"Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорға

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 621 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12644 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10611 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы"

      1-тармақ:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары бекітілсін;

      2) акциздік таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері".

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жатады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Салық кодексінің 653-бабы 4-тармағына сәйкес алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен:

      1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспортталатын;

      2) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыруға арналған Қазақстан Республикасының аумағына бажсыз сауда дүкендерінің иелері әкелетін;

      3) Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкелудің (жіберудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жалғыз данада жарнамалық және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;

      4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одағының аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;

      5) 3 литрден аспайтын шекте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері, сыра мен сыра сусынын есепке алу-бақылау таңбаларымен, сондай-ақ 200 сигарет немесе 50 сигарадан (сигарилладан) аспайтын темекі мен темекі бұйымдары немесе 250 грамнан аспайтын шектегі темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті акциздік таңбаларымен міндетті түрде таңбалануға жатпайды.";

      1-қосымшаның оң жағындағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      " Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын

      қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау

      таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік

      таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары,

      сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау

      таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау

      элементтері қағидаларына

      1-қосымша

      ";

      2-қосымшаның оң жағындағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      " Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын

      қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау

      таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік

      таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары,

      сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау

      таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау

      элементтері қағидаларына

      2-қосымша

      ";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 621 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау табысының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері

      65x17 форматы

Отандық алкоголь өнімін өндіру үшін есепке-алу бақылау таңбасы




1. Таңбаларды нөмірлеу (тоғыз таңбалық);

2. УК сәулелері байқалатын, көрінбейтін бейне (әріптік нышан);

3. Тангирлік тор (50 мкм);

4. Бәйтерек - оюлау әдісімен орындалған;

5. 110 мкм ден 220 мкм өзгерілетін әріптер биіктігінің шағын мәтіні "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ";

6. Ою арнайы қаптау әдісімен орындалған;

7. Код-сызықша 28х15 мм енгізуге арналған;

8. Сарыгүл сызығы - бір түстен екінші түске құбылмалы нәтижемен бояу көшу;

9. Гильоширлық жиектас (40 мкм);

10. Мәтін. Флексолық баспа;

11. Ықпалды белгіленген температура кезінде түсін

өзгертетін қасиеті бар арнайы бояу;

12. Құралдық оқуға арналған бояумен орындалған бейне;

13. Ыстық өрнектеуімен монометальды голографиялық

фольга;

14. "ҚАЗАҚСТАН" шағын мәтін;

15. Голограмманы еңкейткен кезде "Күн астындағы бүркіт" бейнесінің "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" өзгеруі.

Әкелінетін алкоголь өнімін үшін есептік-бақылау таңбасы



1. Таңбаларды нөмірлеу (тоғыз таңбалық);

2. УК сәулелері байқалатын, көрінбейтін бейне (әріптік нышан);

3. Тангирлік тор (50 мкм);

4. Бәйтерек - оюлау әдісімен орындалған;

5. 110 мкм ден 220 мкм өзгерілетін әріптер биіктігінің шағын мәтіні "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ";

6. Ою арнайы қаптау әдісімен орындалған;

7. Код-сызықша 28х15 мм енгізуге арналған;

8. Сарыгүл сызығы - бір түстен екінші түске құбылмалы нәтижемен бояу көшу;

9. Гильоширлық жиектас (40 мкм);

10. Мәтін. Флексолық баспа;

11. Ықпалды белгіленген температура кезінде түсін өзгертетін қасиеті бар арнайы бояу;

12. Құралдық оқуға арналған бояумен орындалған бейне;

13. Ыстық өрнектеуімен монометальды голографиялық фольга;

14. "ҚАЗАҚСТАН" шағын мәтін;

15. Голограмманы еңкейткен кезде "Күн астындағы бүркіт" бейнесінің "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" өзгеруі.