Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16352 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидасында:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Емтихан тапсыру кестесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.

      3. Емтиханды тапсыру кестесінің көшірмесі сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адамды таныстыру үшін Орталықтың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

      4. Біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін адам он бір жұмыс күнінен бұрын Орталыққа "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Комиссия біліктілік емтихан өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде, біліктілік емтиханынан өткен адамға:

      сот сарапшыларға – осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін;

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігін береді.

      Қосымша сарапшылық мамандығын алу кезінде біліктілік емтиханы өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде:

      сот сарапшыларға – осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша;

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша ресімделеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша жоғалған немесе зақымдалған (бүлінген) жағдайда, адамның жоғалтуға, зақымдалуға (бүлінуге) әкеп соққан жағдайларды көрсете отырып, негізделген арызының негізінде біліктілік куәлігінің немесе біліктілік куәлігіне қосымшаның телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) беріледі.

      Телнұсқа порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана арыз келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қағаз нысанында беріледі.

      Телнұсқаға біліктілік комиссиясының төрағасы қол қояды.";

      2, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4, 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. "Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидасында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңның 20-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сот сарапшысының сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттайды.

      Кезектен тыс аттестацияны өткізу туралы шешімді Қағиданың 11-тармағымен белгіленген тәртіпте "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) басшысы қабылдайды.";

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі мен аттестаттаудан өту кестесін Орталықтың басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.

      6. Орталық аттестаттауға жіберілген сот сарапшыларын аттестаттауды өткізудің орны, уақыты, тәртібі туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

      7. Аттестаттауға жататын сот сарапшылары, Сот сарапшыларын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) құжаттарын жазбаша хабарламаны алған кезден бастап аттестаттау өткізілетін күнге дейін он бір жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

      8. Сот сарапшылар аттестаттаудан өту үшін "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы Комиссияға мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) Орталықтың аумақтық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған, сот сарапшысының кәсіптік даярлығы деңгейін көрсететін мінездеменің электрондық көшірмесі;

      3) соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;

      4) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аттестаттау комиссиясының шешімі:

      сот сарапшыларға – осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) түрінде;

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау куәлігі (бұдан әрі – куәлік) түрінде ресімделеді.

      22. Қорытынды немесе куәлік сот сарапшысына аттестаттау өткізілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.";

      2, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда 5-қосымшасымен толықтырылсын.

      3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 24 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сулейменов

      2018 жылғы "___" ______

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
1-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі ______________

      2. Қалыптастыру күні ______________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _____

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН ______________

      7. Тегі ______________

      8. Аты ______________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ______________

      11. Нөмірі ______________

      12. Сериясы ______________

      13. Берілген күні ______________

      14. Аяқталу күні ______________

      15. Берген орган ______________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі ______________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі ______________

      20. Түскен жылы______________

      21. Бітірген жылы ______________

      22. Диплом бойынша мамандығы ______________

      23. Диплом бойынша біліктілігі ______________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________

      Мәлімделген мамандық бойынша интернатура немесе резидентура, не қайта даярлау өткендігі туралы мәліметтер (сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін)

      25. Нөмірі _______________

      26. Мамандығы _______________

      27. Цикл атауы _______________

      28. Оқытқан ұйымның атауы _______________

      29. Оқудың басталуы _______________

      30. Оқудың аяқталуы _______________

      31. Оқудың сағат бойынша көлемі _______________

      32. Берілген күні

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәліметтер

      33. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны _____________

      34. Мамандығы_____________

      35. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні _____________

      36. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні _____________

      37. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар _____________

      38. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы_____________

      39. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп _____________

      Мекенжайы

      40. Пошталық индексі ______________

      41. Ел, облысы, ауданы, елді мекені ______________

      42. Көшенің аты ______________

      43. Үйдің, ғимараттың нөмірі ______________

      44. Пәтердің, кеңсенің нөмірі ______________

      Телефондардың нөмірі ______________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
2-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
3-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша
№____

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
4-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының
біліктілік куәлігіне қосымша №____

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. _______________________________________

      2. _______________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
5-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша
№____

      Осы куәлік __________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1. _______________________________________

      2. _______________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      __________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
6-қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі ______________

      2. Қалыптастыру күні ______________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _____

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН ______________

      7. Тегі ______________

      8. Аты ______________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ______________

      11. Нөмірі ______________

      12. Сериясы ______________

      13. Берілген күні ______________

      14. Аяқталу күні ______________

      15. Берген орган ______________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі ______________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі ______________

      20. Түскен жылы ______________

      21. Бітірген жылы ______________

      22. Диплом бойынша мамандығы ______________

      23. Диплом бойынша біліктілігі ______________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәліметтер

      25. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны _____________

      26. Мамандығы_____________

      27. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні _____________

      28. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні _____________

      29. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар _____________

      30. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы_____________

      31. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп _____________

      Қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер

      32. Сот сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз

      -көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың қызметкері

Біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге) номері

Рұқсат беру құжатының мерзімі

Мамандығы




      -сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам

Лицензия нөмірі

Лицензия берген күні



      Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер:

      33. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _____________

      34. Жалпы еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _____________

      35. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _____________

      36. Атқаратын лауазымы _____________

      37. Осы лауазымға тағайындалған күні _____________

      Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі

Жұмысқа қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын қызметі

Жұмысы туралы мәліметтер

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні








      Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеу туралы мәліметтер (соңғы алты айда)

      Тәртіптік жазалардың болуы туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу)

      1) Ескерту

      2) Сөгіс

      3) Қатаң сөгіс

      4) Еңбек шартын бұзу

      Көтермелеу _____________

      Мекенжайы

      38. Пошталық индексі ______________

      39. Ел, облысы, ауданы, елді мекені ______________

      40. Көшенің аты ______________

      41. Үйдің, ғимараттың нөмірі ______________

      42. Пәтердің, кеңсенің нөмірі ______________

      Телефондардың нөмірі ______________

      Электрондық пошта _____________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
7-қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Аттестаттау комиссиясының қорытындысы №___

      20___жылғы " ____ " _________________

      ____________________ қаласы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның) 20__ жылғы "__"_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:

      Төраға ____________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Хатшы ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________ құжаттарын қарастырып,

      (Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),

      сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)

      Былай деп шешті: _______________________

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      __________________________________________________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
8-қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Аттестаттау куәлігі №___

      20___жылғы " ____ " _________________

      ____________________ қаласы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның)

      20__ жылғы "__"_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:

      Төраға ____________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Хатшы ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________ құжаттарын қарастырып,

      (Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),

      сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)

      Былай деп шешті: __________________________________________________________

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      __________________________________________________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)