Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 3464 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №10-15-4307 ұсынысының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданында әлеуметтіккөмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежәне бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Досов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және

      азаматтық хал актілерін тіркеу

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қ.Назарханов

      "30" қазан 2017 жыл

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Б.Әзірханов

      "30" қазан 2017 жыл

  Бейнеу аудандық мәслихатының2017 жылғы 30 қазандағы №18/145шешімімен бекітілген

Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы

      1. Осы Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағида) сәйкес әзірленді.

      2. Осы қағида әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Бейнеу ауданының бөлімі;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы статистика органдары есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган - әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын – "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы Қағида Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатындағы тұлғаларға қолданылады.

      5. Әлеуметтік көмек деп мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі-алушылар) жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай-ақ атаулы күндер мен мерекелік күндеріне заттай немесе ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 - бабында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 10 - бабының 2) тармақшасында, 11 - бабының 2) тармақшасында, 12 - бабының 2) тармақшасында және 13 - бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда 1 рет) көрсетіледі.

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу және әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесін айқындау тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек бір рет атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай, келесідей мөлшерлерде көрсетіледі:

      1) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған және бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Батыр ана", "Ана даңқы" (1, 2 дәрежелі) ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтағы мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - 13 200 (он үш мың екі жүз) теңге;

      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;

      3) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтағы мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - 13 200 (он үш мың екі жүз) теңге;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986 – 1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызметін өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      екінші рет некеге тұрмаған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың жұбайына (зайыбына) - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні:

      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 13 200 (он үш мың екі жүз) теңге;

      6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:

      Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамдарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;

      7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) – әрбір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 150 000 (бір жүз елу мың) теңге;

      Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын адамдарға – 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      барлық топтағы мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - 13 200 (он үш мың екі жүз) теңге;

      8) 1 қазан – Қарттар күні:

      жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және 70 жастан асқан зейнеткерлерге – 5 500 (бес мың бес жүз) теңге;

      9) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

       барлық топтағы мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - 13 200 (он үш мың екі жүз) теңге;

      10) 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      барлық топтағы мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - 13 200 (он үш мың екі жүз) теңге;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргін қолданылған, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына – 120 250 (бір жүз жиырма мың екі жүз елу) теңге.

      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысын есепке алмай, ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      11. Уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлем алмайтын, әлеуметтік маңызды аурулары бар: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған адамдарға әлеуметтік көмек, емделу мен қосымша тамақтандыруға - табыс есебінсіз 26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 ай ішінде, жылына 1 рет көрсетіледі.

      Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, өтініші бойынша, табыстарын есепке алмай, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      13. Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдарға, әлеуметтік көмек 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 ай ішінде, жылына 1 рет көрсетіледі.

      Ескерту. 13 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Өткен жылдарда әлеуметтік көмек тағайындалған студенттерге оқу мерзімі аяқталғанға дейін, білім беру қызметін төлеу үшін тиісті қаржы жылына арналғанжергілікті бюджет қаражаты есебінен бір рет және ай сайын тамақтану мен тұру шығындарынішінара төлеуге 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді.

      15. Бала кезінен мүгедектерге, ата-анасының екеуі де қайтыс болған жетім балаларға және ата-анасының екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауданға қажетті мамандықтарға сәйкес, Қазақстан Республикасының кез келген жоғарғы оқу орындарында білім беру қызметіне төлеу үшін және ай сайын тамақтану мен тұру шығындарын ішінара жабатын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 04.05.2019 № 35/285 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Маңғыстау облысы әкімі жанындағы комиссияның өңірге қажетті мамандықтарбойынша гранттардыбөлу жөніндегі шешімі бойынша студенттерге бір рет оқу ақысын төлеуге және ай сайын тамақтану және тұру шығындарын ішінара төлеуге 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      16-1. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16-2. Әлеуметтік көмек, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға, Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын көрсетіледі.

      Ескерту. Шешім 16-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылар,бірақ тізімнің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандар үшін, ұсынылған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітіледі.

      18. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 18 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-1. Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесінде адамның (отбасының) өздігінен жүгіне алмауының себебін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету бойынша өтінішпен жүгіне алады:

      1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;

      2) қорғаншы (қамқоршы);

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.

      19. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 19 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен жағдайда уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      21. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жолдайды.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      22. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      23. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      25. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      26. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттармен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 22 және 23 тармақтарында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      27. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      28. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5757 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.

      29. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартса, жалтарса;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен артса.

      30. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Бейнеу ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтаруүшін негіздер

      31. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      32. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ережелер

      33. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      Ескерту:

      аббревиатуралардың ажыратылып жазылу:

      "КСР Одағы" - "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы";

      "Чернобыльдағы АЭС" - "Чернобыльдағы атом электр станциясы".

  Бейнеу аудандық мәслихатының2017 жылғы 30 қазандағы №18/145шешіміне қосымша

Бейнеу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізімі

      1) Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2318 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №51 "Рауан" газетінде жарияланған);

      2) Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі №23/157 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2415 болып тіркелген,2014 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3) Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №28/193 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2550 болып тіркелген,2014 жылғы 25 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4) Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №30/211 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2632 болып тіркелген,2015 жылғы 19 наурызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5) Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №32/230 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2778 болып тіркелген,2015 жылғы 4 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы №3/23 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3090 болып тіркелген,2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      7) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №6/43 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3156 болып тіркелген,2016 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      8) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қазандағы №7/54 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерісжәне толықтыруенгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3174 болып тіркелген,2016 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).