"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес темекі бұйымдарына акциздік маркаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементі;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына 1-қосымша |
Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шарап материалын, сыраны және сыра сусынын (бұдан әрі – алкоголь өнімі) қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.
2-тарау. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау тәртібі
2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жатады.
3. Тұтыну ыдысына салынған темекі бұйымдары акциздік маркалармен таңбалауға жатады.
4. Есепке алу-бақылау маркасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау маркасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді.
Есепке алу-бақылау маркасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.
5. Акциздік марка мынадай түрде орналастырылады:
фильтрлі сигареттің жұмсақ қорабындағы қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;
фильтрлі сигареттің қайырма қақпақты қорабындағы акциздік марка қораптың артқы бетінде орналасуы, қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтуі тиіс;
фильтрсіз сигарет қорабында акциздік марка қораптың сол және оң жақ шетінен бірдей аралықта қораптың артқы бетінде тігінен орналасуы әрі қорапты ашар жерді басып өтуі тиіс;
папирос қорабында қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;
басқа темекі бұйымдарының қорабында акциздік марка қораптың артқы бетінің ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс.
Темекі бұйымдарының қорабын целлофанмен орау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс.
Қорапты ашқан кезде темекі бұйымдарына арналған акциздік марка бүлініп қалатындай орналасуы тиіс.
Темекі бұйымдарына арналған акциздік маркаларды желімдеу кезінде марканы тауардан бүлдірмей алуға және акциздік марканы қайта пайдалануға мүмкіндік бермейтін желім пайдаланылады. Акциздік маркаларды желімдеуге қолданылатын желім оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшін жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлі деңгейлеріне төзімді болуы тиіс.
6. Алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарын өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған дайын өнімге есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркаларды желімдеуді өндіріс мекен-жайы бойынша жүргізеді.
7. Конкурстық және оңалту басқарушылары борышкердің мүліктерін (активтерін) өткізу кезінде алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен немесе темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалауды олар сақталған мекен-жай бойынша жүргізеді.
8. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен немесе темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.
9. Кодекстің 172-бабының 4-тармағында табыс етілген алкоголь өнiмi – есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен мiндеттi таңбалауға жатпайды, атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;
2) бажсыз сауда кедендiк рәсімімен орналастыруға арналған бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасы аумағына әкелетiн;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде жекелеген даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін;
4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін;
5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға – үш литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнiмi, сыра және сыра сусыны, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жөнелтетін) темекi мен темекi бұйымдары.
3-тарау. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен қайта таңбалау тәртібі
10. Темекі бұйымдарын жаңа үлгідегі акциздік маркалармен қайта таңбалау ескі үлгідегі акциздік маркаларымен таңбаланған темекі бұйымдарына осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіппен және Кодекстің 172-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мерзімде жаңа үлгідегі акциздік маркаларымен желімдеуді білдіреді.
11. Алкоголь өнімдерін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланған алкоголь өнімдеріне осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген тәртіппен және Кодекстің 172-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мерзімде жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын желімдеуді білдіреді.
Бұл ретте бір есепке алу-бақылау маркасының үстіне екіншісін жабыстыруға жол берілмейді.
12. Қайта таңбалау:
1) ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркалар желімделген алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын, сондай-ақ пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркаларды түгендеуді;
2) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен алкоголь өнімдерін және темекі бұйымдарын акциздік маркамен таңбалауды;
3) пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын және акциздік маркаларды есептен шығаруды және жоюды қамтиды.
13. Түгендеу бір реттік сипатта болады және алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын өндіруді немесе импорттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде борышкердің мүлкін (активтерін) сататын конкурстық және оңалту басқарушылары (бұдан әрі – субъектілер) жүргізеді.
14. Түгендеу жүргізу үшін әрбір субъектіде құрамында комиссия төрағасы (субъектінің бірінші басшысы, оның міндетін атқаратын тұлға немесе оның орынбасары), субъектінің маркаларға материалдық-жауапты тұлғасы және субъектінің басқа да қызметкерлері болатын саны үш адамнан кем емес комиссия (бұдан әрі – түгендеу комиссиясы) құрылады.
15. Түгендеудің уақтылы жүргізілуін және тәртібінің сақталуын, еркін нысанда тиісті түгендеу тізімдемесіне енгізілетін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркалар желімделген алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарының нақты сандық қалдықтары бойынша түрлері мен атаулары бөлігінде олар туралы деректердің толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын түгендеу комиссиясының төрағасы қамтамасыз етеді.
16. Түгендеу тізімдемесі әр бетте ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркалар желімделген алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдары мен пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркалардың жалпы саны (санмен және жазумен) көрсетіле отырып, ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалар мен акциздік маркалар желімделген алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдар бойынша және пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалар мен акциздік маркалар бойынша бөлек жасалады. Түгендеу тізімдемесінің әр бетіне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
17. Түгендеу тізімдемесі екі данада жасалады, оның бірі тиісті мемлекеттік кірістер органына жіберіледі, екіншісі субъектінің өзінде қалады.
18. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркаларды ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркалары бар субъектілер және мемлекеттік кірістер органдары жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркалары енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі еспке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркаларды жою жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен есептен шығаруға және жоюға тиіс.
Есепке алу-бақылау маркаларымен және акциздік маркалармен таңбалауға жататын алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарының өндірісі бойынша салық төлеушінің қызметін тоқтатқан, және бұдан бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын және акциздік маркаларды қабылдап алу-беру актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдарына қайтарған кезде салық төлеушінің қызметі тоқтатылған күнінен бастап үш ай ішінде маркаларды жою жөніндегі комиссия мүшелері қатыса отырып субъектілермен және мемлекеттік кірістер органдарымен жоюға жатады.
19. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркаларды есептен шығару және жою жөніндегі комиссияның құрамы және ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен акциздік маркаларды жою орны мемлекеттік кірістер органы бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
20. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларды және акциздік маркаларды есептен шығару және жою жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік кірістер органдарының бірінші басшылары, мемлекеттік кірістер органының есепке алу-бақылау маркалар мен акциздік маркалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті тәртіпте енеді.
21. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалардың іс жүзінде есептен шығарылғаны және жойылғаны туралы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау маркаларының сериясы, нөмірлерінің диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының және субъектінің мөрлерімен куәландырылады.
Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.
22. Ескі үлгідегі акциздік маркалардың іс жүзінде есептен шығарылғаны және жойылғаны туралы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескі үлгідегі акциздік маркалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі акциздік маркаларды есептен шығару және жою туралы актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының және субъектінің мөрлерімен куәландырылады.
Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.
Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы акті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 жылғы "__" № бұйрығына сәйкес біз,
мынадай құрамдағы комиссия:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
саны:
____________________________________________________________ данадағы ескі үлгідегі
есепке алу-бақылау маркаларын, оның ішінде:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)
данада есептен шығаруды және жоюды жүргіздік.
Комиссия төрағасы:
1) ______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:
2) ______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
3) ______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Ұйымның
өкілі: ___________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Мөр орны Мөр орны
(мемлекеттік кірістер (субъект үшін)
органдары үшін)
Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта |
|
таңбалау) қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Ескі үлгідегі акциздік маркаларды есептен шығару және жою туралы акті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 жылғы "__" _________ № бұйрығына сәйкес
біз, мынадай құрамдағы комиссия:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
саны:
_____________________________________________________________ данадағы ескі үлгідегі
акциздік маркаларын есептен шығаруды және жоюды жүргіздік.
Комиссия төрағасы:
1)______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:
2)______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
3)______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Ұйымның өкілі:
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Мөр орны Мөр орны
(мемлекеттік кірістер (субъект үшін)
органдары үшін)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
Темекі бұйымдарына акциздік маркалардың нысаны, мазмұны және қорғау элементі
44*20 мм форматы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына 3-қосымша |
|
нысан |
Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау маркасының нысаны, мазмұны және қорғау элементі
65x17 форматы |
Отандық алкоголь өнімін өндіру үшін есепке-алу бақылау маркасы
Әкелінетін алкоголь өнімі үшін есепке алу-бақылау маркасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10611 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған).
2. "Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 621 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12644 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған).
3. "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін – есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін – акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 418 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14180 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 20 қыркүйекте жарияланған).