Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 16731 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді басылымдарда ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 208 бұйрығына
1-қосымша

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 22.08.2022 № 693 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - ҰҰ) әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және сақтау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі.

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. ІІО-ның әрбір қызметкері және әскери қызметшісінің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері) сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату оқу жылының нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының деңгейіне, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарындағы, әскери және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі тәжірибесі мен қызмет өтіліне, сондай-ақ қызметтік тәртіптің жай-күйіне байланысты ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне мынадай сыныптық біліктіліктер:

      "2-сыныпты маман" - кемінде бес жыл қызмет өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін - кемінде үш жыл), осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының түрлері бойынша қажетті шекті деңгейге қол жеткізген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман" – сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін - кемінде бес жыл), осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының түрлері бойынша қажетті шекті деңгейге қол жеткізген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін - кемінде жеті жыл), осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының түрлері бойынша қажетті шекті деңгейге қол жеткізген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне ретімен беріледі.

      4. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарындағы, әскери және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі жалпы қызмет өтілі болған кезде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, ІІО-ға қызметке мемлекеттік органдардан келген және осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында, 36-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сыныптық біліктілігін айқындауды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асыратын басшы лауазымдарға тағайындалған адамдарға "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі беріледі.

      5. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық білім беру ұйымдарының түлектеріне оқу мерзімі сыныптық біліктілігін беру үшін жалпы қызмет өтіліне есептеледі.

      6. Бар сыныптық біліктілігі:

      екі айдан астам уақыт қарамағында, бала күтімі бойынша демалыста болған, ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген және ІІО лауазымына қайта тағайындалған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      ІІО-ға қызметке басқа құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен келген адамдарға;

      құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, әскери және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен босатылған және ІІО-ға қызметке қайта қабылданған адамдарға;

      сот шешімі бойынша қызметке қайта алынған адамдарға тиісті үстемеақыны белгілей отырып, лауазымға тағайындалған кезде ішкі істер органдары (бөліністері) басшыларының бұйрығымен расталады.

      7. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда он жылдан астам үзіліссіз қызмет өтілі бар, сыныптық біліктілігі бұрын болмаған, осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес келетін және оқу жылының қорытындысын шығару кезінде практикалық атыстан, дене дайындығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша "өте жақсы" деген баға алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 95 қбпү бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15310 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене дайындығын ұйымдастыру қағидаларында көзделген нормативтерге сәйкес (бұдан әрі- ІІО қызметкерлерінің кәсіби даярлығын ұйымдастыру қағидасы), ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне бақылау тестілеуінің тексерілетін пәндері бойынша 80% кем емес дұрыс жауап берген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі беріледі.

      8. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату осы Қағидаларға сәйкес келетін бөліністердің сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімінде (бұдан әрі-ІІО тізімі) ұсынылған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жүргізіледі.

      9. Кәсіби қызметтік және дене даярлығын ұйымдастыруға жауапты басшылар (бастықтар) ұсынылатын тізімдердің уақтылылығын, объективтілігін және шынайылығын қамтамасыз етеді.

      10. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға ұсынылған және орынды себептермен (сырқаттану, демалыс, іссапар) оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін тексеруге қатыспаған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері осы мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін бір ай ішінде осы Қағидаларға сәйкес сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға ұсынылады.

      Бұл ретте, ІІО қызметкері мен әскери қызметшісі қайтадан болмаған не бір мән-жай (сырқаттану, демалыс, іссапар) басқасына ауысқан жағдайда сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату үшін уақыт соңғысынан бөлінеді.

      11. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін айқындаудан өтпеген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері орган (бөлініс) бастығы немесе сот қолданған тәртіптік жазаның заңсыздығы туралы шешім шығарылған жағдайда тәртіптік жазаның күшін жою туралы орган бастығының бұйрығы шыққаннан немесе сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде осы Қағидаларға сәйкес сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға ұсынылады.

      Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің басшылары (бастықтары) бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кәсіби даярлық бөліністеріне тиісті құжаттарды қоса отырып, дәлелді хат жолдайды.

      12. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындауды, сондай-ақ олар бойынша шағымдар мен өтініштерді қарауды кәсіби даярлық бөліністері жүзеге асырады.

      Осы жағдайда ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілердің басшылары (бастықтары) 10 жұмыс күні ішінде шен беру, сыныптық біліктілігін жоғарылату туралы бұйрықты шығарып, негізделген хатпен кәсби даярлық бөліністеріне жолдайды.

      13. ІІО қызметкерлері және әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО полиция, қылмыстық-атқару жүйесі және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру туралы актіде (бұдан әрі - ІІО актісі) көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ІІО актісінің негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн ІІО қызметкері мен әскери қызметшісіне сыныптық біліктілікті беру күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу үшін қаржы қызметтеріне жіберіледі.

      ІІО-ның қалалық, аудандық, желілік бөліністері бұйрықтардың көшірмелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция және көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД (К)) кадр қызметтеріне жолдайды.

      15. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері:

      1) ІІО қарамағында болған кезеңде;

      2) қолданыстағы тәртіптік жазалары болғанда;

      3) оларға қатысты қызметтік тергеп-тексеру (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңде жіберілмейді.

      16. Сыныптық біліктілік берілген, жоғарылатылған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне кәсіби даярлық бөліністері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік кеуде белгілерін береді.

      17. Бұйрықты жариялау және сыныптық біліктілік кеуде белгісін табыс ету салтанатты түрде саптың алдында немесе жиналыста өткізіледі.

      18. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін төмендету және алып тастау "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған кезде ішкі істер органдары (бөліністер) басшыларының бұйрығымен жүргізіледі,

      Бұл ретте, сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты жүргізіледі.

      19. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру туралы материалдар кәсіби даярлық бөліністерінің номенклатуралық істерінде сақталады және мынадай құжаттарды:

      ІІО тізімі;

      ІІО актісі;

      сыныптық біліктілігін беру туралы бұйрықтың көшірмесін қамтиды.

2-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату өлшемшарттары

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын ұйымдастыру қағидаларында көзделген нормативтерге сәйкес ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері мынадай шекті нәтижелерге қол жеткізулері қажет:

      "2-сыныпты маман" – бақылау тестілеуінің тексерілетін пәндері бойынша 70% -дан кем емес дұрыс жауап, атыстардың бақылау жаттығуларын орындау нәтижелері бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес, дене дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша қорытынды бағаны "жақсы" деген бағадан төмен емес;

      "1-сыныпты маман" – бақылау тестілеуінің тексерілетін пәндері бойынша 75% -дан кем емес дұрыс жауап, атыстардың бақылау жаттығуларын орындау нәтижелері бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес, дене дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша қорытынды бағаны "жақсы" деген бағадан төмен емес;

      "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – бақылау тестілеуінің тексерілетін пәндері бойынша 80% -дан кем емес дұрыс жауап, атыстардың бақылау жаттығуларын орындау нәтижелері бойынша "өте жақсы" деген бағадан төмен емес, дене дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша қорытынды бағаны "жақсы" деген бағадан төмен емес.

3-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ІІМ Аппаратының басшысына, Министрдің кеңесшілеріне, Министрдің режим жөніндегі көмекшісіне, комитеттердің төрағаларына, ІІМ орталық аппаратының департаменттері мен дербес бөліністерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД, Көліктегі ПД, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ІІМ орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, (Астана қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлеріне және олардың орынбасарларына, қызметкерлеріне және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне;

      3) ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамына;

      4) ПД, Көліктегі ПД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары – ПД, Көліктегі ПД аппаратының (оның ішінде өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлеріне) ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшы құрамына;

      5) ІІО-ның қалалық, аудандық, желілік бөліністерінің, (Нұр-Сұлтан қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Солтүстік", "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың бастықтары, түзеу мекемелерінің, тергеу изоляторларының, түрмелер мен қоныс колонияларының бастықтары, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командирі, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлері, оларға теңестірілген саптық бөліністердің командирлері – бөліністердің жеке құрамына.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Сыныптық біліктілігі бар ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін есепке алуды ІІО кәсіби даярлық бөліністері жүргізеді.

      Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтерді кадр қызметтері бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, ІІО қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне, сондай-ақ автоматтандырылған ведомстволық деректер банкіне енгізеді.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

1-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау тәртібі

      23. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және сақтау (бұдан әрі - сыныптық біліктілікті айқындау) ҰҰ-ның әрбір әскери қызметшісінің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру, олардың атқаратын лауазымы бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыруға әзірлік дәрежесін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      Кәсіби даярлығының деңгейіне, əскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы қызметтегі, фельдъегерлік қызметтегі тәжірибесі мен қызмет өткеру уақытына (өтіліне), сондай-ақ әскери тәртіптің жағдайына байланысты ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне (ұшқыштар құрамының және авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандарының әскери-есептік мамандықтарына сәйкес келетін лауазымдарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді қоспағанда) мынадай сыныптық біліктіліктер:

      "3 сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі бар (шақыру бойынша әскери қызметшілер үшін үш айдан кейін), осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне;

      "2 сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар (шақыру бойынша әскери қызметшілер үшін алты айдан кейін), осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар, осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген (шақыру бойынша әскери қызметшілерден басқа) ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1 сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген (шақыру бойынша әскери қызметшілерден басқа) ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне ретімен беріледі, расталады және сақталады.

      Күнтізбелік есептеумен 25 және одан көп жыл өтілі бар әскери қызметшілердің "1 сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі, осы Қағидалардың 32-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, одан әрі растаусыз қызметінің соңына дейін белгіленген үстемеақыны төлей отырып сақталады.

      24. ҰҰ спорт командасын даярлау орталығының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігі:

      1) ҰҰ спорт командасын даярлау орталығының резерві құрамына кіретін шақыру бойынша әскери қызметші-спортшыларына:

      "3-сыныпты маман" – "Спорт шеберіне кандидат" атағынан төмен емес спорттық разряды (атағы) бар ҰҰ әскери қызметшілеріне әскерге шақыру күнінен бастап үш айдан кейін;

      "2-сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "Спорт шеберіне кандидат" атағынан төмен емес спорттық разряды бар ҰҰ әскери қызметшілеріне әскерге шақыру күнінен бастап алты айдан кейін.

      2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші-спортшыларға (дене шынықтыру және спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "3-сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне.

      3) офицерлер құрамындағы әскери қызметші-спортшыларға (спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "3-сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман"– "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, "Еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, "Еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне.

      4) офицерлер құрамындағы әскери қызметшілерге (команда бастығына, бас жаттықтырушыға, команданың аға жаттықтырушысына, команданың жаттықтырушысына):

      "3-сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы немесе кемінде бір жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" – "3-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы немесе кемінде төрт жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ "Азия чемпионы", "Азия ойындарының чемпионы", "Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері" атақтарының бірін жеңіп алған спортшыны дайындаған ҰҰ әскери қызметшілеріне беріледі, расталады және сақталады:

      "1-сыныпты маман" – "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағы немесе кемінде жеті жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ "Олимпиада ойындарының жүлдегері", "Әлем чемпионатының жүлдегері", "Әлем кубогінің жүлдегері", "Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы" атақтарының бірін жеңіп алған спортшыны дайындаған ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе кемінде он жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ "Олимпиада ойындарының чемпионы", "Әлем чемпионы", "Әлем кубогінің жеңімпазы" атақтарының бірін жеңіп алған спортшыны дайындаған ҰҰ әскери қызметшілеріне беріледі, расталады және сақталады.

      ҰҰ спорт командасын даярлау орталығының спорттық атақтары жоқ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктіліктері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпы негізде айқындалады.

      25. Сыныптық біліктілік:

      Әскери қызметшілер және мен сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер мен әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға сәйкес жылына бір рет;

      авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті мамандары лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге осы Қағидалардың 3-тарауының 4-параграфына сәйкес;

      ұшқыштардың әскери-есептік мамандықтарына сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге осы Қағидалардың 3-тарауының 5-параграфына сәйкес;

      шақыру бойынша әскери қызметшілерге – осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес айқындалады.

      Шақыру бойынша әскери қызметшілер келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде бұған дейін мерзімді қызмет кезеңінде берілген сыныптық біліктілігі ескерілмейді.

      26. Әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін айқындау негізгі оқыту пәндері бойынша қорытынды (инспекторлық) тексерістер, мемлекеттік және бітіру емтихандары, сондай-ақ күрең берет пен күрең түсті тельняшка кию құқығына біліктілік сынақтары (бұдан әрі – біліктілік сынақтары) нәтижесі бойынша айқындалады.

      27. Сыныптық біліктілігін беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге ұсынылған, алайда орынды себептермен (сырқаттану, демалыс, іссапар) кәсіби даярлығы деңгейін тексеруге қатыспаған ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігі сақталады, ал белгіленген үстемеақы төлеу тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде сыныптық біліктілікті айқындаған соң жүргізіледі. Бұл ретте, әскери қызметші қайта болмаған жағдайда немесе бір жағдай (сырқаттану, демалыс, іссапар) екіншісіне ауысқан кезде сыныптық біліктілікті айқындауға арналған уақыт соңғысымен есептеледі.

      Әскери қызметші жоғарыда көрсетілген мән-жайлар тоқтағаннан кейін бір ай өткен соң кәсіби даярлық деңгейін тексеру үшін келмеген жағдайда сыныптық біліктілік бір сатыға төмендетіледі.

      28. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес комиссиялар құрылады.

      Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және басқарма (бөлім, бөлімше) бастықтарының қатарынан кемінде үш мүшеден тұрады. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің бұйрықтарымен жыл сайын бекітіледі.

      Комиссия мүшелері болмаған жағдайда олардың міндеттерін уақытша атқарушылармен ауыстыруға болады.

      Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      сыныптық біліктілікті беруге, растауға, төмендетуге, сақтауға арналған материалдарды қарау;

      ұсынылған мәліметтердің объективтілігін және шынайлығын тексеру;

      сыныптық біліктілікті айқындаумен байланысты шағымдар мен өтініштерді қарау.

      29. ҰҰ әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығы деңгейін, біліктілік сынақтарын тексеру нәтижелері бойынша командир (бастық) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге, жоғарылатуға, растауға, сақтауға және төмендетуге ұсынылатын ҰҰ әскери қызметшілерінің тізімін (бұдан әрі – ҰҰ тізімі) комиссияның қарауына енгізеді.

      ҰҰ тізіміне, әр әскери қызметшіге жиынтық ведомостен үзінді, ал біліктілік сынақтарынан сәтті өткен АМБ әскери қызметшілеріне сынақтардың нәтижелері туралы бұйрықтан үзінді қоса беріледі.

      Бұдан басқа, спорт командасын даярлау орталығының спортшылары мен жаттықтырушылары үшін спорттық атағын немесе разрядын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жаттықтырушылық өтілі туралы қызметтік тізімінен үзінді ұсынылады.

      30. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, растау, сақтау және төмендету туралы актіде (бұдан әрі – ҰҰ актісі) көрсетіледі.

      ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, растау, сақтау және төмендету ҰҰ актісінің негізінде жүргізіледі, ол осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың бұйрығымен күнтізбелік он күн ішінде бекітіледі.

      ҰҰ актісін бекіту туралы бұйрыққа қол қойылған күн сыныптық біліктілігін айқындау күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу немесе төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін әскери бөлімдерге, сондай-ақ қаржы бөліністеріне жіберіледі.

      Бұйрықты жариялау әскери қызметшілердің қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі, әскери қызметшілерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік кеуде белгілері беріледі.

      31. Сыныптық біліктілік расталады:

      бала күтімі бойынша демалыстағы ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке шыққаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      ведомстволық, әскери білім беру ұйымдарында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тек оқуды бітіріп, тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданған немесе ҰҰ-ға Қарулы Күштерден, басқа әскерлер және әскери құралымдардан, сондай-ақ басқа құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан ауысып келген адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      ҰҰ-дан еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан және қызметке қайта қабылданған адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      екі айдан астам ҰҰ-ның қарамағындағы әскери қызметшілерге бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген және ҰҰ-ның лауазымдарына қайта тағайындалған ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      сот шешімі бойынша қызметін қалпына келтірген адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке қайта қабылданғаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі.

      32. Егер ҰҰ әскери қызметшісі:

      1) бар сыныптық біліктілігін растауға арналған өлшемшарттарды орындамаса;

      2) елеулі тәртіптік теріс қылық жасаса;

      3) практикалық (курстық) даярлық (оқу-әдістемелік жиындар) барысында негізгі оқу пәндері бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсетсе, сыныптық біліктілігі төмендетіледі.

      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі.

      33. Сыныптық біліктілігі төмендетілген (шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда) әскери қызметшілер төмендетілген күннен бастап бір жылдан кейін ғана кезекті сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.

      34. Сыныптық біліктілігін беруге (растауға) ҰҰ әскери қызметшілері:

      1) ҰҰ-ның қарамағында болған кезеңде;

      2) оларға қатысты қызметтік тергеу (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу – оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңде жіберілмейді.

      Қолданыстағы тәртіптік жазалары бар ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік берілмейді. Бұл әскери қызметшілер тек бар сыныптық біліктілікті растауға ғана жіберіледі.

2-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау және сақтау өлшемшарттары

      35. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау үшін мынадай кәсіби деңгей көрсету қажет:

      "3-сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлық" бағадан төмен емес бағаланған.

      ҰҰ Әскери Академиясының бітіруші урсының курсанттары – егер мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер және диплом жұмысын (жобалар, міндеттер) қорғау нәтижелері бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес бағаға бағаланған;

      "2-сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" және "өте жақсы" деген бағаға бағаланған;

      "1-сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша 30%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға бағаланған;

      "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – барлық тексерілген пәндер бойынша 50%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға бағаланған.

      Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген басқа жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттар ұсынған кезде әскери бөлім командирі "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігін түлек қызмет орнына келген соң бөлімнің тізіміне тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.

3-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау және төмендету

      36. ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беруді, жоғарылатуды, растауды, сақтауды және төмендетуді (ұшқыштар құрамының және авиациялық техникаға қызмет көрсететін авиациялық жерүсті мамандарының әскери-есептік мамандықтарына сәйкес келетін лауазымдарда әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілерді қоспағанда):

      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ҰҰ Бас қолбасшысының орынбасарларына;

      2) Министрдің орынбасары-ҰҰ Бас қолбасшысы – Өңірлік қолбасшылық қолбасшыларына және олардың орынбасарларына, ҰҰ Әскери Академиясының бастығына және оның орынбасарларына, тікелей бағынысты әскери бөлімдердің командирлеріне және олардың орынбасарларына, сондай-ақ Бас қолбасшылықтың әскери қызметшілеріне;

      3) өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары – әскери бөлімдердің командирлеріне және олардың орынбасарларына, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтар басқармаларының әскери қызметшілеріне;

      4) Әскери Академияның бастығы – Әскери Академияның әскери қызметшілеріне және бітіру жылында түлектерге;

      5) Әскери бөлім командирлері – әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне жүзеге асырады.

      Сыныптық біліктілік осы Қағидаларға сәйкес айқындалады.

      37. Сыныптық біліктілігі бар ҰҰ әскери қызметшілерін есепке алуды ҰҰ жауынгерлік даярлық бөліністері жүзеге асырады.

      Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, сақтау және төмендету алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, ҰҰ әскери қызметшілерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Мақсат" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

4-параграф. Авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау және төмендету тәртібі

      38. Қол жеткізген кәсіби шеберлік деңгейіне, қызмет өтіліне және әскери тәртіптің жай-күйіне байланысты ҰҰ авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге (бұдан әрі – жерүсті авиациялық мамандары) мынадай сыныптық біліктілік:

      "3-сыныпты маман" - әскери қызмет өткерудің барлық кезеңіне беріледі;

      "2-сыныпты маман" - кезекті біліктілік берілген соң, бір оқу жылынан кейін;

      "1-сыныпты маман" - кезекті біліктілік берілген соң, екі оқу жылынан кейін;

      "Тәлімгер (шебер)" - кезекті біліктілік берілген соң, үш оқу жылынан кейін ретімен беріледі.

      39. Жерүсті авиациялық мамандарының сыныптық біліктілігі расталады:

      "3-сыныпты маман" және "2-сыныпты маман" - жыл сайын;

      "1-сыныпты маман" - екі жылда бір рет;

      "Тәлімгер (шебер)" - расталмайды және әскери қызмет өткерудің барлық кезеңіне беріледі.

      40. Сыныптық біліктілік беруге (жоғарылатуға) қолданыстағы тәртіптік жазалары жоқ және негізгі оқу пәндері бойынша қорытынды тексеруді (инспекторлық тексерісті) "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес тапсырған жерүсті авиациялық мамандары ұсынылады.

      41. Сыныптық біліктілігін айқындау кезінде жерүсті авиациялық мамандары (ҰҰ авиациясының ұшуларын инженерлік-авиациялық және аэронавигациялық қамтамасыз ету бөліністерінде қызмет өткеретін әскери қызметшілерді қоспағанда) арнайы даярлықтың тиісті бағдарламалары көлемінде тексеріледі.

      42. ҰҰ авиациясының ұшуларын инженерлік-авиациялық және аэронавигациялық қамтамасыз ету бөліністерінде қызмет өткеретін жерүсті авиациялық мамандары жауынгерлік немесе арнайы даярлық курстарының бағдарламалары көлемінде тексеріледі.

      43. Сыныптық біліктілігін айқындау үшін жерүсті авиациялық мамандарын дайындауды бақылау тақырыптарын білуін тексеру және авиациялық техниканы пайдалану (қызмет көрсету) барысында практикалық жұмыс істеу сапасын бағалау арқылы тікелей командирлер (бастықтар) жүзеге асырады.

      44. Сыныптық біліктілігін айқындауға жерүсті авиациялық мамандарын дайындауды есепке алу үшін оларға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікке арналған сынақтарға дайындықты бақылау карточкасы жүргізіледі.

      45. Жерүсті авиациялық мамандарының теориялық дайындығын бақылау тексеру кезінде:

      қызмет көрсетілетін авиациялық техниканы техникалық пайдалану жөніндегі басшылықты (нұсқаулықты);

      мемлекеттік авиацияның ұшуларын жерүсті қамтамасыз етудің тиісті түрін ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттарды білуі тексеріледі.

      46. Жерүсті авиациялық мамандарының практикалық дағдыларын тексеру олардың қызмет көрсетілетін және/немесе пайдаланылатын авиациялық техникада жұмыстарды (жаттығуды) орындау сапасын бағалау арқылы жүргізіледі.

      47. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткерген жерүсті авиациялық мамандары ҰҰ авиациясының әскери лауазымына тағайындалған кезде сыныптық біліктілігі тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін біліктілік комиссиясы қорытындысының негізінде беріледі, одан әрі сыныптық біліктілігін айқындау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      48. Әскери-есептік мамандығын өзгерте отырып, әскери лауазымға тағайындалған жерүсті авиациялық мамандарының сыныптық біліктілігі күнтізбелік жылдың соңына дейін белгіленген үстемеақыны төлей отырып сақталады, одан әрі сыныптық біліктілігін айқындау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      49. Егер олардың кінәсінен бар сыныптық біліктілігін растау өлшемшарттары орындалмаса, сондай-ақ авиациялық техникаға қызмет көрсетудегі және/немесе пайдаланудағы бұзушылықтармен байланысты қызметтік тергеулердің (авиациялық оқиғаларды тергеудің) нәтижелері бойынша жерүсті авиациялық мамандарының сыныптық біліктілігі төмендетіледі.

      50. Жерүсті авиациялық мамандарына сыныптық біліктілігін беру, растау және сақтау үшін арнайы даярлық бойынша мынадай кәсіби деңгейді көрсетуі қажет:

      "3-сыныпты маман" – сыныптық біліктілігі жоқ, барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлықтан" төмен емес баға алған;

      "2-сыныпты маман" – 3-сыныпты мамандар, барлық тексерілген пәндер бойынша кемінде 50% "жақсы", ал қалған пәндер бойынша "қанағаттанарлықтан" төмен емес баға алған;

      "1-сыныпты маман" – 2-сыныпты мамандар, барлық тексерілген пәндер бойынша кемінде 50% "өте жақсы", ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген баға алған;

      "Тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі теориялық білімін тексеруді барлық тексерілген пәндер бойынша кемінде 80% "өте жақсы", ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға, практикалық дағдыларын тексеруді "өте жақсы" деген бағаға тапсырған 1-сыныпты мамандарға беріледі.

      51. Ұсынымдар мен басқа да материалдар (сыныптық біліктілік сынақтарына дайындықты бақылау карточкасы, рұқсаттардың, авиациялық маманның кітапшаларынан тексерулердің көшірмелері, қорытынды тексеру ведомосінен үзінді көшірме, сыныптық біліктілікті айқындауға арналған тізім) шешім қабылдау және сыныптық біліктілік беру (жоғарылату, растау, сақтау, төмендету) туралы бұйрық шығару үшін тиісті біліктілік комиссияларына жолданады.

      52. Жерүсті авиациялық мамандарының сыныптық біліктілігін айқындау үшін осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес комиссиялар құрылады.

      53. Жерүсті авиациялық мамандарының сыныптық біліктілігін айқындау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актісінің (бұдан әрі – ҰҰ актісі) негізінде жүргізіледі, ол күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың бұйрығымен бекітіледі, онда сыныптық біліктілікті анықтау күні, бұйрыққа қол қойылған күн болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері әскери бөлімдерге, сондай-ақ сыныптық біліктілігіне тиісті үстемеақы белгілеу немесе оны төлеуді тоқтату (тоқтата тұру) үшін қаржы бөліністеріне жолданады.

      Жерүсті авиациялық мамандарына бұйрықты жариялау, сондай-ақ осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның кеуде белгісін тапсыру қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі.

      54. Жерүсті авиациялық мамандарына:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ҰҰ Бас қолбасшысы "Тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігіне дейін қоса алғанда; авиациялық бөлімнің командирі – "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігіне дейін қоса алғанда сыныптық біліктілігін беруді, растауды, сақтауды және төмендетуді жүзеге асырады.

      55. Сыныптық біліктілігі бар жерүсті авиациялық мамандарын есепке алу авиациялық бөлімнің штабында және авиация басқармасында жүргізіледі.

      Жерүсті авиациялық мамандарына сыныптық біліктіліктер беру, растау, сақтау және төмендету туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне және "Мақсат" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

5-параграф. Ұшқыштардың әскери-есептік мамандықтарына сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау және төмендету тәртібі

      56. Ұшқыштардың әскери-есептік мамандықтарына (бұдан әрі – ұшқыштар мен штурмандар) сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне сыныптық біліктіліктер рет-ретімен:

      "3-сыныпты маман" ("3-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" ("2-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – "3-сыныпты маман" ("3-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") сыныптық біліктілігі бар, осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман" ("1-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – "2-сыныпты маман" ("2-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") сыныптық біліктілігі бар, осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне;

      "Мерген ұшқыш (штурман)" – "1-сыныпты маман ("1-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") сыныптық біліктілігі бар, осы Қағидалардың 58-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейін сақтаған ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне беріледі.

      57. Сыныптық біліктілігін айқындау кезінде ұшқыштар (штурмандар) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ұшқыштарға (штурмандарға) сыныптық біліктілігін берудің (жоғарылатудың, растаудың) шарттарына сәйкес мақсаты бойынша міндеттерін орындауға, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ең аз ұшу сағатының және жауынгерлік қолдану ұшуларының нормаларын орындауға дайын болуы және дене шынықтыру даярлығы бойынша қорытынды тексеруді "қанағаттанарлықтан" төмен емес бағаға тапсыруы тиіс.

      58. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау үшін ұшқыштар мен штурмандар мынадай кәсіби деңгейді көрсетуі қажет:

      "3-сыныпты маман" ("3-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлықтан" төмен емес;

      "2-сыныпты маман" ("2-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" және "өте жақсы";

      "1-сыныпты маман" ("1-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – барлық тексерілген пәндер бойынша кемінде 50% "өте жақсы", қалғандары "жақсы";

      "Мерген ұшқыш (штурман)" – барлық тексерілген пәндер бойынша кемінде 80% "өте жақсы", қалғандары "жақсы" және ұшу даярлығын бақылау тексеруден "өте жақсы" деп бағалануы тиіс.

      59. Ұшқыштардың (штурмандардың) ұшу даярлығы және теориялық білімі деңгейінің сыныптық біліктілікті айқындауға қойылатын талаптарға сәйкес келуі бақылау тексеру өткізу арқылы айқындалады.

      60. Әуе кемесінің типіне байланысты ұшқыштардың (штурмандардың) мақсаты бойынша міндеттерін орындауға әзірлігін анықтайтын жаттығулар тізбесі авиацияның түрлерін жауынгерлік даярлау курстарында (бұдан әрі - ЖДК) көзделген.

      61. Теориялық білімін бақылау тексеру кезінде ұшқыштар құрамы әскери қызметшілерінің:

      авиация техникасын;

      әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықты (экипаж нұсқаулығын);

      әуе кемесі түрінің практикалық аэродинамикасын;

      әуе кемесі бортындағы құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын, оларды авариялық жағдайда қолдану тәсілдерін;

      байланыс және әуе айлағының ұшуларын радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының тактикалық-техникалық деректерін;

      авиациялық метеорологияны;

      әуе кеңістігін пайдалануды, мемлекеттік авиацияның қызметін, ұшуларды және ұшқыштар даярлығын регламенттейтін құжаттарды;

      әуе айлағының аэронавигациялық паспортын, авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортын;

      шекара маңы жолағында ұшуларды жүргізу шарттарын;

      әуе навигациясын білуі тексеріледі.

      62. Ұшу даярлығын бақылап тексеру ЖДК талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және:

      ұшқыштар – ұшуды басқару және жауынгерлік қолдану техникасы бойынша (мақсаты бойынша қолдану);

      штурмандар – әуе навигациясы және жауынгерлік қолдану бойынша (мақсаты бойынша қолдану) өткізіледі.

      63. Ұшу даярлығын бақылап тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – МА ҰЖҚ) (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелді) талаптарына сәйкес кандидат ұсынылып отырған сыныптық біліктіліктен жоғары сыныптық біліктілігі бар, бірақ "2-сыныпты маманнан" ("2-сыныпты әскери ұшқыш (штурман") төмен емес сыныптық біліктілігі бар ұшқыштар құрамы қатарынан тексерушілер тағайындалады.

      64. Ұшқыштар құрамының әскери қызметшілері қатарынан дайындалған тексерушілер болмаған жағдайда ұшу жұмысында үзілістері жоқ, сыныптық біліктілікті беру (растау) үшін белгіленген ЖДК жаттығулары бойынша тиісті метеожағдайда ұшуға жіберілген ұшқыш-нұсқаушыларға ұшу даярлығын бақылап тексеруге рұқсат етіледі.

      65. Тексерушінің әуе кемесі бортында болу мүмкіндігі болмаған жағдайда ұшу сапасы ұшуларды объективті бақылаудың борттық және жерүсті құралдарының деректері негізінде бағаланады. Бұл жағдайда тексеруші адамдар тиісті қорытындыны ЖДК курстарының талаптарына сәйкес объективті бақылау құралдарын талдау, ұшу параметрлерін бағалау негізінде береді.

      66. Ұшу даярлығын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші кандидаттың сыныптық біліктілікті беруге даярлық деңгейін бағалайды, ол туралы МА ҰЖҚ 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың ұшу кітапшасына тиісті жазба жүргізеді.

      67. Бақылап тексерудің нәтижелері бойынша біліктілік комиссиясына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге (жоғарылатуға) қойылатын талаптарға кандидаттың даярлық деңгейінің сәйкес болуы (сәйкес болмауы) туралы қорытынды бар екі дана ұсыным жолданады.

      68. Ұсынымға әскери бөлімнің мөрімен куәландырылған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      ұшулардың жоспарлы кестесінен үзінді;

      ауа райы бюллетенінің көшірмесі;

      ұшуды объективті бақылау материалдары.

      Ұсынымның бірінші данасы әскери бөлімнің штабында, екінші данасы сыныптық біліктілікті беру (жоғарылату) туралы бұйрық шығарылған жерде сақталады.

      69. Ұшқыштарға және штурмандарға берілген сыныптық біліктілік:

      "3-сыныпты маман" ("3-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – жыл сайын;

      "2-сыныпты маман" ("2-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – екі жылда бір рет;

      "1-сыныпты маман" ("1-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") – үш жылда бір рет расталады;

      "Мерген ұшқыш (штурман)") – расталмайды және қызметтің барлық кезеңіне беріледі.

      Сыныптық біліктілік ұшқыштар құрамына берілген жылы, сондай-ақ әуе кемесінің басқа түріне (модификациясына) қайта оқыған жылы сыныптық біліктілігі ағымдағы жылы расталған болып есептеледі.

      70. Ұшқыштардың (штурмандардың) сыныптық біліктілігін растау тексеру жүргізу арқылы бір жыл ішінде жүзеге асырылады:

      ЖДК талаптарына сәйкес ұшу даярлығының түрлері бойынша ұшуда;

      осы Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген теориялық пәндерді білуі.

      71. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткерген ұшқыштарға (штурмандарға) ҰҰ авиациясының әскери лауазымына тағайындалған кезде сыныптық біліктілігі тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін біліктілік комиссиясы қорытындысының негізінде беріледі, одан әрі сыныптық біліктілігін айқындау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      72. Денсаулығына байланысты ұшуларға жіберілмеген ұшқыштар мен штурмандарға сыныптық біліктілігі тек олардың теориялық пәндерді білуін тексеру нәтижесі бойынша расталады.

      73. Жоғарғы оқу орындарында күндізгі нысан бойынша оқитын ұшқыштар мен штурмандардың сыныптық біліктілігі сақталады және оқу орнын аяқтағаннан кейін алты ай ішінде расталады.

      74. Ұшқыштар құрамының бағынысты әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беру (растау) баянатына:

      теориялық пәндер бойынша білімін тексеру актісінен үзінді;

      ұшу даярлығының түрлері (күні, тексеріс түрі, метеорологиялық жағдай, жалпы бағасы) бойынша тексеру нәтижелері бар ұшу кітабынан үзінді;

      денсаулық жағдайы (қажет болған жағдайда) бойынша ұшуға жіберілмегендігі туралы растайтын құжаттар (құжаттардың көшірмелері) қоса беріледі.

      75. Ұшқыштардың (штурмандардың) сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҰ авициясының ұшқыштарына (штурмандарына) сыныптық біліктілігін беру, растау, сақтау және төмендету туралы актіде (бұдан әрі – ҰҰ авиациясының актісі) көрсетіледі.

      76. ҰҰ авиациясының актісі негізінде осы Қағидалардың 78-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ұшқыштарға (штурмандарға) сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау және төмендету туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн сыныптық біліктілікті айқындау күні болып табылады.

      77. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, сақтау және төмендету туралы бұйрықты жариялау, сондай-ақ осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның кеуде белгісін беру ұшқыштардың (штурмандардың) қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі.

      78. Ұшқыштарға және штурмандарға:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - ҰҰ Бас қолбасшысы – "Ұшқыш (штурман) – мерген" сыныптық біліктілігіне дейін қоса алғанда;

      авиациялық бөлімнің командирі – "3-сыныпты маман" ("3-сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") сыныптық біліктілігін беруді, растауды, сақтауды және төмендетуді жүзеге асырады

      79. Егер ұшқыштардың (штурмандардың) кінәсінен бар сыныптық біліктілікті растау өлшемшарттары орындалмаса, сондай-ақ ұшқыштардың, штурмандардың ұшу қызметіне байланысты қызметтік тергеу (авиациялық оқиғаларды тергеу) нәтижелері бойынша олардың сыныптық біліктілігі төмендетіледі.

      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі.

      80. Сыныптық біліктілігін төмендету ҰҰ авиациясының актісі негізінде сыныптық біліктілігін беру (жоғарылату, растау) құқығы берілген лауазымды адамның бұйрығымен жүзеге асырылады.

      81. Сыныптық біліктілігі төмендетілген әскери қызметшілер сыныптық біліктілігін беруге жалпы негізде күнтізбелік бір жыл өткеннен кейін ұсынылады.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
1-қосымша
 
Нысан

20_____ оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін беруге жататын
____________________________________________________
(бөліністің атауы) ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімі

Р/с №

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Аттестатталған лауазымдардағы жалпы
қызмет өтілі

Қолданыстағы тәртіптік жазасы (болған жағдайда)

Сыныптық біліктілігін беруге ұсынылады

1

2

3

4

5

6







      Бөлініс бастығы (басшы)________________________________________________________
(лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
2-қосымша
 
Нысан

Полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру туралы акті

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.06.2023 № 480 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Аттестатталған лауазымдардағы жалпы қызмет өтілі

Бар сыныптық біліктілігі берілгені (жоғарылатылғаны, растал
ғаны, төмендетіл
гені, алып тасталғаны) туралы бұйрықтың күні мен нөмірі, кім берді (расталды, төмендетілді, алып тасталды)

Нәтижелері (тиісті сыныптық біліктіліктер үшін бағалау өлшемшарттары бойынша)

Қорытынды

Бақылау тестілеу пәндерінің түрлері

Практикалық атыс

Дене шынықтыру даярлығы

Жауынгерлік күрес тәсілдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12






Өтті-өтпеді

Өтті/өтпеді

Өтті/өтпеді

баға

баға

баға


      Бөлініс бастығы
(басшы) __________________________________________________________
Жауапты қызметкер ________________________________________________
20___жылғы "____"_______________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
3-қосымша
 
Нысан

СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ

"1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі




"1-СЫНЫПТЫ МАМАН" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі




"2-СЫНЫПТЫ МАМАН" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі




  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
4-қосымша
 
Нысан

Сыныптық біліктілігін беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге ұсынылған ҰҰ әскери қызметшілерінің тізімі

Р/с №

Лауазымы

Әскери атағы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бұрын берілген сыныптық біліктілігі (бұйрықтың № мен күні, кім берді) (болған жағдайда)

Жұмыс (қызмет) өтілі

Қорытынды нәтиже

Қолданыстағы тәртіптік жазасы

Біліктілік комиссиясының ұсынысы

1.









2.









      Қосымша: Жиынтық ведомостен үзінді.

      Әскери бөлімнің командирі полковник

      М.О. 20___ жылғы "_____" __________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
  тастау қағидаларына
5-қосымша
 
Нысан

ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау және төмендету туралы акті

      Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)), комиссия төрағасының орынбасары (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) және комиссия мүшелері (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) сыныптық біліктілігін беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге ұсынылған құжаттарды және 20 _____жылғы ___________ - __________ аралығында өткізілген ҰҰ әскери қызметшілерін кәсіби даярлау нәтижелерін қарап, мынадай шешім шығарады:

Р/с №

Лауазымы

Әскери атағы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бұрын берілген сыныптық біліктілігі (бұйрықтың № мен күні, кім берді) (болған жағдайда)

Жұмыс (қызмет) өтілі

Қорытынды нәтиже

Қолданыстағы тәртіптік жазасы

Біліктілік комиссиясының ұсынысы

1.









2.









      Комиссия төрағасы ________________________________________________

      Төрағаның орынбасары ______________________________________________

      Комиссия мүшелері ________________________________________________

      Комиссия хатшысы ________________________________________________

      20___жылғы "____"_________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
6-қосымша
 
Нысан

СЫНЫПТЫ МАМАННЫҢ КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ

ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа)

"1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)" кеуде белгісі

(ҰҰ авиациясы жерүсті авиациялық мамандарының лауазымдарындағы әскери қызметшілер үшін – "ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)")




ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) "1-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі




ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) "2-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі




ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) "3-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі




Мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған "2-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі




Мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған "3-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі




  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      _______________________________ сыныптық біліктілігіне арналған сынақтарға

      ___________________________________________ даярлығын бақылау
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

КАРТОЧКАСЫ

      1. Теориялық даярлық

Р/с №

Бақылау тақырыптары

Бағасы

Күні

Тексерушінің лауазымы, ә/атағы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

1

2

3

4

5





















      Теориялық даярлықтың жалпы бағасы: __________

      2. Практикалық даярлық

Р/с №

Авиациялық техникадағы жұмыс (тренаж)

Бағасы

Күні

Тексерушінің лауазымы, ә/атағы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

1.




















      Практикалық даярлықтың жалпы бағасы: __________
3. Қорытынды:
Бақылау тексерудің нәтижелері бойынша теориялық және практикалық даярлықтың
деңгейі ____________________________________________________ (кандидаттың әскери
атағы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
______________________________________________ сыныптық
(сыныптық біліктілік)
біліктілігін беруге (жоғарылатуға, растауға) сәйкес келеді.
Біліктілік комиссиясының төрағасы _________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда))
20___жылғы "____"____________

      М.О.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
8-қосымша
 
Нысан

Ұшқыштарға (штурмандарға) сыныптық біліктілігін берудің (жоғарылатудың, растаудың) шарттары

Р/с №

Ұшқыштар құрамына берілетін сыныптық біліктілік

Мақсаты бойынша міндеттерді (жауынгерлік міндеттерді) орындауға әзірлігі

Қону кезінде ұшуды басқару техникасы бойынша дайындық деңгейі (әуе навигациясы)

1

"3 сыныпты маман" ("3 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)")

күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайда (ҚМЖ)

күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайда

2

"2 сыныпты маман" ("2 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)")

күндіз күрделі метеорологиялық жағдайда (КМЖ), түнде қарапайым метеорологиялық жағдайда (ҚМЖ)

ауа райының минимумы белгіленген кезде күндіз күрделі метеорологиялық жағдайда, түнде қарапайым метеорологиялық жағдайда

3

"1 сыныпты маман" ("1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)")

түнде күрделі метеорологиялық жағдайда (КМЖ)

ауа райының минимумы белгіленген кезде түнде күрделі метеорологиялық жағдайда

4

"Мерген ұшқыш (штурман)"

әуе кемесінің барлық пайдалану диапазонында түнде күрделі метеорологиялық жағдайда (ТМЖ)

ауа райының минимумы белгіленген кезде түнде күрделі метеорологиялық жағдайда нұсқаушы

      Ескертпе:

      1. Ұшқыштар құрамы жабдықталуы көрсетілген метеорологиялық жағдайда міндеттерді орындауға мүмкіндік бермейтін әуе кемесінде ғана ұшуларды орындаған жағдайда сыныптық біліктілігін беру (растау) шарттары Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықты (Экипаж нұсқаулығын) ескере отырып, КжАА курстарына сәйкес белгіленеді;

      2. Сыныптық біліктілігін растау кезінде тиісті метеорологиялық жағдай болмаған жағдайда ұшқыштар (штурмандар) КжАА курстарында айқындалған биіктікте пердешені аша отырып ұшу дайындығын тексеруді орындайды.


  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
9-қосымша
 
Нысан

Қазақстан Респубикасы Ұлттық ұланы авиациясының сыныптық біліктілігін беруге (жоғарылатуға) ұсынылған ұшқыштарының (штурмандарының) ең аз ұшып өту нормалары

Р/с №

Әуе кемелерінің түрлері

Сыныптық біліктілігі

Барлық әуе кемелерінің түрлерінде ұшып өту

Жалпы

Өзіндік (жаттығу)

1.

Барлық мақсаттағы әскери көліктік, көліктік ұшақтар

3 сыныпты

200

60

2 сыныпты

700

250

1сыныпты

900

300

мерген

2000

400

2.

Барлық мақсаттағы тікұшақтар, (поршеньді ұшақтар)

3 сыныпты

200

60

2 сыныпты

450

200

1сыныпты

650

300

мерген

1800

400

3

Түнде және/немесе КМЖ ұшуға жабдықталмаған ұшақтар мен тікұшақтар

3 сыныпты

300

60

2 сыныпты

700

250

1сыныпты

900

300

мерген

2500

400

      Ескертпе: "1 сыныпты маман" ("1 сыныпты әскери ұшқыш (штурман)") және "Мерген ұшқыш" сыныптық біліктілігін беруге әуе кемелерінің командирі (экипаж командирі) ретінде ұшуларды орындайтын дайындалған ұшқыштар құрамы ұсынылады.


  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
10-қосымша
 
Нысан

      (бірінші парақ)

ҰСЫНЫМ

      ________________________________ сыныптық біліктілігін беруге (жоғарылатуға)

      Әскери атағы:______________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _____________________________________

      Туған күні:______________________ Жеке нөмірі_______________________________

      Лауазымы:________________________________________________________________

      Оқу орнын аяқтаған күні:____________________________________________________

      Берілген сыныптық біліктілігі, бұйрықтың күні және нөмірі

      __________________________________________________________________________

      Нормалар орындалған әуе кемесінің түрі:______________________________________

Барлық әуе кемелерінің түрінде ұшып өту

Мақсаты бойынша жауынгерлік қолданыстағы ұшулар саны

Жалпы

Өзіндік (жаттығу)

Күндіз

Түнде

Күндіз

Түнде

ҚМЖ

КМЖ

ҚМЖ

КМЖ

ҚМЖ

КМЖ

ҚМЖ

КМЖ











      ҚОРЫТЫНДЫ:
Ұшу және теориялық даярлық ___________________________________________
(кандидаттың әскери атағы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________________________________ деңгейіне сәйкес келеді
(ұсынылып отырған сыныптық біліктілігі)

      Әскери бөлім командирі (бастық): _______________________________________________
(бақылау тексеруге ұсынушының лауазымы)
____________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда)

      20___жылғы "____"________

      М.О.

      (екінші парақ)

БАҚЫЛАУ ТЕКСЕРУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

      1. Теориялық даярлық

Пән

Баға

Тексерушінің лауазымы, әскери атағы, тегі

Бақылау күні

Тексерушінің қолы

1.

Авиациялық техника;





2.

Әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық (Экипаж нұсқаулығы);





3.

Әуе кемесі түрінің практикалық аэродинамикасы





4.

ӘК бортындағы құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдары, оларды авариялық жағдайда қолдану тәсілдері.





5.

Байланыс және әуе айлағы ұшуларын радиотехникалық қамтамасыз етудің тактикалық-техникалық деректері





6.

Авиациялық метеорология





7.

Әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиацияның қызметін, ұшуларды және ұшу даярлығын регламенттейтін құжаттар





8.

Әуе айлағының аэронавигациялық паспорттары және авиациялық полигонның аэронавигациялық паспорттары





9.

Шекара маңы жолағында ұшуларды өткізу шарттары





10.

Әуе навигациясы





      2. Ұшу дайындығы:

      1) ұшуда басқару (әуе навигациясы) техникасы:__________________________________
(Курс жаттығуының нөмірі мен атауы)
2) жауынгерлік қолдану:_____________________________________________________
(Курс жаттығуының нөмірі мен атауы)

Тексеріс түрі

күні

ӘК түрі

тәулік уақыты

метеожағдай

қондыру жүйесінің типі

жалпы баға

Ұшуда басқару техникасы (әуе навигациясы)







Мақсаты бойынша жауынгерлік қолдану







      __________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда)
3. Қорытынды:
Бақылап тексерудің нәтижелері бойынша ұшу және теориялық даярлық деңгейі
қойылған талаптарға сәйкес келеді (кандидаттың әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), __________________ сыныптық біліктілігін беруге лайықты
(сыныптық біліктілігі)

      Біліктілік комиссиясының төрағасы__________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20___жылы "____"____________

      М.О.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
11-қосымша
 
Нысан

Ұлттық ұлан авиациясының ұшқыштарына (штурмандарына) сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету туралы
АКТІ

      Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), комиссия төрағасының орынбасары (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және комиссия мүшелері (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау,сақтау және төмендету құжаттарын және 20 _____ жылғы _______________ - _____________ аралығында өткен ұшқыштарды (штурмандарды) кәсіби даярлаудың нәтижелерін қарап, мынадай шешім шығарды:

р/с №

Лауазымы

Ә/ атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бұрын берілген сныптық біліктілігі (кім берді, бұйрықтың № және күні)

Жалпы ұшып өтуі / ағымдағы жылдағы ұшып өтуі

Дене шынықтыру даярлығын бағалау

Теориялық білімін жалпы бағалау

Ұшуда басқару техникасын (әуе навигациясын) бағалау

Жауынгерлік қолданудың бағасы

Қолданыстағы жазасының бар-жоғы

Біліктілік комиссиясының шешімі

1.












2.












      Комиссияның төрағасы _________________________________
Төрағаның орынбасары ______________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________________
Комиссия хатшысы ___________________________________________________________
20___ жылғы "____" __________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
12-қосымша
 
Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ АВИАЦИЯСЫ
ҰШҚЫШТАР ҚҰРАМЫНЫҢ СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІГІНІҢ КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "МЕРГЕН ҰШҚЫШ" кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "ШТУРМАН МЕРГЕН" кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "1 СЫНЫПТЫ МАМАН" ("1 СЫНЫПТЫ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШ") кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "1 СЫНЫПТЫ МАМАН" ("1 СЫНЫПТЫ ӘСКЕРИ ШТУРМАН") кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "2 СЫНЫПТЫ МАМАН" ("2 СЫНЫПТЫ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШ") кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "2 СЫНЫПТЫ МАМАН" ("2 СЫНЫПТЫ ӘСКЕРИ ШТУРМАН") кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "3 СЫНЫПТЫ МАМАН" ("3 СЫНЫПТЫ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШ") кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "3 СЫНЫПТЫ МАМАН" ("3 СЫНЫПТЫ ӘСКЕРИ ШТУРМАН") кеуде белгісі




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "СЫНЫПСЫЗ МАМАН" ("СЫНЫПСЫЗ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШ") кеуде белгісі


Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы ұшқыштар құрамының әскери қызметшілеріне арналған "СЫНЫПСЫЗ МАМАН" ("СЫНЫПСЫЗ ШТУРМАН") кеуде белгісі


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 208 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10336 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 511 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11668 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15017 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 18 мамырдағы 350 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15245 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).