Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 16731 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді басылымдарда ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 208 бұйрығына
1-қосымша

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, азаматтық қорғау органдарының, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

1-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі

      2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері) сыныптық біліктілігін айқындау оқу жылының нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      3. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының деңгейіне, ІІО жүйесіндегі тәжірибесіне және жұмыс өтіліне, қызметке адалдығына, жоғары кәсіби шеберлікке қол жеткізуіне байланысты ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне мынадай сыныптық біліктіліктер ретімен беріледі:

      "2 сыныпты маман" – ІІО жүйесінде кемінде бес жыл қызмет өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін – кемінде үш жыл), осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі және ІІО жүйесінде кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін – кемінде бес жыл), осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі және ІІО жүйесіндекемінде он жыл қызмет өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін – кемінде жеті жыл), осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне.

      4. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату ІІО жүйесіндегі қызмет өтілі үзіліссіз болған жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) ведомстволық білім беру ұйымдарының түлектеріне оқу мерзімі сыныптық біліктілігін айқындау үшін жалпы қызмет өтіліне есептеледі.

      6. Сыныптық біліктілік расталады:

      ІІО-ға қызметке басқа құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен, Қарулы Күштерден, басқа әскерлер және әскери құрылымдардан ауысу (жіберу) тәртібімен келген адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, алсыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағаннан кейін ғана төленеді. Бұл ретте, жоғары тұрған сыныптық біліктілігін беру үшін қызмет өтілі бұрынғы сыныптық біліктілігін растаған сәттен бастап есептеледі;

      ІІО-да еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау органының қайта ұйымдастырылуына байланысты құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылған және қызметке қайта қабылданған адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағаннан кейін ғана төленеді. Бұл ретте, жоғары тұрған сыныптық біліктілігін беру үшін қызмет өтілі бұрынғы сыныптық біліктілігін растаған сәттен бастап есептеледі;

      ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлер мен әскери қызметшілерге бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тек оқу бітіріп, тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағаннан кейін ғана төленеді;

      бала күтімі бойынша демалыстағы ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке шыққаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін төленеді;

      ІІО-ның қарамағындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілергебар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін төленеді;

      сот шешімі бойынша қызметін қалпына келтірген адамдарға барсыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке қалпына келтіргеннен кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін төленеді.

      7. ІІО жүйесіндеон жылдан астам жұмыс істеген, осы Қағидалардың талаптарына жауап беретін және сыныптық біліктілігі болмаған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.

      8. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату және растау сыныптық біліктілігін анықтау басталғанға дейін кадр қызметіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімінде (бұдан әрі – ІІО тізімі) қызметтермен ұсынылған сыныптық біліктілігін беруге, растауға талаптанушы ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жүргізіледі.

      9. Басшылар (бастықтар) ұсынылатын тізімдердің уақтылылығын, объективтілігін және шынайылығын қамтамасыз етеді.

      10. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға және растауға ұсынылған, алайда орынды себептермен (ауру, демалыс, іссапар) оқу жылының қорытындылары бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру деңгейін тексеруге қатыспаған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері алты айдан кейін кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары деңгейін тексерудің нәтижелері бойынша сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.

      11. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін айқындаудан өтпеген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері орган (бөлініс) бастығы немесе сот қолданған тәртіптік жазаның заңсыздығы туралы шешім шығарылған жағдайда тәртіптік жазаның күшін жою туралы орган бастығының бұйрығы шыққаннан немесе сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.

      Бұл жағдайда, жоғарыда көрсетілген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің басшылары (бастықтары) бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде кадр қызметіне тиісті құжаттарды қоса отырып дәлелді хат жолдайды.

      12. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау үшін органдарда (бөліністерде) біліктілік комиссиялар (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және кадр, заң, қаржы қызметтері, өзіндік қауіпсіздік (ҰҰ-ны қоспағанда) және арнайы (жауынгерлік) даярлық бөліністері басшыларының қатарынан кемінде үш мүшеден тұратын комиссия құрылады. Комиссия құрамы орган (бөлініс) бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссияның мүшелері болмаған жағдайда олардың міндеттерін уақытша атқаратын қызметкерлермен ауыстыруға рұқсат етіледі.

      Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      ұсынылған мәліметтердің объективтілігін тексеру;

      қойылған талаптарға сәйкес сыныптық біліктілігін айқындаудың толық көлемін қамтамасыз ету;

      сыныптық біліктілігін айқындауға ұсынылатын ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау;

      сыныптық біліктілікті айқындауға байланысты шағымдар мен өтініштерді қарау.

      13. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы актісінде (бұдан әрі – ІІО актісі) көрсетіледі.

      14. ІІО актісінің негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, ІІО қызметкері мен әскери қызметшісіне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу немесе төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін қаржы бөліністеріне жіберіледі.

      ІІО-ның қалалық, аудандық, желілік бөліністері бұйрықтардың көшірмелерін Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің кадр қызметтеріне жолдайды.

      15. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға және растауға ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері:

      1) ІІО-ның қарамағында болған кезеңде;

      2) қолданыстағы тәртіптік жазалары болғанда;

      3) оларға қатысты қызметтік тергеу (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу – оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңде жіберілмейді.

      16. Сыныптық біліктілік берілген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне кадр қызметтері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік кеуде белгілерін және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік куәліктерін береді.

      17. Бұйрықты жариялау және сыныптық біліктілік кеуде белгісін табыс ету салтанатты түрде саптың алдында немесе жиналыста өткізіледі.

      18. ІІО актісіне сәйкес сыныптық біліктілігін алып тастау, төмендету:

      1) оқу жылының қорытындысын шығару кезінде құқықтық, арнайы, атыс, дене шынықтыру даярлықтары және жауынгерлік күрес тәсілдерінің бірінен қанағаттанарлықсыз нәтиже алған;

      2) ІІО тізімдерінде ұсынылған, бірақ оқу жылының қорытындысын шығару кезеңінде құқықтық, арнайы, атыс, дене шынықтыру даярлықтары және жауынгерлік күрес тәсілдерінің бірінен шекті нәтижелерге қол жеткізбеген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жүргізіледі.

      Бұл ретте, сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты жүргізіледі.

      Оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктіліктері төмендетілген және алып тасталған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері алты ай өткен соң кәсіби даярлығы деңгейін қайта тексеру кезінде бұрынғы сыныптық біліктілігін қалпына келтіруге талаптануына болады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн егер онда өзгеше айтылмаса, сыныптық біліктілігін қалпына келтіру күні болып есептеледі.

      19. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету, алып тастау туралы материалдар кадр қызметтерінің номенклатуралық істерінде сақталады және мынадай құжаттарды:

      сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға талаптанушы ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімін;

      ІІО актісін;

      сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықтың көшірмесін қамтиды.

2-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау өлшемшарттары

      20. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 95 қбпү бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15310 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың қағидаларында көзделген нормативтерге сәйкес, ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері оқу жылының қорытындысын шығару кезінде мынадай шекті нәтижелерге қол жеткізулері қажет:

      "2 сыныпты маман" – құқықтық, арнайы және атыс даярлықтары бойынша 70%-дан кем емес дұрыс жауап, практикалық атыс, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес;

      "1 сыныпты маман" – құқықтық, арнайы және атыс даярлықтары бойынша 75%-дан кем емес дұрыс жауап, практикалық атыс, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес;

      "1 сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – құқықтық, арнайы және атыс даярлықтары бойынша 80%-дан кем емес дұрыс жауап, практикалық атыстан "өте жақсы" деген бағадан төмен емес, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес.

3-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау

      21. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ІІМ аппаратының басшысына, Министрдің кеңесшілеріне, Министрдің режим жөніндегі көмекшісіне, комитеттердің төрағаларына, ІІМ орталық аппаратының департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтарына және олардың орынбасарларына, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер (бұдан әрі – ІІД, (КІІД), қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ІІМ орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, (Астана қаласы), Астана, Алматы қалалары, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлеріне және олардың орынбасарларына, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлерімен әскери қызметшілеріне;

      3) ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамына;

      4) ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы – осы Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда (Астана қаласы) "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орта және аға басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін қызметкерлеріне, "1 сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" – Астана, Алматы қалалары, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қатардағы және кіші басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін қызметкерлеріне;

      5) ІІД, (КІІД), ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары – ІІД, (КІІД) (оның ішінде өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлеріне), ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдары аппаратының қызметкерлеріне және бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшы құрамына;

      6) Қалалық, аудандық, желілік ІІО-ның, (Астана қаласы), Астана, Алматы қалалары, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың бастықтары, түзеу мекемелерінің, тергеу изоляторларының, түрмелер мен қоныс колонияларының бастықтары, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командирі, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлері, оларға теңестірілген саптық бөліністердің командирлері – бөліністердің жеке құрамына, "1 сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігінен басқасын.

      "1 сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігін ІІО-ның жоғары тұрған басшысы береді.

      22. Сыныптық біліктілігі бар ІІОқызметкерлері мен әскери қызметшілерін есепке алуды ІІО-ның кадр қызметтері жүргізеді.

      Сыныптық біліктіліктер беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне, сондай-ақ ІІМ "Кадр" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

1-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау тәртібі

      23. Сыныптық біліктілікті айқындау ҰҰ әрбір әскери қызметшісінің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру, олардың атқаратын лауазымы бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыруға әзірлік дәрежесін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      Кәсіби даярлығының деңгейіне, қызмет тәжірибесі мен өтіліне, сондай-ақ әскери тәртіптің жағдайына байланысты ҰҰ әскери қызметшілеріне мынадай сыныптық біліктіліктер ретімен беріледі, жоғарылатылады, расталады және сақталады:

      "3 сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін үш айдан кейін), осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "2 сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін алты айдан кейін), осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар, осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген (мерзімді қызмет сарбаздарынан басқа)ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген (мерзімді қызмет сарбаздарынан басқа) ҰҰ әскери қызметшілеріне.

      24. ҰҰ штаттық спорт командасының әскери қызметшілері үшінсыныптық біліктілігі беріледі, жоғарылатылады, расталады және сақталады:

      1) ҰҰ штаттық спорт командасының резерві құрамына кіретін мерзімді қызмет әскери қызметшілері-спортшыларына:

      "3 сыныпты маман" – "Спорт шеберіне кандидат" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері" немесе "Қазақстан Республикасы Кубогінің жүлдегері" атақтарының біреуін жеңіп алған (әскерге шақыру күнінен бастап үш айдан кейін);

      "2 сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "Спорт шеберіне кандидат" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Қазақстан Республикасының чемпионы" немесе "Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге (әскерге шақыру күнінен бастап алты айдан кейін).

      2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші-спортшыларға (дене шынықтыру және спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "3 сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Қазақстан Республикасының чемпионы" немесе "Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы" атақтарын жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "2 сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Азия чемпионатының жүлдегері", "Азия ойындарының жүлдегері", "Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "1 сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Азия ойындарының чемпионы", "Азия чемпионы", "Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "1 сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Әлем чемпионатының жүлдегері", "Әлем кубогінің жүлдегері", "Олимпиада ойындарының жүлдегері" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге.

      3) офицерлер құрамындағы әскери қызметшілер-спортшыларға (спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "3 сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Азия чемпионатының жүлдегері", "Азия ойындарының жүлдегері", "Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "2 сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атағы және таңдаған спорт түрінен "Азия ойындарының чемпионы", "Азия чемпионы", "Әлем Кубогі кезеңінің жүлдегері" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "1 сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Әлем чемпионатының жүлдегері", "Әлем кубогінің жүлдегері", "Олимпиада ойындарының жүлдегері", "Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "1 сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, "Еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен "Олимпиада ойындарының чемпионы", "Әлем чемпионы", "Әлем кубогінің жеңімпазы" атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге.

      4) Офицерлер құрамындағы әскери қызметшілерге (команда бастығына, бас жаттықтырушыға, команданың аға жаттықтырушысына, команданың жаттықтырушысына):

      "III сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі бар, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі бес жылдан кем емес болған, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының чемпионы", "Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы", "Азия жүлдегері", "Азия ойындарының жүлдегері", "Азия ойындарының чемпионы", "Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы" атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;

      "2 сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі сегіз жылдан кем емес болған, сондай-ақ "Азия чемпионы", "Азия ойындарының чемпионы", "Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері" атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;

      "1 сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он жылдан кем емес болған, сондай-ақ "Олимпиада ойындарының жүлдегері", "Әлем чемпионатының жүлдегері", "Әлем кубогінің жүлдегері", "Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы" атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;

      "1 сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он екі жылдан кем емес болған, сондай-ақ "Олимпиада ойындарының чемпионы", "Әлем чемпионы", "Әлем кубогінің жеңімпазы" атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге.

      25. Сыныптық біліктілік:

      сарбаздар мен сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер мен әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға сәйкес жылына бір рет;

      мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне – осы Қағидаларға сәйкес айқындалады.

      Ұлттық ұлан қолбасшыларыныңсыныптық біліктілігі бес жылда бір рет, ал өңірлік қолбасшылық қолбасшыларының, ҰҰ Әскери институты бастығының үш жылда бір рет анықталады.

      26. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға, сақтауға, төмендетуге, алып тастауға ұсынылған, алайда орынды себептермен (ауру, демалыс, іссапар) кәсіби даярлығы деңгейін тексеруге қатыспаған ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін айқындау тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен жүзеге асырылады.

      27. Әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін айқындау инспекторлық (қорытынды) тексерістер, мемлекеттік және бітіру емтихандары, аттестаттау кезеңінде (нәтижелері бойынша) жүргізіледі.

      28. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктіліктерін айқындау үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес комиссиялар құрылады.

      Комиссияны құру және оның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. ҰҰ әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығы деңгейін тексеру нәтижелері бойынша командир (бастық) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сыныптық біліктілікті беруге, жоғарылатуға, растауға, сақтауға, төмендетуге және алып тастауға ұсынылатын ҰҰ әскери қызметшілерінің тізімін (бұдан әрі – ҰҰ тізімі) комиссияның қарауына енгізеді.

      ҰҰ тізіміне, әр әскери қызметшіге жиынтық ведомостен үзінді қоса беріледі.

      Бұдан басқа, штаттық спорт командасының спортшылары мен жаттықтырушылары үшін спорттық атағын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жаттықтырушылық өтілі туралы қызметтік тізімінен үзінді, өткен жылғы спорттық жарыстардың қорытындысы туралы "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы анықтамасының көшірмесі ұсынылады.

      30. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау актісінде көрсетіледі (бұдан әрі – ҰҰ актісі).

      ҰҰ актісінің негізінде осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, сыныптық біліктілігін айқындау күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері, мерзімді қызметтегі сарбаздарды қоспағанда, сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу немесе төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін әскери бөлімдерге және қаржы бөліністеріне жіберіледі.

      Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықты жариялау, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның кеуде белгісін және 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның куәлігін беру әскери қызметшілердің қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі.

      31. Сыныптық біліктілік расталады:

      бала күтімі бойынша демалыстағы ҰҰ әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке шыққаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін төленеді;

      ведомстволық, әскери білім беру ұйымдарында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын ҰҰ әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тек оқу бітіріп, тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін төленеді;

      әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданған немесе ҰҰ-ға Қарулы Күштерден, басқа әскерлер және әскери құралымдардан, сондай-ақ басқа құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан ауысып келген адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу оны растағаннан кейін ғана төленеді.

      ҰҰ-дан еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан және қызметке қайта қабылданған адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу оны жыл қорытындысы бойынша растағаннан кейін ғана төленеді;

      ҰҰ қарамағындағы әскери қызметшілерге бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін төленеді;

      сот шешімі бойынша қызметін қалпына келтірген адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке қалпына келтіргеннен кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін төленеді.

      32. Егер олардың кінәсі бойынша:

      бар сыныптық біліктілігін растауға арналған өлшемшарттар орындалмаса;

      қаруды ұстау, қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери мүлікті және басқа материалдық құралдарды пайдалану бөлігінде "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығының талаптарын бұзуға жол берілген жағдайда, сондай-ақ жауынгерлік (ішкі) қызмет және жауынгерлік кезекшілік қағидалары өрескел бұзылса, ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін төмендету, алып тастау жүргізіледі.

      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшілерге қатысты жүргізіледі.

      33. Сыныптық біліктілігі төмендетілген (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) әскери қызметшілер төмендетілген күннен бастап бір жылдан ерте емес уақытта кезекті сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.

      34. Сыныптық біліктілігін беруге (жоғарылатуға, растауға) ҰҰ әскери қызметшілері:

      1) ҰҰ-ның қарамағында болған кезеңде;

      2) оларға қатысты қызметтік тергеу (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу – оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңде жіберілмейді.

      Қолданыстағы тәртіптік жазалары бар ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік берілмейді және жоғарылатылмайды. Бұл әскери қызметшілер тек бар сыныптық біліктілікті растауға жіберіледі.

2-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау және сақтау өлшемшарттары

      35. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау үшін мынадай кәсіби деңгей көрсету қажет:

      "3 сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлық" бағадан төмен емес (шекті мәндер орындалған) бағаланған.

      ҰҰ Әскери институтының бітіруші курсының курсанттары – егер мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер және диплом жұмысын (жобалар, міндеттер) қорғау нәтижелері бойынша "жақсы"деген бағадан төмен емес бағаға бағаланған;

      "2 сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" және "өте жақсы" деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған;

      "1 сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша 30%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша (шекті мәндер орындалған) "жақсы" деген бағаға бағаланған;

      "1 сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" – барлық тексерілген пәндер бойынша 50%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған.

3-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау

      36. ҰҰ әскери қызметшілеріне:

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына және оның орынбасарларына;

      Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы – "1 сыныпты маман – тәлімгер (шеберге)" дейін қоса алғанда;

      өңірлік қолбасшылық қолбасшылары, Әскери институт бастығы, тікелей бағыныстағы бөлім командирлері – "1 сыныпты маманға" дейінгі сыныптық біліктілігін қоса алғанда;

      әскери бөлім командирлері – "2 сыныпты маманға" дейінгі сыныптық біліктілігін қоса алғанда сыныптық біліктілікті беруді, жоғарылатуды, растауды, сақтауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады.

      Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген жоғары әскери оқу орындарының бітірушілеріне бітірушінің қызмет ету орнына келуі бойынша "3 сыныпты маман" сыныптық біліктіліктің біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде әскери бөлімнің командирі бөлім тізіміне енгізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.

      37. Сыныптық біліктілігі бар ҰҰ әскери қызметшілерін есепке алуды ҰҰ жауынгерлік даярлық бөліністері жүзеге асырады.

      Сыныптық біліктіліктер беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, ҰҰ әскери қызметшілерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Мақсат" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

4-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау тәртібі

      38. Қол жеткізген шеберлік деңгейіне, мақсаты бойынша міндеттерді орындауға даярлығына және әскери тәртіптің жай-күйіне байланысты инженерлік-техникалық құрам (бұдан әрі – ИТҚ маманы) лауазымдарында қызмет атқаратын ҰҰ әскери қызметшілеріне мынадай:

      "3 сыныпты маман";

      "2 сыныпты маман;

      "1 сыныпты маман";

      "Тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктіліктері беріледі.

      "Тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі барлық қызмет өткеру мерзіміне беріледі.

      39. ИТҚ мамандары сыныптық біліктілігін:

      "3 сыныпты маман" – жыл сайын;

      "2 сыныпты маман" – жыл сайын;

      "1 сыныпты маман" – екі жылда бір рет растайды.

      40. Сыныптық біліктілік беруге (жоғарылатуға, растауға) қолданыстағы тәртіптік жазалары жоқ, теориялық білімі мен жауынгерлік (кәсіби-лауазымдық) даярлық бойыншапрактикалық дағдыларын бақылау тексеруді "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес тапсырған ИТҚ мамандары ұсынылады.

      ИТҚ жауынгерлік (кәсіби-лауазымдық) даярлауға тактикалық, дене шынықтыру, саптық, атыс және мемлекеттік-құқықтық даярлығы, сондай-ақ радиациялық-химиялық биологиялық қорғау кіреді.

      41. Сыныптық біліктілікті беру (жоғарылату, растау және сақтау) кезінде ИТҚ мамандары Инженерлік-техникалық құрамды жауынгерлік даярлау курсының (бұдан әрі – ИТҚ ЖДК) инженерлік-техникалық даярлық бағдарламаларының көлемінде тексеріледі.

      42. ҰҰ авиациясының басқарушы инженерлік-техникалық құрамы өз мамандығы бойынша әрбір ИТҚ санаты үшін теориялық сұрақтар мен практикалық жұмыстардың бірыңғай тізбесін жасайды. Тізбеде бақылау және сынақ тақырыптары көрсетіледі.

      Сұрақтардың, бақылау және сынақ тақырыптарының тізбесін ҰҰ авиациясының бас инженері бекітеді.

      43. Сыныптық біліктілігін айқындау үшін ИТҚ мамандарының даярлығын бақылауды және ұйымдастыруды тікелей командирлері (бастықтар) бақылау және сынақ тақырыптарын білуін тексеру, сондай-ақ авиациялық техниканы пайдалану және тренажерлық жұмыстарды орындау барысында практикалық жұмыстарды орындау сапасын бағалау арқылы жүзеге асырады.

      Сынақ тақырыптарын білуі авиациялық техникаға байқау жүргізу және бөлімшелер мен бөлімдерді жоспарлы тексеру кезінде мамандардың авиациялық техникада жұмыстарды орындау сапасын бағалау, теориялық білімін тексеру арқылы бағаланады.

      44. Сыныпты мамандарды даярлау кезінде ИТҚ шешетін негізгі міндет барлық санаттағы инженерлік-техникалық құрамның өздерінің функционалдық және кәсіби дағдыларды орындауы болып табылады.

      45. Сыныптық біліктілігін айқындауға ИТҚ мамандарын даярлау (бақылау және сынақ тақырыптарын тапсыру) барысын есепке алу үшін әрбір ИТҚ маманына осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыныптылыққа сынауларға даярлығын бақылау карточкасы жүргізіледі.

      46. ИТҚ теориялық білімі және практикалық даярлық деңгейінің тиісті сыныптық біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкестігі арнайы және бақылау тексерістерін жүргізу арқылы анықталады.

      ИТҚ мамандарының практикалық дағдыларын бағалау сыныптылыққа сынауларға даярлығын бақылау карточкаларын талдау арқылы жүргізіледі.

      47. Теориялық білімін арнайы және бақылау тексеру кезінде ИТҚ мамандарының:

      1) авиациялық техниканы ИТҚ ЖДК сәйкес әуе кемесінің пайдаланылатын үлгісін техникалық пайдалану жөніндегі басшылық көлемінде;

      2) пайдаланылатын әуе кемесінің үлгісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылықты;

      3) инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттарды білуі тексеріледі.

      48. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға, сақтауға, төмендетуге, алып тастауға ұсынылған, бірақ орынды себептермен (ауру, демалыс, іссапар) кәсіби даярлық деңгейін тексеруге қатыспаған ИТҚ мамандары тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.

      49. ИТҚ мамандарына сыныптық біліктілігін растамаған жағдайда, сондай-ақ егер олардың кінәсі бойынша авиациялық оқиға немесе авиациялық техниканың бұзылуымен авиациялық апат болса, ҰҰ актісіне сәйкес сыныптық біліктілігі төмендетіледі.

      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшілерге қатысты жүргізіледі.

      50. Сыныптық біліктілікті беру, растау және сақтау үшін инженерлік-техникалық дайындық бойынша мынадай кәсіби деңгейді көрсету қажет:

      "3 сыныпты маман" - сыныптық біліктілігі жоқ ИТҚ маманы, барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлықтан" төмен емес баға алған;

      "2 сыныпты маман" - 3 сыныпты мамандар, кемінде 50%-ы "жақсыдан" төмен емес, ал басқаларынан "қанағаттанарлықтан" төмен емес;

      "1 сыныпты маман" - 2 сыныпты мамандар, кемінде 50%-ы "өте жақсыдан" төмен емес, ал басқаларынан "жақсыдан" төмен емес.

      "Тәлімгер (шебер)" - 1 сыныпты мамандар, кемінде 80%-ы "өте жақсыдан" төмен емес, ал басқаларынан "жақсыдан" төмен емес.

      51. Ұсынымдар мен басқа да материалдар (сыныптық біліктілік сынақтарына даярлығын бақылау карточкасы, кәсіби даярлықты тексеру ведомосінен үзінді көшірме, сыныптық біліктілікті беруге (жоғарылатуға, растауға және сақтауға) арналған тізім шешім қабылдау және сыныптық біліктілікті беру (жоғарылату, растау, сақтау, төмендету, алып тастау) туралы бұйрық шығару үшін тиісті біліктілік комиссияларына жіберіледі.

      52. ИТҚ мамандарының сыныптық біліктіліктерін айқындау үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес комиссиялар құрылады.

      Комиссияны құру және оның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      53. ИТҚ мамандарының сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойыншаҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы актіде (бұдан әрі – ИТҚ актісі) көрсетіледі.

      ИТҚ актісінің негізінде осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ИТҚ мамандарына сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, сыныптық біліктілігін анықтау күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері әскери бөлімдерге, сондай-ақ сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу немесе төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін қаржы бөліністеріне жіберіледі.

      Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықты жариялау, сонымен бірге осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның куәлігі және 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның кеуде белгісі салтанатты жағдайда ИТҚ мамандарының қызмет өткеру орны бойынша жүргізіледі.

      54. ИТҚ мамандарына:

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – "Тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігін;

      ҰҰ Бас қолбасшысы – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігіне дейін қоса;

      авиациялық бөлімнің командирі – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, сақтауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады.

      55. Сыныптық біліктілігі бар ИТҚ мамандарын есепке алуды ҰҰ авиациясының басшылық инженерлік-техникалық құрамы жүргізеді.

      Сыныптық біліктіліктер беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне және ҰҰ "Мақсат" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

4-тарау. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

1-параграф. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі

      56. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері) сыныптық біліктілігін айқындау оқу жылының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

      57. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының деңгейіне, ІІО жүйесінде жұмыс тәжірибесі мен өтіліне, қызметке адалдығына, жоғары кәсіби шеберлікке қол жеткізуіне байланысты АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне мынадай сыныптық біліктіліктер ретімен беріледі:

      "2 сыныпты маман" – ІІО жүйесінде кемінде бес жыл қызмет өтілі бар (АҚО кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін – кемінде үш жыл), осы Қағидалардың 73-тармағында көзделген кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар және ІІО жүйесінде кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар (АҚО кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін – кемінде бес жыл), осы Қағидалардың 73-тармағында көзделген кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар және ІІО жүйесінде кемінде он жыл қызмет өтілі бар (АҚО кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін – кемінде жеті жыл),осы Қағидалардың 73-тармағында көзделген кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне.

      58. Сыныптық біліктілігін беру ІІО жүйесіндегі қызмет өтілі үзіліссіз болған жағдайда жүзеге асырылады.

      59. ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарының түлектеріне оқу мерзімі сыныптық біліктілігін айқындау үшін жалпы қызмет өтіліне есептеледі.

      60. Сыныптық біліктілік расталады:

      АҚО-ға қызметке басқа құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, Қорғаныс министрлігінен, Қарулы Күштерден, басқа әскерлер және әскери құралымдардан ауысу (жіберу) тәртібімен келген адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағаннан кейін ғана төленеді. Бұл ретте, жоғары тұрған сыныптық біліктілігін беру үшін қызмет өтілі бұрынғы сыныптық біліктілігін растаған сәттен бастап есептеледі;

      АҚО-да еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау органының қайта ұйымдастырылуына байланысты құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылған және қызметке қайта қабылданған адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағаннан кейін ғана төленеді. Бұл ретте, жоғары тұрған сыныптық біліктілігін беру үшін қызмет өтілі бұрынғы сыныптық біліктілігін растаған сәттен бастап есептеледі;

      ІІО ведомстволық білім беру ұйымдарында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тек оқу бітіріп, тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағаннан кейін ғана төленеді;

      бала күтімі бойынша демалыстағы АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке шыққаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін төленеді;

      АҚО-ның қарамағындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілерге бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін төленеді;

      сот шешімі бойынша қызметін қалпына келтірген адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке қалпына келтіргеннен кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін төленеді.

      61. ІІО жүйесінде он жылдан астам жұмыс істеген, осы Қағидалардың талаптарына жауап беретін және сыныптық біліктілігі болмаған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.

      62. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату және растау сыныптық біліктілігін анықтау басталғанға дейін кадр қызметіне осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімінде (бұдан әрі – АҚО тізімі) қызметтер ұсынылған сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға талаптанушы АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жүргізіледі.

      Басшылар (бастықтар) ұсынылатын тізімдердің уақтылылығын, объективтілігін және шынайылығын қамтамасыз етеді.

      63. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға ұсынылған, алайда орынды себептермен (ауру, демалыс, іссапар) оқу жылының қорытындылары бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары деңгейін тексеруге қатыспаған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін алты айдан кейін кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары деңгейін тексерудің нәтижелері бойынша сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.

      64. Осы Қағидалардың 68-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін айқындаудан өтпеген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері орган (бөлініс) бастығы немесе сот тәртіптік жаза салудың заңсыздығы туралы шешім шығарған жағдайда тәртіптік жазаның күшін жою туралы орган бастығының бұйрығы шыққаннан немесе сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.

      Бұл жағдайда, жоғарыда көрсетілген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің басшылары (бастықтары) бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде кадр қызметіне тиісті құжаттарды қоса отырып дәлелді хат жолдайды.

      65. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктіліктерін айқындау жөніндегі комиссияны құру, оның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      66. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы актіде (бұдан әрі – АҚО актісі) көрсетіледі.

      67. АҚО актісінің негізінде күнтізбелік он күн ішінде АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарылады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері сыныптық біліктілікке тиісті үстемеақы есептеу немесе төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін қаржы бөліністеріне жіберіледі.

      68. Сыныптық біліктілігін беруге (жоғарылатуға, растауға) АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері:

      1) АҚО-ның қарамағында болған кезеңде;

      2) қолданыстағы тәртіптік жазалары болғанда;

      3) оларға қатысты қызметтік тергеу (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу – оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңде жіберілмейді.

      69. Сыныптық біліктілік берілген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне кадр қызметтері осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік кеуде белгілерін және 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік куәліктерін береді.

      70. Бұйрықты жариялау және сыныпты маманның кеуде белгісін беру салтанатты түрде саптың алдында немесе жиналыста өткізіледі.

      71. Сыныптық біліктілігін алып тастау, төмендету АҚО актісіне сәйкес:

      1) оқу жылының қорытындысын шығару кезінде құқықтық, арнайы, дене шынықтыру және өрт сөндіру-құтқару даярлығының бірінен қанағаттанарлықсыз нәтиже алған;

      2) АҚО тізімдерінде ұсынылған, бірақ оқу жылының қорытындысын шығару кезеңінде құқықтық, арнайы, дене шынықтыру және өрт сөндіру-құтқару даярлығының бірінен шекті нәтижелерге қол жеткізбеген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жүргізіледі.

      Бұл ретте, сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты жүргізіледі.

      Оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктіліктері төмендетілген және алып тасталынған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері алты ай өткен соң кәсіби даярлығы деңгейін қайта тексеру кезінде бұрынғы сыныптық біліктілігін қалпына келтіруге талаптануына болады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн егер онда өзгеше айтылмаса,сыныптық біліктілігін қалпына келтіру күні болып есептеледі.

      72. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету, алып тастау туралы материалдар кадр қызметтерінің номенклатуралық істерінде сақталады және мынадай құжаттарды:

      сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға талаптанушы АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімі;

      АҚО актісін;

      сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықтың көшірмесін қамтиды.

2-параграф. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау өлшемшарттары

      73. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 95 қбпү бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15310 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың қағидаларында көзделген нормативтерге сәйкес, АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері оқу жылының қорытындысын шығару кезінде мынадай шекті нәтижелерге қол жеткізулері қажет:

      "2 сыныпты маман" – құқықтық, арнайы даярлықтары бойынша 70%-дан кем емес дұрыс жауап, өрт сөндіру-құтқару және дене шынықтыру даярлықтары бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес;

      "1 сыныпты маман" – құқықтық, арнайы даярлықтары бойынша 75%-дан кем емес дұрыс жауап, өрт сөндіру-құтқару және дене шынықтыру даярлықтары бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес;

      "1 сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" – құқықтық, арнайы даярлықтары бойынша 80%-дан кем емес дұрыс жауап, дене шынықтыру даярлығы бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес және өрт сөндіру-құтқару даярлығы бойынша"өте жақсы" деген бағадан төмен емес.

3-параграф. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау

      74. АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына және оның орынбасарларына, облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің, "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастықтарына және олардың орынбасарларына;

      ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы – ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің аппаратында қызмет өткеретін АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      Облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары – жедел қызмет көрсету аумағында орналасқан АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы – "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне.

      75. Сыныптық біліктілігі бар АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін есепке алуды АҚО кадр қызметтері жүргізеді.

      Сыныптық біліктіліктер беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне және ІІМ "Кадр" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

20_____ оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға және растауға талаптанушы ______________________ (бөліністің атауы) ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімі

Р/с

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Білімі

Қай уақыттан бастап ІІО жүйесінде (күні, айы, жылы)

Сыныптық біліктілігі, берілгені (расталғаны, жоғарылатылғаны, төмендетілгені, алыптасталғаны) туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді (растады, төмендетті, алып тастады)

Қолданыстағы тәртіптік жазасы (болған жағдайда)

Қандай сыныптық біліктілігін беруге (жоғарылатуға, (растауға) талаптанады

1

2

3

4

5

6

7

8









      Бөлініс

      бастығы (басшысы) _________________________________________________________

                                    (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

ІІО полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы акті

      Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, арнаулы атағы,Т.А.Ә. (болған жағдайда)), комиссия төрағасының орынбасары (лауазымы, арнаулы атағы,Т.А.Ә. (болған жағдайда)) және комиссия мүшелері (лауазымы, арнаулы атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға ұсынылған құжаттарды және 20___жылғы "_____" ___________ мен "_____" ___________ аралығында өткізілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби даярлығының нәтижелерін қарап айқындайды:

Р/с

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Қай уақыттан бастап ІІО жүйесінде (күні, айы, жылы)

Сыныптық біліктілігі, берілгені (жоғарылатылғаны, расталғаны, төмендетілгені, алып тасталғаны) туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді (растады, төмендетті, алып тастады)

Нәтижелері (тиісті сыныптық біліктіліктер үшін бағалау өлшемшарттары бойынша)

Комиссия қорытындысы

Құқықтық даярлық

Арнайы даярлық

Атыс даярлығы (теория)

Практикалық атыс

Дене шынықтыру даярлығы

Жауынгерлік күрес тәсілдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12






Өтті-өтпеді

Өтті/өтпеді

Өтті/өтпеді

баға

баға

баға


      Комиссия төрағасы _______________________________________________________________

      Төрағаның орынбасары ___________________________________________________________

      Комиссия мүшелері_______________________________________________________________

      Комиссия хатшысы _______________________________________________________________

      20___жылғы "____"_______________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ "1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



"1-СЫНЫПТЫ МАМАН" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



"2-СЫНЫПТЫ МАМАН" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Сыныптық біліктілік куәлігі

      1. Мұқабаның бірінші жағы:

      үстінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ";

      ортасында "ІІМ эмблемасы";

      астында"Сыныптық біліктілік КУӘЛІГІ".

      2. Мұқабаның екінші жағы:

_______________________________________________
(арнаулы атағы – специальное звание)
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) – фамилия, имя, отчество (при его наличии))
"2-ші сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 2 класса"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

      3. Мұқабаның үшінші беті:

"1-ші сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 1 класса"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

      4. Мұқабаның төртінші беті:

"1-ші сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 1 класса-наставник (мастер)"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

      5. Мұқабаның бесінші, алтыншы, жетінші беттері:

"___________________________________________"
сыныптық біліктілігін растады.
Подтверждена классная квалификация
"___________________________________________"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" ________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға, сақтауға, төмендетуге және алып тастауға ұсынылатын ҰҰ әскери қызметшілерінің тізімі

Р/с

Лауазымы

Ә/атағы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бұрын берілген сыныптық біліктілігі (кім берді, бұйрықтың № мен күні) (болған жағдайда)

Жұмыс (қызмет) өтілі

Қорытынды нәтиже

Қолданыстағы жазалардың болуы

Біліктілік комиссиясының ұсынысы

1.









2









      Қосымша: жиынтық ведомостен үзінді.

      Әскери бөлімінің командирі

      полковник

      М.О.

      20____ жылғы "_____" __________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау туралы акті

      Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)), комиссия төрағасының орынбасары (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) және комиссия мүшелері (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға, сақтауға, төмендетуге және алып тастауға ұсынылған құжаттарды және 20___жылғы "_____" ___________ мен "_____" ___________ аралығында өткізілген ҰҰ әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығының нәтижелерін қарап айқындайды:

Р/с

Лауазымы

Ә/атағы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бұрын берілген сыныптық біліктілігі (кім берді, бұйрықтың № мен күні)

Жұмыс (қызмет) өтілі

Қорытынды нәтиже

Қолданыстағы жазаларының болуы

Біліктілік комиссиясының шешімі

1.









2









      Комиссия төрағасы _______________________________________________________________

      Төрағаның орынбасары ___________________________________________________________

      Комиссия мүшелері_______________________________________________________________

      Комиссия хатшысы _______________________________________________________________

      20___жылғы "____"_______________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

СЫНЫПТЫ МАМАННЫҢ КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ "1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)" әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) арналған кеуде белгісі



"1-СЫНЫПТЫ МАМАН" әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) арналған кеуде белгісі



"2-СЫНЫПТЫ МАМАН" әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) арналған кеуде белгісі



"3-СЫНЫПТЫ МАМАН" әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) арналған кеуде белгісі



"2-СЫНЫПТЫ МАМАН" мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған кеуде белгісі



"3-СЫНЫПТЫ МАМАН" мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған кеуде белгісі



  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Сыныпты маманның куәлігі

      1. Мұқабаның бірінші жағы:

      Үстінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ";

      ортасында "ҰҰ эмблемасы";

      астында "Сыныпты маманның КУӘЛІГІ".

      2. Мұқабаның екінші жағы:

_______________________________________________
(әскери атағы – воинское звание)
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) – фамилия, имя, отчество (при его наличии))
"2-ші сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 2 класса"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
________________________
Командирдің (бастықтың) қолы
М.О.
М.П.

      3. Мұқабаның үшінші беті:

"1-ші сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 1 класса"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
________________________
Командирдің (бастықтың) қолы
М.О.
М.П.

      4. Мұқабаның төртінші беті:

"1-ші сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 1 класса-наставник (мастер)"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
________________________
Командирдің (бастықтың) қолы
М.О.
М.П.

      5. Мұқабаның бесінші, алтыншы, жетінші беттері:

"___________________________________________"
сыныптық біліктілігін растады.
Подтверждена классная квалификация
"___________________________________________"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" ________ №______ бұйрығы
________________________
Командирдің (бастықтың) қолы
М.О.
М.П.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

_______________________________ сыныптылыққа сынауларға ___________________________________________ даярлығын бақылау (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) КАРТОЧКАСЫ

Р/с

Теориялық сұрақтың мазмұны

Бақылау тақырыптары

Сынақ сұрақтары Орындалғаны туралы белгі (күні)

Тақырыпты игеру бағасы. Қосымша тапсырмалар туралы ұсыныстар және мерзімі

1

Ұшақтың конструкциясы

1. Ұшақтың жалпы сипаттамасы
2. Ұшақтыңпланері
3. Ұшу-қону құрылғылары

1. Ұшақтың аэродинамикалық құрылысы
2. Ұшу-тактикалық деректері

Тақырып _____ деген бағаға игерілді немесе:
Ұшу-қону құрылғыларының сипаттамаларын пысықтау қажет

      (карточканың сыртқы жағы)

Р/с №

Практикалық жұмыстардың түрлері

Бақылау жұмыстары. Орындалғаны туралы белгі

Сынақ жұмыстары.
Орындалғаны туралы белгі

Практикалық жұмыстарды игеру бағасы немесе қосымша жұмыстарды орындау бойынша ұсыныстар және мерзімі

1.

Ұшақтыұшуға дайындау

1. Әуе кемесіне оттегін толтыру
2. Жанар-жағармай материалдарын құю
3. Жанармайды ағызу

1. Жанар-жағармай материалдарын құю
2. Жанармайды ағызу

Практикалық жұмыстар _____ деген бағаға игерілді немесе: қосымша тренажерлар мен сабақтар өткізу қажет

2.

Реттеу жұмыстары

1. Дөңгелектердің тежеу жүйесін реттеу
2. Басқару жүйесін реттеу
3. Қанатшаларын реттеу

1. Басқару жүйесін реттеу
2. Қанатшаларын реттеу


      Ескертпе:

      1. 3-баған инженерлік-техникалық құрамды жауынгерлік даярлау курсының тақырыбын және пайдалану тәжірибесін қолдана отырып толтырылады.

      2. Сынақ жұмыстары бақылау жұмыстарының негізгілерінен тұруы тиіс.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
10-қосымша
Нысан

СЫНЫПТЫ МАМАННЫҢ КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ "ТӘЛІМГЕР – ШЕБЕР" Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



"1-СЫНЫПТЫ МАМАН" Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



"2-СЫНЫПТЫ МАМАН" Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



"3-СЫНЫПТЫ МАМАН" Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
11-қосымша
Нысан

20_____ оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға және растауға талаптанушы __________________ (бөліністің атауы) АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімі

Р/с

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Білімі

Қай уақыттан бастап ІІО жүйесінде (күні, айы, жылы)

Сыныптық біліктілігі, берілгені (расталғаны, жоғарылатылғаны, төмендетілгені, алып тасталғаны) туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді (жоғарылатты, растады, төмендетті, алып тастады)

Қолданыстағы тәртіптік жазасы (болған жағдайда)

Қандай сыныптық біліктілігін беруге (жоғарылатуға, (растауға) талаптанады

1

2

3

4

5

6

7

8









      Бөлініс

      бастығы (басшысы) _______________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы акті

      Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, арнаулы атағы, Т.А.Ә. (болған

      жағдайда)), комиссия төрағасының орынбасары (лауазымы, арнаулы атағы, Т.А.Ә. (болған

      жағдайда)) және комиссия мүшелері (лауазымы, арнаулы атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға

      ұсынылған құжаттарды және 20___жылғы "_____" ___________ мен "_____" ___________

      аралығында өткізілген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығының

      нәтижелерін қарап айқындайды:

Р/с

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Қай уақыттан бастап ІІО жүйесінде (күні, айы, жылы)

Сыныптық біліктілігі, берілгені (жоғарылатылғаны, расталғаны, төмендетілгені, алып тасталғаны) туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді (растады, төмендетті, алып тастады)

Нәтижелері (тиісті сыныптық біліктіліктер үшін бағалау өлшемшарттары бойынша)

Комиссия қорытындысы

Құқықтық даярлық

Арнайы даярлық

Дене шынықтыру даярлығы

Өрт сөндіру-құтқару даярлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






Өтті/ өтпеді

Өтті/өтпеді

баға

баға


      Комиссия төрағасы _______________________________________________________________

      Төрағаның орынбасары ___________________________________________________________

      Комиссия мүшелері_______________________________________________________________

      Комиссия хатшысы _______________________________________________________________

      20___жылғы "____"_______________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ "1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)" АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



"1-СЫНЫПТЫ МАМАН" АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



"2-СЫНЫПТЫ МАМАН" АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі



  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, сақтау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
14-қосымша
  Нысан

Сыныптық біліктілік куәлігі

      1. Мұқабаның бірінші жағы:

      үстінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ";

      ортасында "ТЖК эмблемасы";

      астында"Сыныптық біліктілік КУӘЛІГІ".

      2. Мұқабаның екінші жағы:

_______________________________________________
(арнаулы атағы – специальное звание)
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) – фамилия, имя, отчество (при его наличии))
"2-ші сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 2 класса"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

      3. Мұқабаның үшінші беті:

"1-ші сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 1 класса"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

      4. Мұқабаның төртінші беті:

"1-ші сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация "Специалист 1 класса-наставник (мастер)"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" __________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

      5. Мұқабаның бесінші, алтыншы, жетінші беттері:

"___________________________________________"
сыныптық біліктілігін растады.
Подтверждена классная квалификация
"___________________________________________"
Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. "____" ________ №______ бұйрығы
Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________
Подпись руководителя кадрового аппарата органа
М.О.
М.П.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 208 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10336 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 511 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11668 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15017 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 18 мамырдағы 350 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15245 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).