"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 ақпанда № 16331 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14881 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "07" ақпан 2018 жыл

      "Қарағанды облысы Ұлытау ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі" республикалық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Е. Мустагулов