Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар" 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6498 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2010 жылғы 11 қарашада № 303-305 (26364-26366) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидаларын және дайындауға қойылатын талаптарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидалары және дайындауға қойылатын талаптары.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптарда:
такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидалары және дайындауға қойылатын талаптары";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Осы Қағидалар сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібі және дайындауға қойылатын талаптарды айқындайды.";
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кедендік мақсаттар үшін сәйкестендіру құралдары ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жөнелтушілер, тасымалдаушылар мен декларанттар салған пломбалар, мөрлер немесе сәйкестендірудің өзге де құралдары танылады.";
26-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Пакеттің сыртқы түрі осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4. Шетелдік тауарларды сәйкестендірудің ерекшеліктері
27. Еркін кедендік аймақ (бұдан әрі – ЕКА) немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру кезінде, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімінің 20-бабы 1-тармағымен (бұдан әрі – ЕКА Келісім), Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңымен ратификацияланған, Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің 17-бабы 1-тармағымен (бұдан әрі – Еркін қоймалар туралы келісім) айқындалған тәсілдер қолданылады.
28. ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде, шетелдік тауарларды сәйкестендіру мақсатында, осындай рәсімдердің әрекеттері аяқталғанға дейін декларант осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе элетронды түрде мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру туралы өтініш (бұдан әрі - Өтініш) береді.
29. Өтінішті беру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) тұлғаның толық атауы, БСН/ЖСН, мекен-жайы, телефоны;
2) ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды ЕКА Келісімнің 20-бабының 1-тармағында және Еркін қоймалар туралы келісімнің 17-бабының 1-тармағында көрсетілген сәйкестендірудің тәсілдері туралы;
3) тауарлардың (қайта өңдеу өнімінің) толық атауы (түрі, типі, моделі, маркасы, бренді және тағы басқалары) туралы;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) қайта өңдеу өніміндерінде пайдаланылған шикізат тауарларының, материалдар, жинақтауыш коды туралы;
5) тауарларға қайта өңдеу кезінде жасалған операциялардың түрлері туралы;
6) өтініш беруші ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарлардың сәйкестендіруін жүргізу бойынша өзге де мәліметтер;
7) мемлекеттік кірістер органдары алдында Өтініштегі дұрыс мәліметтерді ұсыну бойынша міндеттеме туралы;
8) осы тармақта көрсетілген мәліметтерді растауға арналған құжаттар туралы.
30. Өтініш қайта өңдеу өнімдерінің әр түріне жеке беріледі.
31. Бір Өтініштің қолданылу мерзімі 3 (үш) айдан аспайды.
32. Қағаз немесе элетронды түрде ұсынылған Өтініш осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғасының дереу тіркеуіне жатады.
33. Тауарларға арналған декларациясын толтыру кезінде 44-бағанда (08999 кодында) Өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында Өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілмеген жағдайда, ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру расталмаған болып саналады.
34. Мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органы тіркелген Өтініш болған кезде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын дайын өнімдердегі шикізаттың, материалдардың сәйкестендіруін кедендік тазарту кезеңінде жүзеге асырмайды.
35. Декларант Өтініш бойынша жүргізетін тауарларды сәйкестендірудің дұрыстығын кедендік бақылау "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 21, 23-тарауларына сәйкес жүзеге асырады.";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сәйкестендіру құралдарын қолдану
қағидалары және дайындауға
қойылатын талаптарына 1-қосымша";
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 104 бұйрығына 1-қосымша |
|
Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидалары және дайындауға қойылатын талаптарына 2-қосымша |
|
Нысан |
Еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіру туралы өтініш
№ 00000 _______________ 20__ ж.
(өтініштің тіркелген нөмірі) (өтініш берген күні)
Қайда_________________________________ кімнен______________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы) (өтініш беруші)
БСН/ЖСН__________________________; Мекен-жайы__________________________;
Телефон___________________
Сізден еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын
(орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіруді өткізуге қайта өңдеудің мынадай
дайын өнімдері бойынша "__" " " жылдан бастап "__" " " жылға дейін рұқсат беруді
сұраймын:
1) Тауардың атауы (дайын өнім)
_________________________________________________________________________;
2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды (шикізат материалдар, жинақтағыш)
___________________________________________________________________;
3) Сәйкестендіру тәсілі (керегін белгілеу):
декларанттың немесе мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының
шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды, цифрлық және басқа да таңбалауды қоюы;
шетелдік тауарлар ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
шетелдік тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
тауарлардың сипаттамасына және қайта өңдеу бойынша жасалатын операцияларға
негізделіп, соның ішінде технологиялық процессте шетелдік тауарларды қолдану туралы
ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де
тәсілдер.
4) тауарларға қайта өңдеу кезінде жасалған операциялар түрлері
туралы_________________________________________________________________________;
5) өтініш беруші ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын
(орналастырылған) шетелдік тауарларды сәйкестендіруді өткізу бойынша өзге де
мәліметтер______________________________________________________________________;
6) Таңдалған сәйкестендіру тәсілі бойынша қайта өңдеу өнімдеріндегі шетелдік
тауарларды сәйкестендіруді растайтын құжаттар тізбесі_______________________________;
Осы жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен деректердің дұрыстығын растаймын
_______________________________________________________________ ________
Өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (Қолы
Мемлекеттік кірістер органы
_____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________
Қолы М.О.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 104 бұйрығына 2-қосымша |
|
Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидалары және дайындауға қойылатын талаптарына 3-қосымша |
Еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімдерімен орналастырылатын (орналастырылған), қайта өңдеу өнімдеріндегі шетелдік тауарларды сәйкестендіру туралы өтініштерді тіркеу журналы*
№ | Тіркеу нөмірі | Өтініш беруші | БСН/ ЖСН | Қайта өңдеу өнімінің атауы | Сәйкестендіру тәсілі | Ескертпе |
* Журнал тігілген, нөмірленген, мөрленген және мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастыратын адамның қолымен бекітілген. Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Журналдың нөмірленуі бірден басталады."