Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бе

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 666 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12718 болып тіркелді.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабы 1) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, сонымен бірге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                    Б. Сұлтанов

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы ______________ Д. Ақышев
2015 жылғы 18 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 666 бұйрығына    
қосымша     

Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға беру қағидалары

      1. Осы Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға беру қағидалары (әрі қарай – Қағида) салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты банк операцияларының (бұдан әрі – банкілер) жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға беру тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктерге салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты (бұдан әрі – уәкілетті органның мәліметтері) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581–бабының 1)4)6)9)12) және  13)тармақшаларында көзделінген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында табыс етеді.
      3. 2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға қосылғандарды қоспағанда, банктерге уәкілетті органның мәліметтерінің бастапқы түсіруі «inis_RegData.tab» ТАВ файлға Қағидаға 1–қосымшаның 2-тармағымен бекітілген нысан бойынша, жазбаны өңдеу түрін бейнелеусіз, уәкілетті органның және банктің жауапты тұлғаларымен қол қойылатын салық төлеушілердің тіркеу мәліметтерін қабылдау–өткізу актісі бойынша (бұдан әрі – қабылдау-өткізу актісі) банктерге табыс етіледі. Уәкілетті органның мәліметтерінің бастапқы түсіруі банкінің жауапты тұлғасына тиісті сенімхаттың негізінде беріледі.
      4. Уәкілетті орган мәліметтерді жаңартуды мәліметтердің атауында түсірілген күні мен уақыты көрсетілген «inis_RegData_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab» ТАВ-файлға Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесіндегі (бұдан әрі - ҚР БСАЖ) салық төлеушілердің өзгертілген, толықтырылған, жойылған тіркеу мәліметтерін түсіру арқылы жүзеге асырады.
      Уәкілетті органның мәліметтері Қағидаға 1–қосымшаның 2–тармағымен белгіленген нысан бойынша жазбаны өңдеудің тиісті түрін көрсетіп түсіріледі.
      Күн сайынғы түсірілімге ақпаратта көрсетілген салық төлеушілер саны (жазба саны бойынша), оның ішінде тіркеу есептен шығарылғандар туралы мәліметтер көрсетілетін қосымша «inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab» ТАВ фабл беріледі.
      5. Жаңартылған уәкілетті органның мәліметтері rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға автоматты түрде жұмыс күндері Астана қаласы уақыты бойынша сағат 08.00 ҚР БСАЖ-дегі ағымдағы күннің сағат 00.00 – 01.00 жағдайдағы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына сәйкес Қағидаға 1–қосымшаның 2–тармағымен бекітілген нысан бойынша жіберіледі.
      6. rnn-banks@mgd.kz таратуға қосылуға тиісті банкінің электронды мекенжайы (электронды мекенжайлар тізбесі) уәкілетті органға уәкілетті органның мәліметтерінің бастапқы түсірілімін алу кезінде табыс етіледі және қабылдау-өткізу актісінде көрсетіледі.
      rnn-banks@mgd.kz таратылымына банкінің электрондық мекенжайына (электронды мекен-жайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау қажет болған жағдайда уәкілетті органға ресми хат табыс етіледі.
      7. Уәкілетті органның мәліметтерін Қағиданың 5–тармағында бекітілген мерзімдерде техникалық проблемалар салдарынан табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган техникалық проблема туындаған күннің алдындағы күні табыс еткен ақпарат қолданылады.
      Осындай жағдайларда уәкілетті орган rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға техникалық проблемалар туындағаны туралы хабарлама жібереді.
      8. Салық кодексінің 581–бабы 1)4)6)9)12) және  13)тармақшаларымен көзделінген міндеттерді орындау үшін:
      1) уәкілетті органының мәліметтері «rnn-banks@mgd.kz» ТАВ файлдан тиісті ақпарат жүйесіне және (немесе) банкінің мәліметтер қорына жүктелуі;
      2) уәкілетті орган rnn-banks@mgd.kz таратылуына жіберген мәліметтер негізінде күн сайын жұмыс күндері жұмыс күні басталғанға дейін мәліметтердің жаңартылуының толықтығы қамтамасыз етіледі.
      9. Егер Салық кодексінің 581–бабы 1), 4), 6), 9), 12) және 13) тармақшаларында көзделінген міндеттерді орындаумен байланысты болмаса, уәкілетті органның мәліметтері үшінші тұлғаларға берілуге және таратылуға тиісті емес.
      10. Уәкілетті органның мәліметтерін күн сайын жүктеген кезде салық төлеуші бойынша жазбаны өңдеу түріне байланысты тиісті ақпараттық жүйеде және (немесе) мәліметтер қорында;
      1) егер жазбаны өндеу түрі «1» болса – салық төлеуші бойынша мәліметтерді жана файылдағы мәліметтермен ауыстыру (іздестіру СТН және (немесе) ЖСН/БСН сәйкестендіргіші бойынша жүргізіледі);
      2) егер жазбаны өңдеу түрі «2» – жазбаны жаңа файлдан толықтыру;
      3) егер жазбаны өңдеу түрі «3» – жазбаны алып тастау жүзеге асырылады.
      Күн сайын, файл жүктелген соң тиісті ақпарат жүйедегі және (немесе) банкінің мәліметтер қорындағы салық төлеушілер саны уәкілетті органның «inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab» ТАВ файлындағы санына сәйкестігіне тексеріс жүргізіледі.

Салық төлеушілер, оның ішінде
дара кәсіпкер, жекеше нотариус,
жеке сот орындаушысы, адвокат,
кәсіби медиатор ретінде тіркеу
есебінде тұрған жеке тұлғалар
туралы ақпаратты банк   
операцияларының жекелеген  
түрлерін жүзеге асыратын   
банктер мен ұйымдарға беру  
қағидаларына қосымша     

1. Шартты белгілер:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ДК - дара кәсіпкер;
МКО – мемлекеттік кірістер органы;
СТ - салық төлеуші;
СТН - салық төлеушіні тіркеу нөмірі;
ЖТ - жеке тұлға;
ЖН - жекеше нотариус;
ЖСО - жеке сот орындаушы;
КМ – кәсіби медиатор;
ЗТ - заңды тұлға.

2. Уәкілетті органның мәліметтерінің сипаттамасы:

Атауы Түрі Ескертпе

1

ЖСН/БСН

нышандық


2

стн

нышандық

СТ ЖСН/БСН жоқ болған кезде

3

СТ түрі

сандық

1-ЗТ;
0-ЖТ.

4

ДК атауы/ ЗТ атауы

нышандық

Егер ЖТ болса - бос жол жіберіледі.

5

ЖТ үшін аты-жөні

нышандық

Егер ЗТ болса - бос жол жіберіледі.

6

Орналасқан жері/тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркеу есебінен шығу күні

күні

Егер тіркеу есебінен шығару жүргізілмесе, бос жол жіберіледі.
Егер СТ ағымдағы күнгі жағдайда орналасқан жері/тұрғылықты жері бойынша барлық МКО есептен шығарылған кезде ғана шығарылған күні беріледі

Есептен шығару себебі

сандық

1-тарату, банкроттық;
2-қосылу (қайта құру);
3-ұйымның бөлінуі (қайта құру);
4-қайтыс болуына байланысты
СТН/ЖСН/БСН әрекетінің
тоқтатылуы;
5-заңды тұлғалардың таратылуы;
6-Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге кетуі;
7-СТН жарамсыз деп тану және
дербес шоттарын біріктіру;
8-«Мемлекеттік деректер қорынан
шығару».
Егер жоғарыда көрсетілген
себептер бойынша есептен
шығарылмаған жағдайда, онда бос
жол жіберіледі.

8

ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ ретінде қызметті жүзеге асыратын ЖТ белгісі

сандық

1-ЖТ ДК, ЖН, адвокат немесе ЖСО
болып табылмайды;
32-ЖТ ДК болып табылады;
128-ЖТ ЖН болып табылады;
64-ЖТ адвокат болып табылады;
256-ЖТ ЖСО болып табылады;
512-ЖТ КМ болып табылады;
Егер ЗТ болса, онда бос жол
беріледі.

9

Әрекетсіз СТ белгісі 

сандық 

0-әрекетті;
1-әрекетсіз.

10

Тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО коды


сандық

Егер СТ тұғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО тұрмаса, онда бос жол жіберіледі. МКО коды алдындағы нөлсіз жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша код тек ДК, ЖН, ЖСО, адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін жіберіледі.
ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО коды тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша жіберіледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша).

11

Тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО атауы

нышандық



Егер СТ тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО тіркеуде тұрмаса, бос жол жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша МКО атауы тек ДК, ЖН, ЖСО адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін беріледі. ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО атауы тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша беріледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша).

12


Жазбаны өңдеудің түрі


сандық 


1-СТ туралы жазбаны өзгерту
2-СТ туралы жазбаны толықтыру
3-СТ туралы жазбаны алып тастау