"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары бекітілсін.
2. "Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 666 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12718 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы Д. Ақышев ______
2018 жылғы 21 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығына қосымша |
Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктер) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және, салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банктерге беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Ақпарат).
2-тарау. Ақпаратты беру тәртібі
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктерге Ақпаратты Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) тармақшаларында және 15) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көзделген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында табыс етеді.
3. Банктерге уәкілетті органның Ақпаратты бастапқы жүктеуі Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ҚР БСАЖ) салық төлеушілердің, соның ішінде дара кәсіпкер ретінде тұрған жеке тұлғалардың немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (бұдан әрі – салық төлеушілер) тіркеу мәліметтерін, "inis_RegData.tab" ТАВ файлға Қағидалардың қосымшасына сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеу түрін бейнелеусіз жолымен жүргізіледі және уәкілетті органның және банктің жауапты лауазымды тұлғаларымен қол қойылатын салық төлеушілердің тіркеу мәліметтерін қабылдау-өткізу актісі бойынша (бұдан әрі – қабылдау-өткізу актісі) банктерге табыс етіледі.
Ақпаратты бастапқы жүктеуі жауапты лауазымды тұлғаға жазбаша сұрау салудың негізінде банктің сенімхаты бойынша беріледі.
4. Уәкілетті орган Ақпаратты жаңартуды мәліметтердің атауында жүктеген күні мен уақыты көрсетілген "inis_RegData_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлға ҚР БСАЖ салық төлеушілердің өзгертілген, толықтырылған, жойылған тіркеу мәліметтерін жүктеу арқылы жүзеге асырады.
Ақпарат Қағидалардың қосымшасына сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеудің тиісті түрін көрсете отырып, жүктеледі.
Күн сайынғы жүктеуге ҚР БСАЖ-гі тіркеу есебінен шығарылғандарды қоса алғанда, салық төлеушілердің саны (жазба саны бойынша) туралы мәліметтер көрсетілетін қосымша "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ файл беріледі.
5. Жаңартылған Ақпарат rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға автоматты түрде күн сайын жұмыс күндері Астана қаласы уақыты бойынша сағат 08.00, Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ағымдағы күннің Астана қаласы уақыты бойынша сағат 00.00 - 01.00 жағдайы бойынша Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жіберіледі.
6. rnn-banks@mgd.kz таратуға қосылуға тиісті банкінің электрондық мекенжайы (электрондық мекенжайлар тізбесі) банкпен, уәкілетті органға Ақпараттың бастапқы түсірілімін алғаны туралы сауал жібергенде табыс етіледі және қабылдау-өткізу актісінде көрсетіледі.
rnn-banks@mgd.kz таратылымына банкінің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау үшін, банк, банкінің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау қажеттігі туралы ресми хатты уәкілетті органға табыс етеді.
7. Ақпаратты Қағидалардың 5-тармағында бекітілген мерзімдерде техникалық проблемалар салдарынан табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган техникалық проблема туындаған күннің алдындағы күні табыс еткен Ақпаратты қолданылады.
Осындай жағдайларда уәкілетті орган 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға техникалық проблемалар туындағаны туралы хабарлама жібереді.
8. Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) тармақшаларында және 15) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көзделген міндеттерді орындау мақсатында, банктер:
1) Ақпаратты "inis_RegData.tab" ТАВ файлдан тиісті ақпараттық жүйесіне және (немесе) банктің деректер базасына жүктеуді;
2) rnn-banks@mgd.kz таратылуына жіберген Ақпараттың негізінде күн сайын жұмыс күндері банктің жұмыс күні басталғанға дейін салық төлеушілердің тіркеу деректерінің жаңартылуының толықтығын қамтамасыз етеді.
9. Егер Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) тармақшаларында және 15) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көзделген міндеттерді банкпен орындаумен байланысты болмаса, Ақпарат үшінші тұлғаларға берілуге және таратылуға жатпайды.
10. Ақпаратты күн сайын жүктеген кезде салық төлеуші бойынша жазбаны өңдеу түріне байланысты тиісті ақпараттық жүйеде және (немесе) деректер базасында:
1) "1" жазбаны өңдеу түрі бойынша – салық төлеуші бойынша мәліметтерді жана файлдағы мәліметтермен ауыстыру (іздестіру ЖСН/БСН және (немесе) СТН сәйкестендіргіші бойынша жүргізіледі);
2) "2" жазбаны өңдеу түрі бойынша – жазбаны жаңа файлдан толықтыру;
3) "3" жазбаны өңдеу түрі бойынша – жазбаны жоюды жүзеге асырылады.
Күн сайын, файл жүктелгеннен кейін тиісті ақпараттық жүйедегі және (немесе) банкінің деректер базасындағы салық төлеушілер саны уәкілетті органның "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ файлындағы санына сәйкестігіне тексеріс жүргізіледі.
Уәкілетті орган ақпараттың сипаттамасы
№ | Атауы | Түрі | Ескертпе |
1 | ЖСН/БСН | нышандық | |
2 | СТН | нышандық | СТ ЖСН/БСН болмаған кезде |
3 | СТ түрі | сандық |
1 – ЗТ; |
4 | ДК/ЗТ атауы | нышандық | Егер ЖТ болса – толтырылмай бос жол жіберіледі |
5 | ЖТ үшін Т.А.Ә (болған жағдайда) | нышандық | Егер ЗТ болса – толтырылмай бос жол жіберіледі |
6 | Орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша соңғы тіркеу есебінен шығу күні | күні |
Егер тіркеу есебінен шығару жүргізілмесе, толтырылмай бос жол жіберіледі. |
7 | Есептен шығару себебі | сандық |
1 – тарату, банкроттық; |
8 | ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ ретінде қызметті жүзеге асыратын ЖТ белгісі | сандық |
1 – ЖТ ДК, ЖН, адвокат немесе ЖСО болып табылмайды; |
9 | Әрекетсіз СТ белгісі | сандық |
0 – әрекетті; |
10 | Тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша МКО коды | сандық |
Егер СТ ДК тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО тұрмаса (БДК үшін), онда бос жол жіберіледі. МКО* коды алдындағы нөлсіз жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша код тек ДК, ЖН, ЖСО, адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін жіберіледі. |
11 | ДК тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша МКО атауы | нышандық | Егер СТ тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО тіркеуде тұрмаса (БДК үшін), бос жол жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша МКО атауы тек ДК, ЖН, ЖСО адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін беріледі. ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО атауы тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша беріледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша) |
12 | Жазбаны өңдеудің түрі | сандық |
1 – СТ туралы жазбаны өзгерту; |
Ескертпе:
* "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығымен МКО кодтары бекітілген;
аббревиатуралардың түсіндірулері:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә – тегі, аты, әкесінің аты;
ДК – дара кәсіпкер;
МКО – мемлекеттік кірістер органы;
СТ – салық төлеуші;
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
ЖТ – жеке тұлға;
ЖН – жекеше нотариус;
ЖСО – жеке сот орындаушы;
КМ – кәсіби медиатор;
ЗТ – заңды тұлға.