Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16519 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 222-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзиттің ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 206 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 10817 тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында, 2015 жылғы 7 тамызда № 116 (2876) "Заң газетінде", "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 72 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 14872 тіркелген, 2017 жылғы 15 наурызында Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1),2),3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы № 234
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін бекіту туралы ерекшеліктері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері (бұдан әрі – Кедендік транзиттің ерекшеліктері) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 222-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленді және Кодекстің 222-бабының 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін айқындайды.

2 Тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері

      2. Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізілген жағдайда, бір жөнелтушіден бір алушының атына бірнеше көліктік (тасымалдау) құжаттары бойынша тауарлар өткізілген болса, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларантынан барлық тауар партиясына бір транзиттік декларацияны қабылдайды.

      3. Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізілген жағдайда, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде, халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен тасымалданатын шетелдік тауарларға қатысты мынадай:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы (бұдан әрі - ТБЖ);

      2) халықаралық тасымалдау көлік құралында тасымалданатын тауарға санкциясыз қол жеткізу белгілері;

      3) мемлекеттік кірістер органында осы тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып тасымалдау туралы жедел ақпарат болған жағдайларда ғана кедендік тексеріп қарауды жүргізуге жол беріледі.

      4. Бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде орналасқан ішкі екі кеден органдарының арасында шетелдік тауарларды өткізу кезінде, осындай тауарларды өткізу кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмай жүзеге асырылады, егерде осындай қолдану қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кету орнына Қазақстан Республикасы аумағындаға келу орнына әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес декларациялау кезінде транзиттік декларацияның "Тауар коды" 33 және "Валюта және құны" 42 бағандар декларанттын қаламы бойынша толтырылады.

      Транзиттік декларацияны толтыру көрсетілген тәртібі кедендік транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты мынадай жағдайларды сақтау кезінде:

      1) тасымалдаушымен немесе өзге мүдделі тұлғамен алдын ала ақпарат ұсынылғанда;

      2) тасымалданатын тауарлар:

      "Тарифтік емес реттеу шаралар туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясының коллегия шешімінде (бұдан әрі – ЕЭК Коллегиясының № 30 шешімі) бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі –ЕАЭО) кеден аумағынан әкетуіне (немесе) және ЕАЭО-ның кеден аумағына әкелуіне тиым салу бекітілгеніне қатысты тауарлардың тізіміне енгізілмегенде;

      ЕЭК Коллегиясының № 30 шешімімен бекітілген ЕАЭОның кеден аумағынан әкетуіне (немесе) және ЕАЭО-ның кеден аумағына әкелу рұқсат тәртібі бекітілгеніне қатысты тауарлардың тізімінен тауарларға жатпайтын болса және оның мынадай бөліктерінде көрсетілген жағдайда:

      2.3 (Қауіпті қалдықтар);

      2.9 (Бағалы тастар);

      2.12 (Есіркі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлар);

      2.13 (Есірткі құралдардың және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын үлы заттар);

      2.22 (Қызметтік және азаматтық қарулар, оның негізгі (құрамдық) бөлшектері және олардың оқтары);

      3) кедендік транзитінің кедендік рәсімінің декларанты болып тасымалдаушы болса;

      4) ЕАЭО-ның аумағынан кеткен болса жол беріледі.

      Ескерту. 5-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 19.03.2020 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бір қатар (екі және одан көп) межелі пункттарға жеткізуге жататын шет тауарларды халықаралық тасымалдау шеңберінде әуе көлігімен тасымалдау кезінде, осындай тауарларды келу орнынан межелі пунктіге дейін, тауарларды түсіруін (жүктеуін) жүзеге асыруына қарамастан тасымалдауы кедендік транзитінің кедендік рәсіміне орналастырусыз жүзеге асырылады. Осы пункттің бірінші бөлігіне сәйкес келу орнында түсіруіне (жүктеуін) жататын тауарлар деп, тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келу орны межелі пункті соңғы болып табылатын шетелдік тауарларды түсіну қажет. Бұл ретте әуе көлігінде тасымалданатын және келу орнымен сәйкес келмейтін межелі пункттіге жеткізуге жататын өзге шетелдік тауарлар, егер ол тәукелдерді басқару жүйесінде көзделмеген болса келу орнында түсіруге жатпайды.

      Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 19.03.2020 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.