Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.04.2021 № 114/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес интернет-ресурстардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. "Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығын Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10395 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 49 (27925) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрінің | |
міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары
1. Осы Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7 бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын (бұдан әрі – интернет-ресурс) ақпараттық толықтырудың қағидаларын айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолдануы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға таралады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.
1) интернет-ресурс – Интернетте жұмыс істеп тұрған және аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар, көрінетін мәтіндік, графикалық, аудиовизуальдік немесе басқа да түрдегі электрондық ақпараттық ресурс;
2) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
3) мемлекеттік органдар бірінші басшыларының блог-платформасы – мемлекеттік органдар бірінші басшыларының азаматтардың сауалына және оларға жауаптарын жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, "электрондық үкімет" веб-порталының кешені;
4) серпінді ақпарат – мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);
5) статикалық ақпарат – мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі, бюджеттің игерілуі бойынша ақпарат).
3. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың бар болуын, сондай-ақ қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның қызметіне қатысты өзге де ақпараттарды көздейді.
4. Жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың бар болуын, сондай-ақ қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның қызметіне қатысты өзге де ақпараттарды көздейді
5. Мемлекеттік орган интернет-ресурсының құрылымы және мобилді нұсқасында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
6. Атқарушы орталық органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстарында электрондық ақпараттық ресурстарды орналастырған кезде орталық атқарушы органның негізгі интернет-ресурсының мазмұнын қайталауға жол берілмейді.
7. Облыстардың аудандық маңызы бар қаланың, аудандарының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар орталық атқарушы органдар доменге бағынысты аймақта өзінің интернет-ресурсы болады.
8. Жергілікті атқарушы орган интернет-ресурсының құрылымы және мобилді нұсқасында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.
Облыстардың, аудандарының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жауабын орналастырумен басшыларға өтініш беру мүмкіндігін азаматтарға беру үшін мемлекеттік органдар бірінші басшыларының ресми блог-платформасында (blogs.egov.kz) жергілікті атқарушы органдардың әкімінің блогы болады.
9. Мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық көздері тиісті құрылымдық бөлімшелерімен әзірленген және ұсынылған материалдарды құрайды.
10. Мемлекеттік органдар интернет ресурстарында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар серпінді және статикалық ақпараттарға бөлінеді.
11. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.
12. Серпінді ақпарат жаңалық хабарламалдардан басқасы, жаңа ақпарат түсуіне қарай жаңартылады, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмауы керек.
13. Жаңалық хабарламалар күн сайын орналастырылады. Жаңалық хабарламаларды орналастыру кезінде жаңалық хабарламалардың тақырыбы мемлекеттік орган қызметі саласына сай қамтамасыз етіледі. Жаңалық хабарламалар мәнін ашатын, қысқа және барынша нақты сөйлемдерден қалыптастырылады. Жаңалық мәтінінде оқиғаның күні, болған орны, мағынасы, нәтижесі туралы ақпараттың болуы қамтамасыз етіледі.
14. Интернет-ресурс Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына арналған Интернет желідегі қазақстандық сегменттің домендік аймағында тіркелуге жатады. Мемлекеттік орган домендік атауға құқығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік орган домендік атауына құқығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органның интернет-ресурсы gov.kz және мем.қаз домендік аймақтарында ұқсас болып табылады.
15. Мемлекеттік органның интернет-ресурсының домендік атауы нақты мемлекеттік органмен ассоцияланатын, жазуға және айтуға қарапайым есте сақталатын қысқа аттардан, немесе мемлекеттік органның қысқартылған атауынан тұруы керек. gov.kz домендік аймағында атау мемлекеттік органның атауы бойынша немесе ағылшынша қысқартылған атауы бойынша, ал мем.қаз домендік аймағында – мемлекеттік тілде қалыптастырылады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік орган интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы
№ р/с | Ақпаратының түрі | Мазмұны |
1 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері | Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран |
2 | Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат | 1)Почталық мекенжайы; 2) Электрондық почтаның мекенжайы; 3) Анықтамалық қызметтердің телефондары; 4) Мемлекеттік органның ережесі Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі; 5) Басшыларының Т.А.Ә.А. (бар болса) телефондардың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін көрсетумен, мемлекеттік органның ұйымдастырушылық иерархиясын көрсететін, графикалық схема түріндегі орталық аппараттың құрылымы; 6) Басшыларының Т.А.Ә.А. (бар болса), телефондардың нөмірлерін және электрондық почта адрестерін, интернет-ресурсына сілтемесі көрсетумен аумақтық бөлімшелердің тізбесі (олар бар болса) |
3 | Мемлекеттік қызметтің имиджі | 1) Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауы; 2) Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары; 3) Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат (өз құзыреті шегінде) 4) Жергілікті атқарушы органдар басшыларының дербес блогы (вебкүнделік); 5) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелері туралы мемлекеттік қызмет позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту туралы ақпарат; 6) Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат |
4 | Нормативтік шығармашылық қызмет | 1) Мемлекеттік органмен қабылданған нормативтік құқықтық актілер; 2) Нормативтік құқықтық актілер жобаларының мәтіндері; 3) Заң жобаларды талқылау функционалының бар болуы |
5 | Мемлекеттік органның ағымдағы қызметі туралы ақпарат | 1) Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары; 2) Стратегиялық жоспарды орындау туралы есептер; 3) Орындаушысы мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік бағдарламалар (салалық бағдарламалар, аумақты дамыту бағдарламалары); 4) Мемлекеттік бағдарламаларды (құзыреті шегінде) салалық бағдарламаларды, аумақты дамыту бағдарламаларын орындау туралы есептер; 5) Мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бөлігінде саланы дамытудың жай-күйі мен серпінін сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткіштер (мәтінде оқитынтүрде ұсынылады, негіздемелері бойынша мемлекеттік органдар үшін пайдаланылады); 6) Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық сипаттағы талдамалық баяндамалар мен шолулар; 7) Халықаралық шарттарды, ведомствоаралық шарттарды және халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын (қызметіне мемлекеттік орган қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесі; мемлекеттік органның басшысымен жасасылған (қол қойылған) халықаралық шарттар мен келісудердің тізбесі және мәтіндері) іске асыруда мемлекеттік органның қатысуы туралы мәлімет; |
6 | Бюджетті орындау | 1) Мемлекеттік органның бір жылға жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы туралы ақпарат; 2) Бюджеттің орындалуы туралы ақпарат (Қазақстан Республикасы Ұлттық банкін қоспағанда) |
7 | Конкурстар, тендерлер өткізу | 1) Мемлекеттік сатып алуларды реттейтін нормативтік құқықтық актілер (не ресми Интернет-ресурста НҚА сілтемесі); 2) Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары; 3) Мемлекеттік органмен жүргізілген ашық конкурстар, аукциондар, тендерлер, сондай-ақ бағынысты ұйымдармен оларды өткізудің шарттары; оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу тәртібі; конкурстық комиссия отырысының хаттамалары, қабылданған шешімге қарсылығы, шағымы, конкурстың нәтижесін қосқанда; 4) Электрондық нысанда конкурс өткізілген жағдайда – мемлекеттік органмен өткізілетін, конкурстар туралы порталда орналасқан хабарландырулардың электрондық мемлекеттік сатып алулардың тиісті парақтарында сілтемелердің бар болуы |
8 | Жұмыс тәртібі | 1) Мемлекеттік органмен жүзеге асырылатын рұқсат беру әрекеттерінің тізбесін көрсете отырып, мемлекеттік органның бақылау-қадағалау функциялары туралы ақпарат (бар болса); 2) Мемлекеттік органмен рұқсат беруді жүзеге асырудың тәртібі; 3) Заңмен және өзге нормативтік актілерге сәйкес қарауға мемлекеттік органмен қабылданған мәлімдемеленген құжаттардың нысандары, оларды көшірмелеу немесе қағазға басып шығару мүмкіндігімен; 4) Мемлекеттік органмен тексерулерді жүргізудің кестесі (бар болса) (мәтінде оқитынтүрде ұсынылады, негіздемелері бойынша мемлекеттік органдар үшін пайдаланылады); 5) Тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат; 6) Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары (кәсіпкерлік мәселелері бойынша мемлекеттік орган жанында құрылған Сараптамалық кеңес қызметі туралы мәліметтері, кәсіпкерлікті қолдауда қабылданаған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат (өз құзыреті шегінде); 7) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру туралы (өз құзыреті шегінде) (мәтінде оқитынтүрде ұсынылады, негіздемелері бойынша мемлекеттік органдар үшін пайдаланылады) |
9 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету | 1) "Мемлекеттік қызмет" бөлімінің бар болуы; 2) Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есебі; 3) Мемлекеттік қызметтің паспорты; 4) Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттардың бар болуы; 5) Мемлекеттік қызметтердің регламенттердің бар болуы; 6) Мемлекеттік қызметтің нәтижелерін шағымдану реті туралы ақпарат |
10 | Мемлекеттік органдарды кадрмен қамтамасыз ету | 1) Мемлекеттік қызметке азаматтардың түсу тәртібін реттейтін НҚА (не ресми интернет-ресурста НҚА сілтемесі); 2) Мемлекеттік қызметтегі бос орындар туралы мәлімет; 3) Мемлекеттік қызметтегі бос орын үшін кандидаттарға біліктілік талаптар; 4) Бос орындарға орналасу мәселелері жөніндегі консультация беруге уәкілетті тұлғалардың Т.А.Ә.А. (бар болса) телефон нөмірлері, электрондық пошта адрестері |
11 | Халықпен жұмыс | 1) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін мемлекеттік органда қараудың тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтемесі (не ресми интернет-ресурста НҚА сілтемесі); 2) Азаматтарды қабылдау кестесі; 3) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі ақпаратты алу мүмкіндігі олар арқылы берілетін уәкілетті тұлғалардың байланыс телефондары; 4) Түскен өтініштер және оларды қараудың нәтижелері туралы ақпаратты қоса алғанда азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар; 5) Жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсетумен, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағынудың тәртібі; 6) Кері байланысының түрі ("Сұрақ-жауап", пайдаланушыларылармен ақпаратты жолдау нысаны, сауалнамалар мен дауыс беру, жиі қойылатын сұрақтарға жауап, интернет-қабылдау және басқалары); 7) Сілтемесіне өтуін орналастырумен "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық өтініштерін беру мүмкіндігі туралы ақпарат |
12 | Ақпараттық қолдау | 1) Жаңалықтардың өзекті тізбегі (жаңалықтар мұрағатын құрумен); 2) Мемлекеттік орган ресми оқиғаларының күнтізбесі; 3) Мемлекеттік органның, оның ведомствоға бағынысты және/немесе аумақтық бөлімшелері саласының бірі қалмастан бәріне түгел қатысты тікелей ақпараттық сипаттағы басқадай материалдар және мемлекеттік орган бірінші басшыларының ресми мәлімдемелерінің және сөз сөйлеулерінің мәтіндері; 4) Мемлекеттік орган жүргізуіндегі жалпы пайдалану, деректер қорын, тізілімдер, тіркелімдер ақпараттық жүйелерінің тізбесі. Сілтемесіне өтуін орналастырумен, оларды пайдалану тәртібі туралы және ақпараттық жүйелердің мақсаты туралы қысқаша ақпарат; 5) Пайдалы сілтемелер (үкімет интернет-ресурстары, "электрондық үкімет" веб-порталы, заңнама деректер қоры); 6) Бастапқы бетінде рұқсат беру және мемлекеттік қызмет көрсетуде, заңнамадағы өзгерту бөлігінде интернет-ресурстағы соңғы жаңартулар туралы пайдаланушыларына хабардар ететін, айдардың бар болуы; 7) Әдістемелік және консультациялық қолдау (мемлекеттің органның құзыреті шегінде) |
13 | Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдамасы шеңберіндегі мемлекеттік органның қызметі | 1) "Жасыл экономикаға" көшу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері (не ресми интернет-ресурста НҚА сілтемесі); 2) "Жасыл экономикаға" Қазақстан Республикасының көшуі бойынша шараларды іске асыруы жөніндегі мемлекеттік орган қызметі туралы ақпарат (өз құзыреті шегінде) (мәтінде оқитынтүрде ұсынылады, негіздемелері бойынша мемлекеттік органдар үшін пайдаланылады) |
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына 2-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы
№ р/с | Ақпаратының түрі | Мазмұны |
1 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері | Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран |
2 | Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат | 1) Почталық мекенжайы; 2) Электрондық почтаның мекенжайы; 3) Анықтамалық қызметтердің телефондары; 4) Мемлекеттік органның ережесі; 5) Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі 6) Басшыларының Т.А.Ә.А. (бар болса) телефондардың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін көрсетумен, мемлекеттік органның ұйымдастырушылық иерархиясын көрсететін, графикалық схема түріндегі орталық аппарат құрылымы; 7) Басшыларының, Т.А.Ә.А. (бар болса), телефондардың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін көрсетумен ведомствоға бағынысты және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі (бар болса) |
3 | Мемлекеттік қызметтің имиджі | 1) Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауы; 2) Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары; 3) Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат (өз құзыреті шегінде); 4) Жергілікті атқарушы органдар басшыларының дербес блогы (вебкүнделік); 5) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелері туралы мемлекеттік қызмет позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту туралы ақпарат; 6) Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат |
4 | Нормативтік шығармашылық қызмет | 1) Жергілікті атқарушы органмен шығарылған нормативтік-құқықтық актілер |
5 | Мемлекеттік органның ағымдағы қызметі туралы ақпарат | 1) Мемлекеттік орган қызметінің жоспарлары мен көрсеткіштері (Аумақтық даму бағдарламасы); 2) Өңірлік даму бағдарламасын орындау туралы есебі; 3) Мемлекеттік бағдарламалар (салалық бағдарламалар); 4) Мемлекеттік бағдарламаларды салалық бағдарламаларды, орындау туралы есептер (құзыреті шегінде); 5) Салалар бойынша өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары (салалар бойынша жай-күйі мен серпінін сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткіштер); 6) Жергілікті атқарушы органдар қызметі туралы Әкімнің есептері; |
6 | Бюджетті орындау | 1) Жергілікті атқарушы органның бір жылға жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы туралы ақпарат; 2) Әлеуметтік маңызды жобаларға (мектептер, ауруханалар, бала-бақшалар және т.б.) бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану, оның ішінде оларды игеру туралы ақпарат |
7 | Конкурстар, тендерлер өткізу | 1) Мемлекеттік сатып алуларды реттейтін нормативтік құқықтық актілер (не ресми мемлекеттік орган интернет-ресурсында НҚА сілтемесі); 2) Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары; 3) Мемлекеттік органмен жүргізілген ашық конкурстар, аукциондар, тендерлер, сондай-ақ бағынысты ұйымдармен оларды өткізудің шарттары, оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу тәртібі; конкурстық комиссия отырысының хаттамалары, қабылданған шешімге қарсылығы, шағымы, конкурстың нәтижесін қосқанда; 4) Электрондық нысанда конкурс өткізілген жағдайда – мемлекеттік органмен өткізілетін, конкурстар туралы порталда орналасқан хабарландырулардың электрондық мемлекеттік сатып алулардың тиісті беттерінде сілтемелердің болуы |
8 | Кәсіпкерлікті қызметті мемлекеттік қолдау | 1) Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек (жеке бизнесті ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде кәсіпкерге көмек беретін ақпаратты талдау); 2) Шағын және орта бизнесті макроқаржыландыру, субсидирлеу туралы ақпарат (субсидияны алу шарттарын, талап етілетін құжаттарын көрсетумен, кәсіпкерлерге берілетін субсидиялар тізбесі; Субсидияны беретін, мемлекеттік органдардың байланыс телефондарын және мекенжайларын көрсетумен, оны алу процесін сипаттау); 3) Мамандандырылған ұйымдардың байланыс деректерін көрсетумен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру тәртібі туралы ақпарат; 4) Кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультациялық кеңес беру (сұрақ қою мүмкіндігін беру және оған жауабын алу немесе пайдаланушылармен жиі қойылатын сұрақтарды орналастыру); 5) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат (өз құзыретінің шегінде) |
9 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету | 1) "Мемлекеттік қызмет" бөлімінің бар болуы; 2) Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есебі (мәтінде оқитынтүрде ұсынылады); 3) Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттардың бар болуы; 4) Электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттердің бар болуы; 5) Мемлекеттік қызметтің паспорты; 6) Мемлекеттік қызметтің нәтижелерін шағымдану реті туралы ақпарат |
10 | Мемлекеттік органдарды кадрмен қамтамасыз ету | 1) Мемлекеттік қызметке азаматтардың түсу тәртібін реттейтін, нормативтік құқықтық актілер (не ресми интернет-ресурста НҚА сілтемесі); 2) Мемлекеттік органдағы бос лауазымдық орындар туралы мәлімет; 3) Мемлекеттік қызметтегі бос орындардарға орналасуға кандидаттарға біліктілік талаптар; 4) Бос орындарға орналасу мәселелері жөніндегі консультация беруге уәкілетті тұлғалардың Т.А.Ә.А. (бар болса), телефон нөмірлері, электрондық пошта адрестері |
11 | Халықпен жұмыс | 1) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін мемлекеттік органда қараудың тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтемесі (не ресми интернет-ресурста НҚА сілтемесі); 2) Азаматтарды қабылдау кестесі; 3) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі ақпаратты алу мүмкіндігі олар арқылы берілетін уәкілетті тұлғалардың байланыс телефондары; 4) Түскен өтініштер және оларды қараудың нәтижелері туралы ақпаратты қоса алғанда азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар; 5) Жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсетумен, өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағынудың тәртібі; 6) Кері байланысының түрі ("Сұрақ-жауап", пайдаланушыларылармен ақпаратты жолдау нысаны, сауалнамалар мен дауыс беру, жиі қойылатын сұрақтарға жауап, интернет-қабылдау және басқалары); 7) Сілтемесіне өтуін орналастырумен "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық өтініштерін беру мүмкіндігі туралы ақпарат |
12 | Ақпараттық қолдау | 1) Жаңалықтардың өзекті тізбегі (жаңалықтар мұрағатын құрумен); 2) жергілікті атқарушы орган жүргізуіндегі жалпы пайдалану, деректер қорын, тізілімдер, тіркелімдер ақпараттық жүйелерінің тізбесі. Сілтемесіне өтуін орналастырумен, оларды пайдалану тәртібі туралы және ақпараттық жүйелердің мақсаты туралы қысқаша ақпарат; 3) Пайдалы сілтемелер (үкімет интернет-ресурстары, "электрондық үкімет" веб-порталы, заңнама деректер қоры) |
13 | Өңір туралы анықтамалық ақпарат | 1) Өңірдің әлеуметтік-экономикалық паспорты; 2) Өңірдің өнеркәсібі. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының тізбесі мен байланыс деректерін көрсетумен, өнеркәсібінің жағдайы туралы ағымдағы ақпараты; 3) Ауыл шаруашылығы мен ветеринария. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының тізбесі мен байланыс деректерін көрсетумен, саласының жағдайы туралы ағымдағы ақпараты; 4) Инфрақұрылымы (көлік, байланыс, тұрғын үй және ТКШ). ағымдағы жағдайы, байланыс деректері туралы ақпарат; 5) Денсаулық сақтау (мекемелер, медициналық қызмет көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау желісі); 6) Білім беру (мекемелер желісі, ауыл халқы үшін жеңілдіктер); 7) Мәдениет, дін, спорт және туризм. Ағымдағы жағдайы, байланыс деректері туралы ақпарат; 8) Өңірдің инвестициялық мүмкіншіліктері (инвесторлық қолдау туралы ақпарат, инвестирлеуде керек жобалары туралы ақпаратымен инвесторларға арналған ақпараты. |
14 | Халықты әлеуметтік қорғау | 1) Жұмысқа орналастыру (мемлекеттік қолдау шаралары, бос лауазымдық орындар туралы хабарлама); 2) Әлеуметтік қамтамасыз ету: әлеуметтік көмек (азаматтардың жеке санаттарына, атаулы әлеуметтік көмек); тұрғын-үй көмегі; ҰОС қатысқандарды, мүгедектер, баллаларды әлеуметтік қорғау; зейнетақының төлемі; 3) уәкілетті органның байланыс деректері мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсетумен, халықтың көші-қоңы туралы мәліметтер |
15 | Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі бойынша тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы орган қызметі | 1) "Жасыл экономикаға" көшу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері (не ресми интернет-ресурста НҚА сілтемесі); 2) "Жасыл экономикаға" Қазақстан Республикасының көшуі бойынша шараларды іске асыруы жөніндегі жергілікті атқарушы орган қызметі туралы ақпарат (өз құзыреті шегінде) |
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының құрылымы және мобилді нұсқасында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы
№ р/с | Ақпаратының түрі | Мазмұны |
1 | Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат | 1) Почталық мекенжайы; 2) Электрондық почтаның мекенжайы; 3) Анықтамалық қызметтердің телефондары; 4) Орталық аппарат басшыларының байланыс деректері (басшыларының Т.А.Ә.А. (бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері,); 6) Басшыларының Т.А.Ә.А. (бар болса), телефондардың нөмірлерін және электрондық почта адрестерін, интернет-ресурсына сілтемесі көрсетумен аумақтық бөлімшелердің тізбесі (олар бар болса) |
2 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету | 1) "Мемлекеттік қызмет" бөлімінің бар болуы; 2) Мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі; 3) Мемлекеттік қызметті алу туралы жадынамасы мынадай ақпараттан тұрады: мемлекеттік қызметті алудың нысаны; жұмыс кестесі (egov порталы арқылы мемлекеттік кқрсетілетін қызметті алу кезінде, egov порталында сілтемені орналастыру, оның ішінде AppStore немесе PlayMarket-те egov мобилді қосымшасын көшірмелеу үшін); қажетті құжаттар; қызметтердің бағасы және төлем тәртібі; мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі; мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері |
3 | Мемлекеттік органдарды кадрмен қамтамасыз ету | 1) Мемлекеттік органдағы бос лауазымдық орындар туралы мәлімет; 2) Мемлекеттік қызметтегі бос орындардарға орналасуға кандидаттарға біліктілік талаптар; 3) Бос орындарға орналасу мәселелері жөніндегі консультация беруге уәкілетті тұлғалардың Т.А.Ә.А. (бар болса) телефон нөмірлері, электрондық пошта адрестері |
4 | Халықпен жұмыс | 1) Азаматтарды қабылдау кестесі; 2) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардан ақпаратты алу мүмкіндігі олар арқылы берілетін азаматтарға байланыс телефондары; 3) Жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсетумен, өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағым жасаудың тәртібі; 4) Кері байланыс түрі (пайдаланушыларылармен ақпаратты жолдау нысанымен "Сұрақ-жауап", сауалнамалар мен дауыс беру, жиі қойылатын сұрақтарға жауап, интернет-қабылдау және басқалары); 5) оның ішінде AppStore немесе PlayMarket-те egov мобилді қосымшасын көшірмелеу үшін egov порталында сілтемені орналастырумен, электрондық үкімет порталы арқылы электрондық өтініштерін беру мүмкіндігі туралы ақпарат |
5 | Ақпараттық қолдау | 1) Жаңалықтардың өзекті тізбегі (жаңалықтар мұрағатын құрумен) |
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына 4-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстарының құрылымы және мобилді нұсқасында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы
№ р/с | Ақпаратының түрі | Мазмұны |
1 | Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат | 1) Почталық мекенжайы; 2) Электрондық почтаның мекенжайы; 3) Анықтамалық қызметтердің телефондары; 4) Орталық аппарат басшыларының байланыс деректері (басшыларының Т.А.Ә.А. (бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері,); 5) Басшыларының, Т.А.Ә.А. (бар болса), телефондардың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін, интернет-ресурстарына сілтемелерін (олар болған кезде) көрсетумен мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшелерінің және оған бағынысты ведомстволық ұйымның тізбесі |
2 | Кәсіпкерлікті қызметті мемлекеттік қолдау | 1) Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек (жеке бизнесті ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде кәсіпкерге көмек беретін ақпарат); 2) Шағын және орта бизнесті макроқаржыландыру, субсидирлеу туралы ақпарат (субсидияны алу шарттарын, талап етілетін құжаттарын көрсетумен, кәсіпкерлерге берілетін субсидиялар тізбесі; Субсидияны беретін, мемлекеттік органдардың байланыс телефондарын және мекенжайларын көрсетумен, оны алу процесін сипаттау); 3) Мамандандырылған ұйымдардың байланыс деректерін көрсетумен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өңдеу және іске асыру тәртібі туралы ақпарат; 4) Кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультациялық кеңес беру (сұрақ қою мүмкіндігін беру және оған жауабын алу немесе пайдаланушылармен жиі қойылатын сұрақтарды орналастыру |
3 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету | 1) "Мемлекеттік қызмет" бөлімінің бар болуы; 2) Мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі; 3) Мемлекеттік қызметты алу туралы жадынамасы мынадай ақпараттан тұрады: мемлекеттік қызметті алудың нысаны; жұмыс кестесі (egov порталы арқылы мемлекеттік кқрсетілетін қызметті алу кезінде, egov порталында сілтемені орналастыру, оның ішінде AppStore немесе PlayMarket-те egov мобилді қосымшасын көшірмелеу үшін); қажетті құжаттар; қызметтердің бағасы және төлем тәртібі; мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі; мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері |
4 | Мемлекеттік органдарды кадрмен қамтамасыз ету | 1) Мемлекеттік органдағы бос лауазымдық орындар туралы мәлімет; 2) Мемлекеттік қызметтегі бос орындардарға орналасуға кандидаттарға біліктілік талаптар; 3) Бос орындарға орналасу мәселелері жөніндегі консультация беруге уәкілетті тұлғалардың Т.А.Ә.А. (бар болса) телефон нөмірлері, электрондық пошта адрестері |
5 | Халықпен жұмыс | 1) Азаматтарды қабылдау кестесі; 2) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардан ақпаратты алу мүмкіндігі олар арқылы берілетін азаматтарға байланыс телефондары; 3) Жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсетумен, өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағым жасаудың тәртібі; 4) Кері байланыс түрі (пайдаланушыларылармен ақпаратты жолдау нысанымен "Сұрақ-жауап", сауалнамалар мен дауыс беру, жиі қойылатын сұрақтарға жауап, интернет-қабылдау және басқалары); 5) оның ішінде AppStore немесе PlayMarket-те egov мобилді қосымшасын көшірмелеу үшін egov порталында сілтемені орналастырумен, электрондық үкімет порталы арқылы электрондық өтініштерін беру мүмкіндігі туралы ақпарат |
6 | Ақпараттық қолдау | Жаңалықтардың өзекті тізбегі (жаңалықтар мұрағатын құрумен) |
7 | Халықты әлеуметтік қорғау | Жұмысқа орналастыру (мемлекеттік қолдау шаралары, бос лауазымдық орындар туралы хабарлама) |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттiк органдар интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптар
1. Осы Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптары бұдан әрі – Талаптар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7 бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарының (бұдан әрі – интернет-ресурс) мазмұнына қойылатын талаптарын айқындайды
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) балама мәтін – тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;
2) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;
3) графиктік "тақырыпша" – компанияның немесе интернет-ресурстың суретін орналастырумен (фотографиялары, логотипі, суреті бөлігінде) атауы орналастырылатын, графикалық файлы;
4) интернет-ресурс – Интернетте жұмыс істеп тұрған және аппараттық-бағддарламалық кешенде орналастырылған, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар, көрінетін мәтіндік, графикалық, аудиовизуальдік немесе басқа да түрдегі электрондық ақпараттық ресурс;
5) интернет-ресурстың мобилді нұсқасы – домендік атауы бар ОМО және ЖАО интернет-ресурсының жеке нұсқасы, және мобилді браузерлер (Safari, Google chrome, Internet Explorer Edge) арнайы мобилді құрылғылар (смартфондар, планшеттер) үшін қарауға арналған арнаулы дизайнымен, контентін оңтайландырумен және пайдаланушылық интерфейсімен әзірленген, ОМО және ЖАО интернет-ресурсы.
6) килобайт – ақпараттың өлшем бірілігі;
7) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
8) скринридер – мәтінін оқитын "экранды оқушы", бағдарлама.
9) тег – интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;
10) флэш-заставки – бұл 300 килобайттан аспайтын қысқаша анимациялық опред фильмі;
11) dpi – офсеттік тәсілмен басып шығару үшін суретіне рұқсаты;
12) Html – Интернет желіде құжаттарды белгілеудің стандарттық тілі;
13) on-line – активтік қосылу жай-күйі;
14) pixel (px) – растворлық графиктегі екі өлшемді цифрлық суретінің ең кіші логикалық элементі;
15) SMIL – интерактивтік мультимедиялық тұсау кесерлерді құру үшін белгілеу тілі;
16) WebContentAccessibilityGuidelines (бұдан әрі - WCAG.2.0) – әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың қазіргі заманғы ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық.
3. Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарын оңтайлы ұйымдастыру үшін пайдаланушыға ыңғалы болуына бағытталған болып табылады.
4. Мемлекеттік органның интернет-ресурсын пайдалану қолайлылығына талаптары осы Талаптарға қосымшада ұсынылған.
5. Интернет-ресурстарының басты парақтары графикалық бөлігін, навигациялық мәзірді, контенттік облысты, сайттың картасын құрайды.
6. Интернет-ресурстарының бірыңғай құрылымын қалыптастыру мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының парақтары құрылымына бірыңғай әдіспен анықталады.
7. Графикалық бөлігі жарияланатын осы контентке қатысты сурет түрінде ұсынылады және мағыналық мағыналық жүктемесі болады.
8. Интернет-ресурста орналастырылатын ақпарат ағымдағы уақыт сәтіне сәйкес келеді.
9. Интернет-ресурсының мобилді нұсқасында интернет-ресурстың негізгі нұсқасына сілтемесі іске асырылады.
10. Интернет-ресурста және ондағы барлық электрондық ақпараттық ресурстар пайдаланушыларға бірдейлестіру рәсімдерін өткізусіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
11. Электрондық ақпараттық ресурстар іздестіру мүмкіндігін және веб-шолушы құралдарымен мәтін үзіндісін көшіруді қамтамасыз ететін гипермәтіндік нысанда ұсынылады.
12. Нормативтік құқықтық және өзге де актілер, актілер жобалары, сот қаулылары, баяндамалар, есептер, шарттар, шолулар, болжамдар, хаттамалар, қорытындылар, статистикалық ақпарат, нысандар ұлгілері және өзге де гипермәтіндік нысанға қосымша құжаттар интернет-ресурсында пайдаланушылардың техникалық құралдарында оларды сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін нысандағы файлдар түрінде ұсынылады.
13. Нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсыта олардың түпнұсқаларының суреттерінен сканерленген сурет түрінде графикалық нысанда қосымша орналастырылады.
14. Интернет-ресурстағы нормативтік құқықтық актілер олардың түрі, тақырыбы, орны және қабылданған күні, тіркелген нөмірі, тұлғаның қолы, немесе уәкілетті тұлғалардың қолы қойылатын нормативтік құқықтық актілердің күні, уақыты және тіркелген нөмірі ұсынылады және уақытылы жаңартылады.
15. Интернет-ресурстың парағында орналастыру кезінде нормативтік құқықтық базалары және мазмұндық бөлімдері арасында қарамақайшылық сілтемелері пайдаланылады.
16. Ұсынылатын мұрағаттық деректердің ұзақтығы үш жылдан кем болмайды.
17. Мемлекеттік органның басшысы, басшысының орынбасары, аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелері, шетелдік өкілдіктері, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары; консультациялық және кеңесші органдардың басшылары мен мүшелері, сол және өзге де жұмыс учаскесіне жауапты мемлекеттік органның өзге жұмысшыларының тегін, атын, әкесінің атын толық түрде көрсету қажет.
18. Мемлекеттік органның факстарының, телефон нөмірлерін көрсеткенде, оларды қала (облыс, район) кодтары көрсетіледі.
19. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында пошталық мекен жайды көрсеткен кезде, пошталық индесі көрсетіледі.
20. Ақпаратты көрсеткен кезде, ақпараттың орналастырған күні мен уақытын, сондай-ақ ақпараттың соңғы өзгертілген күні мен уақытын анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
21. Интернет-ресурстың басты парағының дизайны көлемі бойынша графикалық элементтермен артық жүктеуге жол берілмейді және:
веб-парақты жүктемелеудің жоғары жылдамдығын;
ресми интернет-ресурстың графикалық бөлігін әрлеуде графиктерді және анимациялық құралдарды (флеш) минималды қолданылуын қамтамасыз ету қажет.
22. Интернет-ресурсының нұсқасы тікелей және еркін ашылады. Интернет-ресурстың тілі өзгертілген кезде сол қаралудағы парақ ашылады.
23. Графикалық бөлігі графикалық "тақырыпша", баннерлерден және бірнеше ірі емес тақырыптық суреттен тұрады. Графикалық "тақырыпша", экрандық терезенің төрттен бір бөлігінен артық емес және көлемі 100х100 px-ден аспайтын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын суретінен тұрады.
24. Мемлекеттік органның логотипін (ол болған жағдайда) орналастырған кезде логотип көлемі мемлекеттік елтаңба көлемінен аспайды.
25. Графикалық "тақырыпшада" мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы болып табылатындығын көрсететін нұсқаудан тұрады.
26. Баннерлер бір көлемде және тұрақты және уақытша сипатта орналастырылады.
27. Интернет-ресурстың навигациялық мәзірі интернет-ресурстың негізгі бөлімдеріне жылдам өтуін қамтамасыз етеді, жетістікте интернет-ресурстың кез келген парағына қолжетімділікке үштен аса емес өтуін талап етеді. Навигациялық элементтері интернет-ресурсының барлық парақшаларында белгілі бір жерде орналасады. Интернет-ресурсының құрылымы және ашылған парақтың осы құрылымдағы орны туралы пайдаланушыға көрнекі ақпарат беріледі. Навигацияның бірдей элементтері бірыңғай стильде болады.
28. Интернет-ресурсының бас парағының контенттік облысы мыналарды құрайды:
нысандағы жаңалық: күні, тақырыбы, қысқаша мазмұны;
қысқаша байланыс ақпараты – мемлекеттік органның пошталық мекен-жайы, телефоны және e-mail;
іздеу жолы – интернет-ресурс бойынша толық мәтіндік іздеуге арналған;
тілді таңдау жолы – қазақша\орысша\ағылшынша;
интернет-ресурсқа кірушілерді есептеуіш.
29. Бас парақшаға сілтемесі интернет-ресурстың кез келген парақшасында қолжетімді болып табылады.
30. Парақтардағы тақырыптар мен қолтаңбалар осы парақтағы мазмұнды (міндетті), ағымдағы бөлімінің атауын және көрсетілген құжатты сипаттайды. Тақырыптарды курсивпен жазу, мәтін астын сызуға болмайды, өйткені мұны пайдаланушы сілтемеге нұсқау деп түсінуі мүмкін.
31. Интернет-ресурсының шаблоны анықтығы 72 dpi-дан артық емес суретті жылдам жүктеу үшін оңтайландырылады.
32. Интернет-ресурсының жүктелетін бір стандартты парақшасының көлемі орташа алғанда 170 килобайттан аспайды. Графикалық суреттер 30 килобайттан аспайды. Флэш-көркем суретті көлемі 300 килобайттан аспайды.
33. Ақпараттық метариалдарды орналастыру кезінде WCAG.2.0 – есепке ала отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік нормаларының орындалуы сақталуы қажет.
34. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурсының баламалы нұсқасын құру жолымен қамтамасыз етуге болады. Интернет-ресурстың осы нұсқасына өту үшін бас парақта гиперсілтемені орналастыру қажет. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың балама нұсқасы болмаған жағдайда интернет-ресурста WCAG 2,0 талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
35. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдарға интернет-ресурстың толықтай қолжетімділігі үшін барлық негізгі ақпарат онда мәтін түрінде көрсетілуі тиіс.
36. Интернет-ресурсында ақпаратты спамнан қорғау үшін графикалық код пайдаланылған жағдайда көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін баламалы дыбыстық кодты орналастыру қажет.
37. Интернет-ресурсында on-line режімде толтыру үшін арналған электрондық нысан орналастырылған кезінде, пайдаланушының ақпаратты қате енгізген кезіндегі жіберілген қате туралы автоматты мәтіндік хабарламасы көзделуі қажет.
38. Графикалық файлдар суретті түсіндіретін мәтінмен сүйемелденеді, интернет-ресурсының парақтарында графикалық ақпарат орналастырылған кезде оны барлық пайдаланушылардың түсінуі үшін баламалы қолтаңба тегін қолдануы қажет.
39. Интернет-ресурсында flash-сурет орналастырған кезде, бұл объектілер жоқ параққа өту мүмкіндігін көздеу қажет.
40. Интернет-ресурсында оны қабылдауды қиындататын және ақпаратты бұрмалайтын фондық сурет пайдаланылмайды.
41. Нашар көретін адамдарға интернет-ресурсының оқылуын арттыру үшін мәтін немесе фонға қатынасы бойынша мәтін және суреттің қанықтылығы коэффициенті 4,5:1 кем емес.
42. Мемлекеттік орган интернет-ресурсының бас папғында орналастыру кезінде горизанталды айналдыруға бармай-ақ веб контентті немесе интернет-ресурстың функционалдығын (титрді және мәтіннің көрсетілуін болдырмай-ақ) жоғалтпай-ақ шрифтің өзгерту мүмкіндігін ұсыну қажет.
43. Интернет-ресурста ақпаратты орналастыру кезінде SMIL қолданумен аудио-видео контент үшін сәйкес синхрондалған титрлар беріледі.
44. Интернет-ресурста ақпаратты орналастыру кезінде скринридермен оқу үшін видео-контентке мәтіндік сипаттамасы көзделуі керек.
45. Интернет-ресурстың бас парағынан ағымдағы ашылған параққа дейінгі бөлімдері бойынша ілеспе жолды құрайтын навигациялық тізбегін пайдаланылады.
46. Интернет-ресурсының парақшасында үлкен көлемдегі мәтіндік ақпаратты орналастырған кезде, парақшаның әр-түрлі бөлімдеріне ішкі сілтемелер қолданылады. Пайдаланушыға парақша басына қайтып келуге мүмкіндік беретін, парақшаның әр бөлімінде "Жоғарыға қайтып келу" сілтемесі болады.
47. Интернет-ресурста үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату тетіктері қамтамасыз етіледі.
48. Интернет-ресурсының парақтары экранның жылтылдауы 2 Гц-тен жоғары және 55 Гц-тен төмен жүргізілмеуі нұсқасында жасалады.
49. Жылжитын, жылтылдайтын, айналатын, автоматты түрде жаңаратын элементтер үшін аялдатуға, тоқтатуға, жасыруға немесе кез келген автоматты ақпараттың жаңару жиілігін өзгертуге; элементтердің қозғалысын/жарқылдауын/айналуын тоқтатуға немесе жасыруға мүмкіндік беретін тетігі пайдаланушыға беріледі.
50. Интернет-ресурста жедел клавиштердің толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптарына қосымша |
Мемлекеттік органның интернет-ресурсын пайдалану қолайлылығына талаптары
№ п/п | Талаптары | Мазмұны |
1. | Интернет желісіндегі интернет-ресурстың қолжетімділігі | Мемлекеттік органның қабылданған толық және қысқаша атауы бойынша google, yandex, mail.ru іздеу жүйелерінде интернет-ресурстың қолжетімділігі |
2 | Интернет-ресурстағы ақпаратқа қолжетімділігі | 1) Firefox, Internet Explorer, Google Chrome, Opera, Safari браузерлер, сондай-ақ Android, Windows Phone, iOS браузерлер үшін интернет-ресурс құрылымы мен дұрыс ақпаратын көрсету; 2) Навигациялық қолжетімділігі (интернет-ресурсқа шығуы 3 тен аспауымен, навигацияның мәзірін пайдалана отырып, бастапқы бетінен бастап, кез келген құжат немесе ақпарат қолжетімді болуы тиіс); 3) Интернет-ресурстың әрбір парағында негізгі навигациялық мәзірі, бастапқы парағына сілтемесі, сайт картасы, іздеу түрлері бар болуы; 4) Интернет-ресурстың иерархиялық құрылымында пайдаланушының тұрған жерін көрсететін, навигациялық тізбегінің бар болуы; 5) Сайт картасының бар болуы; 6) Ақпаратты іздеуге қолжетімділігі: іздеу жолында 20 дан кем емес символдарды енгізу; интернет-ресурста орнатылған, барлық мәтіндік ақпарат бойынша мәтіндік іздеудің бар болуы; интернет-ресурс бойынша кеңейтілген іздеу функцияларының бар болуы; жеке парағында іздеудің нәтижелерін шығару (бұл ретте іздеу сұрау салу іздеу жолында қалуы тиіс); 7) Ақпарат форматына қолжетімділігі: ақпаратты әр-түрлі форматтарда орналастыру: мәтіннің еркін фрагментін іздеу және көшірмелеу мүмкіндігі сақталғаннан кейін, өткізетін және пайдаланушының техникалық құралдарында оны сақталу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, гипермәтіндік және мәтінде оқылатын нысанда. Бұл ретте мәтінінің коды UTF-8 форматында; мәтіні rtf, txt, HTML,XML форматтарында; мұрағаттық файлдары- zip форматында болуы тиіс жүктеу үшін қолжетімді форматтарын және көлемдерін, құжаттарын көрсету; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатпай-ақ, интернет-ресурста орналастырылған, ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз ету; авторландырусыз, интернет-ресурста орналастырылған, ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз ету; 8) Көлемді құжаттар бойынша навигациясы: түсінігі бойынша бөлігінде ақпаратты үлкен блогтарға бөлу; құжаттың нормативтік құқықтық актілер мәтінінде кіші сілтемелерінің (якорлерін) әр-түрлі бөлімдерінің болуы; 9) Ақпаратты орналастырылған күні мен уақытын, сондай-ақ ақпаратты соңғы өзгертудің күні мен уақытын көрсету; 10) Гипермәтіндік сілтемелеріне қолжетімділік: активтік емес сілтемелері және пайдаланылмайтын беттеріне сілтемемелері жоқ; - басқа тілдік нұсқаының сілтемесі бойынша тиісті парағына өту мүмкіндігі (интернет-ресурстың тілін өзгерту кезінде қаралатын сол парағы ашылуы тиіс); сыртқы интернет-ресурсқа гиперсілтемені орналастыру кезінде веб-шолушының және жаңа терезесінде (салымында) сыртқы интернет-ресурстың тиісті беті ашылуы және бұл туралы пайдаланушыны хабарлау; 11) Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында "графикалық "тақырыпша" көрсетуі бар болуы көрсету; 12) Интернет-ресурса интернет-ресурстың (суретінің болмауы) басты парағына тікелей қолжеткізуді қамтамасыз ету |
3 | Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі | 1) Мағыналы жүктемені артатын мәтіндік емес медиа веб-контент үшін балламалы мәтіннің бар болуы; 2) Үш секундтан аса автоматты нысанда ойнатылатын веб-контент үшін тоқтау, пауза немесе музыканы ажырату тетігінің бар болуы; 3) Үш секундтан аса жарқылдақты қамтитын жылжымалы, жыпылықтайтын, айналатын веб-контентті автоматты нысанда тоқтату бойынша тетігінің бар болуы; 4) Интерфейстің белсенді құраушын бір уақытта бөлумен пернатақтаның көмегімен веб-контенттің барлық функционалдығын басқару мүмкіндігінің бар болуы; 5) Веб-беттің басына қайтып келуге пайдаланушыға мүмкіндік беретін "Жоғарға" сілтемесінің бар болуы мәтіндік ақпарат үлкен көлемі интернет-ресурстың веб-бетіне орналасқан кезде веб-беттің негізгі қамтылуына өту сілтемелерінің әрбір веб-бетте бар болуы; 6) Пайдаланушының ақпаратын енгізген кезде анықталған қате туралы мәтіндік хабарламаның бар болуы (формаларды толтырған кезде); 7) 4,5:1 кем емес фонға қатынасы бойынша мәтіннің мәтін кереғарлығы деңгейін сақтау; 8) Горизанталды айналдыруға бармай-ақ веб контентті немесе интернет-ресурстың функционалдығын (титрді және мәтіннің көрсетілуін болдырмай-ақ) жоғалтпай-ақ 200% дейін шрифтің көлемін өзгерту мүмкіндігі; |
4 | Интерактивтік байланыс құралдарының бар болуы | 1) Сұраныстарды жолдау үшін кері байланыс формасының бар болуы; 2) Анонстарды, және жаңалықтарды, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу туралы хабарламаларды беру үшін RSS–арнасының бар болуы; 3) Мемлекеттік органның интернет-ресурсына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, сұрауларын талдау негізінде (FAQ) қалыптастырылған, "Жиі сұралатын сұраныстар" бөлімінің бар болуы; 4) Ағылшын тіліндегі нұсқасының бар болуы |