мүдделерді қорғау қорғау үшін тағайындайды және жүргізеді:

      1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын тұлғалардың;

      2) шектелмеген адамдар қатарының;

      3) адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер адамдардың өмірі мен денсаулығы немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін қайтымсыз салдарларын болдырмау қажет болса.

      Физикалық, психикалық немесе өзге де мән-жайларға байланысты өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға:

      жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балалар;

      сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар;

      өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өз бетінше қорғауға қабілеті жоқ өзге де адамдар жатады.

      Шектелмеген адамдар қатары дегеніміз Қазақстан Республикасының кепілді құқықтарымен, бостандықтарымен және заңды мүдделерімен байланысты құқықтық қатынастардағы жеке шегі белгіленбеген адамдар қатары.

      Адамдардың өмірі, денсаулығы немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін қайтымсыз салдарлар дегеніміз адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі немесе ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін заң бұзушылықтарды жоймауы.

      9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген тексерістер құзыретіне келесі жағдайларды қоспағанда тиісті мәселелер жатқызылған, өзге де бақылау және қадағалау мемлекеттік уәкілетті органдарының өзінің өкілеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайда ғана тағайындалады және жүргізіледі:

      1) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексеріс жүргізу;

      2) бақылау және қадағалау уәкілетті органының қызметіне немесе оның лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылған тиісті сұрақтар бойынша мүдделер қақтығысының болуы;

      3) тексеріс тағайындауға бақылау және қадағалау уәкілетті органының немесе оның лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылған тиісті сұрақтардың шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту себеп болса.

      Мүдделер қақтығысы дегеніміз жауапты мемлекеттік лауазымды атқарып отырған тұлғалардың, мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамдардың, оларға теңестірілген лауазымды адамдар мен олардың лауазымдық өкілеттіктерінің арасындағы қайшылық, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық өкілеттерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

      10. Кәсіпкерлік субьектілерінің қызметінде тексеруді прокурор Бас Прокурорға немесе оны алмастыратын адамға жүгінген өтінішхат түрінде бастамашылық жасайды және оның кейінгі тапсырмасының негізінде жүргізеді.

      Кәсіпкерлік субьектілерінің қызметіне тексерісті тағайындау туралы өтінішхатта прокуратура органдарының тексеріс жүргізу қажеттілігінің дәлелді негіздемесі, заңдылықты бұзудың белгілері және уәкілетті мемлекеттік органы қабылдаған шаралары көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субьектілерін тексеру туралы өтінішхат Бас Прокурордың орынбасары, Бас Прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурорлар (бұдан әрі – облыс прокуроры), сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар қол қоя отырып, Бас Прокурорға жіберіледі.

      11. Прокурор Заңда, ӘҚБтК-да және "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңында көзделген өкілеттерді іске асыру шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізеді.

      12. Аумақтық прокурорлар азаматтардың, оларға қатысты қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны орындау кезінде, оның ішінде мамандандырылған мекемелерде қамақты өтеу кезінде құқықтарының сақталуына тексеріс жүргізеді.

      Мамандандырылған мекемелерге барып тексеру кезеңділігі сот қаулыларын және басқа да материалдарды талдаудан шыға отырып анықталады.

      Әкімшілік қамаққа алуға тартылған адамнан өтініш келіп түскен кезде не болмаса оның құқығы бұзылғаны жөнінде жеткілікті мәліметтер болған кезде тексеріс кідірмей жүргізіледі.

      13. Тексеріс жүргізу туралы қаулыны Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас Прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурорлар (бұдан әрі – аудан прокуроры), сондай-ақ оларды алмастыратын тұлғалар шығарады.

      Тексеріс жүргізу туралы қаулыда:

      1) нөмірі, күні, мемлекеттік органның атауы, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы (болған кезде), тексеріс негізі;

      2) тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы немесе оған қатысты тексеріс жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);

      3) тексерілетін кезеңі көрсетіле отырып тексеріс мәні (тақырыбы);

      4) тексеріс кімге тапсырылғаны және оған тартылатын мамандар туралы мәліметтер;

      5) тексеріс жүргізу мерзімі (басы және соңы);

      6) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;

      7) қаулыға қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы көрсетіледі.

      14. Атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушлық туралы заңнама шеңберінде жүргізілетін тексерістен басқа, тексерісті тағайындау туралы қаулы, тексеріс басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда тіркеледі, онда оның тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелген тексеріс жүргізу туралы қаулылар объектіге келген кезде танысу үшін тексерілетін субъектіге беріледі.

      Тексерілетін субъект басшысының (өкілдің) қаулымен танысу немесе танысудан бас тару жөнінде мәліметтер оны беру кезінде көрсетіледі.

      15. Тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілген тұлғалар ғана жүргізеді.

      Тексеріс жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы тексерісті тағайындаған прокурордың немесе оны алмастыратын адамның шешімімен өзгертіледі.

      16. Заңдылықтың сақталуын тексеру күнтізбелік отыз күннен аспай жүргізіледі.

      Қосымша материалдарды сұрату қажет болған жағдайда, сондай-ақ тексерістің елеулі көлеміне байланысты, айрықша жағдайларда оны өткізу мерзімі Бас Прокурормен келісе отырып ұзартылады.

      Тексеріс мерзімін ұзарту туралы өтінішхат Бас Прокурордың орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың қолы қойыла отырып, тексеріс мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Бас Прокурордың қарауына енгізіледі.

      Аудан прокурорының тексеріс мерзімін ұзарту туралы өтінішхаты тексеріс мерзімі өткенге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей облыс прокурорына енгізіледі.

      17. Тексеріс мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      сараптама тағайындалғанда – сарапшының қорытындысын алғанға дейін;

      шетел мемлекеттерінен мәліметтер мен құжаттар алу қажет болған жағдайда – оларды алғанға дейін;

      тексеріс өткізуге кедергі келтіретін өзге жағдайларда – олар жойылғанға дейін.

      Тоқтатылған тексерісті өткізу мерзімін есептеу оны қайтадан бастау күнінен бастап жалғасады.

      18. Тексеріс өндірісін ұзартқан, тоқтатқан және қайта бастаған, тексерушілердің құрамы өзгерген жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын және тексерілетін субъектіні хабардар ете отырып, дәлелді қаулы шығарылады.

      19. Тексеріс немесе талдау барысында тексерісті іске асыру үшін маңызы бар Қазақстан Республикасы заңнамасының жасырын бұзуын анықтау үшін өзге мүмкіндіктер болмаған кезде, жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлермен бірлесе отырып, уәкілетті органдардың жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру қажеттігі туралы мәселе шешіледі.

      Жедел-іздестіру шараларын Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, оларды алмастыратын тұлға тағайындайды.

      20. Сараптама арнайы ғылыми білім қажеттігі туындағанда және оны тағайындаусыз прокурорлық тексеруді жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда ғана тағайындалады.

      Сараптаманы тағайындау туралы қаулыны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас прокуратура департаменттерінің, дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, қала, аудан және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ міндеттерін атқарушы адамдармен шығарылады.

      Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда:

      1) сараптама тағайындаған органның атауы;

      2) сараптаманы тағайындау уақыты, орны;

      3) сараптаманың түрі;

      4) сараптаманы тағайындау негізі;

      5) сараптауға жолданатын объектілер және олардың шыққан жері туралы ақпараттар, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі мәнін өзгертуге рұқсат беру мүмкіндігі;

      6) сот сараптама органының атауы және (немесе) сот сараптамасының өндірісі тапсырылған адамның аты-жөні, тегі (болған жағдайда) көрсетіледі.

      21. Қажет болған жағдайда, тексеріске қорытынды беру үшін мамандар, сонымен қатар қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылады.

      Қорытындыда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса сотқа талап арыз беру үшін негіз болып табылатын құқық бұзушылық құрамы туралы қорытынды болған жағдайда, прокурорлық тексеріс материалдары бойынша сараптама Қылмыстық-процестік, ӘҚБтК және АПК шеңберінде жүргізіледі.

      22. Тексеру жүргізу кезінде:

      заңдылықты бұзуға жол берудің себептері мен шарттары анықталады;

      заңдылықты сақтау проблемалары және олардың азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне (құқықтық және ұйымдастырушылық) әсер етуі анықталады;

      бұзушылықтарды болдырмау және олардың жолын кесу үшін жауапты мемлекеттік және уәкілетті органдардың қызметі бағаланады.

      23. Тексеріс аяқталғаннан кейін тексеріс нәтижесі туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) жасалады, ол:

      1) анықтаманы жасау күні мен орнын, тексеріс негізін;

      2) тексерілетін субъектінің атауы, тексеріс мәні (тақырыбы);

      3) тексеріс тақырыбы бойынша жалпы мәліметтерді (статистика, тексерілетін субъектінің іске асырылған іс-шаралары, игерілген бюджет қаражаты туралы мәліметтер, сот актілерін орындау тәжірибесі немесе тексеріс мәні бойынша басқа да мәліметтер);

      4) тексеріс мәні (тақырыбы) бойынша заңдылықты сақтауды бағалауы (анықталған бұзушылықтардың мәні, уәкілетті органдардың әрекетсіздігі себептері, мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің заңдылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуы және басқа да мәліметтер);

      5) заң бұзушылық жасауға ықпал еткен себептерді талдауды;

      6) анықталған заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюдың тетіктерін;

      7) тексеріс нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды (қадағалау және ден қою актілері, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастама көтеру, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, басқа да шаралар);

      8) тексеріс жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолын қамтиды.

      Анықтама тексеріс мерзімі өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектіге ұсынылады. Тексерілетін субъектінің басшысының (өкілінің) анықтамамен танысқаны немесе бас тартқаны туралы мәліметтер оны ұсыну сәтінде көрсетіледі.

      24. Тексеріс нәтижелері бойынша Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізіледі, тексеріс нәтижелерін талдай отырып, кеңес өткізу, ақпараттық хаттарды жолдау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шаралар туралы шешім қабылданады.

      25. Соттарға талап арыздар (арыздар) осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген адамдардың бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіру және олардың мүдделерін қорғау үшін ұсынылады.

      Қалған жағдайларда әрқайсысының өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот тәртібімен өз бетінше қорғауға құқығы бар екені түсіндіріледі.

3-тарау. Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету, атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау.

1-параграф. Азаматтық істер бойынша соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету

      26. Прокурорлар мыналарға:

      1) мемлекет мүдделерін қозғайтын істер бойынша;

      2) осы нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген қоғамдық мүдделерді немесе азаматтарды қорғау талап етілгенде;

      3) сот қатысуын қажет деп танығанда;

      4) прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;

      5) ата-ана құқығынан айыру туралы;

      6) сайлау құқықтарын қорғау туралы;

      7) нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы;

      8) кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы азаматтық істер бойынша процеске қатысады.

      Бұл ретте, мемлекеттік өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың прокурор АПК-тің 54-бабының 2-бөлігінде көзделген істер бойынша шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы жағдайларда қатысады.

      27. Бас прокуратураның қызметкерлері Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қарауына қатысады:

      1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекетеріне (әрекетсіздігіне) дау келтіру туралы істердің бірінші сатысы бойынша, тарап ретінде ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша;

      2) апелляциялық сатыда – инвестициялық даулар және инвестордың инвестициялық қызметімен байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де даулар бойынша Астана қаласының соты шығарған сот актілеріне берілген апелляциялық шағымдары бойынша.

      Осы Нұсқаулықтың 26-бабында көзделген Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының отырыстарында кассациялық тәртіппен қаралатын істерге қатысуды Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша оның орынбасарлары, қарамағындағы прокурорлар қамтамасыз етеді.

      28. Прокурорлардың талап арыздары мен арыздары бойынша қозғалған істер бойынша, сондай-ақ прокуратура органы немесе мекемесі жауапкер ретінде тартылған істер бойынша соттарда прокуратураның өкілдері ретінде қатысуды тиісті прокуратуралардың (бөлімшелердің) қызметкерлері қамтамасыз етеді.

      Жоғары тұрған прокурорлармен енгізілген талап арыздарын қарауға қатысуды қажет болғанда төмен тұрған прокурорларға тапсырылады.

      Талап қойған прокурордың сенімхаты бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда талап арыз қаралатын орын бойынша орналасқан басқа прокурорлар қатыса алады. Сот жарыс сөздерінен кейін істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы жалпы талап етілмейді.

      АПК-тің 72-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотта қаралатын дау бойынша прокуратура органдарының талапкер немесе жауапкер ретінде мүддесін қорғайтын прокурор істің дұрыс шешілуіне қажетті дәлелдемелерді ұсынады. Прокурорлардың талап қоюлары (арыздары) негізінде шығарылған сот актілерін нақты орындау мақсатында сот алдында қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы мәселесін, егер оларды сотқа ұсынғанда мұндай қолдаухат жасалмаған жағдайда қояды.

      Процесте жарыспалықты қамтамасыз ету және көрсетілген санаттағы істер бойынша заңсыз сот актілерін даулау жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.

      Прокурордың бастамасымен қозғалған істер бойынша, сондай-ақ прокуратура органы немесе мекемесі іс бойынша жауапкер ретінде тартылған дау бойынша өтінішхат берілмейді, қабылданған сот актілерімен келіспеген жағдайда прокурор апелляциялық, кассациялық шағымдар беруге құқылы.

      Осындай даулар бойынша кассациялық наразылық келтiру туралы өтiнiшхат Бас прокуратурасына тек Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда беріледі.

      Облыстардың прокуратуралары прокуратура органдарына немесе мекемелеріне қатысты сотқа талап қоюдың (арыздың) түскендігі туралы, қабылданған процестік шешім, түскен шағымдар, сот актілерін қайта қараудың нәтижелері жөнінде талап қоюдың (арыздың) көшірмелерін және басқа да материалдарды қоса тіркей отырып, Бас прокуратураға дереу хабарлайды.

      29. Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген істер бойынша процеске қатысқан прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

      Азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларында прокурорлар өз ұстанымдарын заңнаманың талаптарына, іс құжаттарына қатаң сәйкестікте белгілейді, оны дәйекті түрде қорғайды, заңдылық, азаматтар мен заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен құқықтық теңдігі қағидаларын басшылыққа алады.

      Азаматтық процестің барлық сатыларында іс материалдарымен танысу нәтижелерін іске қатысқан прокурор алдын ала тиісті жоғары тұрған прокурорға немесе жетекшілік ететін орынбасарға баяндайды және соңғылар берілетін қорытындыны бекітеді.

      Прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалады және онда мыналар көрсетіледі:

      1) істің атауы;

      2) тараптар;

      3) мәлімделген талаптардың мәні;

      4) тараптардың сілтеме жасайтын мән-жайлары;

      5) тараптар ұсынған дәлелдер туралы прокурордың пікірі олардың қатыстылығы, мүмкіндігі, анықтылығы және жеткіліктілігі тұрғысынан;

      6) қолдануға жататын материалдық және іс жүргізу құқықтарының нормалары;

      7) мәлімделген талаптардың мәні және сот шығындарын бөлу бойынша прокурордың тұжырымдары.

      Азаматтық істің материалдарына қоса тіркеу үшін бірінші сатыдағы сотқа іске қатысқан прокурордың жазбаша түрде мазмұндалған және қолы қойылған қорытындысының тек дәлелдеу және қарарлық бөліктері беріледі.

      Бұл ретте, АПК-тің 186-бабына сәйкес сотқа жазбаша қорытындыны ұсыну прокурорды сот отырысында қорытындыны ауызша жариялаудан босатпайды.

      Апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда бұған қоса мына мәліметтер көрсетіледі:

      1) судья (баяндамашы, алқа құрамы), қайта қарауға жататын сот актілерінің қысқаша мазмұны, соттың ұстанымы;

      2) бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурор, оның қорытындысының қысқаша мазмұны;

      3) шағымның (өтініштің) дәлелдемелері;

      4) істі зерделеудің нәтижесі;

      5) шағымның (өтініштің) негізділігі туралы тұжырымдар.

      АПК-тің 416 - бабының 1 - бөлігіне және 450 - бабының 5 - бөлігіне сәйкес апелляциялық және кассациялық сатыларындағы соттарда прокурордың жазбаша қорытындысы талап етілмейді.

      Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қарауына тағайындалған азаматтық істер бойынша қорытындыларын (бірінші және апелляциялық сот сатыдағы) Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының (кассациялық саты бойынша) қарауына тағайындалған істер бойынша қорытындыларын Бас Прокурордың орынбасары бекітеді.

      АПК-тің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес бірінші сатыдағы сотқа бар дәлелдемелерді ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотқа ұсыну мүмкіндігінен айырылады. Сондықтан прокурорлар мемлекеттік заңды тұлғалардың істі дұрыс шешу үшін қажетті дәлелдемелерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдайды.

      Прокурорлар азаматтық процесте мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүдделерін олардың өкілдерімен тиісінше өкілдік ету фактілеріне ықпал етіп, соңғыларды және қажет болған кезде – бірінші басшыларды жауаптылыққа тартуға бастама жасайды.

      Азаматтық істердің материалдары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған жағдайда прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды және/немесе бұл жөнінде жоғары тұрған прокурордың назарына жазбаша түрде баянатпен немесе электронды құжат түрінде дереу жеткізеді, соңғы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) баянатты Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;

      3) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;

      4) талап қоюды ұсыну туралы;

      5) кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ықпал етудің өзге де актілерін енгізу туралы.

      30. Прокурорларға осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген істер бойынша сотпен жол берілген қателіктерге апелляциялық тәртіпте сот актілеріне өтінішхатты ұсыну арқылы уақтылы ықпал етуі қажет.

      Астана қалалық соты қараған инвестициялық даулар және инвестициялық қызметпен байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де даулар бойынша қабылданған сот актілеріне апелляциялық өтінішхатты уақтылы келтіру Астана қаласының прокурорына жүктеледі. Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасына апелляциялық өтінішхат келтірілген жағдайда оның көшірмесі бір мезгілде Бас прокуратураға жолданады.

      Прокурорлар өздерінің құзыреті шегінде апелляциялық мерзімдерде заңды күшіне енбеген, АПК-нің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын және мемлекет пайдасына шығарылмаған сот актілерінің заңдылығын зерделейді.

      Мемлекет пайдасына емес шығарылған сот актілерімен келіскен жағдайда облыстардың прокурорлары олардың заң күшіне енген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, Бас прокуратураға істер бойынша бұрын бекітілген қорытындыларын жолдайды.

      Бұл ретте, прокурорлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі Ережесінің 8-тармағы 14-абзацтың барлық сот сатыларында сот актілеріне дер кезінде шағым келтіру бойынша талаптарын мемлекеттік органдар заң қызметтерінің орындауына қажет болғанда шаралар қабылдайды.

      31. Осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көрсетілген азаматтық істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілеріне процеске қатысушылардың шағымдарын сот отырысына қатысқан қызметкердің прокуратурасы қарайды.

      Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда оған прокуратура басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

      Өтініштерге жауаптар негізді және дәлелді болуы, арызданушының дәлелдемелерін жоққа шығаратын нақты фактілерді қамтуы тиіс.

      Бұл ретте, прокурор осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көрсетілмеген даулар бойынша сот актілеріне түскен шағымды арызданушыға апелляциялық шағымды өз бетінше беру құқығын түсіндіре отырып қайтарады.

      32. Азаматтық істер бойынша апелляциялық өтінішхаттар Бас Прокурормен, Бас Прокурордың орынбасарымен, облыс прокурорымен, аудан прокурорымен, олардың орынбасарларымен, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурормен келтіріледі. Апелляциялық өтінішхат АПК-тің 427-бабында көзделген сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болған жағдайда ғана келтіріледі.

      Апелляциялық өтінішхаттың мазмұнына қойылатын талаптар АПК-тің 404-бабымен белгіленген.

      33. Осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген істерді, соның ішінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен апелляциялық тәртіпте қаралған кезде облыс прокуроры азаматтық істер бойынша тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      34. Апелляциялық сатыдағы сотта қорытынды берген кезде прокурор істің мән-жайын, сотта айтылған түсіндірмелерді, сондай-ақ АПК-тің 404-бабы 2-бөлігінің тәртібімен сот қабылдаған қосымша дәлелдемелерді ескереді. Бұл ретте, прокурор өтінішхаттың дәлелдемелеріне байланысты болмайды, ол заң талаптары мен нақты деректерді негізге ала отырып әрекет етеді.

      35. Сот апелляциялық өтінішхатты негізсіз қанағаттандырусыз қалдырған кезде, сондай-ақ материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі бұзуға жол бергені анықталған кезде облыс прокуроры АПК-тің 440-бабының талаптарына жауап беретін кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыныс енгізеді.

      Көрсетілген талаптарға жауап бермейтін ұсыныстар қараусыз қайтарылуға жатады.

      Азаматтық іс бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыныс Бас Прокуратураға ол заңды күшіне енгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал істі зерделеу қажет болған жағдайда – істің прокуратураға түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде жолданады.

      Істі сұрату АПК-тің 438-бабының 1-бөлігінде көзделген тәртіппен сот актісі заңды күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Бас прокуратураға ұсыныстарды осы мерзімдерден кешіктіріп енгізілгенде, оның себептерін түсіндірумен растайтын құжаттар қоса жолданады.

      36. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жеке өзінің бастамашылығымен сот актілеріне, сонымен қатар осы Нұсқаулықтың 26-бөлігінде көрсетілген істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінішхатымен кассациялқ наразылықтар келтіруге құқылы.

      Кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны АПК-тің 441- бабында көрсетілген.

      Заңды өкілдермен берілген өтінішхаттарға, олардың құзыретін куәландыратын құжаттар ұсынылады.

      Тапсырма бойынша өкілдің құзыреті АПК-тің 61- бабында қарастырылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

      Тапсырма бойынша заңды өкілдермен берілген өтінішхаттарға, заңмен рәсімделген және берілген сенімхат ұсынылады.

      АПК-тің 58-бабы 1-бөлігінің 6-тармағында көрсетілген тапсырма бойынша өкілдермен, жоғарғы заң білімі туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады. Шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білімі туралы құжат нострафикацилауға және (немесе) тануға жатады.

      Қорғаушымен берілген өтінішхатқа, сот актісіне шағымдану құзыретін қуаттайтын сенімхатпен бірге, істі нақты жүргізу құзыретін куәландыратын ордер ұсынылады.

      АПК-тің көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, кассациялық наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттар, өз бөлігінде:

      АПК-тің 435-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін даулауға құқығы жоқ тұлғалармен берілген;

      АПК-тің 54-бабының 2-бөлігінде қарастырылмаған істер бойынша;

      АПК-тің 436-бабының 1-бөлігінде көрсетілген мерзімі өткеннен кейін;

      АПК-тің белгіленген шағымдану тәртібі бұзылғандар;

      өтінішхат берген және кімнің мүддесіне қатысты берілген тұлғалар туралы және олардың мекенжайы немесе тұратын жері, сонымен қатар істе процесс ахуалы жөнінде мәліметі жоқ;

      істе қатысатын тұлғалар туралы және олардың мекенжайы немесе тұратын жері көрсетілмесе;

      бірінші және апелляциялық сатыдағы істерді қарайтын соттар және олармен қабылданған шешімнің мазмұны туралы көрсетілмесе;

      қарсылық білдіруге ұсынылған сот актінің нұсқауынсыз;

      процестік немесе материалдық құқықтардың нұсқаусыз нормаларын бұзу;

      сот актілерін ерекше негіздерін нұсқаусыз қайта қарауға (АПК-тің 438-бабының 6-бөлігінде көзделген негіздер бойынша өтініш берген жағдайда);

      өтініш берушінің қолының қойылмағаны;

      сенімхатсыз өкілмен тапсырма бойынша берілгені;

      жоғарғы заң оқу орнын бітіргені жөніндегі дипломнын куәландырылған көшірмесіз (егер АПК-тің 58-бабы 1-бөлігінің 6-тармағында көрсетілгендей өтініш өкілмен берілсе). Шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білімі туралы құжат нострафикацилауға және (немесе) тануға жатады.

      құзыретін куәландыратын заңды өкілмен құжатсыз берілгені;

      қорғаушымен ордердің қосымшасыз берілуі, өтінішхатты берген тұлғаға қараусыз қайтарылуға жатады;

      Сонымен қатар, тараптардың құқықтық теңдігі қағидасын және АПК-тің 13, 15, 25-баптарында, АПК-тің 442-бабы 4-бөлігінің талаптарында белгіленген ведомствалық соттардың басымдылығын ескере отырып, прокурор сот актісін кассациялық сатыдағы соттарға тікелей жүгіну үшін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхатты, егер АПК-тің 112-бабында көрсетілген тұлғалар АПК-тің 441-бабының талаптарын сақтап, өтінішхатта берген жағдайларды қоспағанда, арыз берушімен бұл құқық түрі жүзеге асырылмаса қайтаруға құқылы.

      37. Бас прокуратура өтінішхатты және кассациялық наразылықты келтіру туралы ұсынуды қарау қажет болған жағдайда істі талап ете отырып жүзеге асырады. Бұл жағдайда өтінішхат, ұсыну жауапты орындаушыға түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде азаматтық іс сұратылады.

      Ерекше жағдайларда Бас Прокурордың, Бас Прокурордың орынбасарының, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімше басшыларының тапсырмалары болған кезде іс Бас прокуратураға өтінішхат немесе ұсыну түскен күннен бастап он бес күнтүзбелік күн ішінде сұратылады.

      Қажет болған жағдайда облыс прокурорларынан және уәкілетті органдардан іске маңызы бар мән-жайды толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін және кассациялық наразылықты келтіру туралы мәселені шешуге қосымша мәліметтер талап етіледі.

      38. Облыс прокурорының кассациялық наразылықты келтіру туралы өтінішхаты және ұсынуы, оның түскен күнінен бастап отыз жұмыс күн ішінде ал іс талап ету кезінде – Бас прокуратураға істің түскен күнінен бастап отыз жұмыс күн ішінде қаралады.

      Өтінішхатты, ұсынуды қарау мерзімі Бас Прокурормен немесе Бас Прокурордың орынбасарымен ұзартылады.

      АПК-ның 122-бабының 2 бөлігінде және 123-бапта қарастырылған тәртіпте мерзімі есептеледі.

      39. Облыс прокурорының өтінішхатын немесе ұсынуын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, дәлелді қорытынды жасалады. Арыз берушіге, облыс прокурорына жолданатын жауапқа Бас Прокурордың орынбасарының қолы қойылады.

      40. АПК-ның 435-бабының 2-бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге Бас Прокурор ғана құқылы.

      Кассациялық наразылықтың дәлелдемелерін қолдау Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша, орынбасарларымен және бағынысты прокурорлармен жүзеге асырылады.

      41. Жергілікті жерлердегі прокурорлар және Бас прокуратура прокурорлардың қатысуымен қаралған істер бойынша сот актілерінің және олар бойынша берілген қорытындылардың (бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылар бойынша бөлек) есебін ұйымдастырады.

2-параграф. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету

      42. Прокурор міндетті түрде сотта:

      1) кәмелетке толмағандарға қатысты;

      2) ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны баламасыз қолдануды көздейтін.

      Егер процеске қатысушылардың бірі оның қатысу қажеттілігі туралы өтінішхат мәлімдесе, ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алуды баламалы қолдануды көздейтін істер бойынша;

      3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығаруға әкеп соғатын;

      4) ол өзі қозғаған;

      5) жазбаша нұсқау бойынша жоғары тұрған прокурор оның қатысуын қажет деп таныған;

      6) монополияға қарсы органның және табиғи монополиялар салаларында жетекшілікті жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары олар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қарау және толтыру құқығына ие кәсіпкерлік қызмет саласындағы;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

      8) салық салу саласындағы;

      9) кеден ісі саласындағы;

      10) осы Нұсқаулықтың 42-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген істерді қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына шағымдану жөніндегі;

      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қатысады.

      Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 759-бабына сәйкес прокурорлар сотта өзге де істер бойынша қатысады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен процестің барлық сатыларында танысу нәтижелерін қатысушы прокурор жоғары тұрған прокурорға немесе жетекшілік ететін орынбасарға алдын ала баяндайды. Қарау нәтижесі жоғары тұрған прокурорға баяндалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс дереу қаралатын жағдайда, алдын ала баяндама талап етілмейді.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қорытындылар прокурор келіскен апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары бойынша жасалады. Басқа жағдайларда қорытынды жасалмайды.

      Қорытындыда:

      1) құқық бұзушының кінәсінің болуы немесе болмауы, оның әрекеттерін саралаудың дұрыстығы;

      2) прокурор соның негізінде жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне келген дәлелдемелер;

      3) істің мән-жайларын және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, оған сол немесе өзге де жаза түрінің қолданылуы, не істі тоқтату қажеттілігі туралы;

      4) қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, сот ұстанымдары;

      5) қатысқан прокурорлар, олардың қорытындыларының қысқаша мазмұны;

      6) шағымның (өтінішхаттың) уәждері;

      7) шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар көрсетіледі.

      Прокурорлар осы Нұсқаулықтың 42-тармағында аталған істер бойынша соттар жол берген материалдық және процестік құқық нормаларын бұзушылықтарға, сондай-ақ сот қарауына прокурордың қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтатқан кезде уақтылы ден қоюлары қажет.

      Прокурор сот қарауына қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік қамаққа алу туралы қаулының заңдылығын ол келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде тексереді және негізсіз сот актісін анықтаған кезде, оған наразылық келтіру шараларын қабылдайды.

      Жергілікті жерлердегі прокурорлар жарты жылдық бойынша уәкілетті органдардың осы Нұсқаулықтың 42-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы құқық қолдану практикасына талдау жасайды. Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есепті кезең аяқталғаннан кейінгі 15-күніне жіберіледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзуы анықталған жағдайда прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды және/немесе бұл жөнінде жоғары тұрған прокурордың назарына жазбаша түрде баянатпен немесе электронды құжат түрінде дереу жеткізеді, ол мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) баянатты Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;

      3) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;

      4) талап арызды сотқа ұсыну туралы;

      5) кінәлі адамдардың заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қоюдың өзге де актілерін енгізу туралы.

      45. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттарды Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурор келтіреді.

      Апелляциялық өтінішхат ӘҚБтК-нің 840-бабында көзделген сот қаулысының күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болған жағдайда ғана келтіріледі.

      46. Осы Нұсқаулықтың 42-тармағында көрсетілген процеске қатысушылардың әкімшілік құқық бұзушылық істер туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілеріне шағымдарын сот отырысына қатысқан қызметкердің прокуратурасы қарайды.

      Прокурор арызданушыға апелляциялық шағымды өз бетінше беруге құқығының бар екенін түсіндіре отырып, осы Нұсқаулықтың 42-тармағында көрсетілмеген істер бойынша сот актілеріне шағымды қайтарады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысына апелляциялық өтінішхатты келтіру туралы мемлекеттік органның (лауазымды адамдардың) өтініштері істің мән-жайы бойынша іс материалдарын зерделей отырып қаралады.

      Шағым қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда арызданушыларға жауаптарға прокуратураның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      47. Істерді апелляциялық тәртіпте қарау кезінде облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар осы Нұсқаулықтың 42-тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Апелляциялық сатыдағы сотта қорытынды берген кезде прокурор істің мән-жайын, сотта айтылған түсіндірмелерді, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 838-бабының 2-бөлігінің тәртібімен сот қабылдаған қосымша дәлелдемелерді ескереді. Бұл ретте, прокурор өтінішхаттың дәлелдемелеріне байланысты болмайды және заң талаптары мен нақты деректерді негізге ала отырып әрекет етеді.

      49. Сот апелляциялық өтінішхатты негізсіз қанағаттандырусыз қалдырған кезде, сондай-ақ материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі бұзуға жол бергені анықталған кезде, облыс прокуроры кассациялық наразылық келтіру туралы ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігінің талаптарына жауап беретін ұсыныс енгізеді.

      Көрсетілген талаптарға жауап бермейтін ұсыныстар қараусыз қайтарылуға жатады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыныс қаулы шығарылған күнінен бастап, үш айдан кешіктірілмей енгізіледі. Бас прокуратураға ұсыныстарды кешіктіріп енгізуі растайтын құжаттарды қоса бере отырып, себептерін түсіндірумен сүйемелденеді.

      50. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілеріне кассациялық наразылық Бас Прокурормен не оның орыбасарымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде немесе жеке бастамасы бойынша енгізіледі.

      51. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін кассациялық наразылықтың білдіруі мынадай жағдайларда қайтарылады:

      арыз берушінін дәлелсіз себептермен осы актіні өздігінен соттың кассациялық сатысына шағым беру;

      ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде істердің қаулыларын кассациялық тәртіпте қайта қарау негізі болмаған жағдайда;

      өтінішхат ӘҚБтК-нің 848-бабының 8 және 9-бөліктерінде қарастырылған талаптарға жауап бермесе;

      өтінішхат уәкілетті тұлғамен берілмесе.

      52. Жергілікті прокурорлар және Бас прокуратура прокурорлардың қатысуымен қаралған істер бойынша сот актілеріне есеп жүргізуді және олар бойынша қорытынды жүргізуді (бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларды бөлек) ұйымдастырады.

      53. Кассациялық тәртіпте қаралатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде істер бойынша жоғарғы сот алқасының жиналысына қатысу, сонымен қатар кассациялық наразылықтың дәлелдерін қолдау Бас прокуратураның қызмекерлерімен қамтамасыз етіледі.

3-параграф. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау

      54. Прокурорлар мүліктік өндіріп алу және мүлікті мемлекет меншігіне алу бөлігіндегі (қылмыстық айыппұлдар мен тәркілеуді қоспағанда) қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

      Қадағалау мемлекет мүдделерін қозғайтын, еңбекақыны өндіру, алименттерді өндіру туралы және прокурорлардың талап қоюлары бойынша атқарушылық құжаттарды талдау және тексеру жолымен қамтамасыз етіледі.

      Прокурорлар сот орындаушыларының, әділет органдарының, республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылары палаталарының қызметіндегі атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

      Қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурор атқарушылық іс жүргізу органдарынан (оның ішінде жеке сот орындаушыларынан және олардың республикалық және өңірлік палаталарынан), уәкілетті мемлекеттік органдардан атқарушылық іс жүргізу қағаздарын, мәліметтерді, материалдарды талап етіп алдыруға және түсініктемелер алуға құқылы.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 25-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жеке сот орындаушысының өндірісінен атқарушылық парақтарын алған кезде және оны орындау үшін мемлекеттік сот орындаушысына берген кезде прокурор қаулы шығарады. Қаулы көшірмесі үш жұмыс күні ішінде жоғары тұрған прокурорға жолданады.

      Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өтініштерді қарау кезінде прокурорлар Заңның 21-бабын басшылыққа алуы қажет.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      55. Прокурорлық қадағалау және ден қою актілерінде заңнама нормаларына міндетті түрде сілтеме жасай отырып, бұзушылықтардың құқықтық мәні көрсетіледі, заңды бұзудың жағымсыз салдарлары, оған ықпал еткен себептер мен жағдайлар атап көрсетіледі, оларды жою және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру, келтірілген зиянның орнын толтыру туралы мәселе қозғалады.

      56. Қадағалау және ден қою актісіне қол қойған прокурор олардың орындалуын және заңдылықты бұзуды іс жүзінде жоюды бақылауды қамтамасыз етеді.

      Негізсіз қадағалау және ден қою актілерін енгізуге жол берілмейді.

      Орталық мемлекеттік органдарға және олардың ведомстволарының атына прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін облыс прокуроры, Бас әскери және Бас көлік прокурорларын қоспағанда, Бас прокуратура арқылы жолдайды.

      Облыс прокурорының орталық мемлекеттік органдарға және олардың ведомстволарының атына жіберген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін Бас прокуратурамен келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Қадағалау және ден қою актілеріне қол қойған прокурор олардың сапасы үшін жауапты болады.

      57. Қадағалау және ден қою актілерін енгізген кезде, сондай-ақ оларға жауап алған кезде прокурор электрондық ақпараттық есепке алу құжатында (бұдан әрі - ЭАЕҚ) қамтылған мәліметтердің анықтылығы мен толықтығын, олардың Бас прокуратураның ақпараттық жүйелеріне уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

      58. Жоғары тұрған прокурор төмен тұрған прокурорлардың қадағалау және ден қою актілерін, олар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеруді қамтамасыз етеді.

      Жоғары тұрған прокурор төмен тұрған прокурордың әрекеттерінің заңдылығын және прокурорлық қадағалау актілерін тексеру нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) заңда және осы Нұсқаулықта белгіленген құзыреттілігі бұзылған жағдайда прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қайтарып алады және аталған актілерді енгізу құзыретіне кіретін прокурорға береді;

      2) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерінде не болмаса оның жекелеген талаптарының қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы екені анықталған жағдайда, олардың күшін жояды не болмаса өзгерту туралы нұсқау береді;

      3) прокурорлық қадағалау актілерін күшінде қалдырады.

      Қабылданған шешім туралы ЭАЕК-те тиісті белгі қойылады.

      Қажет болған жағдайда жоғары тұрған прокурор тиісті хат арқылы прокурорлық қадағалау актілерінің әрекет етуін оларды енгізу қажеттілігі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тоқтатады.

      59. Жоғары тұрған прокурор қадағалау және ден қою актілері қабылданатын шаралардың толықтығы мен тиімділігі мақсатында төмен тұрған прокурорлардың қадағалау және ден қою актілеріне жауаптарды, тиісті актіге түпкілікті жауап келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеруді қамтамасыз етеді.

      Жоғары тұрған прокурор жауапты зерделеу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы ЭАЕК-те мынандай тиісті белгі қойылады:

      1) қадағалау және ден қою актілеріне берілген жауаппен келіседі;

      2) қадағалау және ден қою актілеріне жауапты қабылдамайды.

      Қадағалау және ден қою актілеріне жауап қабылданбаған жағдайда, қадағалау және ден қою актісіне қол қойған прокурор оны тиісінше қарау бойынша шаралар қабылдайды не болмаса актіні және ЭАЕК-ті Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінен алып тастайды.

      60. Тараптардың шағымы бойынша сот шешімінің күшін жою, қайтару, осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген істер бойынша прокурордың өтінішхаттарын қайтару туралы апелляциялық сатыдағы қаулылар, қоса берілген сот актілері мен апелляциялық өтінішхаттары, түпкілікті түрде шешім шығарылған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде Бас прокуратураға жолданады.

      Жоғары тұрған прокурор сот актісін келіп түскен сәттен бастап, он жұмыс күні ішінде тексереді және АПК-тің 427-бабында көзделген негіздер болған жағдайда тізілімге бұзушылықтарды енгізу туралы шешім қабылдайды.

      Қажет болған жағдайда тізілімге бұзушылықтарды енгізу туралы шешім азаматтық істердің материалдарын зерделеу не болмаса кассациялық наразылық келтіру туралы ұсынымхатты қарау нәтижелері бойынша қабылданады.

      61. Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің, облыс прокуратурасының басшысы, аудан прокуроры және оның орынбасары Бас прокуратураның Дерек қорын уақтылы толтырылуын (қадағалау және ден қою актілері, оларға жауаптар, кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізу туралы талаптар) қамтамасыз етеді.

      62. Прокурорлық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында Бас прокуратурада, облыстардың прокуратураларында заңдылықтың жағдайын болжау, төмен тұрған прокуратуралардың қызметін және прокурорлық практикасын талдау үшін аймақтық-тақырып қағидаты бойынша ұйымдастырылады.

      Тақырып қағидаты бойынша жұмыс прокурорға жекелеген құқықтық қатынастардың (тақырып бағыттары) саласын бекіту арқылы жүзеге асырылады. Бекітілген құқықтық қатынастар салалары бойынша прокурор заңдылықтың жағдайына, прокурорлық қадағалауға жүйелі түрде талдау жүргізеді, осы саладағы қолданыстағы заңнаманы, қадағалау қызметінің нысандарын, әдістерін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді.

      Тақырып бағыттары заңдылықтың жағдайынан және қадағалауға алынған өңірлік ерекшеліктерінен, сол және өзге де азаматтық-құқықтық даулардың таралуынан шыға отырып айқындалады.

      Аймақтық қағидат прокурорға нақты өңірді (облысты, қаланы, ауданды) бекіту арқылы, заңдылықтың жағдайын тұрақты талдау және осы өңірдегі прокуратура органдарының қызметіне мониторинг жүргізу, олардың қадағалау және ден қою актілерін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

      63. Прокурорлар қадағалауға алынған өңірдің толық сипаттамасы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуы, демографиялық жағдайы, сондай-ақ халықтың қоғамдық, діни және саяси белсенділігі қамтылған өңірдің паспортын жүргізуді қамтамасыз етеді.

      64. Облыс прокуроры қадағалауға алынған өңірдегі заңдылықтың жағдайы туралы ақпаратты Бас прокуратураға жартыжылдықтан кейінгі айдың 7-ші күніне ұсынады.

      65. Облыс прокуроры қажеттілік туындаған кезде жоспарлы және өзге де тексерістерді жүргізу кезінде ақпаратпен алмасу, жекелеген тапсырмаларды орындау, прокуратуралардың қызметкерлері мен мамандарын бөлу арқылы Республиканың басқа өңірлерінің прокурорларымен тікелей және жедел өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 60 бұйрығына
2-қосымша

Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің бағалау ҚАҒИДАЛАРЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ заңды күшіне енген актілер мен шешімдерді бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына, 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуді және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдері Конституцияға, Заңға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес келу мәніне бағалауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Заңдылықтың жай-күйін талдау және актілер мен шешімдерді бағалау прокуратура органдарының жоғары қадағалау нысандары болып табылады және Заңның 4-бабында көзделген міндеттерді іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Заңдылықтың жай-күйін талдау

      3. Заңдылықтың жай-күйін талдауды (бұдан әрі - талдау) прокурорлар заңдылықтың жай-күйі туралы мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды жинау, зерттеу және өңдеу арқылы, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып субъектілерге (объектілерге) бармастан жүргізеді.

      4. Талдау нақты факті бойынша не құқықтық қатынастар саласында заңдылықтың жай-күйін белгілеу және бағалау мақсатында жүргізіледі.

      5. Талдау тұрақты негізде жүзеге асырылатын қадағалау аумағындығы жағдай мониторингіне (бақылауы) прокуратура органдарының түрлі ақпарат көздерінен, немесе Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) немесе жоғары тұрған прокуратураның тапсырмалары бойынша заңдылықты бұзу туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі.

      6. Талдауды жүргізуге Бас Прокурорымен, Бас Прокурордың орынбасарымен, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысымен, облыстың прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен (бұдан әрі – облыс прокуроры), облыс прокурорының орынбасарымен, аудан прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен (бұдан әрі - аудан прокуроры) не оларды алмастыратын адамдармен келісілген баянаттар бойынша бастама жасалады.

      Баянатта:

      1) баянат берілген күні, оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы;

      2) талдау нысаны;

      3) дәлелді негіздер;

      4) талдау кезеңі;

      5) талдау жүргізу мерзімі қамтылады.

      7. Талдау барысында мынадай мәліметтер:

      1) статистикалық деректер;

      2) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттар туралы ақпарат;

      3) халықпен кездесу қорытындылары;

      4) мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмыс істеу фактілері, оның ішінде экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, алдын алу, этнос аралық және/немесе конфессияаралық негіздегі қақтығыс, азаматтардың әлеуметтік наразылығын, наразылық акцияларын тудыруы мүмкін қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды анықтау, ескерту және оқшаулау мәселелері бойынша;

      5) уәкілетті мемлекеттік органдардың заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау нәтижелері;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы (оның ішінде интернет-ресурстарындағы) жарияланымдар;

      7) мемлекеттік органдардың, олардың деректер қорының ақпараты;

      8) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстар;

      9) қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілері;

      10) прокуратура мен мемлекеттік органдардың алдыңғы тексерісінің нәтижелері;

      11) жедел-іздестіру шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері, оның ішінде құпиясыздандырылған және жедел-іздестіру субъектілері немесе қылмыстық қудалау органы ұсынған;

      12) ақпараттың басқа да көздері пайдаланылады.

      8. Қажет болған кезде прокурор мемлекеттік, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен мониторингілеу және талдау үшін қажет заңдылықтың жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы мәліметтерді, құжаттарды және материалдарды талап етеді.

      Заңда белгіленген мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтынды таратуға талаптар мен шектеулерді сақтай отырып сұрау салынған ақпарат заңнамада белгіленген нысандарда, тәртіппен және мерзімдерде прокуратура органдарына беріледі.

      Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда, оның ішінде адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне еңсерілмес салдар туған не болу қаупі болған кезде сұрау салынған ақпарат прокуратура органдарына күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей беріледі.

      9. Облыс және аудан прокуратурасымен, сондай-ақ оларға теңестірілген прокуратуралармен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен мәліметтер, құжаттар және материалдар:

      1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын тұлғалардың;

      2) шектелмеген адамдар қатарының;

      3) адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, егер адамдардың өмірі мен денсаулығы немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін қайтымсыз салдарларын болдырмау қажет болса сұратылады.

      Жеке кәсіпкерлерлік субектілерінен (квазимемлекеттік сектор субъектілерінен қоспағанда) заңдылықтың жағдайы туралы мәліметтер, құжаттар мен материалдар тек Заңмен және өзгеде заңнамалық актілермен көзделген негіздер бойынша сұратылады.

      10. Талдау жүргізу кезінде қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтаумен фото және бейне бекітуді қолдана отырып, кіру үшін ашық орындарда (қоғамдық пайдаланудағы орындарда немесе ашық жерлерде) оналасқан объектілерді (субъектілерді) қарап тексеру жүргізіледі.

      11. Талдау отыз күнтізбелік күннің ішінде өткізіледі.

      Қосымша материалдарды сұрату қажет болған жағдайда, сондай-ақ талдаудың елеулі көлеміне байланысты, оны жүргізудің мерзімі жоғары тұрған прокурормен келісе отырып отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.

      12. Талдау жүргізу кезінде:

      1) азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне әсер ету және заңдылық жәй-күйінің проблемалары анықталады;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдарының қызметі бағаланады;

      3) анықталған заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың тетіктері ұсынылады;

      4) жұмыста жүйелі проблемаларды шешудің басым бағыттары бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау ұсынылады (оның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық).

      13. Талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді, ол:

      1) талдау күнін, нысанасын, сондай-ақ талдауда қамтылған уақыт кезеңін;

      2) статистиканы және талдау үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды келтіре отырып, талдау барысында белгіленген мәліметтерді;

      3) талдау нәтижесінде алынған заңдылықтың жай-күйі туралы қорытындылар, оның ішінде құқық бұзушылықтар жасау себептері мен жағдайларын;

      4) құқық бұзушылықтарды, орын алған проблемаларды, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы кемшіліктер мен проблемаларды шешу және жою тәсілдері туралы ұсыныстарды қамтиды.

      Қажеттілігіне орай талдау қорытындысының анықтамасын ресми ұстанымын алу үшін уәкілеті органдарға немесе ұйымға танысу үшін жолданады.

      14. Талдау нәтижелері бойынша мына шешімдердің бірі қабылданады:

      1) қадағалау және ден қою актілерін енгізу, уәкілетті органдарды хабардар ету, өзге де шаралар қабылдау, оның ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерүдің бірыңғай тізілімінде фактілерді тіркеу туралы.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы құжаттар мен материалдарды тіркеу прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеуге қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшемен келісіледі.

      2) уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік органның қызметіне және кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізу туралы талаптарды жіберу туралы;

      3) мемлекеттік органның, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде дербес тексеріс жүргізу туралы;

      4) Бас Прокурорға кәсіпкерлік субъектісінің қызметінде дербес тексеру тағайындау туралы өтінішхатты жіберу туралы.

      15. Мемлекеттік органның қызметіне тексеріс жүргізу туралы талаптарға, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, аудан прокуроры қол қояды.

      Аудан прокуроры осы тармақта көрсетілген талаптарды облыс прокуратурасын, Бас әскери прокуратураны және Бас көлік прокуратурасын бір уақытта хабардар ете отырып және талапты жіберудің орындылығы негіздемесін келтіре отырып жібереді.

      Осы тармақта көрсетілген талаптарды жіберген кезде облыс прокуроры не оның орынбасары жіберген кезде Бас прокуратураны хабардар ету талап етілмейді.

      16. Кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізу туралы талаптар, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген талаптар уәкілетті мемлекеттік органдарға адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру не зиян келтіру қаупінің нақты фактілері бойынша жіберіледі.

      Осы тармақта көрсетілген талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар қол қояды.

      Облыс прокуроры не оны алмастыратын адам осы тармақта көрсетілген талаптарды Бас прокуратураны бір уақытта хабардар ете отырып және талапты жіберудің орындылығы негіздемесін келтіре отырып жібереді.

      17. Бас Прокурорға кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне дербес тексеріс тағайындау туралы өтінішхатта прокуратура органдарының оны жүргізу қажеттігінің дәлелді негіздемесі, заңдылықтың бұзылу белгілері және уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы өтінішхат Бас Прокурорға Бас Прокурор орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың қолымен жіберіледі.

3-тарау. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың шешімдерінің және актілерінің бағасы

      18. Прокуратура Конституцияға, заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне:

      1) Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының актілері мен шешімдерінің;

      2) егер берілген актілер мен шешімдер шектелмеген адамдар қатарына қатысты не жария сипатқа ие болса, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің сәйкестігіне қадағалауды жүзеге асырады.

      Қарастырылған осы тармақта қадағалау нормативтік құқықтық актілерге баға беру жолымен жүзеге асырылады, жекеше қолданыстағы құқықтық актілер, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың шешімдері, сонымен қатар заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот актілеріне.

      19. Шешімдер мен актілерді бағалау (сот актілерін қоспағанда), Заңның 21-бабының 1-тармағында көзделген тәртіпте тексеру мен талдау жүргізу, тұлғалардың өтініштерін қарау барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың, облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларының тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады.

      Талдау жүргізу, өтініштерді қарау барысында, сондай-ақ облыс прокурорларының және олардың орынбасарларының тапсырмалары бойынша аталған актілер мен шешімдер күнтізбелік он бес күн ішінде прокуратура органдарына ұсынылады.

      Күттірмейтін жағдайда, оның ішінде адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың туындауы немесе туындау қаупі болған кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың, Бас Прокурор орынбасарының тапсырмалары бойынша және тексеру жүргізу кезінде көрсетілген актілер дереу ұсынылады.

      20. Мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың актілері мен шешімдері қабылдаушының өкілеттілігі мен құзырына жататындығын, заңда белгіленген талаптардың сақталғандығын, нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтіндігін, оның ішінде жоғары тұрған деңгейдегі, мемлекеттік тіркеуден өткендігін және заңда белгіленген тәртіпте жарияланғанын (қажеттілігі болған жағдайда) және өзге де мәселелерді анықтау мақсатында зерделенеді.

      21. Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қарама-қайшы және Республикамен бекітілген халықаралық шарттарға, нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне наразылық енгізіледі.

      22. Наразылық заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды тұлғаға, немесе жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға енгізіледі.

      Егер мұндай актіге, шешімге наразылық енгізу прокурордың өкілеттілігіне кірмесе, құжаттар құзыреттілігі бойынша тиісті прокурорға жолданады.

      23. Наразылықта прокурор заңсыз актінің, шешімнің күшін жоюды немесе оны Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республикамен бекітілген халықаралық келісім-шарттарға сәйкестендіруді және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.

      24. Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар наразылық бойынша шешім қабылдағанға дейін егер актіні не шешімді орындау адамдардың өмірі мен денсаулығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін еңсерілмейтін салдарға алып келсе не алып келуі мүмкін болса оларды тоқтата тұруға құқылы.

      Актілер мен шешімдерді тоқтата тұру қаулы шығару арқылы жүзеге асырылады.

      Құқықтық актілердің қолданысын тоқтата тұратын қаулылар жариялауға жатады.

      25. Заңсыз шешімді, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған және жариялаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам тиісті наразылықты қабылдамаған кезде прокурор 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 29 және 30-тарауларында көзделген тәртіппен оларды заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.

      Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген жеке қолданудағы нормативтік құқықтық акті және құқықтық актінің сотта қаралғанға дейін әрекетін тоқтатады.

      26. Заң күшіне еңген сот актілердің қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзұшылықтардың заңмен қаралған бағасы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 60 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6737 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 7 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды);

      2. "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8284 болып тіркелген);

      3. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10706 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған);

      4. "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10726 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған);

      5. "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13269 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған);

      6. "Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13298 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған);

      7. "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13780 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған);

      8. "Әлеуметтік-экономикалық саладағы прокуратураның құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14865 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).