Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 наурызда № 16463 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс көзделген – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.06.2020 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
− Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Аңшы куәлiгi

      Аңшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 105х80 миллиметр, түсi жасыл, жазуы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)


Қазақстан Республикасы

Аңшы куәлігі

  1-парақ
  (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)

___________________________________________________________ облысы бойынша
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің
республикалық қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі

      № _____ аңшы куәлiгi




__________________________________________________________

(тегі,

___________________________________________________________

аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туылған күнi _____ жылғы "____" ______________

Аңшы өтiлi ________________жылдан бастап.



      Мөр орны

      Куәлiктi берген ____________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық

      бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы

      филиалының немесе өкілдігінің атауы)

      _____________________________________________________________________________

                              (куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)

      Аңшылық минимумы бойынша тестілеуден өткені туралы белгi _______________________

      Берілген күні 20__жылғы "__"____________. 20__жылғы "__"__________ дейiн жарамды.

  2-парақ 1-бет

Есепке алынғаны және есептен шығарылғаны туралы белгі

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы




Аңшылық сұқпа суық қаруды тіркеу

Қарудың атауы

Нөмiрi

Сатушы ұйымның белгiсi

Есептен шығарылған күні, аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің белгісі





  2-парақ 2-бет

Аңшылық иттерді, аушы жыртқыш құстарды тіркеу

Түрі, тұқымы, түсі, таңбаның, сақинасының, микрочипінің нөмірі

Туған жылы

Иттің ветеринариялық паспорты, аушы жыртқыш құстың паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, аушы жыртқыш құсты ұстау мерзімі

Есептен шығарылған күні, аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің белгісі






 
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Балықшы куәлігі

      Балықшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 105х80 миллиметр, түсi көк, жазуы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)


Қазақстан Республикасы

Балықшы куәлігі


  1-парақ
  (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)

      _________________________________________________________________________

                              (балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

      № ____ балықшы куәлiгi



_________________________________________________________

(балықшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туылған күнi ______ жылғы "____" ______________

Балықшы өтiлi ___________жылдан бастап ______ жыл

Куәлiктi берген __________________________________________

(балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

Мөр орны _________________________________________

(куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)


  2-парақ
  (куәлік мұқабасының iшкi бетiнiң оң жағына желiмделедi)

      Берілген күні 20 __жылғы "__" _________. 20 __жылғы "__" _________дейін жарамды.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Қорықшы куәлігі Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 95х66 миллиметр, түсi қызыл, жазуы алтын түстес, ішкі жағының тысы көгілдір түсті, баспаханалық тәсілмен жасалады)


Қазақстан Республикасы

Қорықшы куәлігі

  1-парақ
  (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)

      _____________________________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

      № ____ қорықшы куәлiгi



___________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туылған күні ______ жылғы "__"_______________

Куәлiктi берген ______________________________________________

(аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

___________________________________________________________

(куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)


      Мөр орны                                                       2-парақ

      (куәлік мұқабасының iшкi бетiнiң оң жағына желiмделедi)

      Берілген күні 20 __жылғы "__" ________. 20__жылғы "__"_______ дейiн жарамды.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
4-қосымша

Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленді және аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;

      2) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;

      3) аңшылық минимумы – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының, аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын, аңшы куәлігін беру үшін білуі міндетті шарт болып табылатын оқу бағдарламасының арнайы қысқа курсы;

      4) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;

      5) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесі;

      6) балықшы – өзінің еңбек міндеттеріне байланысты бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулаумен айналысатын балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері;

      7) балықшы куәлігі – балық шаруашылығы субъектісі берген, жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;

      8) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      9) қауымдастық – аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы;

      10) қорықшы - бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілетті адамы;

      11) қорықшы куәлігі – қорықшы құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат.

2-тарау. Аңшы куәлiгiн беру тәртiбi

      3. Аңшы куәлiгiн жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша он жыл мерзiмге қауымдастық филиалдары немесе өкілдіктері (бұдан әрі – филиал немесе өкілдік) бередi.

      4. Аңшы куәлігін алуға мүдделі жеке тұлға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген) бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумымды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген) аңшылық минимумына оқиды және аңшылық минимумын білуге арналған тестілеуден өтеді.

      5. Аңшылық минимумы курсын бітіру туралы сертификат (бұдан әрі -сертификат) алғанда жеке тұлға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама толтырады.

      Берілген сертификат аңшы куәлігін беру үшін негіз болып табылады.

      6. Аңшы куәлігін беруді сертификат берілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей филиалдың немесе өкілдіктің жауапты адамы жүргізеді.

      Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде филиал немесе өкілдік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшының есепке алу карточкасын толтырады, содан кейін аңшының жеке iсi қалыптастырылады, ол аңшы куәлiгiнің қолданыста болуы мерзiмi бойы бөгде адамдарды қолы жетпейтін жабық шкафтарда сақталады.

      7. Аңшы куәлігін беру фактісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы куәліктерін тіркеу журналында жазылады.

      8. Аңшы куәлігі қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жоғалса немесе жарамсыз болып қалса (бүліну, тозу), аңшының есепке алу карточкасы болған жағдайда ол ауыстырылады немесе телнұсқасы беріледі.

      9. Аумағында аңшы куәлігі берілген әкімшілік-аумақтық бірліктен (облыстан) тысқары тұрақты тұратын жерге көшкен, сондай-ақ аңшы куәлігі мен есепке алу карточкасында ескерілетін басқа да деректер өзгерген жағдайда, аңшы өзінің есепке алынған жері бойынша орын алған өзгерістер туралы филиалға немесе өкілдікке хабарлайды.

      Келген күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде аңшы жаңа тұрғылықты жерi бойынша филиалға немесе өкілдікке есепке тұрады. Бұл ретте тиiстi филиал немесе өкілдік аңшының ол тiркелген бұрынғы орнынан кеткенi туралы белгiсi бар есепке алу карточкасының түпнұсқасын және оның жеке iсiн сұратады.

      10. Аңшы куәліктері мен есепке алу карточкаларының бланкілерін қауымдастық бір орталықтан өз қаражаты есебінен дайындайды. Аңшы куәліктері бланкілерінің баспаханалық тәсілмен қойылған нөмірлері болады және олар бүлінбей сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайларда сақталады.

      11. Аңшы куәлігі қауымдастық мөрімен куәландырылады.

      12. Жарамсыз болып қалған, сондай-ақ қолданылу мерзімі аяқталған соң ауыстырылған аңшы куәлігін филиал немесе өкілдік жоюы тиіс.

3-тарау. Балықшы куәлiгiн беру тәртiбi

      13. Балық шаруашылығы субъектісі еңбек шартының қолданылу кезеңіне жұмыскерге балықшы куәлігін береді, ол өзінің қызметін жүзеге асыруы кезінде куәліктің жарамды күйінде сақталуын, оның ұдайы өзімен бірге болуын және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың талап етуі бойынша оны көрсетуді қамтамасыз етеді.

      14. Балықшы куәлігінің негізінде жұмыскер бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында (су айдындарында) және (немесе) учаскесінде (учаскелерінде) еңбек шартына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асырады.

      15. Балық шаруашылығы субъектісі мен балықшы арасында жасалған еңбек шарты бұзылған жағдайда балықшы куәлігін балық шаруашылығы субъектісі алып қойып, кейіннен жоюы тиіс.

      16. Балықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз болып қалған (бүлінген) жағдайда балық шаруашылығы субъектісі еркін түрде жазылған өтініштің негізінде оның телнұсқасын береді.

      17. Балықшы куәлігі жеке тұлға балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері болып табылатынын растайды.

4-тарау. Қорықшы куәлiгiн беру тәртiбi

      18. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің жұмыскерлеріне қорықшы куәлігін береді.

      19. Қорықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз болып қалған (бүлінген) жағдайда еркін түрде жазылған өтініштің негізінде қорықшы куәлігінің телнұсқасы беріледі.

      20. Қорықшы жұмыстан босатылғанда куәлік аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілеріне қайтарып беріледі.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Сауалнама



Тегі _____________________________________________

Аты______________Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________

Туылған күні ____ жылғы "__"____________

Азаматтығы ___________________________________________

Жеке басты куәландыратын құжат ________________________


      Жеке сәйкестендiру нөмiрі _____________________________________

      Үйінің мекенжайы, телефоны________________________________________

      __________________________________________________________ директорына

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық

      бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

      ___________________________________________________________________ берген

      (аңшы куәлігінің берілген күні және оны берген ұйымның атауы)

      №________аңшы куәлігін беру/ауыстыру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) өлшемi 3 х 4 сантиметрлі фотосурет (түрлi түстi) - 3 дана;

      2) аңшылық минимумын тапсыру туралы сертификаттың көшiрмесi.

      Жеке тұлғаның қолы _______________/_____________________/

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Күнi 20 _____ жылғы "___" __________.

      1. Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарлама курсынан өткенi туралы белгi

Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарлама курсынан 20__ жылғы "__" ____бастап
20 __ жылғы "__" __________ аралығында өттi.
Курсты аяқтағаны туралы 20 __ жылғы "__" ________ № ______сертификат берiлдi.
Сертификат берген ұйым басшысының қолы ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны Күнi 20 __ жылғы "___" ______________

 
  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы

      _______________________________________________________________________

                              (филиал немесе өкілдік)

№ __________ аңшының есепке алу карточкасы



Тегі __________________________________________________________

Аты____________ Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________

Туылған күні _____ жылғы "__"____________

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________

Үйінің мекенжайы, телефоны_____________________________________



      Аңшы өтілі _____________ жылдан бастап.

      №__________аңшы куәлiгi 20 __ жылғы "____"________берiлдi.

      Аңшылық минимумын тапсырғаны туралы белгі ____________________________

      Берген адамның қолы және мөр _____________________ / _________________

Ерекше белгілер

      1. Сұқпа суық қарудың бар-жоғы туралы мәлiметтер

Түрі

Шығарылған жылы

Нөмірі

Ерекше белгілері

Есепке алынған күні

Есептен шығарылған күні







      2. Аңшылық иттерді, аушы жыртқыш құстарды тіркеу

Түрі, тұқымы, түсі, таңбаның, сақинаның, микрочиптің нөмірі

Туылған жылы

Иттің ветеринариялық паспорты, аушы жыртқыш құстың паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, аушы жыртқыш құсты ұстау мерзімі

Есепке алынған күні

Есептен шығарылған күні

























      Есепке алынғаны және есептен шығарылғаны туралы белгі

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы
















 
  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Аңшы куәлiктерін тіркеу журналы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің

            республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

Аңшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы

Аңшы куәлiгiнiң нөмiрi

Тіркелген күні

Жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6













      Филиалдың немесе өкілдіктің басшысы ______________ __________________________

                                                (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар

                                                                  болған жағдайда)

      Мөр орны 20 __ жылғы "___" _________ (бар жағдайда)


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6261 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінің № 124-127 (26529) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 17-03/541 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8108 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 842-846 (27917) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесінің 1) тармақшасы.

      3. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысандары мен оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 362-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9006 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 32 (28256) жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12902 болып тіркелген, 2016 жылы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы.