Орал қаласы бойынша 2018 жылға ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 428 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 5090 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 1066 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 16.05.2019 № 1066 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2018 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдаулар айқындалсын.

      2. Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №518 "Орал қаласы бойынша 2017 жылға ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4725 тіркелген, 2017 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Закаринге жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
М.Нұржанов

  Орал қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 23 ақпан
№ 428 қаулысына
қосымша

Орал қаласы бойынша 2018 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдаулар

Тасымалдаулардың атауы

1

Орал қаласы - "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі

2

Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі