Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс – шараларын тоқтату туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 4669 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-17/388 ұсынысы негізінде Сарой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3189 тіркелген, 2013 жылғы 14 наурыздағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) шешімінің және Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3552 тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сарой ауылдық
округінің әкімі
С.Бақтығалиев