Тауарларды сәйкестендірудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16678 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 427-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына және "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану (пайдалану) қағидалары және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылатын сәйкестендіру тәсілдерін қолдану, оның ішінде мөрлер, мөр таңбалар қою және тауарларға цифрлық және басқа таңбалауды енгізу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, масштабты бейнелеу, тауарлардың және олардың қайта өнделген өнімдерінің алдын ала іріктелген сынамасын және (немесе) үлгілерін салыстыру, тауарлардың қолда бар таңбасын, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша жасалатын операциялар мен тауарлар сипаттамасынан шығатын басқа тәсілдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша операцияларды жасау технологиялық поцесінде тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылған, ұсынылған құжаттарды зерттеу арқылы пайдалану қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, тауарларды жөнелтушілер және (немесе) тасымалдаушылар қолданатын пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын тану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 374 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану (пайдалану) қағидалары және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құраладарын қолдану (пайдалану) қағидалары және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 427-бабы 2-тармағына және "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану (пайдалану) және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптарды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік кірістер органдары сәйкестендіру құралдары ретінде пайдаланады:

      1) механикалық сәйкестендіру құралдары:

      пломба – тауарларды кедендік мөрлермен және пломбалармен тасымалдау үшін жол берілген көлік құралдарының (контейнерлердің) жүк бөлімшелеріне (жүк бөлімшелері) салынатын, бір рет пайдаланылатын механикалық құрал. Пломбалар шпагатты немесе сымды пайдаланып пломба салғышпен бекітіледі.

      тиектеу-пломбалау қондырғысы (бұдан әрі – ТПҚ) – қорғалатын материалдық құндылықтарға санкцияланбаған қол жеткізуге жол бермейтін және осындай қондырғыны санкцияланбаған ашу орын алған жағдайда ашу фактісін көзбен көруге мүмкіндік беретін механикалық құрал. ТПҚ бір рет пайдаланылатын бұйым болып табылады;

      электрондық ТПҚ (бұдан әрі – ЭТПҚ) – (GPS) спутниктік навигация технологиясы негізінде жұмыс істейтін, санкцияланбаған қол жеткізуге кедергі болатын және өзінің құрамында электрондық пломбалау элементі бар, қызметтік және сәйкестендіру ақпаратын сақтауға, өңдеуге және беруге, сондай-ақ ахуал дабылын қашықтан немесе ЭТПҚ оқу құралдары арқылы беруге мүмкіндік беретін сәйкестендіру құралы (пломба). ЭТПҚ өткізілетін жүктің тұтастығын және көлік құралының қозғалыс маршрутын бақылауды қамтамасыз ету үшін арналған;

      2) арнайы сәйкестендіру құралдары:

      мөр (мөртаңба) – органикалық емес материалдардан жасалған, түрлі тасымалдағыштарға (саз, металл, балауыз, сүргіш, былғары, қағаз) бедер немесе трансфер түрінде оқиғаны бекіту функциясын орындауға қабілетті қол аспабы;

      штрих-код – мамандандырылған құралдардың оқуына мүмкіндік беретін, әріптік-цифрлық символдар жиынтығы. Кедендік құжаттарға, тауарлар мен көлік құралдарына штрих-кодты енгізудің ыңғайлығы үшін өздігінен желімденетін жапсырмалар, штрих-коды бар затбелгілер пайдаланылады;

      флуоресценттік фломастер – кедендік құжаттарды визуалдандыру үшін пайдаланылатын ерекше маркер;

      3) сейф-пакет – оларға санкцияланбаған қол жеткізуден тауарға ілеспе және көліктік құжаттарды қорғау үшін арналған пластик пакеті (бұдан әрі - Пакет).

      Пакеттер жөнелтіу кеден органынан тікелей межелі кеден органына қолма-қол тәртіппен жеткізіледі.

      Бір Пекетте тек бір транзиттік декларация (бұдан әрі – ТД) құжаты, сондай-ақ оған көліктік және тауарға ілеспе құжаттар ғана болады.

      Пакеттің тұтастығын бақылау межелі кеден органында тігістердің тұтастылығын және желім заты қабатына әсер ету іздерінің жоқтығын көзбен көріп тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Пакеттерді ресімдеу мен қабылдауды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының сәйкестендіру құралдарын қолдану (пайдалану) тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Көлік құралдарының жүк бөліктерін және тауарларды сақтауды қамтамасыз ету, көліктің және жүктің, ғимараттың, үй-жайлардың әр түріне санкцияланбаған қол жеткізуді болдырмау үшін, сондай-ақ тауарға ілеспе және көліктік құжаттарды санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін сәйкестендіру құралдары қолданылады.

      Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункттен жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған жағдайларда, кедендік бақылау мақсатында тәуекелді басқару жүйесінің негізінде сәйкестендірудің электрондық құралдары қолданылады (пайдаланылады).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылаудағы тауарларды тасмалдаған кезде жүк бөліктерін жабатын түйіндеріне сәйкестендіру құралдарын салады. Сәйкестендіру құралдары кедендік бақылау кезінде орнатылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сәйкестендіру пломбалау құралдарымен жүк бөліктерін бақылау, сондай-ақ осы құрылғыларды өзгерту, алып тастау немесе жоюды мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғалары сәйкестендіру құралдарын өзгерткен, алып тастаған немесе жойған кезде "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімінде белгіленген нысан бойынша акт жасайды.

      6. Арнайы сәйкестендіру құралдары кедендік бақылау кезінде қолданылады. Мөрлер мен мөртабандар қойылады, кедендік құжаттарға штрих-кодтар жапсырылады. Флуоресцентті фломастер көмегімен алмастыруды болдырмау мақсатында кедендік құжаттар таңбаланады.

      7. Пакеттерді қолданған кезде жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы Пакетке салынған барлық көліктік және тауарға ілеспе құжаттардың барлық парақтарына кедендік декларацияның және Пакеттің нөмірі көрсетілген бағыттағыш мөртабан қояды, осы белгілерді жеке нөмірлік мөрімен және қолын қойып бекітеді.

      8. Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы алдын-ала тасымалдаушыға тауар көліктік жүккұжатының бір парағын ұсына отырып, Пакеттің ішіне көліктік және тауарға ілеспе құжаттарды салады. Жабылатын бөлігінен желімделген таспаны алып тастайды, Пакеттің ішінде орналасқан инвикациялық жолақ желімделген қабатпен үйлестіріледі, содан кейін жапсырылған жерді тегістейді.

      9. Пакеттің реттік нөмірі бағыттауыш мөртабанмен тауаркөліктік жүк құжаттарында және тауарға ілеспе құжаттарда, кедендік декларацияның "С" деген бағанында, не тауарға ілеспе құжаттарды кедендік декларациясы ретінде қолданған жағдайда құжаттар тізімдемесінде бағыттағыш мөртабанмен көрсетіледі.

      10. Желімделген Пакеттің бет жағында көрсетіледі:

      Пакеттің жоғарғы сол жақ бұрышында – жөнелтуші кеден органы және оның заңды мекен-жайы;

      Пакеттің жоғарғы оң жақ бұрышында – межелі кеден органының және оның заңды мекен-жайы, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасының атауы;

      өткізу типі;

      Пакеттің ортасында – кедендік декларацияның нөмірі, көліктік және тауарға ілеспе құжаттың тізімдемесі, көлік құралының нөмірі, жеке тұлғаның заңды мекенжайы немесе көліктік және тауарға ілеспе құжаттарды тасымалдауға қабылдаған заңды тұлғаның орналасқан жері. Енгізілген ақпараттар жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, қолы қойылып, жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады;

      бірінші жыртылмалы түбіртекте – жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы қойылып, жеке нөмірлі мөрі қойылады.

      Көрсетілген белгілерді мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы көк түсті қаламмен жүргізеді.

      11. Межелі кеден органының қызмет аймағына кедендік транзит кедендік рәсімі бойынша тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары келген кезде межелі кеден органының қызмет аймағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізіледі.

      12. Көлік құралының келу актісі Пакетпен бірге кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін межелі кеден органына ұсынылады.

      13. Тауарлар мен көлік құралдарының келуі туралы хабарламаны қабылдауға жауапты межелі кеден органының лауазымды тұлғасы хабарламаны алған сәтте (құжаттармен бірге пакет ұсынылғанда) Пакеттің тұтастығын көзбен қарап тексереді. Бұл ретте, мыналарға:

      желімделген тігісінің тұтастығына;

      Пакеттің бетінде зақымдалған жерінің жоқтығына;

      мөрленген бетінде зақымдалған жерінің жоқтығына;

      желім затының қабатында әсер ету іздерінің жоқтығына;

      Пакетте жеке реттік нөмірінің және қолдардың болуына назар аударады.

      14. Көзге көрінетін зақымданулар не ашу іздері болмаған кезде межелі кеден органының лауазымды тұлғасы екінші және үшінші жыртылмалы түбіртекті толтырады, бұл ретте екінші түбіртекті пакетті жеткізуші тұлғаға береді, ал үшінші жыртылмалы түбіртек межелі кеден органында сақталады.

      15. Пакетті ашқаннан кейін межелі кеден органының лауазымды тұлғасы кедендік декларацияға және тауарға ілеспе құжаттардың барлық парақтарына "Құжат №______ сейф-пакетінде жеткізілді" деген жазба жасайды және оны қолын қойып, жеке нөмірлі мөрімен куәландырады.

      16. Пакеттің тұтастығын бұзу фактілері анықталған, сәйкестендірілген құжаттардың түпнұсқалығына күдік туындаған кезде межелі кеден органының лауазымды тұлғасы бұл туралы межелі кеден органының басшысына не оны алмастыратын тұлғаға дереу хабарлайды.

      Межелі кеден органы бұл жағдайда:

      тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыруды немесе оларды кедендік бақылау аймағына орналастыруды ұйымдастырады;

      кедендік бақылау жүргізеді;

      дереу Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлайды;

      жөнелтуші кеден органынан тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелеріне сұрау салады.

3-тарау. Сәйкестендіру құралдарын дайындау бойынша талаптар

      17. Сәйкестендірудің механикалық құралдары түрлі конфигурациялардағы түрлі материалдардан жасалады, айналадағы ауаның минус 600 С-тан плюс 550 С-ке дейінгі температурасы, салыстырмалы ылғалдықтың 250 С кезінде 100% кезінде пайдалану шарттарына төзімді сәйкестендірудің механикалық құралдары ғана қолданылады.

      18. Сәйкестендірудің механикалық құралдарының құрылысы:

      адамдардың қауіпсіз жұмысын, жарылыс және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сәйкестендірудің механикалық құралдарын алу кезінде өткізілетін жүктің жануына немесе жарылысына жол бермеу үшін ұшқынның пайда болуына жол берілмеуі тиіс.

      пломбаларды, ТПҚ мен оның құрамындағы элементтерді бір реттік пайдалануды;

      көзге көрінетін элементтердің біреуін бұзбай механикалық құралдардың ашылуына жол бермеуді;

      ашылған жағдайда сәйкестендірудің механикалық құралдарын пайдаланудың бір реттілігін;

      зақым келтірудің көзге көрінетін іздерін келтірмей сәйкестендірудің механикалық құралдарын ашудың мүмкін еместігін;

      сәйкестендірудің механикалық құралдарын бұзбай тасымалданатын жүкке қол жеткізуді болдырмауды;

      көлік құралдары жұмысының пайдалану жағдайларында пайда болатын механикалық жүктемелердің (итерулер, ұрулар, дірілдеулер) әсер етуі кезіндегі жұмыс қабілеттігін;

      сәйкестендірудің механикалық құралдарын жабық жағдайында көзбен қарап немесе қолмен бақылаудың мүмкіндігін;

      қолмен немесе қарапайым аспаптармен орнату мүмкіндігін;

      арнайы құралдар: алғышпен, кемпірауыз-тістегішпен, арқанды кесу үшін қайшылармен, арнайы кілттермен алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      19. Сәйкестендірудің механикалық құралдарына эргономикалық талаптар мыналардың болуын:

      мүмкіндігінше аз габариттік мөлшерін және салмағын;

      олармен жұмыс істеу кезінде қолдарды жарақаттамайтын сыртқы нысанының ыңғайлылығын және қауіпсіздігін;

      жабу және қарау ыңғайлылығын;

      оның тұтқасына түсетін күшпен - сәйкестендірудің механикалық ұралдарын аспаптың көмегімен жапқан жағдайда 150 Н (Ньютоннан) аспауы тиіс;

      сәйкестендірудің механикалық құралын алу үшін арнайы қондырғылардың тұтқасына түсіруге тиісті күшпен - 200 Н (Ньютоннан) аспауы тиіс;

      жеке нөмірлерін;

      қалыпты жарықтандыру жағдайында 20 сантиметр қашықтықтан, табиғи және жасанды жарықтандыру жағдайында 50 лк (Люкс) жеңіл оқылатын сәйкестендірудің механикалық құралдарына жазылатын ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

      20. Сәйкестендірудің механикалық құралдары жұмыс қабілетін сақтауы және:

      оларды салған уақыттан бастап 12 ай;

      дайындалған күнінен бастап 24 ай, оның ішінде кейін жүктерді ашық ауада көлік құралының ішінде сақтағанда температурасы (-600 С) төмен аудандарға аралас бағыттарда жүктерді жеткізу кезінде осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      21. ЭТПҚ :

      жүкті сенімді қорғауды;

      көп рет пайдалануды;

      нақты уақыт режиміндегі жүру жолындағы мониторингті;

      ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру үшін жүру жолында болған оқиғалар туралы ақпаратты электронды түрде ұсынуды;

      пайдаланудың 5 жылдан кем емес мерзімін қамтамасыз етуі тиіс.

      22. Сәйкестендірудің арнайы құралдарын дайындау талаптарын дайындаушы-зауыт регламенттейді.

      23. Пакеттерді дайындауға қойылатын талаптар:

      Пакеттің сыртқы түрі осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

      құжаттарды салу үшін Пакеттің ішкі жағының мөлшері 390х245 миллиметрді құрайды, Пакеттің қалыңдығы 70 микроннан төмен болмауы тиіс;

      көрінбейтін синтетикалық пленка материалдан жасалады;

      Пакеттің клапанындағы индикациялық түрлі түсті жолақ, түрлі түсті баспа тасымалданатын көліктік және тауарға ілеспе құжаттарға санкцияланбаған қол жеткізуді болдырмайды, ал индикация жолағындағы "stop" деген жазу желімді лента ашылып қалған кезде құжаттарға қол жеткізуге әрекет жасалғанын көрсетеді;

      барлық жазулар, сондай-ақ ақпараттық жолақтар сүртілмейтін бояулармен жазылады.

      1-позиция – ұзындығы бойынша дәнекер тігісі.

      2-позиция – тұйық сызықтармен шектелген ақпараттық жолақтар ақ фонға көк бояумен жазылады.

      3-позиция – қию сызығы бойынша қайталанатын "Қию сызығы" деген жазу ақ фонға қызыл бояумен жазылады.

      4-позиция – "Байқа!!! Мөрленген! Санкцияланбаған ашуға тыйым салынады" деген жазу ақ фонға қызыл бояумен жазылады.

      5-позиция – Пакеттің нөмірі ақ фонға көк бояумен басылады және мынадай "KZ 00000000" схема бойынша толтырылады.

      6-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен "Жөнелтуші кеден органы: _______ мекен-жайы: __________," деген жазуы

      басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.

      7-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен "Межелі кеден органы: _____мекенжайы: __________, УСҚ: __________" деген

      жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.

      8-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен "Транзит/Әкелу" деген жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген

      ақпараттық ашық жол.

      9-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен "ТД/ХЖТ ___________, инвойс ___________, тауар-көліктік жүк құжаты ____,

      қамтамасыз ету мөлшері _______, көлік құралы _______, тауар мен құжаттарды жеткізуге жауапты тұлға _______" деген жазуы

      басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.

      10-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен "Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасының деректері____, тегі,

      аты және әкесінің аты (бар болса)._______________, лауазымы______, күні_______, қолы______", сондай-ақ жөнелтуші кеден

      органы қызметкерінің жеке нөмірлі мөрін қоятын орын" деген жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық

      жол.

      11-позиция – "Қазақстан Республикасы" "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті" деген жазу ашық жолдың көк фонына ақ бояумен басылған, жазудың үстіне ақпараттық ашық жолдың ортасында

      мемлекеттік кірістер органы гербінің суреті салынған.

      12-позиция – пакеттің желімді қорғайтын лентасымен (оған желім жағылған мөлдір пленка) мөрленетін беті.

      13-позиция – пакеттен кертпе сызықтары бойынша бөлінетін түбіртектер (3 дана). Сол жақтан оңға қарай біріншісінде

      "Жөнелтуші ____ қолы ____ күні" деген жазу, екіншісінде "Алушы ____ қолы ____ күні", үшіншісінде "Алушы ____ қолы

      ____ күні_____" деген жазу.

      14-позиция – Пакеттің артқы жағында "Назар аударыңыз", "Мемлекеттік органдарға ұсыным" деген жазулар кіші

      әріптермен ақ фонда қызыл бояумен, қалған жазулар ақ фонға көк бояумен жазылады.


  Мемлекеттік кірістер
органдары пайдаланатын
құралдарды қолдану (пайдалану)
қағидасына және сәйкестендіру
тәсілдеріне және дайындау
бойынша оларға қойылатын
талаптарға қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.06.2019 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Сейф-пакеттің бет жағы



      Сейф-пакеттің артқы жағы


      Назар аударыңыз!


      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 234-бабына сәйкес межелі кеден органында тауарлар және олардың құжаттары жеткізілмеген кезде Кодекстің 230-бабында көрсетілген, олардың кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған тұлға Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 528-бабында тұлғаның мемлекеттік органдар алдында жауапкершілігі айқындалған:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатынсыз кеденік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын беру, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органдары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу, әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын тәркілене отырып 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Мемлекеттік кірістер органдарына беру үшін қабылданған кеденік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына арналған кедендік немесе өзге де құжаттарды ұсынбаған жағдайда 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Мемлекеттік кірістер органдары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары белгілеген тауарларды, көлік құралдарын және олардың құжаттарын жеткізу мерзімін сақтамаған жағдайда, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесінің 234-бабында (Экономикалық контрабанда):

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, Кодекстің 286-бабында көрсетілгенді қоспағанда, кедендік шекарасы арқылы өткізуде оларға қатысты арнайы қағида белгіленген, тауарларды, заттарды және құндылықтарды ірі мөлшерде өткізген, кедендік бақылаудан тысқары немесе жасырын жасаған не жалған құжатарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдаланып не декларацияламай немесе дұрыс емес декларациялау арқылы өткізген кезде, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салумен не сол мөлшерде түзету жұмысына тартумен не жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартумен не мүлкін тәркілеумен қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаумен жазалау айқындалған.

      2. Осындай әрекетті:

      1) бірнеше рет;

      2) тұлға, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

      3) шекара немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын тұлғаға күш қолданумен;

      4) аса ірі мөлшерде;

      5) алдын ала келісім бойынша адамдар тобы жасағанда – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салумен не сол мөлшерде түзету жұмысына тартумен не жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартумен не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не мүлкін тәркілеумен осындай мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

      3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234-бабының бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді жасаған:

      1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті не оларға теңестірілген не лауазымды тұлғалар не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, егер олар өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланумен байланысты болса;

      2) қылмыстық топ – мүлкін тәркілеумен үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен, 1-тармақта көзделген жағдайларда өмір бойы белгілі бір лауазыммен немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен жазаланады.

Мемлекеттік органдардың ұсынымы!

      Кедендік бақылаудағы аталған көлік құралын ұстау қажет болған жағдайда, назарға ала отырып жақын маңдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына орамды ашпастан көлік құралдарын және тауарға ілеспе құжаттарын жеткізу, содан соң мемлекеттік кірістер органы қызметшісінің қатысуымен алқалы түрде тауарға ілеспе құжаттар орамын ашу және "Кедендік құжаттардың нысаны туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша кеден органына көліктік (тасымалдау), комерциялық және кедендік құжаттарға оларға белгі қойып, жою немесе сәйкестендіру құралдарының ауысқаны туралы хаттама толтыру ұсынылады.


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 374 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылатын сәйкестендіру тәсілдерін қолдану, оның ішінде мөрлер, мөр таңбалар қою және тауарларға цифрлық және басқа таңбалауды енгізу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, масштабты бейнелеу, тауарлардың және олардың қайта өнделген өнімдерінің алдын ала іріктелген сынамасын және (немесе) үлгілерін салыстыру, тауарлардың қолда бар таңбасын, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша жасалатын операциялар мен тауарлар сипаттамасынан шығатын басқа тәсілдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша операцияларды жасау технологиялық процесінде тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылған, ұсынылған құжаттарды зерттеу арқылы пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылатын сәйкестендіру тәсілдерін қолдану, оның ішінде мөрлер, мөр таңбалар қою және тауарларға цифрлық және басқа таңбалауды енгізу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, масштабты бейнелеу, тауарлардың және олардың қайта өнделген өнімдерінің алдын ала іріктелген сынамасын және (немесе) үлгілерін салыстыру, тауарлардың қолда бар таңбасын, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша жасалатын операциялар мен тауарлар сипаттамасынан шығатын басқа тәсілдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша операцияларды жасау технологиялық поцесінде тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылған, ұсынылған құжаттарды зерттеу арқылы пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру тәсілдерін қолдану, оның ішінде мөрлер, мөр таңбалар қою, тауарларға сандық және басқа таңбалау енгізу, тауарларға егжей-тегжейлі сипаттама, суретке түсіру, масштабты бейнелеу, тауарлардың және олардың қайта өңделген өнімдерінің сынамасы және (немесе) үлгілерін алдын-ала салыстыру, қолданыстағы тауарлар таңбасын пайдалану, оның ішінде сериялық нөмірлері түрінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша жасалатын операциялар мен тауарлар сипаттамасынан шығатын өзге де тәсілдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша операцияларды жасау техникалық процесінде тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өндеу өнімдерін өндіру технологиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер қамтылған, ұсынылған құжаттарды зерттеу арқылы қолдану белгіленген, Кодекстің 247, 260 және 272-баптарында қарастырылған тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру тәсілін қолдану тәртібі

      2.Көлік құралдарындағы жүк бөліктерін және тауарларды сақтауды қамтамасыз ету, әр-түрлі көліктерге, жүктерге, ғимараттарға және үй-жайларға санкцияланбаған кіруді, сондай-ақ тауарға ілеспе және көліктік құжаттарға санкцияланбаған қол жеткізуді болдырмау мақсатында мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын, оның ішінде тауарларға мөрлер, мөртаңбаларды қою, сандық және басқа таңбалауларды басу, суретке түсіру, егжей-тегжейлі сипаттау;

      тауарлардың маштабындағы бейнелері, тауарлар және олардың қайта өнделген өнімдерінің сынамаларын және (немесе) үлгілерін алдын-ала салыстыру;

      тауарлардың бар таңбаларын, оның ішінде сериялық нөмір түрінде пайдалану;

      тауарлар сипаттамасынан және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша жүргізілетін операциялардан шығатын өзге тәсілдер, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндеу бойынша операцияларды жасаудың технологиялық процесінде тауарларды қолдану туралы егжей-тегжейлі мәліметтері бар ұсынылған құжаттарды зерттеу жолымен сәйкестендіру тәсілдері қолданылады.

      3. Кодекстің 247, 260 және 272-баптарында қарастырылған сәйкестендіру тәсілдерінен басқа мемлекеттік кірістер органдары мынадай сәйкестендіру тәсілдерін қолданады:

      1) механикалық сәйкестендіру құралдары (пломба, тиектеу-пломбалау қондырғысы, электрондық тиектеу-пломбалау қондырғысы) – тауарларды тасымалдау үшін рұқсат берілген көлік құралдарының (контейнерлер) жүк бөліктеріне;

      2) арнайы сәйкестендіру құралдары:

      кедендік құжаттарға – мөрлер және мөртаңбалар қойылады, штрих-кодтар жапсырылады, флуоресцентті фломастермен белгі қойылады;

      тауарларға – штрих-кодтар жапсырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 374 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, тауарларды жөнелтушілер және (немесе) тасымалдаушылар қолданатын пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, тауарларды жөнелтушілер және (немесе) тасымалдаушылар қолданатын пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын тану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 427-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, тауарларды жөнелтушілер және (немесе) тасымалдаушылар қолданатын пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын тану тәртібін айқындайды.

      2. Кедендік мақсаттар үшін сәйкестендіру құралы ретінде пломбы, мөрлер немесе Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің және Қазақстан Республикасының кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жөнелтушілер, тасымалдаушылар және декларанттар салған өзге де сәйкестендіру құралдары танылады.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының сәйкестендіру құралдарын тану тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органдарының пломбаларды, мөрлерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын тануы, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды жөнелтушілер және (немесе) тасымалдаушылар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің кеден органдары қолданатын пломбаларды, мөрлерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын жарамды деп санауға дайындығы болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын сәйкестендіру құраларын қолдану қағидаларында және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптарда белгіленген дайындау талаптарына сәйкес белгілері болған кезде мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, тауарларды жөнелтушілер және (немесе) тасымалдаушылар қолданатын пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдары ретінде тануы мүмкін.

      5.Тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары кедендік рәсімдерге, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша декларант мемлекеттік кірістер органдарына қағаз немесе электронды түрде орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіруі туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді.

      6. Өтінішті беру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру номері/жеке сәйкестендіру номері, мекен-жайы, телефоны;

      2) кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды Кодекстің 247, 260 және 272-баптарына сәйкес көрсетілген сәйкестендірудің тәсілдері туралы;

      3) тауарлардың (қайта өңдеу өнімінің) толық атауы (түрі, типі, моделі, маркасы, бренді және тағы басқалары) туралы;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының қайта өңдеу өнімдерінде пайдаланылған шикізат тауарларының, материалдар, жинақтауыш коды туралы;

      5) тауарларға қайта өңдеу кезінде жасалған операциялардың түрлері туралы;

      6) Кодекстің 247, 260 және 272-баптарына сәйкес өтініш беруші еркін кеден аймағы немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарлардың сәйкестендіруін жүргізу бойынша өзге де мәліметтер;

      7) мемлекеттік кірістер органдары алдында Өтініштегі дұрыс мәліметтерді ұсыну бойынша міндеттеме туралы;

      8) осы Өтініште көрсетілген мәліметтерді растауға арналған құжаттар туралы.

      7. Өтініш қайта өңдеу өнімдерінің әр түріне жеке беріледі.

      8. Қағаз немесе элетронды түрде ұсынылған Өтініш осы Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда Мемлекеттік кірістер органдарының кедендік рәсімдермен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру туралы Өтініштері мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғасының дереу тіркеуіне жатады.

      9. Кедендік бақылау декларант Өтініш бойынша жүргізетін тауарларды сәйкестендірудің дұрыстығын Кодекстің 47, 48 және 51-тарауларына сәйкес жүзеге асырады.


  Мемлекеттік кірістер органдары
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттердің
кеден органдары, тауарларды
жөнелтушілер және (немесе)
тасымалдаушылар қолданатын
пломбаларды, мөрлерді және
өзге де сәйкестендіру
құралдарын тану қағидасына
1-қосымша
  нысан

Мемлекеттік кірістер органының кедендік рәсімдермен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру туралы өтініші

      № 00000 ___________________                              ____________20__ жыл

      (өтініштің тіркелген нөмірі)                              (өтініш берген күні)

      Қайда____________________________________кімнен________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)                  (өтініш беруші)

      Бизнес-сәйкестендіру нөмері/жеке сәйкестендіру нөмері (БСН/ЖСН) ______________;

      мекен-жайы__________________________; телефон__________________;

      Сізден қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған)

      шетелдік тауарларды сәйкестендіруді өткізуге дайын өнімдер бойынша

      "__" _____ 20__ жылдан бастап "__" _____ 20__ жылға дейін рұқсат

      беруіңізді сұраймын:

      1) тауардың атауы (дайын өнім)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметке

      қатысушыларының тауарлар номенклатурасы кодтары (ЕАЭО СЭҚ ТН) коды (шикізат

      материалдар, жинақтауыш) _________________________________

      ___________________________________________________________________

      3) сәйкестендіру тәсілі (керегін белгілеу):

      декларанттың немесе мемлекеттік кірістер органдары лауазымды

      тұлғаларының шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды, цифрлық

      және басқа да таңбалауды қоюы;

      шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке

      түсіру, бейнелеу;

      шетелдік тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын,

      үлгілерін салыстыру;

      тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде

      пайдалану;

      тауарлардың сипаттамасына және қайта өңдеу бойынша жасалатын

      операцияларға негізделіп, соның ішінде технологиялық процессте

      шетелдік тауарларды қолдану туралы ұсынылған егжей-тегжейлі

      мәліметтерді зерттеу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

      4) тауарларға қайта өңдеу кезінде жасалған операциялар түрлері

      туралы _____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________;

      5) өтініш беруші еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын

      (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіруді өткізу бойынша

      өзге де мәліметтер_________________________________________________;

      6) Таңдалған сәйкестендіру тәсілі бойынша қайта өңдеу өнімдеріндегі

      шетелдік тауарларды сәйкестендіруді растайтын құжаттар

      тізбесі_______________________________;

      Осы жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен деректердің дұрыстығын

      растаймын __________________________________________________________

      Өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мемлекеттік кірістер органы

      ________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________

      Қолы

      Мөрдің орны


  Мемлекеттік кірістер органдары
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттердің
кеден органдары, тауарларды
жөнелтушілер және (немесе)
тасымалдаушылар қолданатын
пломбаларды, мөрлерді және
өзге де сәйкестендіру
құралдарын тану қағидасына
2-қосымша
  нысан

Кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған), шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру туралы өтініштерді тіркеу журналы


п/п

Тіркеу нөмірі

Өтініш беруші

Бизнес-сәйкестендіру нөмері/ Жеке сәйкестендіру нөмері(БСН/ЖСН)

Қайта өңдеу өнімінің атауы

Сәйкестендіру тәсілі

Ескертпе








      Ескертпе: Журнал тігіледі, нөмірленеді мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастыратын адамның қолымен бекітіледі және мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен куәландырады. Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Журналдың нөмірленуі бір санынан басталады.


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 374 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидаларын және дайындауға қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6498 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 қарашада "Казахстанская правда" газетінде № 303–305 (26364–26366) жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. "Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 104 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14861 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 наурызда Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).