"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 ақпанда № 16331 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 84 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13247 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқықғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қағаз және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетелшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 29 бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін қамтамасыз етуге арналғанға телекоммуникациялар желісіне таралмайды.

      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері;

      4) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

      5) интернет-ресурс – АБК орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      6) мемлекеттік органның архитектурасы – мемлекеттік органның міндеттерін, функцияларын, ұйымдық құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың өзара байланысын қоса алғанда, оның ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасы;

      7) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      8) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы – жіктеуішке сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тіркеуді жүзеге асыруға, есепке алуға, сақтауға және бір жүйеге келтіруге және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе;

      9) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

2-тарау. Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі

      4. Мемлекеттік орган мемлекеттік органның интернет-ресурсын Тізбеге енгізу үшін төмендегі құжаттарды ұсынумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесіне енгізуге өтінішіті (бұдан әрі – Өтініш) уәкілетті органға жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернет-ресурс туралы мәлімет;

      2) интернет-ресурста тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет.

      5. Мемлекеттік орган "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін (бұдан әрі – Объект) Тізбеге енгізу үшін төмендегі құжаттарды ұсынумен Өтінішті уәкілетті органға жібереді:

      1) ақпараттық жүйені енгізу кезінде:

      ақпараттық жүйенің сипаттамасы;

      техникалық құжаттаманың көшірмесі;

      өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы құжат;

      ақпараттық жүйеде тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;

      осы ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, не мемлекеттік органдардың осы ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылатын функциялар тізбесі;

      ақпараттық жүйені пайдаланылатын мемлекеттік органдар саны және ақпараттық жүйе енгізілген объектілер (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) саны;

      ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестатының көшірмесі (ақпараттық жүйе даму сатысында болған жағдайда мерзімі өтіп кеткен аттестат);

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін таңдау өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) ақпараттық жүйенің сәйкестігі туралы ақпарат;

      2) АБК-ны енгізу кезінде:

      АБК суреттемесі;

      АБК техникалық сипаттамасы;

      АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;

      мемлекеттік органның пайдаланушылары АБК арқылы өзара іс-қимылда болатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;

      әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушыларының түпкілікті санын көрсетумен АБК-ны пайдаланатын мемлекеттік органның, оның ішінде аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің тізімі;

      мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат берілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;

      АБК-ның Өлшемшарттарға сәйкестігі туралы ақпарат.

      6. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған құжаттарды өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексереді және оларды мемлекеттік органның интернет-ресурсының және (немесе) объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты беру, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті ұсыну үшін сервистік интеграторға жібереді.

      7. Сервистік интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсының және (немесе) объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті уәкілетті органға береді.

      8. Уәкілетті орган мемлекеттік органның интернет-ресурсын және (немесе) объектіні мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:

      1) мемлекеттік органның интернет-ресурсы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13262 болып тіркелген) сәйкес болмауы;

      2) егер объект Өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан астам балл алмаса. Бұл ретте, әрбір өлшемшартта минимум бір балл алу қажет;

      3) мемлекеттік органның интернет-ресурсының және (немесе) объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес болмауы. Бұл ретте, мемлекеттік органда архитектураның болмауы мемлекеттік органның интернет-ресурсын және (немесе) объектіні Тізбеге енгізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

      9. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды және өз шешімі туралы мемлекеттік органға хабарлайды:

      1) мемлекеттік органның интернет-ресурсының және (немесе) объектінің Тізбеге енгізілуі туралы;

      2) бас тарту себептерін көрсетумен мемлекеттік органның интернет-ресурсын және (немесе) объектіні Тізбеге енгізуден бас тарту туралы.

      10. Мемлекеттік органның интернет-ресурсын және (немесе) объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынумен қабылданған шешім туралы Операторға хабарлайды.

      11. Уәкілетті орган мемлекеттік органның интернет-ресурсын және (немесе) объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім негізінде тиісті бұйрық әзірлеу мен қабылдау жөніндегі рәсімді жүзеге асырады.

      12. Тізбеге енгізілген интернет-ресурсты және (немесе) объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда мемлекеттік орган осы интернет-ресурсты және (немесе) объектіні Тізбеден алып тастау үшін уәкілетті органға хабарлайды.

  "Электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының
операторына бекітіп берілетін
мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының
және "электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге_______________________
(ақпараттандыру саласындағы
уәкілетті органның атауы)

Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және
"электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесіне енгізуге
ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның интернет-ресурсының және (немесе) "электрондық үкіметтің"

      ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінің атауы)

      сұрайды.

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), қолы, күні)

      Мөр орны

  "Электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының
операторына бекітіп берілетін
мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының
және "электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша

Интернет-ресурс туралы ақпарат

р/с

Құжат атауы

Сипаттамасы

1.

Интернет-ресурс туралы жалпы мәлімет

1) интернет-ресурс атауы
2) интернет-ресурстың мақсаты
3) сүйемелдеу мен қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл үшін интернет-ресурстің иесі тарапынан жауапты тұлғалар
4) интернет-ресурстың иесі

2.

Интернет-ресурстың дистрибутивтері және лицензиялық бағдарламалық қамтылым (бар болған жағдайда)

1) интернет-ресурстың жұмыс істеуі үшін қажетті дистрибутивтер – пайдаланушылар және интернет-ресурстің әкімшісі үшін нұсқаушы пакеттер
2) лицензиялау шарттарына қойылатын талаптар
3) лицензияны қолдану мерзімі
4) саны

3.

Қолданбалы бағдарламалық қамтылым, деректер қорын басқару жүйесі, операциялық жүйе әкімшісінің нұсқаулығы

Әкімшілендіру жөніндегі нұсқаулық құжаттар

4.

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы үшін нұсқау (контент менеджер)

5.

Интеграцияланған интернет-ресурстар тізімі (бар болған жағдайда)

1) интернет-ресурс атауы
2) иесі
3) орналасқан жері
4) интернет-ресурстың интеграциялануына қойылатын талаптар
5) интеграцияланатын интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл регламенті

6.

Келу статистикасы

1) барынша (соңғы күнтізбелік жыл);
2) орташа тәуліктік;
3) орташа айлық;
4) орташа жылдық.

  "Электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының
операторына бекітіп берілетін
мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының
және "электрондық үкiметтiң"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
3-қосымша

"Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық жүйелерді іріктеу өлшемшарттары

р/с

Өлшемшарт атауы

Нұсқалар

1.

Ақпараттық жүйенің ауқымы және (немесе) аппарат-бағдарламалық кешен (бұдан әрі - АБК)



1.1.

Бірден астам орталық мемлекеттік органның (бұдан әрі - ОМО) қызметкерлері ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК тіркелген пайдаланушылары болып табылады

1

0

1.2.

Бір ОМО-ның барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарының және аумақтық бөлімшелерінің (бар болған жағдайда) қызметкерлері ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК тіркелген пайдаланушылары болып табылады

1

0

1.3.

Бірден астам ОМО ақпараттық жүйесі деректер алу үшін осы ақпараттық жүйемен интеграцияланған және деректерді тұрақты негізде қолданады

1

0

1.4.

Бір ОМО–ның ведомстволық бағынысты ұйымдарының және 16 аумақтық бөлімшенің (бар болған жағдайда) ақпараттық жүйесі деректер алу үшін осы ақпараттық жүйемен интеграцияланған және оларды тұрақты негізде қолданады

1

0

2.

Ақпараттық жүйенің және (немесе) АБК санаты



2.1.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК азаматтар және олардың мүлкі туралы деректердің жекелеген санаттары үшін эталондық сақтау орны не сақтау құралы болып табылады

1

0

2.2.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК мемлекеттік қызметті алу кезінде азаматтардан талап етілетін басқа да бастапқы деректерді эталондық сақтау орны не сақтау құралы болып табылады

1

0

2.3.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК үштен астам электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін жұмыс істейді немесе ол үшін жағдай жасайды

1

0

2.4.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаларының жабық кілттерімен ақпарат тасушыларды пайдаланумен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және оларды санкциясыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді

1

0

2.5.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай көлік ортасында жұмыс істейді

1

0

3.

Ақпараттық жүйе және (немесе) АБК пайдаланушыларының саны



3.1.

Ақпараттық жүйеде 1000-нан астам тіркелген белсенді пайдаланушы бар

1

0

3.2.

Ақпараттық жүйедегі және (немесе) АБК-дағы бастапқы деректерді 100 000-нан астам адам пайдаланады

1

0

3.3.

Ақпараттық жүйеге және (немесе) АБК-ға Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметкерлерінің кемінде 50 %-ы қосылған

1

0

3.4.

Мемлекеттік органның барлық пайдаланушысы АБК құрауыш компоненттерін пайдаланады

1

0