РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынастағы ішкі су көлігімен тасымалдаулар айқындалсын.
2. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 668 "Орал қаласы бойынша 2015 жылға ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3848 тіркелген, 2015 жылғы 19 наурыздағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Қ. Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Төреғалиев |
Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1026 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға
сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынастағы
ішкі су көлігімен тасымалдаулар
№ | Тасымалдаулардың атауы |
1 | Орал қаласы – "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі |
2 | Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі |