Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387- бабының 1- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5430 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің № 26 жарияланған) 1-тармағының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.