Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 23.02.2018 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2017 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдаулар айқындалсын.
2. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі №1026 "Орал қаласы бойынша 2016 жылға ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні тасымалдауларды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4393 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырдағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Закаринге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н.Төреғалиев |
Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 518 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2017 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға
сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен
тасымалдаулар
№ | Тасымалдаулардың атауы |
1 | Орал қаласы - "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі |
2 | Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі |