Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 наурызда № 16669 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 429-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы
№ 391бұйрығына қосымша

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларлары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1047 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 429-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленген және қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) асып кету сомаларын қайтару тәртібін белгілейді.

2-тарау. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі

      2. ҚҚС асып кетуін қайтару:

      1) Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабының (бұдан әрі - талап);

      2) шағым жасау (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растайтын тақырыптық тексеру актісінің;

      3) Салық кодексінің 152-бабы 13-тармағында көзделген жағдайда тақырыптық тексеру актісіне қорытындының негізінде жүргізіледі.

      Бұл ретте, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабы, бастапқы, кезекті және (немесе) тарату ҚҚС бойынша декларацияларында көрсетілуі мүмкін.

      Егер, ҚҚС төлеуші салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларациясында ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты көрсетпесе, мұндайда осы ҚҚС асып кетуі ҚҚС бойынша келешектегі төлемдер есебіне есепке алынады немесе Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде қайтаруға ұсынылуы мүмкін.

      Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларындағы ережелер Салық кодексінің 433, 434-тармақтарына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомаларын қайтаруды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік кірістер органы талапты алғаннан кейін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген соңғы күннің мерзімі өткеннен кейін бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кетуінің дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру (бұдан әрі – тақырыптық тексеру) тағайындайды.

      Бұл ретте тақырыптық тексеру Салық кодексінің 152-бабы 2-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін тағайындалады.

      Осы тармақтың ережелері, салық төлеушіге қатысты Салық кодексінің 433 және 434-баптарына сәйкес оның оңайлатылған тәртіпте ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын қараған кезде қолданылмайды.

      Егер:

      салық төлеушінің дербес шотында ҚҚС асып кету сомасының болмауы;

      және (немесе)

      Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі мен тәртібінің бұзылғандығы айқындалса, мемлекеттік кірістер органы салық төлеушіге ҚҚС бойынша декларациясын табыс еткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде, талапты қараудан бас тартатындығы туралы хабарлайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығын, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпте қайтаруды қолданған салық төлеушіге қатысты бюджеттен қайтарылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органы, ақпараттық жүйені қолдана отырып, тексеретін салық кезеңіне тексеріс жүргізіліп жатқан салық төлеуші жөнінде жекізушілер бойынша "Пирамида" талдамалық есепті (бұдан әрі - "Пирамида" есебі) қалыптастырады.

      Салық кодексінің 152-бабы 11-тармағында белгіленген "Пирамида" есебі, салық төлеушімен табыс етілген ҚҚС бойынша салық есептілігін және (немесе) ақпараттық жүйелерінің мәліметтерін зерделеу мен талдаудың негізінде мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері болып табылады.

      "Пирамида" есебін қалыптастыру тексерілетін салық төлеушінің тікелей жеткізушілер бойынша жүргізіледі.

      6. Бюджеттен ҚҚС қайтару мерзімдерін сақтау мақсатында мемлекеттік кірістер органы тақырыптық тексеруді бастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тікелей жеткізушілерінің тізбесін анықтап, оларға:

      "Пирамида" есебіне жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша табылған бұзушылықтарды жою үшін Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны "бұдан әрі -хабарлама) жіберу;

      және (немесе)

      Салық кодексінің 143-бабында белгіленген тәртіпте қарсы тексеру тағайындау қажет.

      7. Егер тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушісі тұрған жері бойынша басқа салық органында тіркеу есебінде тұрса, тақырыптық тексеру тағайындаған салық органы "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша осы Салық кодексінің ережелеріне сәйкес тақырыптық тексеруді бастау күнінен он бес жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеру жүргізу туралы тиісті сұрау салу және (немесе) шаралар қабылдау туралы сұрау салу жібереді.

      8. Шаралар қабылдау туралы сұратуды алған мемлекеттік кірістер органы тікелей жеткізушіге осындай сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жібереді.

      Бұл ретте мемлекеттік кірістер органының атына осындай сұратуға жауапты бұрын жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылған жағдайда, салық төлеуші Салық кодексінің ережелеріне сәйкес осындай сұратуды алған күннен немесе хабарламаны орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      9. Қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салуды алған мемлекеттік кірістер органы мұндай тексеруді сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.

      10. Егер қарсы тексеруді жүргізу сәтінде тікелей өнім беруші таратылуға байланысты қызметін тоқтатқан және осындай өнім берушіге қатысты тарату салықтық тексеру жүргізілген жағдайда, онда осындай жеткізуші жазып берген шот-фактурада көрсетілген ҚҚС сомасы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар, оның ішінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің электрондық шот-фактуралар тізілімі және (немесе) жазып берген электрондық шот-фактуралар мәліметтер бойынша есепке алынады.

      11. Тексерілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім

      берушісі - салықтық мониторингке жататын ірі салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша ҚҚС сомасының анықтығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған мемлекеттік кірістер органы салықтық есептілік және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарындағы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде жүргізеді.

      12. Салық кодексінің 152-бабы 12-тармағына сәйкес салықтық тексеру аяқталған күнге:

      1) тікелей өнім берушімен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру жүргізуге сұрау салуларға жауаптар алынбаған;

      2) "Пирамида" талдамалық есебіне талдаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар айқындалған тексеріліп жатқан салық төлеушінің жеткізушілері бойынша;

      3) ҚҚС сомаларының дұрыстығы расталмаған;

      4) ҚҚС сомаларының дұрыстығы, қарсы тексеруді жүргізуге мүмкіншілігінің жоқтығына байланысты, оның ішінде:

      жеткізушінің орналасқан орынында болмау;

      жеткізушінің есеп құжаттарын жоғалтып алу себептерімен расталмаған.

      Бұл ретте, осы тармақтың 2) тармақшасындағы ережелер, мына тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілермен "Пирамида" талдамалық есептің нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды жойған жағдайда:

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны кемінде 150 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және ҚҚСның асып түсуін қайтару туралы талабы ұсынылған салық кезеңінің алдындағы соңғы бес жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес;

      Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша осы Қағидаларлар, олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты қолданылмайды;

      Тақырыптық тексеру актісінде қайтаруға ҚҚС асып кету сомаларының қайтарылмау негіздемесі көрсетіледі.

      Бұл ретте, тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасы Салық кодексінің 48-бабында белгіленген, талап етудің өткен мерзімі шегінде кейінгі салық кезеңдерінде ҚҚС қайтару туралы талапта салық төлеуші қосу жолымен салық заңнамасын бұзушылықтарды тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушілердің жоюы бойынша қайтаруға жатады.

      Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы осындай өнім берушілер бойынша "Пирамида" талдамалық есептің нәтижелеріне талдау жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тақырыптық тексерулер аяқталған күнде өнім берушілерде белгіленген, жойылмаған бұзушылықтар болған кезде мемлекеттік кірістер органы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жіберілген салықтық тексеру актісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға жазбаша сұрау салулардың тізілімін қоса береді.

      14. ҚҚС-ның асып кетуін қайтаруды тақырыптық тексеру актісімен, не тақырыптық тексеру актісіне қорытындымен расталған ҚҚС сомасының шегінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

      Салық кодексінің 104-бабы 2-тармағына сәйкес қайтарылуға расталған ҚҚС асып кетуінің жалпы сомасы салық кезеңі үшін декларацияда ҚҚС қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС асып кету сомасынан және (немесе) тақырыптық тексеру аяқталған күніне не тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны жасау күніне, тексерілетін салық төлеушінің дербес шотындағы ҚҚС асып кету сомасынан аспауы тиіс.

      Бұл ретте, бюджеттен қайтарылуға жатпайтын ҚҚС асып кетуі ҚҚС бойынша алдағы төлемінің есебіне есепке жатқызылады. Есепке жатқызу импорт, сондай-ақ Салық кодексінің 373-бабында көзделген кезінде төленуге жататын ҚҚС төлеу есебіне жүргізілмейді.

      15. Тақырыптық тексеру актісіне не тақырыптық тексеру актісіне қорытындыға қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күннің ішінде салық төлеушілердің тізімі қалыптастырылады, ол бойынша салық төлеушінің салықтық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы мәліметті жасау қажет.

      16. Салық төлеуші тақырыптық тексеру актісіне не тақырыптық тексеру актісіне қорытындыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішін табыс етеді (бұдан әрі - есепке жатқызуға салықтық өтініш).

      17. Есепке жатқызуға салықтық өтініштің және мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған есеп айырысулар сальдосы бойынша есептің негізінде салықтық тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға екі данада қайтаруға өкімді жасайды.

      Бұл ретте қалыптастырылған есеп айырысулар сальдосы бойынша есеп өкім жасалған күнге қалыптастырылады.

      18. ҚҚС асып кетуін қайтару табыс етілген есепке жатқызуға салықтық өтініштің негізінде, Салық кодексінің 102-бабына сәйкес есепке жатқызу жүргізу және (немесе) салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банк шотына аудару жолымен салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      Салық берешегі болған кезде мемлекеттік кірістер органдары салық берешегін, оның ішінде есепке жатқызуға салықтық өтінішті ұсынбай құрылымдық бөлімшенің салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кетуін есепке жатқызу жүргізеді.

      Осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС асып кетуінің қалдық сомасы банк шотына қайтаруға және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызуға жатады.

3-тарау. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кетуін айқындау

      19. Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету дұрыстығын растау осы Қағидалардың 2-тарауының ережелерін ескере отырып, жүргізілген тақырыптық тексеру нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      20. Салық кезеңінің соңында қалыптасқан ҚҚС асып кетуі өткізу бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылатын сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағында көзделген шарттарына сәйкес келген кезде қайтаруға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттар орындалмаған кезде:

      нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы бөлігінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша;

      Салық кодексінің 373-бабына сәйкес резидент еместен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған және бюджетке төленген ҚҚС сомасы шегінде нөлдік ставка бойынша салық салынбайтын айналым бойынша ҚҚС асып кетуі қайтаруға жатады.

      Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымы болмаған жағдайда, Салық кодексінің 373-бабына сәйкес резидент еместен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылатын және бюджетке төленген ҚҚС сомасы шегінде ҚҚС асып кетуі қайтаруға жатады.

      21. Осы Қағидалардың 20-тармағының ережелері:

      Салық кодексінің 432, 433-баптарына сәйкес қайтару жүзеге асырылатын ҚҚС асып кету сомасына;

      Салық кодексінің 434-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Салық кодексінің 432-бабын қолдануға байланысты салық кезеңінің соңында қалыптасқан ҚҚС асып кетуі тақырыптық тексеру нәтижесі бойынша жинақталған қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығы расталған салық кезеңінен бастап, тең үлесте жиырма салық кезеңі ішінде қайтаруға жатады.

      23. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші күнінен кешіктірілмей екі данадан кем емес санында толтырылады және салық органының лауазымды тұлғаларының қолы қойылады. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы басқа данаға белгісін қояды.

      Қорытынды бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген, Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында көзделген ережелерге сәйкес мерзімде және тәртіпте жүргізіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Салық төлеушінің Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс еткен ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау жөніндегі салықтық өтініш бойынша тақырыптық тексеру жүргізілген жағдайда, оларға Салық кодексінің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген ұқсас ережелер қолданылады.

      Бұл ретте, Салық кодексінің 104-бабы 2-тармағына сәйкес салықтық өтініш бойынша тағайындалған тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталған ҚҚС асып кетуінің жалпы сомасы, тақырыптық тексеру аяқталған күнгі тексерілетін салық төлеушінің салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС сомасынан және дербес шотындағы ҚҚС асып кету сомасынан аспауы тиіс.

      Осы тармақта көрсетілген тақырыптық тексеру Салық кодексінің 146-бабында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

      25. Егер, тақырыптық тексеру басталғанға дейін салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС асып кету сомасы салық төлеушінің дербес шотында болмауы анықталған және (немесе) көрсетілген салықтық өтінішті тапсырылған мерзімінде Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімі бұзылған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті қараудан бас тартылғаны туралы хабарлайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың, "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының ҚҚС асып кетуін қайтару ерекшелігі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.08.2019 № 857 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Жалпы ережелер

      26. Салық кодексінің 389-бабын қолданумен байланысты салық төлеушінің талабы бойынша тақырыптық тексеруді жүргізу кезінде осы Қағидалардың 2-тарауының ережелері қолданылады.

      27. Арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - АЭА) аумағында іске асырылатын тауарлар өнім берушілерінің ҚҚС асып кетуін қайтару АЭА құру мақсатына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінетін тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

      28. АЭА қатысушысының АЭА құру мақсатына жауап беретін қызметті жүзеге асыру мақсатында АЭА аумағына әкелінген тауарларын тұтыну фактісін растау үшін мемлекеттік кірістер органдары ҚҚС-тың асып кетуін қайтару туралы талаптың негізінде тағайындалған тақырыптық тексеруді жүргізу барысында АЭА аумағында орналасқан мемлекеттік кірістер органына тақырыптық тексеру басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салуды жолдайды.

      29. Осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген сұрау салуды алған мемлекеттік кірістер органы осындай сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жауапты жолдайды.

      Бұл ретте жауапта АЭА қатысушысы табыс еткен деректердің негізінде еркін кедендік аймақ (бұдан әрі - ЕКА) кедендік рәсімімен тауарлардың шығаруын жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органы ұсынатын АЭА құру мақсатына жауап беретін қызметті іс жүзінде тұтынылған АЭА аумағына әкелінген тауарлардың құны бойынша мәлімет көрсетіледі. Алынған мәліметтерді мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 389-бабына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде ескереді.

      30. Салықтық бақылау шеңберінде АЭА қатысушысының ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған АЭА аумағына әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтыну шарттарын орындамау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар импортқа салынады деп танылады және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында және (немесе) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) айқындалған тәртіпте және мерзімде импортталатын тауарларға ҚҚС-ты төлеу үшін белгіленген мерзім бойынша өсімпұлды есептеумен АЭА аумағына тауарларды әкелу күнінен бастап ҚҚС салуға жатады.

2-параграф. "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының ҚҚС асып кетуін қайтару ерекшелігі

      Ескерту. 2-параграф алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.08.2019 № 857 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының ҚҚС асып кетуін қайтару ерекшелігі

      34. Салық кодексінің 391-бабын қолданумен байланысты салық төлеушінің талабы бойынша тақырыптық тексеруді жүргізу кезінде осы Қағидалардың 2-тарауының ережелері қолданылады.

      35. "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі - "Қорғас" ШЫХО АЭА) құру мақсатына жауап беретін қызметті жүзеге асыру мақсатында "Қорғас" ШЫХО АЭА аумағына әкелінген "Қорғас" ШЫХО АЭА-да қызметті жүзеге асыратын "Қорғас" ШЫХО АЭА қатысушысының тұтыну немесе іске асыру фактісін растау үшін мемлекеттік кірістер органы ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабының негізінде тағайындалған тақырыптық тексеру жүргізу барысында "Қорғас" ШЫХО АЭА аумағында орналасқан мемлекеттік кірістер органына тақырыптық тексеру басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салуды жолдайды.

      36. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген сұрау салуды алған мемлекеттік кірістер органы осындай сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жауапты жолдайды.

      Бұл ретте жауапта "Қорғас" ШЫХО АЭА қатысушысы табыс еткен деректердің негізінде ЕКА кедендік рәсімімен тауарлардың шығаруын жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органы ұсынатын "Қорғас" ШЫХО АЭА құру мақсатына жауап беретін қызметті іс жүзінде тұтынылған және іске асырылған "Қорғас" ШЫХО АЭА аумағына әкелінген тауарлардың құны бойынша мәлімет көрсетіледі. Алынған мәліметтерді мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 391-бабына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде ескереді.

      37. Салық кодексінің 391-бабы 4-тармағына сәйкес салықтық бақылау шеңберінде "Қорғас" ШЫХО АЭА қатысушысының ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған "Қорғас" ШЫХО АЭА аумағына әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтыну және іске асыру шарттарын орындамау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар импортқа салынады деп танылады және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында және (немесе) Кодексте айқындалған тәртіпте және мерзімде импортталатын тауарларға ҚҚС-ты төлеу үшін белгіленген мерзім бойынша өсімпұлды есептеумен "Қорғас" ШЫХО АЭА аумағына тауарларды әкелу күнінен бастап ҚҚС салуға жатады.

5-тарау. Асып кетен ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану кезіндегі ерекшеліктер

      38. ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару тәртібін оңайлату кезінде мемлекеттік кірістер органы ҚҚС қайтару туралы талаптар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚҚС төлеушіде Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде салық есептілігін ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелерінің жоқ немесе бар болуын, сондай-ақ оның жеке шотында салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын көрсетудің дұрыстығын тексереді.

      Егер ҚҚС төлеуші және оның құрылымдық бөлімшесі басқа мемлекеттік кірістер органында тіркеуде тұрған жағдайда, ҚҚС қайтару туралы талап келіп түскен мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйенің көмегімен ҚҚС қайтару туралы талаптар ұсынылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кірістер органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселе бойынша сұрау салу жолдайды.

      39. Осы Қағиданың 38-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген сұрау салу осындай сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындауға жатады.

      40. Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағында көзделген сәйкес келмеуі белгіленген кезде салық төлеушіге асып кеткен ҚҚС-ты қайтаудың оңайлатылған тәртібін олардың қолдану құқығының жоқ екендігі туралы хабарлама жолданады.

      Сонымен қатар салық төлеуші Салық кодексінің 431-бабында көзделген асып кеткен ҚҚС-ты қайтау тәртібін олардың қолдану құқығы туралы хабардар етіледі.

      Хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде салық төлеуші мемлекеттік кірістер органын Салық кодексінің 431-бабында көзделген асып кеткен ҚҚС-ты қайтау тәртібін қолданудан бас тарту немесе келісуі туралы - қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін салық төлеушіден тиісті жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында көзделген асып кеткен ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту факті болып табылады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген кезде, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін Салық кодексінде белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушінің берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жасау қажет болатын салық төлеушілердің тізімі құрылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш және салық төлеушінің берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер негізінде мемлекеттік кірістер органы қайтаруға өкімді екі данада жасайды.

      Бұл ретте салық төлеушінің берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер өкім жасалған күнге қалыптастырылады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Осы Қағиданың 42-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті салық төлеуші, салық төлеушінің берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер қалыптастырылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.

      44. Асып кеткен ҚҚС қайтару, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салықтық берешек болмаған кезде салық төлеушінің тұрған жері бойынша оның банк шотында жүргізіледі.

      Берешек болмаған кезде мемлекеттік кірістер органы бар берешекті, оның ішінде құрылымдық бөлімшенің берешегін өтеу есебіне, есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, асып кеткен ҚҚС есепке жатқызуды жүргізеді.

      Осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін асып кеткен ҚҚС сомасының қалдығы оның банк шотына қайтаруға жатады.

      45. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес және 433-бабына сәйкес салық төлеушіге ҚҚС асып кетуін қайтарған жағдайда не осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тартқан кезде есептілік салық кезеңінің соңына өсу жиынтығымен декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кеткен сомасы, қайтаруға ұсынылған, соның ішінде оңайлатылған тәртіппен қайтарылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау жөніндегі тақырыптық тексерудің нәтижесі бойынша, бірақ Салық кодексінің 434-бабына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талабында көрсетілген ҚҚС-тан артық емес сомасында, не Салық кодексінің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талабында бір уақытта көрсету кезінде қалыптасқан ҚҚС-тан артық емес сомасында және Салық кодексінің 429-бабының 5-тармағына сәйкес қалған ҚҚС асып кеткен сомасында қайтарылуға жатады.

      Осындай тексеру нәтижесі бойынша қайтаруға жататын асып кеткен ҚҚС сомасы есепті салықтық кезең соңында өсу қортындысымен декларация бойынша қалыптасқан асып кеткен сома, Салық кодексінің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес қайтарылған ҚҚС сомасы мен тексеру нәтижесі бойынша расталмаған, бірақ ҚҚС қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС сомасынан артық емес ҚҚС сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде асып кеткен ҚҚС қайтару ерекшеліктері

      46. Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы оның талабының негізінде бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушіге ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару салықтық тексеру жүргізбестен он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару талапта көрсетілген, бірақ ол Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, ҚҚС бақылау шотын пайдаланған салық кезеңінен аспайтын салық кезеңі үшін жүргізіледі.

      Осы тармаққа сәйкес қайтаруға ұсынылған асып кеткен ҚҚС сомасының дұрыстығын растауды мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйелерде бар деректердің негізінде жүргізеді.

      Бұл ретте асып кеткен ҚҚС сомасының дұрыстығы ішінара не толық расталмаған жағдайда, мыналарда:

      осы Қағидалардың 49-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерге Салық кодексінің 433-бабына сәйкес асып кеткен ҚҚС қайтаруға құқықтың жоқтығы туралы хабарланады;

      осы Қағидалардың 49-тармағы 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілерге Салық кодексінің 433-бабына сәйкес асып кеткен ҚҚС қайтаруға құқықтың жоқтығы туралы, Салық кодексінің 429, 431, 432 және 434-баптарында көзделген асып кеткен ҚҚС қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хабарланады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      47. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Салық кодексінің 433-бабы 3-тармағында көрсетілген салық төлеушіге өткізу кезінде ҚҚС сомасын есептеу бақылау шотын пайдалана отырып жүргізілген тауарларды сатып алу (алу) бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кеткен сомасы бөлігінде, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулінде осындай тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты ескере отырып, асып кеткен ҚҚС-ты қайтару жүргізіледі.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Осы тараудың мақсатында асып кеткен ҚҚС қайтару мынадай тауарларға қатысты жүргізіледі:

      1) уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе (бұдан әрі - Тізбе) бойынша басқа тауарлар өндірісінде пайдаланылатын, сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары).

      Осы тармақта көрсетілген сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары) сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізуге жатпайды;

      2) экспортқа өткізілген тауарлар;

      3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларға әуе кемелеріне құю үшін өткізелген жанар-жағар май материалдары;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін, салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаттан өндірілген тазартылған алтын;

      5) арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізетін тауарлар.

      50. ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімінің ағыны Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін есепке ала отырып ҚҚС бойынша декларацияларды мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.

      51. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      52. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Егер ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушісінде ҚҚС бойынша салық міндеттемелерін және салық кезеңінің қорытындысы бойынша тауарлардың жеткізушілерімен және (немесе) сатып алушыларымен есеп айырысуларды орындағаннан кейін ҚҚС бақылау шотында ақша қалдығы болған жағдайда, онда салық төлеуші Салық кодексінің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуы мүмкін ҚҚС-тің көрсетілген сомасын бюджетке аударуға құқылы.

      Осы тармақтың ережесі де қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылғанды қоспағанда, ҚҚС бақылау шотын қолданатын салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылады.

      Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсатында артық төленген ҚҚС сомасы, ақпараттық жүйелерде бар ҚҚС сомасы бөлігіндегі тауарларды жеткізушілер мен (немесе) сатып алушылардың өзара есеп айырысуы бойынша мәліметтерді ескере отырып айқындалады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. ҚҚС төлеушіде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасы Салық кодексінің 431-бабында және (немесе) 432 және (немесе) 433 және (немесе) 434 және (немесе) 429-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімде салық төлеушінің таңдауы бойынша қайтаруға жатады.

      ҚҚС асып кетуі салық төлеушіге Салық кодексінің 434-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіпте қайтарылған жағдайда, ҚҚС қалған бөлігі, бірақ ҚҚС қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС аспайтын сомасы, салық төлеушінің таңдауы бойынша Салық кодекстің 431 және (немесе) 433-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімде қайтарылады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. ҚҚС төлеушi осы Қағидалардың 49-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, бюджеттен қайтарылған ҚҚС сомасы, Салық кодексінің 104-бабы 4-тармағында көрсетiлген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әрбiр күн үшiн есептелген айыппұлмен қоса бюджетке төленедi.

      Бұл ретте бюджетке ҚҚС сомасын және осы тармақта көзделген айыппұлдарды төлеуді салық төлеушімен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламамен келіскен жағдайда Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес немесе салық төлеушінің тексеру нәтижелері бойынша хабарлама негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 24.06.2019 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Салық кодексінің 433-бабына сәйкес ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын салық төлеуші ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растаған кезде осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8, 9, 12 және 13-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

  Қосылған құн салығының асып
кетуін қайтару қағидаларына
қосымша

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жіберілген анықталған бұзушылықтарды жоюға сұрау салулар тізілімі

р/с

Жеткізушінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (ол болған жағдайда)

Қосылған құн салығының сомасы (теңге)

Сұрау салудың нөмірі

Сұрау салудың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8