Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 наурызда № 16464 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабының 2-тармағына және 413-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қоса берілген Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 132 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 14929 тіркелген, 2017 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау қорында жарияланған) бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық Қазақстан Респуьликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілді

Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік жете тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 412-бабы 2-тармағына және 413-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және кедендік жете тексеруді және қарап тексеруді (бұдан әрі – кедендік жете тексеру және (қарап тексеру)) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізудің нәтижелері бойынша толтырылатын кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актілерінің нысаны "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен (бұдан әрі – КОК шешімі) бекітілген.

      3. Кодекстің 393-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады.

      4. Кедендік жете тексеруді (қарап тексеру) жүргізу туралы шешімді кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізуге уәкілетті құрылымдық бөлімшенің не мемлекеттік кірістер органдарының басшысы (ол болмаған жағдайда алмастыратын адам) кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізуге уәкілетті лауазымды адамның (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) қызметтік жазбасы негізінде қабылдайды.

      Кедендік жете тексеруді (қарап тексеру) жүргізу үшін:

      1) кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде:

      кедендік жете тексеру жүргізуді көздейтін автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінде кездейсоқ іріктеу әдісі немесе тәуекел бейінінің іске қосылуы;

      жөнелтуші кеден органы жүргізген кедендік бақылаудың нәтиже бойынша басып шығарылған рентген суреттерінің оң жақ бетіне қойылған Инспекциялық тексеріп қарау кешенінің (бұдан әрі – ИТК) "ИТК бақылауы күдікті" деген мөртабанның болуы;

      Қазақстан Республикасының, Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) немесе кедендік мақсаттарда ақпаратпен алмасу туралы халықаралық келісімдер бар шетелдердің құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан ықтималды тәуекел (бағдарлар) туралы ақпараттардың болуы;

      "Еркін кедендік аймақ" және "Еркін қойма" кедендік рәсімдерін қоспағанда, ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген мәлімделген кедендік рәсімдер шарттарына сәйкес кедендік тазарту кезінде тауарларды сәйкестендіру қажеттілігі;

      Кодексте көзделген кедендік бақылаудың өзге нысандарын қолдану кезінде уәкілетті лауазымды адамға белгілі болған, ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу белгілерінің болуы;

      2) кедендік қарап тексеруді жүргізу кезінде:

      кедендік қарап тексеруді жүргізуді көздейтін автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекел бейінінің іске қосылуы немесе кездейсоқ іріктеу әдісі негіздеме болып табылады.

      5. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) өндірісіне экономикалық тергеу қызметінің қызметшілері қатысқан жағдайда, кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізуге уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің, не кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының басшысы (ол болмаған жағдайда алмастыратын тұлға) кедендік жете тексеру (қарап тексеру) басталғанға дейін осындай қатысу туралы жазбаша хабардар болады.

      6. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізуге өзге мемлекеттік органдардың, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша лауазымды тұлғаларының қатысуына рұқсат етіледі.

2-тарау. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу туралы шешім қабылдауды ұйымдастыру

      7. Кедендік тексеріп қарау жүргізу алдында уәкілетті лауазымды тұлға, егер бұл тұлғалар белгілі болса, декларантқа немесе тауарға қатысы өкілеттігі бар өзге тұлғаға кедендік тексеріп қарау жүргізілетін орны және уақыты туралы жазбаша еркін нысанда хабардар етеді.

      Тәуекелді басқару жүйесінің тиісті ұсынымдар болған жағдайда, тәуекелдің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды (кедендік бақылауды) қолдану туралы хабарламаны басып шығарылады және беріледі.

      8. Егер тауар өзге мемлекеттік орган тарапынан бақылауға жататын болса және/немесе осындай органнан тиісті хабарлама алынған жағдайда, онда тексеріп қарау (қарау) осындай мемлекеттік органының өкілімен бірлесіп жүргізіледі.

      9. Кодекстің 402-бабының 1-тармағына сәйкес, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және басқа бақылаушы мемлекеттік органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде, мемлекеттік кірістер органдары осындай іс-әрекеттерді жалпы үйлестіруді және олардың бір уақытта жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      10. Тәуекелді басқару жүйесі кедендік тексеріп қарау(қарау) жүргізу арқылы тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдануы қажет, сондай-ақ Кодексте көзделген, тәуекелді азайту бойынша қосымша шаралар қабылдануы қажет тәуекел объектілеріне көрсетеді.

      Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару жүйесінде кедендік тексеріп қарауға (қарауға) жататын тауарлардың жалпы көлемінің пайыздық қатынасында, оның ішінде не тауарлардың белгіленген партиясының мөлшерінде, ішінара тексеріп қарау (қарау) жүргізу мүмкіндігі көзделген.

      11. Егер оларды, Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан әкетуді көздейтін кедендік рәсімдерге орналастырылатын тауарлардың тұрған жері белгісіз және (немесе) тауарлар кедендік бақылау аймағынан тыс жерде болған жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу туралы шешімді қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу үшін тауардың тұрған жерін және тауарларды ұсынбау жағдайын анықтау бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

      Кедендік тексеріп қарауға (қарауға) тауарлар ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға декларантты немесе оның өкілін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 558-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдайды.

      Кедендік тексеріп қарауға (қарауға) тауарлар ұсынылмаған жағдайда, жауапты лауазымды тұлға кедендік декларацияны шығарудан бас тартады.

      12. Кедендік декларациялау көлеміне және штат санына байланысты, мемлекеттік кірістер органы басшысының шешімі бойынша кедендік тексеріп қарау (қарау) және лауазымдық (функционалдық) міндеттемелерге сәйкес кедендік сараптама тағайындалған кезде сынама мен үлгілерін алуды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға айқындалады, не кедендік тексеріп қарау (қарау) және кедендік сараптама тағайындалған кезде сынама мен үлгілерін алуды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардан мамандандырылған бөлімше (бұдан әрі – тексеріп қарау тобы) құрылады.

      Тауарларды кедендік тазарту кезінде тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарауды) тексеріп қарау тобының лауазымды тұлғалары немесе уәкілетті лауазымды тұлғалар жүргізеді.

      Кедендік тексеріп қарауға жататын тауарлардың санына және көлеміне байланысты кедендік тексеріп қарау уақтылы аяқталуы үшін жеткілікті сандағы (бір, екі немесе артық тұлғалар) уәкілетті лауазымды тұлғалармен жүргізіледі.

      13. Декларант болмаған кезде, тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері ЕЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге жол беріледі.

      Кедендік тексеріп қарау (қарау) көрсетілген жағдайда екі тәуелсіз куәгердің (айғақ берушілер) қатысуымен фото (бейне) бекітуді қолдана отырып жүргізіледі. Фото (бейне) бекіту тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынысына қарамастан осы Ереженің 6-тарауында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      Дипломатиялық өкілдіктердің және консульдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін арналған және өткізілетін тауарларға қатысты тексеріп қарау тек дипломатиялық агенттің немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      14. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізетін тұлғаның рұқсатымен, декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның келісімі бойынша уақытша сақтау орындары өкілдері немесе кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу мақсатында қажетті тауарлармен жүк және өзге де операцияларды жүзеге асыратын өзге тұлғалар қатысады.

      15. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеріп қарауды, оны толық аяқтау үшін жеткілікті мерзімде кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде тауарлар шығарылғанға дейін, мемлекеттік кіріс органы басшысының, оның уәкілетті басшы орынбасарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың жазбаша рұқсатымен жүзеге асырады.

      16. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу орнына келгеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлға:

      1) кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде қатысушы тұлғалардың өкілеттігін, сондай-ақ олардың кедендік бақылау аймағында болуының негіздерін тексереді.

      2) кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде қатысулары Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Кодекстің 402-бабына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті органның құқықтық актілерінде көзделген, өзге де мемлекеттік орган өкілдерінің қатысу (қатыспау) фактін белгілейді;

      3) тауарларды, көлік құралдарды, жүк ыдыстарын, контейнерлерді, жеке тұлғалардың багаждарын, сәйкестендіру құрадарын (бұдан әрі – тауарлар) кедендік тексеріп қарауға (қарауға) ұсыну фактін белгілейді

      17. Егер ұсынылған тауарлар кедендік тексеріп қарау (қарау) үшін жарақтандырылған, арнайы жабдықталған алаңда, уақытша сақтауға арналған үй-жайларда, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарауды жүргізетін, мемлекеттік кірістер органының кедендік бақылау аймағында болған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізуді бастау туралы шешім қабылдайды.

      18. Уәкілетті лауазымды тұлға тікелей контейнердегі немесе көлік құралдарының жүк бөлігіндегі тауарларды кедендік тексеріп қарауды жүргізу мүмкіндігі туралы шешімді, егер:

      іске қосылған тәуекел бейінінде тауарларды контейнерден немесе көлік құралдарының жүк бөлігінен толық түсіру қарастырылмаған;

      мұндай кедендік тексеріп қарау жүргізу тауарларды жоғалтуға немесе олардың жай-күйін өзгертуге әкеліп соқтырмайтын;

      мұндай кедендік тексеріп қарау жүргізу кедендік тексеріп қарау жүргізетін не кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде қатысатын тұлғалардың өмірлері мен денсаулығына зиян келтірмейтін жағдайларда қабылдайды.

      Тауарларды ұсыну және олармен тауарларды сәйкестендіру операцияларын жүргізу кезінде барлық мүдделі тұлғалар қатысқан жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге кіріседі.

3-тарау. Кедендік жете тексеруді жүргізу

      19. Уәкілетті лауазымды адамның тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк бөлігін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе бар болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен көріп қарау әрекеті басталған уақыт, кедендік жете тексеру басталған уақыт болып табылады.

      20. Кедендік жете тексеру жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам осы тараудың мынадай ережелерін:

      1) кедендік жете тексеру тауар партиясында өткізілетін тауарлардың (осы тармақтың 5) тармақшада көрсетілген тауарларды қоспағанда) барлық атауларына, көлік құралынан барлық тауарларды міндетті түрде толықтай түсіре отырып (осы тармақтың 3) және 4) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) тауар партиясын құрайтын тауарлардың барлық мөлшерінің көлеміне қатысты жүргізіледі.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам мынадай оперцацияларды (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) жүргізуді қамтамасыз етеді:

      тауарларды толық өлшеу;

      барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта санау;

      барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта санау;

      2) біркелкі таңбалармен, біркелкі орамдағы біртекті тауарларға (Сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚТН) он белгі дейіндегі бір кодының тауарларына) қатысты кедендік жете тексеру, кейін есептеу жолымен тауардың барлық партиясының санын және салмағын анықтай отырып, тауар орамының әрбір түрінің тек 1 (бір) данасын ашу, қайта санау және өлшеу жолымен жүргізіледі.

      3) егер, көлік құралына біртекті тауарлар (СЭҚ ТН он белгі дейіндегі бір кодының тауарлары) тиелген жағдайда көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын қалыптастыра отырып, тауарларды ішінара түсіру жүргізіледі. Үйіп, бос, құйып өткізілетін тауарлар бойынша түсіру жүргізілмейді.

      Бұл ретте, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тек бір жүк орынын (көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес) ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.

      4) егер көлік құралына тез бұзылатын тауарлар тиелген жағдайда, көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын құру жолымен тауарларды ішінара түсірілу жүргізіледі.

      Бұл ретте осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген, талаптарды сақтай отырып, тауардың әрбір атауын ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.

      5) төменде көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты кедендік жете тексеру уақытша сақтау орындарында орналастырылған көлік құралдарының жүк бөлігін ашу, оның ішіндегілерге (көлік құралынан тауарларды түсірмей) бейне түсірілім немесе тауарларға бейне түсірілім жүргізу арқылы, міндетті түрде:

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасында есепке алынып тіркелген, халықаралық ұйымның мекенжайына жеткізілетінін;

      дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар салдарларын жою мақсатында жеткізілетінін;

      дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктері, ЕАЭО кедендік аумағында орналасқан, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттік өкілдіктер ресми пайдалануы үшін өткізілетінін және көзделгендігін;

      көлік құралдарының тауар ретінде мәлімделгендігін;

      заттардың, кедендік жете тексеру жүргізетін лауазымды тұлғаның өміріне және денсаулығына қауіп-қатер келтіруі мүмкін және арнайы таным және (немесе) жарақтандыруды талап ететінін;

      ЕАЭО кедендік аумағына келу орнында мемлекеттік кірістер органдары кедендік жете тексеруді жүргізген тауарларға, ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден қызметтері кедендік жете тексеруді жүргізілген тауарларға, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау кезінде межелі кеден органы кедендік жете тексеру жүргізілген тауарларға қатысты, кедендік жете тексеру актісінің тұпнұсқасы бар болған жағдайда, оған сәйкес кедендік жете тексеру жүргізудің көлемі мен дәреже, іске қосылған тәуекел бейінінде көзделген көлем мен дәрежеден асатынын, сондай-ақ кедендік жете тексеруге тауар партиясы алғашқы кедендік жете тексеру жүргізілген кезде, сол көлемде ұсынылған жағдайды;

      габаритті емес және ірі салмақты тауарлардың, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 (Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларына сәйкес берілген тасымалдауға арнайы рұсаттары бар екендігін;

      Тауар топтарының тізбесіне және СЭҚ ТН тауар позицияларына сәйкес тауар топтарында және СЭҚ ТН тауар позицияларында сыныпталатын тауарлар, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлік құралдарының жүк бөлігін ашу, оның ішіндегілерге бейне түсірілім не уақытша сақтау орындарына орналастырылған тауарларға бейне түсірілім жүргізу арқылы оларға қатысты кедендік жете тексеру жүргізілетінін түсіндіріп;

      6) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауардың мөлшері қосымша өлшем бірлігінде (данада, жиынтықта, жұпта және басқа бірліктерде) көрсетілген және бұл ретте төленуге тиіс кедендік баждар сомасы тауардың салмағына байланысты болмаған жағдайда, егер автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінде өзгеше көзделмесе, кедендік жете тексеру барысында тауарларды өлшеу жүргізілмейтінін;

      7) автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінің негізінде тағайындалған, кедендік жете тексеру жүргізу кезінде, бейне түсірілімді жүргізу туралы ұсыным болған кезде, уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексерудің барлық процесін үздіксіз бейне түсірілімді жүргізуді қамтамасыз етуді басшылыққа алады.

      Бейне түсірілім басталғанан кейін уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексерудің барлық процесін айтып және түсіндіріп тұрады.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам мынадай мәліметтерді айтып және жазып тұрады:

      кедендік жете тексеру басталған және аяқталған уақыт;

      кедендік жете тексеру жүргізілген орын;

      Кодекстің 32-бабында көзделген бақылау Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әкелуге және өткізуге тыйым салынған не шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы декларанттың мәліметтері;

      кедендік жете тексеруді жүргізуші тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) және лауазымы;

      кедендік жете тексеруге қатысқан тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) және лауазымы;

      барлық орындалған әрекеттер, оның ішінде ішінара түсіруді жүргізуге немесе кедендік жете тексеруді жүргізбеуге негіздеме;

      кедендік жете тексеру нәтижесі;

      басқа да қажетті мәліметтер.

      Тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыру кезінде кедендік жете тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адамның түсіндіруіне сәйкес бейне түсірілімді тоқтатуға болады. Кедендік жете тексеруді тоқтатқан және қайта бастаған кезде уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексеру тоқтатылған (қайта бастаған) нақты уақытты айтуы тиіс.

      21. ИТК-ны пайдалана отырып тауарларды кедендік қарап тексеру нәтижелері бойынша кедендік жете тексеру жүргізу туралы шешімді қабылдаған кезде, кедендік жете тексеру жүргізген уәкілетті лауазымды адамға ИТК суреттерінің көшірмелері және оған түсіндірмелер беріледі.

      Кедендік аумақтық тыс қайта өңдеу, сондай-ақ кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды сәйкестендіру мақсатында олардың қайта өңдеу өнімдерін жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті лауазымды адамға тауарларды сәйкестендірудің тәсілдері көрсетілген қайта өңдеу шарттары туралы құжаттардың көшірмелері беріледі.

      22. Орамдарды ашуды уәкілетті лауазымды адам декларанттың немес оның өкілінің қатысуымен жүргізеді.

      Декларанттың немесе оның өкілі болмаған жағдайда орамды ашу екі тәуелсіз куәгердің (айғақ берушілердің) қатысуымен жүргізіледі.

      23. Жүк орындарын ашу олардың тұтастығын және олардың сәйкестендіру құралдарын бұзуды, кейін олардың орамдарынан (жәшіктерден, қораптардан), технологиялық ыдыстардан, тауарлардың мөлшерін және атауын, шығарылған елін айқындау және басқа да мәліметтерді алуды бақылауға мүмкіндігін алу үшін арнайы жасалған жасырын орындардан тауарлардың жекелеген бірлігін алуды, басқа тауарлар түрінде өткізілетін тауарларды анықтауды көздейді.

      24. Тауардың сипаттамасы туралы мәліметтер жеткіліксіз болған және тауарды сәйкестендіру үшін айқындалған тану белгілері болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 466-бабына сәйкес кедендік сараптама тағайындайды және тауардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады.

      25. Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарларды анықтау мақсатында кедендік жете тексеру қажет болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары қызметтік иттерді пайдаланып жүргізеді.

      26. Аралау, егеу, кесу және өзге де әрекеттердің көмегімен кедендік қарауды жүргізу жасырылған тауарлардың үстіне бояу қабатын, металл, өзге материалдарды жағу жолымен не арнайы дайындалған бөлінбейтін жасырын орынға тауарларды салу жолымен кедендік бақылаудан жасырылған тауарларды анықтау, тауарлардың химиялық құрамын, олардың физикалық қасиетін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      27. Кедендік жете тексеру тиімділігін арттыру мақсатында уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 407-бабында көзделген кедендік бақылау нысанын не Кодекстің 424-бабында көзделген кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

      28. Егер кедендік жете тексеру процесі объективті себептер (үзіліс, жұмыс уақытының аяқталуы) бойынша тоқтатылған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам, тауарлардың өзгеріссіз жағдайда, оның ішінде тауарлар тұрған жүк орындарына, көлік құралдарына не үй-жайларға сәйкестендіру құралын салу арқылы сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.

4-тарау. Кедендік қарап тексеруді жүргізу

      29. Уәкілетті лауазымды адамның тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк бөлігін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе бар болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен көріп қарау әрекеті басталған уақыт, кедендік қарап тексеру уақыты болып табылады.

      30. Уәкілетті лауазымды адам тауарларды, жеке тұлғалардың багаждарын, көлік құралдарын, жүк ыдыстарын, кедендік пломбалар, мөрлер және тауарларды сәйкестендірудің басқа да құралдарын, көлік құралдарын және тауарлар орамаларын ашпай және тауарлардың орамдарын бұзбай кедендік жете тексеруді көзбен шолып қарау арқылы жүргізеді.

      Тауарларды кедендік қарап тексеру, оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтер алу және тексеру мақсатында, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк орындарында кедендік пломбалар, мөрлер және басқа да салынған сәйкестердіру құралдарының болуын тексеру мақсатында жүргізіледі.

      31. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік қарап тексеру, қаралатын обектілердің ішкі құрылымын көзбен көріп қарауды қамтамасыз ету және осындай обектілердің физикалық ерекшелік сипатының болуы туралы өзгеше ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, техникалық құралдарды қолданумен жүргізіледі.

      32. Егер кедендік қарап тексеру процесі объективті себептер (үзіліс, жұмыс уақытының аяқталуы) бойынша тоқтатылған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам, тауарлардың өзгеріссіз жағдайда, оның ішінде тауарлар тұрған жүк орындарына, көлік құралдарына не үй-жайларға сәйкестендіру құралын салу арқылы сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.

5-тарау. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемі мен дәрежесі

      33. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) тәуекелдер бейінімен белгіленген көлемде және дәрежеде жүргізіледі. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемі мен дәрежесін өзгертуге жол берілмейді.

      Іске қосылған тәуекелдер бейінінде көлемі мен дәрежесі болмаған, не кедендік жете тексеру жүргізу туралы осы Қағиданың 4-тармағымен көзделген негіздер бойынша шешім қабылданған жағдайда, кедендік жете тексеру осы Қағиданың 20-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес ішінара жүргізіледі.

      Тауардың мөлшерін айқындау тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауардың мөлшері туралы деректер негізінде кедендік жете тексеруді (қарап тексеру) жүргізер алдында есептеу жолымен жүргізіледі.

      34. Егер тәуекел бейіні іске қосылған кезде айқындалған кедендік жете тексеру көлемі тауар партиясымен өткізілетін тауарлардың барлық атауын кедендік жете тексеруді болжайды, уәкілеттті лауазымды тұлға мынадай операцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді:

      тауарлардын толық салмағын өлшеу;

      барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта есептеу;

      барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта есептеу.

      Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізудің көлемі мен дәрежесі, осы Қағиданың 20-тармағының ережелерін есекере отырып белгіленеді.

      35. Егер тәуекелдер бейіні іске қосылған кезінде анықталған кедендік жете тексеру көлемі өткізілетін тауар партиясы тауарларының бөлігін кедендік жете тексеруді көздеген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 34-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды тауарлардың сол бөлігіне қатысты жүргізуді қамтамасыз етеді.

      36. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) дәрежесі, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлеміне байланысты айқындалған тауар мөлшеріне қатысты жүргізу қажет болатын уәкілетті лауазымды адамның әрекетін айқындайды.

      Егер жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу нұсқауында жүк орындарын қайта санау қажеттілігі белгіленсе, онда кедендік жете тексеругеа (қарап тексеруге) ұсынылған тауардың барлық жүк орындарын қайта санау жүргізіледі.

      37. ЕАЭО кедендік аумағына келетін орындарда тауарларға қатысты мемлекеттік кірістер органдары кедендік жете тексеруді жүргізген, не оларға қатысты кедендік жете тексеруді ЕАЭО мүше мемлекетердің кеден қызметтері жүргізген, бұл ретте кедендік жете тексеру актінде кедендік жете тексеруді жүргізу көлемі және дәрежесі көрсетілмеген жағдайда, кедендік жете тексеру тек қана тәуекел бейіні іске қосылған кезде немесе автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінің кездейсоқ іріктеу әдісі бойынша осы Қағиданың 20-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес жүргізіледі.

6-тарау. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану

      38. Кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізу және олардың тиімділігін арттыру кезінде тауарлар (олардың мөлшері, құрамы, физикалық және химиялық қасиеті, түпнұсқалылығы, жарсырын орындардың болуы және т.б.) туралы қажетті мәліметтерді анықтауға мүмкіндік беретін кедендік бақылаудың техникалық құралдарының (бұдан әрі – КБТҚ) әртүрлі түрлері қолданылады.

      39. КБТҚ қолдану кезінде уәкілетті лауазымды адам адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтіруге жол бермеу мақсатында қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.

      40. Уәкілетті лауазымды адам тәуекелдердің алдын алу және азайту бойынша автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымда кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қажеттілігімен кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізуге арналған шаралар болған жағдайда, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) процесін және нәтижелерін фото (бейне) түсіру үшін фото (бейне) түсіру аппаратуралары қолданылады.

      Уәкілетті лауазымды адам фото (бейне) түсіру аппаратураларын қолданар алдында оның жұмыс істейтінін (оның ішінде аккумулятор заряды деңгейінің толықтығын (қоректену элементтерінің қуатталуын), жинақтауышта жеткілікті бос орынның болуын, іске қосқанда нақты күні мен уақытты қою, сондай-ақ фото түсірілімнің (бейне түсірілімнің) сапасын оңтайлы дәл қоюды тексереді.

      Фото түсірілім (бейне жазба) тексеріп қаралатын (қаралатын) тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      41. Кедендік декларация бойынша кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізуде автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынысында көрсетілген, жете тексеру (қарап тексеру) мақсаты, көлемі және дәрежесі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізудің кезеңділігін, тауарлар партиясының көлемін, тауарлардың мөлшерін және ассортиментін ескере отырып, егер тәуекел бейінінде өзгеше көзделмеген әрбір нақты жағдайда, уәкілеті лауазымды адам кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу кезінде қажетті фото түсірілім санын дербес айқындайды.

      Әрбір нақты жағдайда бір кедендік жете тексеру (қарап тексеру) барысындағы фото түсірілімнің санын уәкілетті лауазымды адам дербес айқындайды, бұл ретте әрбір жете тексеру (қарап тексеру) фото мұрағаты тауардың әрбір атауының техникалық және коммерциялық сипаттамасы туралы түпкілікті мағұлмат береді.

      42. Фото түсірілімде (бейне түсірілімде) көлік құралының (контейнердің) жүк бөлігінің жалпы жоспарын (сыртқы түрін), оның нөмірін түсіруді және салынғанды қамтамасыз етудің тұтастығын, ал уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды кедендік жете тексеру (қарап тексеру) кезінде уақытша сақтау орнында тауарлардың орналасуының жалпы көрінісі, салынғанды қамтамасыз етудің тұтастығын (бөлек үй-жайларда тауарларды уақытша сақтау кезінде) қамтиды.

      Егер тәуекел бейінінде өзгеше көзделмесе, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) процесінің фото түсірілімі (бейне түсірілімі) мынадай типтік схема бойынша жүргізіледі:

      көлік құралының типін, оның мемлекеттік тіркеу нөмірін, салынған қамтамасыз ету құралын түсіру (аталған қағида әуе не теңіз кемесіндегі тауарларды кедендік жете тексеру (қарап тексеру) кезінде қолданылмайды);

      көлік құралына тиеу дәрежесін (фото түсірілім (бейне түсірілім) түсіру ең жоғары мүмкіндікке қатысты пайызда көлік құралының тиелу деңгейін (көлемін) бағалауға мүмкіндік береді), жүк орындарын және тауарлар орамының сипатын түсіру;

      көлік құралынан тауарларды түсіру (тауарларды ішінара түсіру кезінде фото түсірілім (бейне түсірілім) көлік құралынан түсірілген тауарлардың түсірілмеген тауарларға қатынасы бойынша пайыздық қатынасын бағалауға мүмкіндік береді);

      тауарлардың түсірілген бөлігін түсіру, іс жүзінде түсірілген тауардың мөлшері мен көлемін сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жүргізіледі;

      тауарлардың түсірілмеген бөлігін, не толық түсірілген кезде – көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін (көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі) деректердің фото түсірілімнің (бейне түсірілімнің) болуымен көлік құралының бос бөлігін түсіру;

      жүк орындарын бөлшектеуді (ашуды) және олардың ішіндегілерді тексеріп қарауды түсіру.

      Фото түсірілімді (бейне түсірілімді) жүргізу барысында оларды біркелкі сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі сипаттамасын толық көлемде түсіру қажет.

      Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) кезінде (белгіленген дәреже мен көлемін сақтау талабы кезінде):

      жүк бөлігінде (оны тиеуде) тауардың орналасуы немесе бөлінуі, уақытша сақталған кезде уақытша сақтау орындарында тауардың орналасуы;

      орамның сыртқы түрі;

      орамдағы және тауардың өзіндегі маркалау (жазу, жапсырма қағаздар, оның ішінде тауарларды жөнелтуші, алушы туралы мәліметтер көрсетілген, тапсырыстың нөмірлері, этикеткалар және басқалар);

      дайындаушы туралы мәліметтер, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі;

      физикалық мөлшері;

      жинақтауыштар, қосалқы бөлшектерінің және керек-жарақтарының болуы;

      тауардың тозу дәрежесі;

      тауар және арнайы белгілері;

      консистенциясы;

      түсі;

      тауарды өлшеп орау;

      анықталған бөгде салымдар кедендік жете тексерудың (қараудың) белгіленген дәрежесі және көлемін сақтау шарты кезінде) міндетті түрде түсіруге жатады.

      Таңбалауда бар ақпараттарды түсіруді, бір түсірілімде орындау мүмкін болмаған жағдайларда, оларды кейін сәйкестендіру мүмкіндігімен барлық мәліметтерді түсіру мақсатында таңбалауларды рет-ретімен фотоға түсіру жүзеге асырылады.

      Тауардың ерекшелігі геометриялық параметрлерін айқындау және түсіру талап етілген, бұл ретте тауарлар таңбасында немесе орамында мөлшері туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, өлшеу аспаптары (сызғыш, рулетка) фонында (көзбен көріп салыстырумен), ал олар жоқ болған жағдайда –мөлшері алдын ала белгілі, эталонды еркін түрдегі объектілердің (адамның алақаны, сіріңке қорабы, темекі қорапшасы, монета) фонында тауарларды фото түсірілімі (бейне түсірілімі) ұсынылады. Тауардың мөлшеріне байланысты неғұрлым ірі объектімен (адам, автомобиль, контейнер, ғимарат) фото түсірілім (бейне түсірілім) жүргізіледі.

      Фото түсірілім (бейне түсірілім) барысында тауардың геометриялық сипаттамасын өлшеу, тауарларды өлшеу, ашу, қайта санау, КБТҚ құралдарын қолдану, салынған сәйкестендіру құралының болуын және сәйкестігін тексеру, сынамалар мен үлгілерді іріктеу бойынша әрекеттерді түсіру.

      43. Үлкен ақпарат беру мақсатында фотосуреттерге (әрбір фотосуреттерге электронды түрде жеке мәтіндік файл қалыптастыру не оған қатысты жүргізілген операциялар және тауар түрін көрсетіп фотосуреттердің бастапқы файлдарын қайта атау арқылы) фото суреттерге түсіндіруді қалыптастыруға жол беріледі.

      44. Фототүсірілім (бейне түсірілім) цифрлық форматта сақтау мемлекеттік кірістер органдарының серверінде және автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінде жүзеге асырылады.

      Тауарларды декларциялау орны мен сақтау орындары өзгеше болған жағдайда фото түсірілімдерді (бейне жазбаларды) цифрлық форматта сақтау бір мезгілде қызмет өңірінде тауарларды декларациялау жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарының серверінде, қызмет өңірінде тауарларды кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі.

      Фото және бейне мұрағат деректер базасына ақпараттарды жинау, өңдеу және жаңғыртуды мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық-техникалық қызметтің уәкілетті бөлімшесі жүзеге асырады.

      Фото түсірілімдерді (бейне жазбаларды) сақтау қисынды ұйымдастырылуы папканың (каталогтардың) ағашқа ұқсас құрылымын пайдаланып) пайдаланып жүзеге асырылады және қажетті фото түсірілімдерге (бейне жазбаларға) жедел қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ фото түсірілімдердің (бейне жазбалардың) оларға қатысты кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізілген тауарға арналған декларациялардың нөмірлеріне байланысы қамтамасыз етеді.

      Фото түсірілімдерді (бейне жазбаларды) сақтау үшін негізгі критериялары (тексеріп қарау (қарау), мемлекеттік кірістер органы, оған қатысты тексеріп қару (қарап тексеру) жүргізілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы, кедендік декларациялардың нөмірі, не кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актінің нөмірі бойынша іріктеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін фото түсірілімдер (бейне жазбалар) папкасы құрылады.

7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қолдануды ұйымдастыру

      45. Көлік құралдарына, көлік құралдарының жүк бөліктеріне, жүк орындарына, тауарлар бар және болуы мүмкін бөліктерге және басқа да орындарға, кедендік бақылауға алынған тауарлардың өздеріне Кодекстің 427-бабына сәйкес уәкілетті лауазымды адам, Кодексте көзделген пломба салу, мөр қою және басқа да тәсілдер жолымен сәйкестендіреді.

      46. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) нәтижесінде құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған жағдайда сәйкестендіру құралдары тауарлардың және көлік құралдарының жай-күйінің өзгермеуін, оларды ауыстырудан сақтауды қамтамасыз ету мақсатында салынады.

      47. Сәйкесендіру құралдарының бар-жоғы мен жай-күйіне бақылау жасау мақсатында кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінде олардың мөлшері, типі, пломбаларының нөмірлері, мөрлері, цифрмен, әріппен және өзге де таңба қоюлары, сәйкестендіру белгілерін салулары, қойылған мөртабандар, алынған сынамалар мен үлгілер, тауарлардың сипаттамалары, жасалынған сызбалар, масштабтық бейнелер, суреттер, иллюстрациялар, тауардың ілеспе құжаттарын және өзге де құжаттарды және басқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану туралы мәліметтер көрсетіледі.

      48. Сәйкестендіру құралдары өзгерген, алынып тасталған, жойылған немесе айырбасталған жағдайда уәкілетті лауазымды адам КОК шешімімен бекітілген нысан бойынша сәйкестендіру құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе айыр басталуы туралы акті жасайды.

8-тарау. Уәкілетті лауазымды адамдардың кедендік жете тексеру (қарап тексеру) барысында мәліметтерді дұрыс емес мәлімдеу фактілерін, сондай-ақ ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу белгілерін анықтаған кездегі әрекеттері

      49. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) барысында тауарлардың іс жүзіндегі сипаттамасы, мөлшері не тауарлар туралы мәліметтері (атауы, шығарылған елі, дайындаушы) тауарға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда аталған фактілер кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актінде көрсетіледі.

      50. Егер анықталған алшақтықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) бойынша жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық белгілері бар екендігін көрсеткен, бұл ретте анықталған кедендік жете тексеру (қарап тексеру) белгіленген көлем мен дәрежесі шегінде аталған фактілерді толық тексеруге мүмкіндік болмаған жағдайда, сәйкессіздікті анықтаған уәкілетті лауазымды адам мемлекеттік кірістер органының басшысына, ал қажет болған жағдайда қосымша экономикалық тергеулер қызметіне тез арада хабарлайды, онда тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыс еместігінің белгілері, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемін ұлғайту және оның дәрежесін өзгерту қажеттілігінің негіздемелері, сондай-ақ кедендік жете тексеру (қарап тексеру) сипаттамалары бойынша басқа да ұсыныстар көрсетіледі.

      Уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша ақпаратының негізінде мемлекеттік кірістер органының басшысы кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізу көлемін және дәрежесін өзгерту туралы шешім қабылдайды.

      51. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар фактілерін белгілегеннен кейін, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

      Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға материалды экономикалық тергеу қызметіне жолдайды.

9-тарау. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізудің нәтижелерін ресімдеу

      52. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) нәтижелері, сондай-ақ іс жүзінде кедендік жете тексеру (қарап тексеру) аяқталғаннан кейін тез арада автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінде кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінде белгіленеді.

      Кедендік жете тексеру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға не олардың өкілдеріне, егер бұл тұлғалар бұзушылық анықталған жағдайда анықталса, немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі).

      Кедендік жете тексеру актінде Кодекстің 413-бабында көзделген мәліметтер көрсетіледі.

      53. Өзге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізуге қатысқан жағдайда, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актінде осындай тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінің көшірмелері қол қойдырып кедендік жете тексеруге (қарап тексеруге) қатысқан өзге мемлекеттік органдардың өкілдеріне, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері беріледі.

      Кедендік жете тексеруге (қарап тексеруге) қатысқан өзге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінің көшірмелерін алудан бас тартылған жағдайда, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінде тиісті жазба жазылып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөрлерімен куәландырылады.

      54. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) процесінде лауазымды тұлғаның тауарларды есептеу тәсілімен тауарлардың іс жүзіндегі салмаған іріктеп өлшеуі анықталған жағдайда, кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актінде оның есебі мен нәтижелері көрсетіледі.

      55. Кедендік жете тексеру ИДК пайдалану арқылы алынған ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының бұзылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат негізінде жүргізілсе, кедендік жете тексеру актінде ИДК операторы көрсеткен мәлімделмеген тауар көлік құралының жүк бөлігінде қалай орналасуы мүмкін, қандай тауарлар болғандығын атап көрсету қажет.

      56. Кедендік жете тексерудың нәтижелерін белгілеу кезінде кедендік жете тексеру актіне:

      тауарлардың орамасындағы таңбалау, этикеткар, жапсырма қағаз және тауарларды сәйкестендірудің басқа да құралдары (бар болған жағдайда);

      кедендік жете тексерудің (қарап тексерудің) фото материалдары (осы материалдар бар болған кезде цифрлық тасымалдағышта қосымша бірге беруге рұқсат етіледі);

      кедендік жете тексеру (қарап тексеру) бейнематериалдары (бар болған кезде);

      кедендік жете тексеруге (қарап тексеруге) қатысқан немесе қатысып отырған өзге мемлекеттік органдардың мамандарының немесе лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      кедендік жете тексеруге (қарап тексеруге) қатысатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      кедендік жете тексеруді (қарап тексеруді) жүргізу барысында ресімделген және оған қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

      Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актіне қоса тіркелген құжаттар мен қағаз тасымалдағышындағы мәліметтер кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      57. Кедендік жете тексерудің (қарап тексерудің) нәтижелерін белгілегеннен кейін лауазымды тұлға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актілерін тіркеу журналының (бұдан әрі – Тіркеу журанлы) тиісті бағандарын толтырады.

      Әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеу журналын нөмерлеу бірден басталады.

      58. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) жүргізгеннен кейін кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісін оған қоса тіркелген барлық құжаттармен және тиісті кедендік рәсімдер кезінде рәсімделетін басқа да кедендік құжаттарымен бірге сақтау оларды істе қалыптастыру және мемлекеттік кірістер органдарының мұрағатында сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

      59. Егер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі, ақпараттық жүйе арқылы кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актілерін тіркеуді жүргізуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді.

10. Қорытынды ережелер

      61. Мемлекеттік кірістер органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босату Кодекстің 406-бабында айқындалған.

      62. Заңсыз шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздік) үшін уәкілетті лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке болады.

      63. Уәкілетті лауазымды тұлғалар заңды талаптарды орындамаған, сондай-ақ оларға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу бойынша жүктелген міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін басқа да әрекеттер жасаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінде кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартуға бағытталған шаралар қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Кедендік тексеріп қарау жене қарау жүргізу Ережесіне
1-қосымша

Уақытша сақтау орынына орналастырылған тауарлардың бейне түсірілімдерін не оның тұрамының бейне түсірілімін жүргізумен көлік құралдарының жүк бөлігін ашу жолымен жүргізілетін, кедендік тексеріп қарауға қатысты СЭҚ ТН тауарлар позициясы және тауарлар топтарының тізбесі

СЭҚ ТН коды

СЭҚ ТН сәйкес тауардың атауы

Ескертпе

84

Ядролық реакторлар, қазандар, жабдықтар мен механикалық құрылғылар; олардың бөліктері

8415, 8431 тауар позициясын қоспағанда

8501

Электр қозғалтқыштары және генераторлары (электрогенераторлық қондырғылардан басқа)


8502

Электрогенераторлық қондырғы және айналмалы электрлi өзгерткiш


8503

Тек немесе негiзiнен 8501 немесе 8502 тауар позициясының машиналарына арналған бөлшектер


8504

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткiштерi, индуктивтiлік орауыштары және дроссельдер:


8507

Тік төртбұрыш (оның iшiнде шаршы) немесе басқа пішінді электр аккумуляторлары, оларға арналған сепараторларды қоса алғанда


8514

Өнеркәсіптік немесе зертханалық электр пештері мен камералары (индукция құбылысы немесе диэлектpлік ысырап негізінде жұмыс істейтіндерін қоса алғанда); индукция құбылысы немесе диэлектpлік ысырап көмегімен материалдарды термикалық өңдеуге арналған өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдықтар


8543

Осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жеке функциялары бар электр машиналары мен аппаратурасы



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Кедендік тексеріп қарау жене қарау жүргізу Ережесіне
2-қосымша

Кедендік тексеріп қарау (қарау) актілерін тіркеу журналы 20__ жыл (мемлекеттік кірістер органының коды)

р/с№

Кедендік декларацияның, немесе кедендік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттың нөмірі

Кедендік тексеріп қарау
(қарау) актісін тіркеу күні және уақыты

Мәлімделген кедендік рәсімнің коды

Тауарды жөнелтушінің /алушының атауы

Тауардың қысқа сипаттамасы

Кедендік тексеріп қарау(қарау) жүргізуге негіздеме, іске қосылған тәуекел бейіні нөмірін қоса есептегенде

Көлік құралының нөмірі

Тексеріп қарауды
(қарауды) жүргізген орын

Кедендік тексеріп қарау
(қарау) нәтижесі

Кедендік тексеріп қарауды
(қарауды) жүргізген мемлекеттік кіріс органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12