Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағи

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16514 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.04.2023 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 666 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12718 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің

      Төрағасы Д. Ақышев ______

      2018 жылғы 21 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпан
№ 183 бұйрығына қосымша

Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.04.2019 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.04.2023 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Ақпаратты беру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктерге Ақпаратты Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында табыс етеді.

      3. Банктерге уәкілетті органның Ақпаратты бастапқы алуы Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ҚР БСАЖ) салық төлеушілердің, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тұрған жеке тұлғалардың немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (бұдан әрі – салық төлеушілер) тіркеу мәліметтерін, "inis_RegData.tab" ТАВ файлға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеу түрін бейнелеусіз жолымен жүргізіледі және уәкілетті органның және банктің жауапты лауазымды тұлғаларымен қол қойылатын салық төлеушілердің тіркеу мәліметтерін қабылдау-өткізу актісі бойынша (бұдан әрі – қабылдау-өткізу актісі) банктерге табыс етіледі.

      Ақпаратты бастапқы алуы жауапты лауазымды тұлғаға жазбаша сұрау салудың негізінде банктің сенімхаты бойынша беріледі.

      Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасының төртінші абзацында көзделінген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы ақпаратты уәкілетті орган электрондық өзара іс-қимыл арқылы және (немесе) осындай салық төлеушілер тізімін уәкілетті органның деректер базасынан алу жолымен банктерге ұсынады.

      "Электрондық өзара іс-қимыл форматы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген, "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес жасалған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) мен банктің АЖ-нің интеграциясын іске асыру бойынша келісіммен айқындалады (бұдан әрі – Келісім).

      Банктердің салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болуы мәніне тексеру жүргізуі, сондай-ақ уәкілетті органның www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында "Электрондық сервистер" режимінде іске асырылған "Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" сервисі арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.04.2023 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Уәкілетті орган Ақпаратты жаңартуды мәліметтердің атауында алынған күні мен уақыты көрсетілген "inis_RegData_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлға ҚР БСАЖ салық төлеушілердің өзгертілген, толықтырылған, жойылған тіркеу мәліметтерін алу арқылы жүзеге асырады.

      Ақпарат қазіргі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеудің тиісті түрін көрсете отырып, жүктеледі.

      Күн сайынғы алуға ҚР БСАЖ-гі тіркеу есебінен шығарылғандарды қоса алғанда, салық төлеушілердің саны (жазба саны бойынша) туралы мәліметтер көрсетілетін қосымша "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ файлда беріледі.

      Электрондық өзара іс-қимыл шеңберінде салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді жаңарту онлайн-режимде жүзеге асырылады.

      Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы тізімді жаңартуды, уәкілетті орган операциялық жабылу күніне салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, салық төлеушілердің тіркеу нөмірі, мемлекеттік кірістер органдарының коды, бюджеттік сыныптама коды, берешек сомасы, төлем түрі (салық, айыппұл, өсімпұл) тізбесін деректер базасынан "CULC_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлға алу арқылы жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілер туралы мәліметтерді қазіргі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базасынан "ehd_regNDS.tab" ТАВ-файлға салады.

      5. Жаңартылған Ақпарат rnn-banks@kgd.minfin.gov.k электрондық таратуға автоматты түрде күн сайын жұмыс күндері Астана қаласы уақыты бойынша сағат 08.00, қазіргі Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы күннің Астана қаласы уақыты бойынша сағат 00.00 - 01.00-дегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жіберіледі.

      Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы жаңартылған тізімді, ҚҚС төлеушілері туралы мәліметтерді уәкілетті орган күнделікті Астана уақыты бойынша сағат 08.00, ftp://ftp.salyk.kz серверінде, BVU_spisok папкасына орналастырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.04.2023 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz таратуға қосылуға тиісті банкінің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесі) банк уәкілетті органға Ақпараттың бастапқы түсірілімін алғаны туралы сұрау салу жолдаған кезде ұсынады және қабылдау-өткізу актісінде көрсетеді.

      Rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz таратылымына банктің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау үшін банк уәкілетті органға банктің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау қажеттігі туралы ресми хатты табыс етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.04.2023 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы мәліметтер мен тізім қоса алғанда, ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтерді, ақпаратты техникалық проблемалар салдарынан, оның ішінде Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктер техникалық ақау туындаған күннің алдындағы күні уәкілетті орган табыс еткен Ақпаратты және (немесе) тізімді қолданады.

      Осы Қағидалардың мақсатында, техникалық ақау деп, оның ішінде Келісіммен айқындалған техникалық талаптарға сәйкес электрондық өзара іс-қимылдың жұмыс қабілеттілігінің сәйкес келмеуі түсініледі.

      Осындай жағдайларда уәкілетті орган 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz электрондық таратуға техникалық проблемалардың туындағаны туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.04.2023 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындау мақсатында, банктер:

      1) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы тізімді қоса алғанда, ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтерді, Ақпаратты тиісті АЖ-не және (немесе) банктің деректер базасына "inis_RegData.tab", "CULC_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab", "ehd_regNDS.tab" ТАВ-файлдан жүктелуіннің;

      2) rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz таратылуына жіберген Ақпараттың және уәкілетті органның sftp серверінде орналастырылған ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтердің және тізімнің негізінде күн сайын жұмыс күндері банктің жұмыс күні басталғанға дейін салық төлеушілердің тіркеу деректерінің жаңартылуының;

      3) Келісімге сәйкес банктің АЖ-нің уәкілетті органның АЖ-не электрондық өзара іс-қимылдың жүзеге асырылуына талаптардың орындалу толықтығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.04.2023 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Банктің орындауымен байланысты Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді қоспағанда, Ақпарат үшінші тұлғаларға берілуге және таратылуға жатпайды.

      10. Ақпаратты күн сайын жүктеген кезде салық төлеуші бойынша жазбаны өңдеу түріне байланысты тиісті ақпараттық жүйеде және (немесе) деректер базасында:

      1) "1" жазбаны өңдеу түрі бойынша – салық төлеуші бойынша мәліметтерді жана файлдағы мәліметтермен ауыстыру (іздеу ЖСН/БСН және (немесе) СТН сәйкестендіргіші бойынша жүргізіледі);

      2) "2" жазбаны өңдеу түрі бойынша –жаңа файлдан жазбаны толықтыру;

      3) "3" жазбаны өңдеу түрі бойынша – жазбаны жою жүргізіледі.

      Күн сайын, файл жүктелгеннен кейін ақпараттық жүйедегі және (немесе) банкінің деректер базасындағы салық төлеушілер саны уәкілетті органның "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ файлында көрсеткен санына сәйкестігіне тексеріс жүргізіледі.

  Салық төлеушілер, оның ішінде
дара кәсіпкер немесе жеке
практикамен айналысатын адам
ретінде тіркеу есебінде тұрған
жеке тұлғалар туралы ақпаратты
екінші деңгейдегі банктерге
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға беру
қағидаларына
1-қосымша

Уәкілетті орган ақпаратының сипаттамасы

Атауы

Түрі

Ескертпе

1

ЖСН/БСН

нышандық


2

СТН

нышандық

СТ ЖСН/БСН болмаған кезде

3

СТ түрі

сандық

0 – ЖТ;
1 – ЗТ;
2 – БДК

4

ДК/ЗТ атауы

нышандық

Егер ЖТ болса – толтырылмай бос жол жіберіледі

5

ЖТ үшін ТАӘ (болған жағдайда)

нышандық

Егер ЗТ болса – толтырылмай бос жол жіберіледі

6

Орналасқан (тұрғылықты/ДК тұрғылықты) жері бойынша соңғы тіркеу есебінен шығу күні

күні

Егер тіркеу есебінен шығару жүргізілмесе, толтырылмай бос жол жіберіледі.
Егер СТ ағымдағы күнгі жағдайда орналасқан жері/тұрғылықты жері/ДК тұрғылықты жері бойынша барлық МКО есептен шығарылған кезде ғана күні беріледі

7

Есептен шығару себебі

сандық

1 – тарату, банкроттық;
2 – қосылу (қайта құру);
3 – ұйымның бөлінуі (қайта құру);
4 – қайтыс болуына байланысты ЖСН/БСН/СТН әрекетінің тоқтатылуы;
5 – заңды тұлғалардың таратылуы;
6 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуі;
7 – СТН жарамсыз деп тану және дербес шоттарын біріктіру;
8 – "Мемлекеттік деректер қорынан шығару".
Егер жоғарыда көрсетілген себептер бойынша есептен шығарылмаған жағдайда, онда жол толтырылмай бос жіберіледі

8

ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ ретінде қызметті жүзеге асыратын ЖТ белгісі

сандық

1 – ЖТ ДК, ЖН, адвокат немесе ЖСО болып табылмайды;
32 – тұлға ДК болып табылады;
128 – ЖТ ЖН болып табылады;
64 – ЖТ адвокат болып табылады;
256 – ЖТ ЖСО болып табылады;
512 – ЖТ КМ болып табылады;
Егер ЗТ болса, онда бос мән жіберіледі

9

Әрекетсіз СТ белгісі

сандық

0 – әрекетті;
1 – әрекетсіз

10

Тұрғылықты жері (орналасқан жері/ДК тұрғылықты жері) бойынша МКО коды

сандық

Егер СТ ДК тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО тұрмаса (БДК үшін), онда бос жол жіберіледі. МКО* коды алдындағы нөлсіз жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша код тек ДК, ЖН, ЖСО, адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін жіберіледі.
ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО коды тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша жіберіледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша)

11

ДК тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша МКО атауы

нышандық

Егер СТ тұрғылықты жері/орналасқан жері/ДК тұрғылықты жері бойынша МКО тіркеуде тұрмаса (БДК үшін), бос жол жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша МКО атауы тек ДК, ЖН, ЖСО адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін беріледі. ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО атауы тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша беріледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша)

12

Жазбаны өңдеудің түрі

сандық

1 – СТ туралы жазбаны өзгерту;
2 – СТ туралы жазбаны толықтыру;
3 – СТ туралы жазбаны алып тастау

      Ескертпе:

      * МКО кодтары "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) бекітілген;

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ДК – дара кәсіпкер;

      МКО – мемлекеттік кірістер органы;

      СТ – салық төлеуші;

      СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      ЖТ – жеке тұлға;

      ЖН – жекеше нотариус;

      ЖСО – жеке сот орындаушы;

      КМ – кәсіби медиатор;

      ЗТ – заңды тұлға.

  Салық төлеушілер, оның ішінде
дара кәсіпкер немесе жеке
практикамен айналысатын адам
ретінде тіркеу есебінде тұрған
жеке тұлғалар туралы ақпаратты
екінші деңгейдегі банктерге
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға беру
қағидаларына
2-қосымша

Уәкілетті органның ҚҚС төлеушілер туралы мәліметінің сипаттамасы*

Атауы

Типі (форматы)

1

ЖСН/БСН

нышандық

2

Салық төлеушінің атауы

нышандық

3

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылған күні

күн

      Ескертпе:

      *ҚҚС төлеушілер туралы мәлімет, егер салық төлеушінің ағымдағы күнге ҚҚС куәлігінің "қолданыста" мәртебесі болған жағдайда ғана беріледі;

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.