Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16750 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 53/НҚ бұйрығымен бекітілген

Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары

1 – тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және/немесе бағдарламалық қамтылымның электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сай келетін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылым тауарларының тізбесі;

      3) өтініш беруші – тізілімге қосу, тізілімнен шығару немесе тізілімге өзгерістер енгізу туралы өтінім берген электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімін өндіретін жеке және/немесе заңды тұлға;

      4) комиссия – уәкілетті орган қалыптастыратын алқалы орган.

      3. Тізілім мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтылым өнімдерін өндіретін отандық өндірушілерді дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.

      Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігіне арналған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімі ішінен іске асырылады.

      Бұл ретте электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінде қажетті тауарлар болмаған жағдайда, оларға ұқсас тауарларды сатып алуға рұқсат беріледі.

      4. Тізілімдегі мәліметтер мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын басқа да мәліметтерді қоспағанда, ашық және мүдделі тұлғалардың танысуы үшін қолжетімді болып табылады.

2 – тарау. Электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      5. Тізілімді қалыптастыру мен жүргізу деп мыналар түсініледі:

      1) тізілімге электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтылым өнімі туралы мәліметтер енгізу;

      2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген (толықтырылған) кезде, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтылым өнімі тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;

      3) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тізілімді орналастыру.

      6. Тізілімді қалыптастыру және жүргізуді уәкілетті орган тізілімге электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімдерін енгізу және одан шығару, сондай-ақ тізілімдегі мәліметтерге өтініш берушілердің өтініштері негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы іске асырады.

      7. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      8. Тізілімге енгізуге осы Қағидалардың 20-тармағында қарастырылған электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін тізілімге енгізу өлшемшарттарына (бұдан әрі – өлшемшарттар) сәйкес келмейтін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылым өнімдері, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілген электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімдерін өндірушілер жатпайды.

      9. Тізілімді қалыптастыру мен жүргізу электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімдерін өндірушілердің тізілімге енгізу (шығару) немесе тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы берген өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) негізінде іске асырылады.

      10. Өтінімдерді уәкілетті органға электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімдерін өндірушілер ұсынады.

      Тізілімге енгізу туралы өтініштер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      11. Тізілімге енгізу туралы өтінімге осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоспағанда, мынадай құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі:

      1) электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өніміне айрықша құқықты растайтын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тәртіппен берілген құжат;

      2) мемлекеттік тіркелуі туралы анықтама (куәлік) (заңды тұлғаларға);

      3) тауардың шығарылған жері туралы сертификат;

      4) ақпарат қауіпсіздік талаптары бойынша ақпараттық жүйелерді сертификаттау жүйесінің сенім білдірудің 4-деңгейінен төмен емес СТ РК ИСО/МЭК 15408-3-2006 стандартына сәйкес сертификат;

      5) шетелдік заңды тұлғалардың, олардың бақылауындағы қазақстандық коммерциялық ұйымдардың (төлемдер бар болған жағдайда) пайдасына төлемдер туралы ақпаратты қамтитын құжат;

      6) электрондық өнеркәсіп өнімінің Қазақстан Республикасы аумағында заңды айналымға енгізілгенін растайтын құжат;

      7) электрондық өнеркәсіп (бағдарламалық қамтылым) өнімдерінің осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайтын кепілдік міндеттемер (өтініш берушінің растауы) түпнұсқасы;

      8) электрондық өнеркәсіп (бағдарламалық қамтылым) өнімінің функционалдық сипаттамаларының еркін түрдегі сипаттамасы.

      12. Өтінімдер мен ұсынылған құжаттарды қажеттілігіне қарай, айына бір реттен жиі емес уәкілетті орган жинайтын Комиссия қарастырады.

      Комиссия құрамына уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық ұйымдар мен ІТ-саласын дамыту институтының өкілдері енгізіледі.

      13. Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылым өнімдерін тізілімге (тізілімнен) енгізу (шығару), тізілімге өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы шешім (бұдан әрі – шешім) Комиссия шешімі негізінде уәкілетті орган бұйрығымен Комиссия шешімі шыққан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      14. Уәкілетті орган Комиссия шешімі шыққан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық өнеркәсіп өнімін немесе бағдарламалық қамтылымды тізілімге (тізілімнен) енгізеді (шығарады), сондай-ақ тізілімге өзгертулер (толықтырулар) енгізеді.

      15. Уәкілетті орган Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде өтініш берушіге өтінімді қарастыру нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      16. Тізілімге өзгертулер (толықтырулар) енгізу тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда іске асырылады.

      17. Тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш беруші уәкілетті органға ондай өзгертулер орын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы мәлімделген өзгертулерді растайтын құжаттарды ұсынып, өтінім береді.

      18. Электрондық өнеркәсіп өнімдерін немесе бағдарламалық қамтылымды тізілімнен шығару өтініш берушінің бастамасы бойынша тізілімнен шығару туралы еркін нысанда берілетін өтінім негізінде іске асырылады.

      19. Тізілім, сондай-ақ тізілімге өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында шешім шығарылған күннен 2 (екі) жұмыс күн ішінде жариялануы тиіс.

3 – тарау. Электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары

      20. Электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін тізілімге енгізудің өлшемшарттары болып:

      1) электрондық өнеркәсіптің немесе бағдарламалық қамтылымның өнімдерінің СТ РК ИСО/МЭК 15408-3-2006 стандартына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі;

      2) айрықша құқықты қолданудың барлық мерзімдерінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасына; Қазақстан Республикасы жеке тұлғасына/ларына тұлғаларының (құқық иеленушілердің) біреуіне немесе бірнешеуіне тиесілі электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін шығаруға айрықша құқық;

      3) шетелдік заңды тұлғалардың және (немесе) жеке тұлғалардың, олар бақылайтын қазақстандық коммерциялық ұйымдар және (немесе) қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардың пайдасына лицензиялық және өзге шарттар (шарттың түріне байланысты емес) бойынша осы бағдарламалық өнімді (электрондық өнеркәсіп өнімдерін) пайдалану құқығын бергені үшін күнтізбелік жылдағы төлемдердің жалпы сомасы бағдарламалық өнімінің құқық иеленушісінің (құқық иеленушілердің) жылдық түсімінің 30 пайыздан кем болуы табылады.

  Электрондық өнеркәсіп пен
бағдарламалық қамтылымның
сенім білдірілген өнімінің
тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына, сондай-ақ
электрондық
өнеркәсіп пен бағдарламалық
қамтылымның өнімін
электрондық
өнеркәсіп пен бағдарламалық
қамтылымның сенім білдірілген
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
1-қосымша
  Нысан

Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімі

тізілім жазбасының реттік нөмірі

тізілім жазбасы қалыптастырылған күн

электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдерінің атауы

электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдерінің алдыңғы және (немесе) альтернативтік атауы (болған жағдайда)

электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдерінің қысқаша сипаттамасы

экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдерінің сыныптауышына (ЭҚ ТӨС) сәйкес электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдердің коды (кодтары)

Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлар номенклатурасына (СЭҚ ТН) сәйкес электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдерінің коды (кодтары)

Экономикалық қызметтін жалпы сыныптауышына (ЭҚЖС) сәйкес электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдерінің коды (кодтары)

электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдерінің құқық иеленушілері туралы мәліметтер

Интернет желісіндегі құқық иеленушілердің интернет-ресурсы парақшасындағы мекенжайы

құқық иеленушіде (құқық иеленушілерде) бүкіл әлем аумағында және барлық мерзімде бағдарламалық қамтылымға айрықша құқықтың пайда болу негізері туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы

тізілімге электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық қамтылым) өнімдері туралы мәліметтерді енгізу жөнінде уәкілетті орган актісінің күні мен нөмірі

тізілімге енгізілген өзгертулер күні мен мазмұны туралы мәліметтер (болған жағдайда)

ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сенімділік деңгейіне сәйкестік куәлігінің болуы туралы мәліметтер (ҚР СТ 5408) (сертификат нөмірі, берілген күні, ұйым)

12

13

14

 
  Электрондық өнеркәсіп пен
бағдарламалық қамтылымның
сенім
білдірілген өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына, сондай-ақ
электрондық
өнеркәсіп пен бағдарламалық
қамтылымның өнімін
электрондық
өнеркәсіп пен бағдарламалық
қамтылымның сенім білдірілген
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
2-қосымша
  Нысан

Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтінім

      ____________________________________________________________________

      (уәкілеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның ТАӘ)

      ____________________________________________________________________

      (электрондық өнеркәсіп өнімінің (бағдарламалық қамтылымның)

      толық атауы)

      Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлғаның толық атауы:

      ____________________________________________________________________

      қызметінің

      түрі________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      БСН/ЖСН

      ____________________________________________________________________

      басшының ТАӘ

      ____________________________________________________________________

      тіркелген заңды мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      байланыс тел.(факс) нөмірлері:

      ____________________________________________________________________

      интернет-ресурсының мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1) _________________________________________________________________

      2) _________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін: қолданыстағы сенімхат негізінде заңды тұлғаның

      атауы және басшының немесе заңды тұлға өкілінің ТАӘ

      (сенімхаттың берілген күні және нөмірі))

      ____________________ 20 __ жылғы "____" ____________.

      (қолы)

      М.П. (болған жағдайда)

  Электрондық өнеркәсіп пен
бағдарламалық қамтылымның сенім
білдірілген өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына, сондай-ақ
электрондық өнеркәсіп пен
бағдарламалық қамтылымның
өнімін электрондық өнеркәсіп
пен бағдарламалық қамтылымның
сенім білдірілген өнімінің тізіліміне
енгізу өлшемшарттарына
3-қосымша
  Нысан

Кепілдік міндеттемелер (өтініш берушінің растауы)

      _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның ТАӘ)

      __________________________________________________________________________

      (электрондық өнеркәсіп өнімінің (бағдарламалық қамтылымның) толық атауы)


      Жоғарыда көрсетілген электрондық өнеркәсіп өнімі (бағдарламалық қамтылым)

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы "28"

      наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен бекітілген электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық

      қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында,

      сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық

      өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу

      өлшемшарттарының 20-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келетіні, сондай-ақ

      үшінші тұлғалардың заңды наразылығынан босатылғандығы расталады.

      Сонымен қатар электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім

      білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтінімге қоса берілген мәліметтер мен

      құжаттардың дұрыстығы расталады.

      Осы кепілдік міндеттемелерден туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан

      Республикасы заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы және мөрі:

      _______________________

      (лауазымы)

      _______________________                        20 __ жылғы "____" ____________

      (қолы)

      М.О. (болған жағдайда)

  Электрондық өнеркәсіп пен
бағдарламалық қамтылымның сенім
білдірілген өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына, сондай-ақ электрондық
өнеркәсіп пен бағдарламалық
қамтылымның өнімін электрондық
өнеркәсіп пен бағдарламалық
қамтылымның сенім білдірілген
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
4-қосымша
  Нысан

Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім

      ___________________________________________________________________________

      (уәкілеттік органның атауы)

      ___________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның ТАӘ)

      Өзгертулер (толықтырулар) енгізілетін реестрлік жазбаның атауы мен мазмұны:

      ___________________________________________________________________________

      Жаңа редакциядағы реестрлік жазбаның атауы мен мазмұны:

      ___________________________________________________________________________

      Мәлiмделген өзгертулердің (толықтырулардың) себебі:

      ___________________________________________________________________________

      өтінім беруші туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________________

      байланыс тел.(факс) нөмірлері:

      ___________________________________________________________________________

      1)

      ___________________________________________________________________________

      2)

      ___________________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін: қолданыстағы сенімхат негізінде заңды тұлғаның атауы

      және басшының немесе заңды тұлға өкілінің ТАӘ (сенімхаттың берілген күні және нөмірі))

      ____________________                        _ 20 __ жылғы "____" ___________

      (қолы)

      М.О. (болған жағдайда)