Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпаңдағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 3189 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардығы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 10.01.2017 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 266 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 22.05.2014 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Сырым ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сарой ауылдық округ әкімі С. Бақтығалиев

КЕЛІСІЛДІ:
 
"Қазақстан Республикасы
 
Ауыл шаруашылығы министрлігі
 
Ветеринариялық бақылау
 
және қадағалау комитетінің
 
Сырым аудандық аумақтық
 
инспекциясы" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
 
_____________ Б. Бисенғали
 
19.02.2013 ж.
 
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Қазақстан Республикасы
 
Денсаулық сақтау министрлігі
 
мемлекеттік санитарлық-
 
эпидемиологиялық қадағалау
 
Комитетінің Батыс Қазақстан
 
облысы бойынша департаменті
 
"Сырым ауданы бойынша
 
мемлекеттік санитарлық-
 
эпидемиологиялық қадағалау
 
басқармасы" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
 
_____________ Қ. Ғинаятұлы
 
19.02.2013 ж.