Алматы қаласының аумағындағы көшi-қон процестерiн реттеу қағидасын бекiту туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі V сайланған XXXI сессиясының N 260 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қазанда N 1092 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХI сессиясының 15.09.2017 № 152 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңының 3-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағындағы көшi-қон процестерін реттеу қағидасы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) ІІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 25 "Алматы қаласында халықты тіркеу Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 601 болып тіркелген, 2004 жылғы 21 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 311 "Алматы қаласының аумағындағы көші-қон үдерістерін реттеу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 843 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі.

      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының заң, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Моргуновқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


V сайланған


Алматы қаласы мәслихатының


XXXI сессиясының төрайымы

Х. Есенова

V сайланған Алматы қаласы


мәслихатының хатшысы

Т. Мұқашев


      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің

      орынбасары

      Ю. Ильин


      Алматы қаласы Ішкі Істер

      департаментінің бастығы

      С. Кудебаев


      Алматы қаласы көші-қон полициясының

      бастығы

      А. Бутунчинов


      Алматы қаласы әкімі аппаратының

      мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

      Ж. Сатаев


      Алматы қаласы әкімі аппаратының

      заң бөлімінің басшысы

      А. Қасымова

  V сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XХХІ сессиясының
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 260
  шешімімен бекітілген

Алматы қаласы аумағындағы көші-қон процестерін реттеу туралы Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласы аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) азаматтардың бас бостандығы мен құқығын, қоғам мен мемлекет, сондай-ақ басқа да азаматтар алдындағы міндеттерін орындауға, бұған қоса Алматы қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға сәйкес "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 1 шілдедегі 3-бабының 8-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1997 жылғы 16 сәуірдегі 75-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсанындағы №1427 "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы №132 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтарындағы №148 "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленген және тұрғылықты жері бойынша азаматтарды тіркеу бөлігінде, Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу ерекшеліктерін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

      2) шетел азаматы – Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзге мемлекеттiң азаматтығына өзiнiң тиiстiлiгiн дәлелдей алмайтын адамдар танылады;

      3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қон саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган.

Азаматтарды тіркеу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасына сәйкес, ішкі көшіп-қонушылардың тұрақты тіркелген орны оның заңды мекен-жайы болып табылады. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу мен тіркеуден шығару "Тұрғындар" автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (әрі қарай - "Тұрғындар" ААЖ) мәлімет енгізу арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы азаматын тіркеудің фактілері мен тіркеуден шығару және Қазақстан Республикасы азаматының тіркеу деректері "Тұрғындар" Мәліметтер базасына (әрі қарай - "Тұрғындар" МБ) автоматты түрде енгізіледі.

      4. Ішкі көшіп-қонушылар, 3 айдан ұзақ мерзімге уақытша мекендеуге келушілер арнайы уәкілетті органдарға уақытша тұратын мекен-жайы бойынша тіркеледі.

      5. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеуге алу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, қонақүйлерде, жатақханаларда, демалыс үйлерінде, шипажайларда, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернаттарда, пансионаттарда, бақты серіктестер мен кооперативтердің саяжай құрылыстарында, қарттар үйлерінде қызметтік ғимараттар мен бөлмелерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 1 желтоқсанда № 1427 бекітілген қаулысымен, ішкі көшіп-қонушыларды тіркеудің белгіленген Қағидалары негізінде тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге алуда тұрғындардың мемлекеттік тұрғын үй қорында немесе тұрғындарда, жеке меншік тұрғын үйлерде, жалдамалы мекен-жайы негізінде жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орындардың мемлекет тарапынан жалға беруге арналған тұрғын үй қорында, бір адамға он бес шаршы метрден кем болмауы қарастырылады.

      7. Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жерін тiркеу олардың белгiленген тәртіппен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алғанын растайтын, не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу шарты бойынша да алғанын куәландыратын, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн құжаттардың негiзiнде, сондай-ақ тұрғын үйдің иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеген қаланың бұрынғы тұрғындарының тіркелуі бас бостандығынан айырылғанға дейін бірге тұрған тұлғалармен бірге, тұрғылықты көлемге, сонымен қатар туыстарына немесе белгіленген тәртіппен, тұрғылықты көлеміне тәуелсіз тұрғын алаңына жасалады.

      9. Жақын туыстары (ата-анасы, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілерді, қарындастары, атасы, әжесі, немерелері), сонымен қатар, тұрғын үй иесінің отбасы мүшелері тұрғын үй көлеміне қарамастан, тіркеуге алынады.

      10. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар жалпы ережемен тіркеуге алынады. Балаларды тіркеу үшін құжаттарды олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері тапсырады.

      11. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін 5 күнтізбелік күн мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон бөлімдеріне тіркеуге тұрады.

      12. "Тұрғындар" ААЖ арқылы жауапты тұлға уәкілетті органдарымен белгіленген осы Ереже бойынша жалпы алаңның ең төмен мөлшерінің сақталуын тексеріп, жүзеге асырады.

      13. "Тұрғандар" автоматтандырылған ақпараттық жүйеден азаматтарды тіркеуден шығару, тіркеуден шығарылатын азаматтың жеке куәлігі мен өтініші болмаса да, тұрғын үй иесінің өтініші негізінде, өтініш берген күннен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 1 желтоқсанда бекітілген № 1427 қаулысымен, ішкі көшіп-қонушыларды тіркеудің келісілген Қағидаларының 9 тармағына сәйкес уәкілетті орган қызметкерімен жүзеге асырылады.

      14. Тәулік сайын автоматтық тәртіпте "Тұрғындар" МБ-нан сайлаушылар туралы мәліметтерді түзету үшін аудандық әкімдіктерге электронды түрде мәліметтер жіберіледі.

      15. Шетелдік азаматтардың тіркеуі "Уақытша мекендейтін шетелдік азаматтарын тіркеу" автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (әрі қарай - "УМШАТ" ААЖ) уәкілетті органның жауапты қызметкерімен Алматы қаласы аумағында уақытша тұрып жатқан шетелдік азаматты куәландыратын құжат бойынша өтініш берген күннен бастап жасалады.

      16. Шетелдік азамат көрсеткен жеке құжат бойынша "Тұрғындар" МБ-да шетелдік азамат тұлғасының автоматты сәйкестендірілуі орындалады, ол үшін шетел азаматын куәландыратын құжаттарға сканер жасалынады. Шетелдік азаматтың "УМШАТ" ААЖ-да тіркелуі уәкілетті органның қызметкерімен тіркеу туралы қабылданған шешімі негізінде шетел азаматтарын тіркеу туралы куәлік беріледі.

      17. Тіркеу және тіркеуден шығаруда шетелдік азаматты автоматты тәртіпте Республикалық біріктірілген мәліметтер базасында және "Алматы қаласы бойынша шығарылған тұлғалар" мәліметтер базасында қылмыстық шектеу және іздеу базасы бойынша тексеріледі.

      18. Уәкілетті органның жауапты қызметкерлері Алматы қаласы аумағына уақытша келген шетелдік азаматтардың тіркелуі туралы мәліметтерді аудандық бөлімшелердің учаскелік полиция инспекторларына береді.

      19. Тіркеу, шетел азаматтарының болу мерзімінің ұзартылуы мен қысқартылуы уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.

      20. Егер тiркеу немесе тiркеуден шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берілсе, тiркеу немесе тiркеуден шығару туралы шешiмдi рәсімдеген уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ жоғары тұрған iшкi істер органы немесе сот оның күшін жояды.

      21. Шетел азаматтары Алматы қаласы аумағына келушілер уәкілетті органдарда келесі жағдайда тіркеуден босатылады:

      1) 90 тәулікке дейін азаматтар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндеттерін атқарушы 2013 жылдың 5 наурызындағы № 08-1-1-1/71 орындаушылардың міндеттері мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылдың 7 наурызындағы № 175 бұйрығының 6 және 7 қосымшаларына сәйкес;

      2) 30 тәулікке дейін "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 20 сәуіріндегі № 301 жарлығына сәйкес Ресей Федерациясының азаматтары;

      3) 30 тәулікке дейін "Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 661 жарлығына сәйкес "жұмысқа келу" мақсатымен қоныстанған Беларусь Республикасының азаматтары;

      4) 90 тәулікке дейін "2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 291 қаулысына сәйкес Украина азаматтары;

      5) шетелдіктер, "Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 08-1-1-1/154, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 135 бірлескен бұйрықтарына сәйкес, Дипломаттық және қызметтік паспорттары бар, сондай-ақ шетелдіктер, Қазақстан Республикасына "дипломаттық", "қызметтік" және "инвесторлық" санаттағы визаларымен келгендер немесе уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесін растағандар (визасыз болу режиміндегі елдер үшін).