РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №10-15-4307 ұсынысының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданында әлеуметтіккөмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежәне бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Досов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Қ.Назарханов
"30" қазан 2017 жыл
"Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Әзірханов
"30" қазан 2017 жыл
Бейнеу аудандық мәслихатының2017 жылғы 30 қазандағы №18/145шешімімен бекітілген |
Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы
1. Осы Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағида) сәйкес әзірленді.
2. Осы қағида әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – Қазақстан Республикасының тарихына ықпал ететін және жалпы халыққа бірдей тарихи, рухани, мәдени маңызы бар оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдай болғанда әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын – "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Бейнеу ауданының бөлімі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 3 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 27/227 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы Қағида Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатындағы тұлғаларға қолданылады.
5. Әлеуметтік көмек деп мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі-алушылар) жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай-ақ атаулы күндер мен мерекелік күндеріне заттай немесе ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда 1 рет) көрсетіледі.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
2. Әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу және әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесін айқындау тәртібі
9. Әлеуметтік көмек бір рет атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай, келесідей мөлшерлерде көрсетіледі.
1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған және бұрынғы КСР Одағының "Батыр ана", "Аналық даңқ" (1, 2, 3 дәрежелі) ордендерімен, "Аналық медалі" (2 дәрежелі) медалімен марапатталған көп балалы аналарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
2) 26 сәуір – Чернобыльдағы АЭС апат күні:
Чернобыльдағы АЭС апатын жою салдарынан мүгедек болған тұлғаларға -60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушыларға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушыларға - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыльдағы АЭС апатын жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне және ата-аналарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабының 3 және 4 тармақтарында көрсетілген тұлғаларға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;
4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушыларға - әр бір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғаларға – 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған және бұрынғы КСР Одағының "Батыр ана", "Аналық даңқ" (1, 2, 3 дәрежелі) ордендерімен, "Аналық медалі" (2 дәрежелі) медалімен марапатталған көп балалы аналарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
5) Қазақстан халқының бірлігі күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні, Наурыз мейрамы мемлекеттік мерекелеріне орай және Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай мүгедектерге - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
6) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні:
жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және 70 жастан жоғары зейнеткерлерге - 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш;
7) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедек балаларға және 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:
1986 жылғы желтоқсан оқиғасында зардап шеккендерге және сот шешімімен ақталған қатысушыларға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.
10. 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысын есепке алмай, ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
11. Әлеуметтік мәні бар аурулары бар тұлғаларға өтініштері бойынша, табыстарын есепке алмай 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі.
12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, өтініші бойынша, табыстарын есепке алмай, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
13. Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша кедейлік шегінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, емделуге, дәрі – дәрмек алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты, өтініші бойынша, бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Шекті шама 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
14. Өткен жылдарда әлеуметтік көмек тағайындалған студенттерге оқу мерзімі аяқталғанға дейін, білім беру қызметін төлеу үшін тиісті қаржы жылына арналғанжергілікті бюджет қаражаты есебінен бір рет және ай сайын тамақтану мен тұру шығындарынішінара төлеуге 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді.
15. Бала кезінен мүгедектерге, ата-анасының екеуі немесе ата – анасының бірі қайтыс болған жетім балаларға және жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балаларға, таңдаған мамандығына шектеу қоймай, Қазақстан Республикасының кез келген жоғарғы оқу орындарында білім беру қызметіне төлеу үшін және ай сайын тамақтану мен тұру шығындарын ішінара жабатын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
16. Маңғыстау облысы әкімі жанындағы комиссияның өңірге қажетті мамандықтарбойынша гранттардыбөлу жөніндегі шешімі бойынша студенттерге бір рет оқу ақысын төлеуге және ай сайын тамақтану және тұру шығындарын ішінара төлеуге 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылар,бірақ тізімнің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандар үшін, ұсынылған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітіледі.
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдың, ауылдық округтың әкіміне келесі құжаттардың қосымшасымен өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты және/немесе актіні;
6) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
7) туу туралы куәлікті немесе жеке куәлікті (жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін);
8) білім беру қызметінің келісім шартын (жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін).
18-1. Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесінде адамның (отбасының) өздігінен жүгіне алмауының себебін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету бойынша өтінішпен жүгіне алады:
1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;
2) қорғаншы (қамқоршы);
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.
19. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен жағдайда уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
21. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жолдайды.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
22. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
23. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.
24. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
25. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
26. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттармен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 22 және 23 тармақтарында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
27. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
28. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5757 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
29. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асады:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартса, жалтарса;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен артса.
30. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Бейнеу ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтаруүшін негіздер
31. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
32. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ережелер
33. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Ескерту:
аббревиатуралардың ажыратылып жазылу:
"КСР Одағы" - "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы";
"Чернобыльдағы АЭС" - "Чернобыльдағы атом электр станциясы".
Бейнеу аудандық мәслихатының2017 жылғы 30 қазандағы №18/145шешіміне қосымша |
Бейнеу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізімі
1) Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2318 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №51 "Рауан" газетінде жарияланған);
2) Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі №23/157 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2415 болып тіркелген,2014 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
3) Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №28/193 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2550 болып тіркелген,2014 жылғы 25 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
4) Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №30/211 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2632 болып тіркелген,2015 жылғы 19 наурызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
5) Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №32/230 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2778 болып тіркелген,2015 жылғы 4 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
6) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы №3/23 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3090 болып тіркелген,2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
7) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №6/43 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3156 болып тіркелген,2016 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
8) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қазандағы №7/54 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерісжәне толықтыруенгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3174 болып тіркелген,2016 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).