Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 3552 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардығы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 10.01.2017 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3189 тіркелген, 2013 жылғы 14 наурыздағы "Сырым елі" газетіне жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сарой ауылдық округ әкімі С. Бақтығалиев