"Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 16318 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 № 349 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.".

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

      саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;

      cаяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардыңфилиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетінең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

      2) порталда – акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатылатұрады.

      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) жүргізеді.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың бірлестіктерін мемлекеттік тіркеуді, тиісті облыстағы және Астана мен Алматы қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттеріжүзеге асырады.

      Министрлікте, облыстық Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылғанзаңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.

      Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен(бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілер:

      Министрлікте және аумақтық әділет органдарда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбеккодексінесәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсету жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде,Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін:

      осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер (бұдан әрі - өтініш);

      қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша ұсынылады;

      тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 172-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады;

      орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тіркеу үшін өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі не шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, оны тіркеуші органға береді;

      орта кәсiпкерлiк субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар)осыстандартқа 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралыжәне банктік шотты ашуға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш береді;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, тіркеуші органға береді;

      акционерлiк қоғам:

      өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғы;

      құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жалғыз қатысушының шешімі;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      Егер заңды тұлғатиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды заңды тұлғаларды және құру Қазақстан Республикасының заңдарында өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларға жатқан жағдайда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын-ала келісімімен жүзеге асырылады;

      коммандиттік серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      толық серiктестiк:

      өндiрiстiк кооператив:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), ЖСН, тұрғылықты жерін көрсете отырып, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң тiзiмi;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      тұтыну кооперативi:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      тұтыну кооперативi азаматтар үшiн –осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), ЖСН және тұрғылықты жерi және заңды тұлға үшiн – тұрғылықты жері, банктік деректемелері туралы мәліметтер және БСН көрсетілген олардың тiзiмі ұсынады;

      қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      мемлекеттiк кәсiпорын:

      жарғы;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның кәсiпорынды құру туралы шешiмi;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      мемлекеттік мекеме:

      мемлекеттiк мекеменi құру туралы шешiм;

      ереже (жарғы);

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      Тұрғын үйжәне тұрғын үй-құрылыс кооперативтері осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi және ЖСН көрсетілген тiзiмін ұсынады.

      үй-жай (пәтер) иелерiнiң кооперативi:

      кондоминиум объектiсiндегi үй-жай (пәтер) иелерiнің құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнама бойынша нәтижесі бардауыс беру парақтары хаттама;

      жарғы;

      кондоминиум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттік акт нетіркеуші органның мөртабаны бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді растайтын құжат;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      адвокаттар алқасы:

      адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құрылтай жиналысында (конференциясында) бекiтiлген жарғы;

      уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      нотариаттық палата:

      нотариаттық палата басқармасы мүшелерінің құрылтай жиналысында (конференциясында) бекітілген жарғы;

      уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      қор:

      жарғы;

      құрылтай шарт (құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда);

      уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;

      алқалы органының (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралышешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      қоғамдық бiрлестiк:

      құрылтай съезiнде (конференциясында, жиналысында) қабылданған жарғы;

      төрағасы және съезд (конференция, жиналыс) хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы;

      тегi, аты, әкесiнің аты (ол болған кезде), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастамашы азаматтарының тiзiмi;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      Саяси партияларды тiркеу кезінде қосымша мыналар ұсынылады:

      партия бағдарламасы;

      Партияның мүшелерінің тізімі құрамында кем дегенде қырық мың партия мүшелерін білдіретін құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалада және астанада, саны кемінде алты жүз партия мүшесінің әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы;

      заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгі, даракәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, дара кәсіпкерлер бірлестігі:

      жарғы;

      бiрлестiктiң барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты;

      уәкілетті органның заңды тұлғаны құру туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      аудиторлар палата:

      дiни бiрлестiк:

      діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни бірлестіктің жарғысы;

      құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;

      құрылатын діни бiрлестiктiң бастамашы азаматтарының осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштегі тiзiмi;

      дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;

      діни ілімнің, пайда болу тарихын жәненегіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтердіқамтитын діни баспа материалдары;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      діни бiрлестiктің басшысын тағайындау туралы шешім немесе басшысын шетелдік діни орталық тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісімді растайтын құжат.

      Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде өңірлік діни бірлестікті құруға бастамашы болған әрбір жергілікті діни бірлестік қатысушыларының тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктерінің жарғыларыныңнотариаттық куәландырылған көшірмелері қосымша ұсынылады;

      республикадан тыс жерде басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiк қосымша мыналарды:

      қазақ және орыс тiлдерінде нотариаттық куәландырылған аудармасы бар шетелдік орталық жарғысының көшiрмесiн;

      дiни орталық өз елiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын қазақ және орыс тiлдерінде нотариаттық куәландырылған аудармасы бар тiзiлiмнен үзінді көшiрме немесе басқа құжатты ұсынады.

      Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған рухани оқу орындарының, мешiттердiң, монастырьлардың және өзге де дiни бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi.

      тiркеу үшiн оларды құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының шешiмi ұсынылады.

      мекеме:

      меншiк иесiнің мекеменi құру туралы шешiмi;

      ереже (жарғы);

      құрылтай шарты немесе ұқсас келiсiм (меншік иелері (құрылтайшылар) бiреуден көп болғанда);

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      бағалаушылар палатасы:

      жарғы;

      уәкілетті органның заңды тұлғаны құру туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      2) филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін:

      қазақстандық заңды тұлғаның филиалы (өкiлдiгi):

      осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойыншаесептiк тiркеу туралы өтiнiш (бұдан әрі – өтініш);

      Өтінішке филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат қоса беріледі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдар үшін заңды тұлға бекіткен қазақ және орыс тілдерінде үш данадағы филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмесі және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша беріледі.

      Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (болған кезде) бекітіледі.

      Заңды тұлғаның басшысы филиалдың (өкілдiктің) басшысы болып табылатын жағдайда, тіркеуші органға сенімхатты ұсыну талап етілмейді.

      Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдiк) құрған кезде, Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегіуәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдiк) құруға келісімін растайтын құжат қосымша беріледі.

      шетелдiк заңды тұлғаның филиалы (өкiлдiгi):

      осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептiк тiркеу туралы өтiнiш (бұдан әрі – өтініш);

      заңды тұлға органы бекiткен филиал (өкiлдiк) туралы ереже;

      қазақ және орыс тiлдерінде нотариаттық куәландырылған аудармасы бар филиал немесе өкілдiк басшысына заңды тұлға органы берген сенімхат;

      қазақ және орыс тiлдерінде нотариаттық куәландырылған аудармасы бар филиал (өкілдік) құру үшін заңды тұлғаның шешімі;

      филиал (өкілдік) ашатын осы субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдерінде нотариаттық куәландырылған аудамасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме, немесе басқа да заңдастырылған құжат;

      заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының қазақ және орыс тiлдерінде нотариаттық куәландырылған аудармасы бар көшірмесі;

      филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат ұсынылады.

      3) қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін:

      осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот шешiмi;

      заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;

      заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;

      қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметін тоқтату үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат беріледі.

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:

      1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;

      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу жарнасының сомасының төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметтерді беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.".

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде қабылдап алғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      порталда:

      шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы банктік шотты ашып және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) осы Стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді;

      орта кәсiпкерлiк субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы және банктік шотты ашуға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) осы Стандартқа 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді;

      Портал арқылы жүгінген кезде ЭЦҚ көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі алынған күн мен уақыт көрсетіле отырып хабарлама жіберіледі.".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, оның ішінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабында және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңның VI тарауында белгіленген заңды тұлғаны құру(қайта ұйымдастыру) тәртiбінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;

      2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры туралы ережелердің болмауы;

      3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса;

      4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ адамды қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтайшысы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса;

      5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген болса;

      6) жеке басты куәландыратын жоғалған жеке (немесе) жарамсыз құжаттарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған анық емес құжаттарды және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) ұсыну;

      7) сот орындаушыларының және құқық қорғау органдарының сот актілері мен қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімдерінің (үкімдерінің), сондай-ақ алушыны мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыруға негіз болған сот шешімдерінің болуы;

      8) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, келісу туралы сұрау салуғатеріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      Филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында және 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 43-бабында белгiленген филиалды (өкілдікті) бұзылған құру тәртібі, сондай-ақ есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы"1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеген жағдайд жүзеге асырылады.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бейімделуді жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға: 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы интернет-ресурстарда орналастырылған:

      көрсетілетін қызметті беруші – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      Мемлекеттік корпорация – www.gov4с.kz.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті алушының порталда "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында":

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.".

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

      саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;

      cаяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

      2) порталда – қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), шетелдік коммерциялық емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік қайта тіркеу бір жұмыс уақыты ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады).

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуді Министрлік жүргізеді.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың бірлестіктерін мемлекеттік қайта тіркеуді, тиісті облыстағы және Астана мен Алматы қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептен алуды облыстардың, Астана мен Алматы облыстарының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

      Министрлікте, облыстық әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды, өкілдікті есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі –анықтама) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.

      Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама ұсынылады.".

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілер:

      Министрлікте және аумақтық әділет органдарда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) Мемлекеттік корпорацияда –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсету жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде,Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады).".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелері) үш данасы;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары;

      заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.

      Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.

      Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.

      Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi,тиiстi тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.

      Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы, қатысушы) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан:

      1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;

      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде қабылдап алғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      2) порталда:

      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар):

      электрондық өтініш;

      жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған және баспасөз басылымдарында жарияланған кезде жарияланым туралы үзіндінің сканерленген көшірмесі;

      егер көрсетілетін қызметті алушы ЭҮТШ арқылы қызмет көрсету үшін мемлекеттік алымды төлеу тәсілін таңдамаған жағдайда, түбіртектің/төлем тапсырмасының сканерленген электрондық көшірмесі;

      орналасқан жерін өзгерткен кезде:

      жылжымайтын мүлікке объектісіне меншік құқығыжағдайында: ЖТ МДҚ ЭЦҚ қолы қойылған көрсетілетін қызмет алушы көрсеткен мекен-жай бойынша орналасқан бастапқы немесе қайталама жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығына көрсетілген қызмет алушының БСН тіркелгені электрондық растау;

      ЗТ немесе ДК-ден үй-жайды жалға алған жағдайда: жалға алу шартының сканерленген көшірмесі.ЖТ-дан үй-жайды жалға алған жағдайда: заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды ұсыну туралы жеке тұлғаның ноториаттық куәландырылған келісімінің сканерленген көшірмесі;

      үй-жайды қосалқы жалға деру жағдайында: жалдау және қосалқы жалға берудің сканерленген көшірмелері;

      Қазақтан Республикасы бейрезидентін қатысушылардың құрамына енгізу кезінде, құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландырылған, нотариаттық куәландырылған қазақ және орыс тiлдеріндегі аудармасы бар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшiрменің сканерленген көшірмесі, немесе басқа да заңдастырылған құжат;

      Шетелдік тұлғаны қатысушылар құрамына енгізу кезінде, егер басшы, енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылатын болса, құрылтайшы – шетелдіктің жеке басын куәландыратын, нотариаттық куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар паспорттың сканерленген көшірмесі немесе басқа құжат;

      Акционерлік қоғам немесе шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгі қатысушылар құрамын өзгерткен кезде, тіркеушінің мөрімен куәландырылған, қатысушылар тiзiлiмiнің сканерленген көшірмесі;

      Электрондық өтініштекөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ – сықойылады. Егер көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының басшысы болып табылса, онда өтінішбасшымен келісіледі. Шаруашылық серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды және өндірістік кооперативтерді қоспағанда, заңды тұлға үшін электрондық өтініш ЭҮҚ-да оның қатысушыларымен келісілуі қажет. Ал филиал (өкілдік) үшін – оның заңды тұлғасы, басшысымен келісілуі қажет.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтынмәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу жарнасының сомасының төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметтерді беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабында және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңның VI тарауында белгіленген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тiркеу және қайта ұйымдастыру тәртiбінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;

      2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы;

      3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса;

      4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса, және (немесе) қайтыс болды деп жарияланса, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса, сондай-ақ мерзімді төлемдерді өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан аса берешегі жоқ тұлғаны қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтайшысы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), басшысы, заңды тұлғаны құрған заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысыатқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса;

      5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген болса;

      6) жеке басты куәландыратын жоғалған жеке (немесе) жарамсыз құжаттарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған анық емес құжаттарды және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) ұсыну;

      7) сот орындаушыларының және құқық қорғау органдарыныңсот актілері мен қаулыларының (тыйым салуының, қамауға алуының), соның ішінде мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімдерінің (үкімдерінің), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуына негіз болған от шешімдерінің болуы;

      8) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауап беруі, сондай-ақ сараптаманың, зертеудің не тексерудің теріс қорытындысы негіз болып табылады.

      Филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында есептік тіркеу үшін ұсынылған, және 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43-бабында белгіленген филиалды (өкілдікті) құру тәртібі бұзылған жағдайларда жүзеге асырылады.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамалық тәртіппен белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бейімделуді жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға: 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлар интернет-ресурстарда орналастырылған:

      көрсетілетін қызметті беруші – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      Мемлекеттік корпорация – www.gov4с.kz.".

      15-тармақ толықтырылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      16-тармақ толықтырылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Заңды тұлғаларды, тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы анықтама және мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы анықтама.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартын 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты береді.".

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілер:

      Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсету жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекке тапсырыс беруге болады.

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға сұрау салу, бұл сұрау салуда берілетін ақпараттың түрі көрсетіледі;

      заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжат;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      2) порталға:

      заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жолданады.".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың

      лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)

      оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметінің мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      1) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар не телефондар арқылы: 1414, 8 800 080 7777 мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелер жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы жіберіледі.

      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылдауды растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.

      Шағымпортал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.

      Көрсетілген қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.".

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамалық тәртіппен белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бейімделуді жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға: 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4с.kz.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның,сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартында:

      3-тармақ3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Әділет Министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.".

      4-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттар тапсырылған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияда:

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының неізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, филиалдарды, өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Көрсетілетін Порталға жүгінген кезде қызметті алушының "жеке кабинетіне"мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама оны алу орны мен күні көрсетіле отырып не электрондық цифрлық қолтанбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе көрсетілетін қызметті беруші "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2198 Заңның 9-бабына сәйкес тиісті қорытындыны (сараптама қорытындысын) алғанға дейін тоқтатылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілер:

      Министрлікте және аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті броньдауға болады.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).".

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

      3) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;

      4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары;

      5) орналасқан жерін растайтын құжат(орналасқан жері өзгертілген жағдайда);

      6) хабарламаға:

      заңды тұлға мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгірістер мен толықтырулардың мәтіні;

      акционерлік қоғамды, оның филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға үшін нақты орналасқан жерін растайтын құжат.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:

      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы,Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында белгіленген құрылтай құжаттарының (ереженің) келмеуі;

      2) жеке басшы куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған анық емес құжаттарды және (немесе)оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) ұсыну;

      3) сот орындаушылардың және құқық қорғау органдарының сот актілері мен қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімдерінің (үкімдерінің), сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан көрсетілетін қызметті алушының айырылуына негіз болған сот шешімдерінің болуы негіз болып табылады.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамалық тәртіппен белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бейімделуді жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға: 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      көрсетілетін қызметті беруші – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      Мемлекеттік корпорация – www.gov4с.kz."

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ

      акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.".

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияда:

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының телнұсқасын беру үшін: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша үш жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс сегіз жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

      2) порталда –үш жұмыс күн ішінде.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз жеткізгіште беру.

      Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама оны алу орны мен күні көрсетіле отырып, электрондық цифрлық қолтанбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілер:

      Министрлікте және аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесі сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті броньдауға болады.

      3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).".

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ

      акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері

      жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру туралы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (ол болған кезде) бекітілген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;

      3) жарғы (ереже) телнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат.".

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамалық тәртіппен белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бейімделуді жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға: 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) Мемлекеттіккорпорация – www.gov4с.kz.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу,филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.".

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттардың топтамасы тапсырылған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      порталда:

      Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса беріле отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тапсырылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға:

      Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша бес жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

      құжаттарды тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама қорытындысы) алынғанға дейін тоқтатылады.

      Банктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүргізеді.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлар мен заңды тұлғалар бірлестіктерінің таратуылуынмемлекеттік тіркеуді, және тиісті облыстағы және Астана мен Алматы қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктерінің филиалдары мен өкілдіктерін есептен шығаруды облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

      Министрлікте, облыстың Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, заңды тұлғалардың таратылуы, тиісті облыстарда филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару негіздері бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Порталда жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдік есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілер:

      Министрлікте және аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсету жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару өтініші (бұдан әрі – өтініш);

      2) заңды тұлғаның мөрімен (ол егер болса) бекітілген, құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешімі;

      3) заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың наразылықтар мәлімдеуі тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

      Наразылықтар мәлімдеу мерзімі, банкроттық жағдайларын қоспағанда, таратылғаны туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеуі тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі тиіс;

      4) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;

      5) заңды тұлға мөрінің (болған кезде) жойылғаны туралы құжат;

      6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

      7) құрылтай құжаттары;

      8) Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:

      табиғи монополия субъектiсi үшін табиғи монополиялар салаларындағыбасшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмi беріледі;

      мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) шешімін;

      мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;

      мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады;

      9) филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды:

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлға, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтінішті;

      филиал (өкілдік) туралы ережені;

      филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.

      Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу соттың шешімі және тарату іс жүргізуін аяқтау туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.

      Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:

      1) филиал (өкілдік) туралы ереже;

      2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымыныңбюджеткетөленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріле отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.

      сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.

      Порталда заңды тұлға, филиал және өкілдік қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып және "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, электрондық құжат нысанында толтыру арқылы заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің қызметін тоқтату туралы өтініш беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), көрсетілетін қызметті алушының жарна сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді, қызметін тоқтатып отырған заңды тұлға, филиал (өкілдік), шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы(болуы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде камтылған, заңменқорғалатынқұпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді береді.

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамалық тәртіппен белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бейімделуді жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға: 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4с.kz.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.".

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру"

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мыналар:

      тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;

      заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;

      заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;

      жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;

      заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларынының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар екендігі тану туралы;

      құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;

      заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы;

      көрсетілген күнде тіркелген заңды тұлға туралы;

      құрылтай құжаттарына енгізілгенсоңғы өзгерістер туралы;

      заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтамалар болып табылады.

      "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңның 11-бабына сәйкес төменде көрсетілген анықтамалар келесі жағдайларда:

      Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар екендігі туралы анықтама мына жағдайларда:

      егер заңды тұлға тұлғаның өзі туралы мәліметтерді сұратса;

      егер жеке тұлға өзі басшы немесе құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса;

      егер жеке тұлға өзінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтерді сұратса;

      егер заңды тұлға өзінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметті сұратса;

      егер заңды тұлға өзі құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметті сұратса, ұсынылады.

      "Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы" анықтама мына жағдайларда ғана:

      егер заңды тұлға тұлғаның өзі туралы мәліметтерді сұратса;

      егер жеке тұлға өзі басшы немесе құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса;

      егер заңды тұлға өзі құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса, ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес берілген ақпарат түрін көрсете отырып, нысан бойынша "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықтама алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) порталға:

      осы стандартың 2-қосымшаға сәйкес берілген ақпарат түрін көрсете отырып, нысан бойынша "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан электрондық өтініш бойынша анықтама алуға (бұдан әрі - өтініш);

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері иісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлік қолмен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдалану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.".

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамалық тәртіппен белгіленген өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бейімделуді жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға: 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4с.kz.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14 Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.".

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметiн ұйымдастыру департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнің міндетін атқарушы
Э. Әзімова

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрi

      _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 22 қаңтар

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрi

      _____________ Т.Сүлейменов

      2018 жылғы "__"__________

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрiнің

      міндетін атқарушы

      _____________ Р. Дәленов

      2018 жылғы "__"__________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
1-қосымша
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Алым мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және
алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы
баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және
мыналарды құрайды:

р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Алым мөлшерлемелер
(АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

1.1

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1.1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

0

1.1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

1.2

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1.2.1.

қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

1.2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

1.3

балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1.3.1.

тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

1.3.2.

қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
2-қосымша
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Алым мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және
алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш
(бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып
есептеледі және мыналарды құрайды:

р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Алым мөлшерлемелер
(АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:

1.1

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1.1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

0

1.1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

1.2

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1.2.1.

қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

1.2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

1.3

балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1.3.1.

тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

1.3.2.

қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына
3-қосымша
"Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу,филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару