Алматы қаласындағы көшi-қон процестерiн реттеу қағидаларын бекiту туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХI сессиясының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 1410 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңының 3 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласындағы көшi-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. V сайланған Алматы қалалық мәслихатының ХХХІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 260 "Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидасын бекіту туралы" шешімінің (2014 жылғы 16 қазанда Алматы қаласы Әділет департаментінде № 1092 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда "Алматы ақшамы" № 129-130 және "Вечерний Алматы" № 131-132 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.М. Еркiнбаевқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.А. Дәрібаевқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XХI сессиясының
төрағасы
М. Абдуллаев
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  VI сайланған
Алматы қаласы
мәслихатының XXI сессиясының
2017 жылғы "15" қыркүйектегі № 152
шешімімен бекітілген

Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) көші-қон процестері мен экономикалық өсімді басқаруды, елдің қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Халықтың көші-қоны туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының аумағында көші-қон процестерін реттеу тәртібін айқындайды.

      2. Көші-қон процестерін реттеу:

      1) адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

      2) кету және орын ауыстыру бостандығына;

      3) шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) ішкі көшіп-қонушы - тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

      2) шетелдіктер - Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар;

      3) көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган;

      4) уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ішкі көшіп- қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, сондай-ақ уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды (тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) тұрғынжай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

      6) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      7) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      8) оралмандарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар және қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны.

      4. Алматы қаласындағы көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      5. Алматы қаласындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

      6. Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      7. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, оралмандарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

      9. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі "Тұрғындар" және "Уақытша келетін шетел азаматтарын тіркеу" автоматтандырылған ақпараттық жүйелері (бұдан әрі - "Тұрғындар" және "УКШАТ" ААЖ) арқылы жүзеге асырылады.

      10. Аудандардың әкімдеріне сайлаушылар бойынша деректерді түзету үшін "Тұрғындар" деректер базасынан тәулік сайын автоматтық режимде электрондық форматтағы мәліметтер ұсынылады.

      11. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ішкі көшіп-қонушыны тіркеу орны оның заңды мекенжайы болып табылады. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу және тіркеуден шығару "Тұрғындар" ААЖ-ға мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен тіркеуден шығару фактісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеу деректері автоматты түрде "Тұрғындар" деректер базасына енгізіледі.

      13. Бір айдан астам мерзімге уақытша болу (тұру) үшін келген ішкі көшіп-қонушыларды ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығармай келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алады.

      14. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге тұрғылықты жері бойынша тіркелу бір адамға пайдалы алаңның кемiнде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғын үй беру нормасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      15. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларымен белгіленген тәртіпте тұрғын үйлерде, пәтерлерде, қонақ үйлерде, жатақханаларда, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, саяжай құрылыстарында, бау-бақша серіктестіктерінде және кооперативтерде, қарттар үйлерінде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.

      16. Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау) мен қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын растайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін құжаттардың негізінде, тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

      17. Жақын туыстарды (ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер, аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ тұрғын үй иесінің отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу тұрғын үй алаңының көлеміне қарамастан жүзеге асырылады.

      18. Тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша "Тұрғындар" ААЖ-да азаматтарды тіркеуден шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 9 тармағына сәйкес тіркеуден шығарылатын адамның жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша олар жүгінген күні уәкілетті органның жауапты қызметкері жүзеге асырады.

      19. Уәкілетті органның жауапты қызметкері "Тұрғындар" ААЖ арқылы осы Қағидалардың 14 тармағында белгіленген жалпы алаңның ең аз мөлшерінің нормаларының сақталуын тексеруді жүзеге асырады.

      20. Егер тiркеу немесе тiркеуден шығару кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берілсе, тiркеу немесе тiркеуден шығару туралы шешiмдi ресiмдеген уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ жоғары тұрған iшкi iстер органы немесе сот оның күшін жояды.

      21. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары уақытша тұруға (тіркеуге) рұқсаты болуы қажет.

      22. Шетел азаматтарын "УКШАТ" ААЖ арқылы тіркеуді Алматы қаласына уақытша келген шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжат бойынша ол жүгінген күні уәкілетті органның жауапты қызметкері жүзеге асырады.

      23. Шетел азаматының көрсеткен құжаты бойынша "Тұрғындар" деректер базасында шетел азаматының жеке басын автоматты түрде сәйкестендіру жүргізіледі, ол үшін шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатты сканерлеу жүргізіледі. Шетел азаматын "УМШАТ" ААЖ-да тіркеу уәкілетті органның жауапты қызметкерінің тіркеу туралы шешім қабылдауы және шетел азаматына тіркелгені туралы куәліктің берілуі негізінде аяқталады.

      24. Тіркеу және тіркеуден шығару кезінде адамдарды іздестірудің Республикалық ықпалдастырылған дерекқоры бойынша қылмыстық шектеулердің болуы тұрғысынан азаматтарды автоматты режимде тексеру жүзеге асырылады.

      25. Уәкілетті органның жауапты қызметкері Алматы қаласының аумағына уақытша келген шетел азаматтарын тіркеу туралы мәліметтерді аудандық бөлімшелердің учаскелік полиция инспекторларына береді.

      26. Алматы қаласының аумағына келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының құзыретті органдарында тіркеуден (келу орны бойынша есепке қоюдан) келесі жағдайларда босатылады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қарашадағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы" Келісімге сәйкес 30 күнтізбелік күн ішінде;

      2) Беларусь Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы" Келісімге сәйкес кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде;

      3) Украина азаматтары, егер болу мерзімі 90 күннен аспайтын болса, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 1 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы 2000 жылғы 19 мамырдағы "Азаматтардың өзара сапарлары туралы" Келісімге сәйкес кірген сәтте шекаралық бақылау органдары қойған белгімен оларда көші-қон карточкасы болған кезде алғашқы кірген күннен бастап 180 күн бойы;

      4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыруы, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар, "дипломатиялық", "қызметтік", "инвесторлық" санаттағы Қазақстан Республикасының визаларымен Қазақстан Республикасына келген немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органынан "инвестор" мәртебесін растаған кезде (визасыз болу режимі бар елдер үшін) келген көшіп келушілер;

      5) Еуразия экономикалық одағына мүше-мемлекеттердің азаматтары (Армения Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру немесе жұмысқа орналасу мақсатында кірген күнінен бастап 30 тәулікке дейін;

      6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 бірлескен бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының 4 қосымшасына сәйкес шетелдіктер.